Файл: Абайладар балалар Ибраева Баытгл 1сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 13

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Абайлаңдар балалар»

Ибраева Бақытгүл

1-сынып

Абайлаңдар, балалар!
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер - «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».
Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

Оқушы: Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген,
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Кешіміз басталсын сәлемменен!

Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы. Әр топ өздерін таныстырады:

«Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.

«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!

Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.
Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.

Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым бар. Сендерді тексерейін. Жауабын кім айтар екен?
Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға,
Көрдіңдер ғой ұмытқаны ережені, далаңдап.
Ал, кәнеки, үйренейік бәріміз де жүру тәртібін.
Ережені жақсы білер, жатқа білер кім мұны,
Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады?
Оқушылар жауап береді.

Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Жүргізуші: Жарайсың, Бағдаршам! Ал енді сұрақ қойып топ мүшелерін тексеріп көрейік.

Викториналық сұрақтар:
1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?
2. Жол таңбасы қандай екі түрге бөлінеді?
3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?
4. Бағдаршамда сигналдар қалай орналасқан?
5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?
6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?
7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?
8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?
9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?
10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)
11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?
12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?