ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 47
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2-ресурс «Оқу мақсаттары»
Биология пәні оқу мақсаттары (7-10 сынып) 3-тоқсан
7 сынып | 7.1.5.1 ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру 7.1.5.2 өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу 7.1.5.3 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру 7.1.6.1 өсімдіктердің қозғалысы себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау; 7.1.6.2 жарықтың өсімдіктердің дамуына әсерін түсіндіру; 7.1.6.3 өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау 7.1.6.4 омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру 7.1.7.1 жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру 7.1.7.2 жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау; 7.1.7.3 жүйке жасушасының компоненттерін анықтау 7.1.7.4 орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру 7.1.7.5 рефлекстік доғаны зерттеу 7.1.7.6 мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру 7.1.7.7 вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау 7.1.7.8 ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіру; 7.1.7.9 жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың принциптерін түсіндіру 7.1.7.10 жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсерін түсіндіру |
8 сынып | 8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау; 8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу 8.1.5.3 терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау 8.1.5.4 тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру 8.1.6.1 тірек-қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау 8.1.6.2 сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу 8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру 8.1.6.4 буынның әр түрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнату 8.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау; 8.1.6.6 адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану 8.1.6.7 гиподинамия салдарын атау; 8.1.6.8 сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау 8.4.4.1 тік жүруге байланысты адам қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктерін зерттеу 8.1.7.1 көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау 8.1.7.2 дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу және есту гигиенасының ережелерін сипаттау 8.1.7.3 көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру 8.1.7.4 эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау; 8.1.7.5 бездердің негізгі қызметтерін түсіндіру 8.1.7.6 эндкриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау 8.1.7.7 терінің сезімталдығын зерттеу 8.1.7.8 жылықанды жануарлардың дене температураны сақтаудағы терінің ролін сипаттау |
9 сынып | 9.1.6.1 қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу; 9.1.6.2 бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеу 9.4.1.2 дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау; 9.4.1.3 дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеу 9.2.2.1 жасуша айналымының интерфаза кезіндегі жүретін үдерістерді түсіндіру 9.2.2.2 митоздың кезеңдерін сипаттау 9.2.2.3 мейоз кезеңдерін сипаттау; 9.2.2.4 митоз және мейоз үдерістерін салыстыру 9.2.4.1 генетиканың дамуы мен қалыптасуындағы Мендель зерттеулерінің рөлін бағалау 9.2.4.2 моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару; 9.2.4.3 дигибридті будандасты-рудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару 9.2.4.4 толық және толымсыз доминаттылықты салыстыру; 9.2.4.5 талдаушы будандастырудың маңыздылығын бағалау 9.2.4.6жынысты анықтау теориясын сипаттау; 9.2.4.7 жынысты анықтау кезінде хромосомалардың рөлін түсіндіретін сызба жасау 9.2.4.8 адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру 9.2.4.9 адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау; 9.2.4.10 шежіре сызбасын құру 9.2.4.11 мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін заманауи ауылшаруашылық технологияларды қолданылуын зерттеу 9.4.3.1 инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау; 9.4.3.2 биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру |
10 сынып ЖМБ | 10.2.2.1 - дайын микропрепараттар көмегімен митоз фазаларын зерттеу 10.2.2.2 - өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру 10.2.2.3 - жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру 10.2.2.4 - қартаю үдерісін түсіндіру 10.2.4.1 - модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу 10.2.4.2 - дигибридті будандастыру; жыныспен тіркескен тұқым қуалау мен көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану 10.2.4.3 - кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуын түсіндіру 10.2.4.4 - аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру 10.2.4.5 - Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу 10.2.4.6 - хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау 10.2.6.1 - тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру; 10.2.6.2 - эволюция үдерісіне әсер ететін факторларды талдау 10.2.6.3 - эволюцияның дәлелдемелерін талдау 10.1.1.1 - Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау 10.1.1.2 - филогенетикалық карталарды (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды) құру және түсіндіріп беру 10.1.1.3 - әр алуан филогенетикалық карталардың (кладограммалар мен филогенетикалық ағаштар) принциптерін салыстыру 10.2.6.4 - түр түзілудің тәсілдерін атау; 10.2.6.5 - түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу 10.2.5.1 - селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу 10.2.6.6 - антропогенездің кезеңдерін атау |
10 сынып ҚГБ | 10.2.2.1 - өсімдіктер мен жануарлардағы гаметалардың қалыптасу ерекшелігін түсіндіру 10.2.2.2 - жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру 10.2.2.3 - қартаю үдерісін түсіндіру 10.2.4.1 - модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу 10.2.4.2 - дигибридті будандастыру; жыныспен тіркескен тұқым қуалаудың цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану 10.2.4.3 - жыныспен тіркескен тұқым қуалауға есептер шығару 10.2.4.4 - аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру 10.2.4.5 - мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу 10.2.4.6 - хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау 10.1.1.1 - Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау 10.1.1.2 кладограммалар мен филогенетикалық ағаштарды түсіндіріп беру 10.2.5.1 - селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдердің зерттеу 10.2.6.1 - тұқымқуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты түсіндіру 10.2.6.2 - эволюцияның дәлелдемелерін талдау 10.2.6.3 - түр түзілудің негізгі механизмдерін жіктеу 10.2.6.4 - антропогенездің кезеңдерін атау |
Дереккөз:
-
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Биология" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы -
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған "Биология" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы -
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған "Биология" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Химия пәні оқу мақсаттары (7-10 сынып) 3-тоқсан
7 сынып | 7.3.4.1 "қышқылдық" және "сабындылық" қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу; 7.3.4.2 химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу; 7.3.4.3 рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу; 7.3.4.4 "антацидтік заттарды" қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну 7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау; 7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу жәнесутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру 7.2.2.4 кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру 7.2.1.1 И. ДҰберейнер, Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру 7.2.1.2 периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен периодтар 7.1.2.8 Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну; 7.1.2.9 табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну; 7.1.2.10 салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу 7.1.2.11 элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу; 7.1.2.12 химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/ формулалық массасын есептеу |
8 сынып | 8.2.1.1 топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру 8.2.1.2 бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну; 8.2.1.3 топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру 8.2.1.4 периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау 8.2.1.5 химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататындығын дәлелдеу; 8.2.1.6 химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру 9.2.1.7 химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау 8.1.4.1 электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру 8.1.4.2 иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау 8.1.4.3 заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру 8.3.4.1 заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу; 8.3.4.2 ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру 8.3.4.3 заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру; 8.3.4.4 буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру 8.3.4.5 еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу 8.3.4.6 ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу |
9 сынып | 9.1.4.5 галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау; 9.2.1.8 топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау 9.2.1.9 хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі 9.2.1.10 хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және қолдану аясын білу 9.2.1.11 16 (VI)-топ элементтерінің жалпы қасиетін сипаттау; 9.2.1.12 күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру 9.2.1.13 күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру; 9.4.2.1 қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру; 9.2.1.14 күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу 9.2.3.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу 9.2.1.15 азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру 9.1.4.6 аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын түсіндіру 9.2.1.16 аммиакты ты алуды қасиеттерін мен қолданылуын түсіндіру; 9.2.1.17 аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу; 9.3.3.5 аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау 9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру; 9.2.1.18 азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру; 9.2.1.19 азот қышқылының басқа қышқылдар-мен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу 9.2.1.20 сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металмен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру; 9.2.1.21 нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру 9.2.1.22 фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру; 9.4.2.2 фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау; 9.2.1.23 фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру 9.4.2.3 минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атау; 9.4.2.4 азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу 9.2.1.24 кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру; 9.1.4.8 кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор түрін сипаттау; 9.2.1.25 кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру 9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe); 9.5.1.2 Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру 9.5.1.3 адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіндіру; 9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау 9.5.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру |
10 сынып ЖМБ | 10.2.3.1 электрондық-иондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құрастыру; 10.2.3.2 жартылай иондық реакция әдісімен тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру 10.2.3.3 "стандартты электродтық потенциал" ұғымын сипаттау 10.2.3.4 сулы ерітіндідегі химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігін болжау үшін стандартты электродтық потенциалдар кестесін қолдану; 10.2.3.5 гальваникалық элементті химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғы есебінде түсіну; 10.2.3.6 гальваникалық элементтің жұмыс принципін түсіндіру; 10.2.3.7 аккумуляторларды зарядтау және разрядтау процесін сипаттау 10.2.3.8 электролиз процесінің мәнін сипаттау; 10.2.3.9 электродтардағы электролиз өнімдерін болжау үшін эмпирикалық ережелерді қолдану 10.1.4.15 инструменталды талдау әдістердің қолданылу аймақтарын атау 10.1.4.16 қағаз хроматографиясы әдісімен заттарды бөлу принципін сипаттау және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептеу 10.2.1.5 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру 10.2.1.6 галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру 10.2.1.7 галогенид-иондарды тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлау және анықтау 10.2.1.8 хлордың суды залалсыздандыруда қолдануын түсіндіру және осы процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау; 10.2.1.9 галогендер және олардың қосылыстарының физиологиялық ролін анықтау 10.2.1.10 2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу 10.2.1.11 2 (ІІ) топ элементтерінің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу; 10.2.1.12 сілтілік-жер металдардың маңызды қосылыстарының қолданылу аясын атау 10.2.1.13 2 (ІІ) топ металдарын сапалық анықтауды жоспарлау және оны тәжірибе жүзінде жасау 10.2.1.14 табиғаттағы карбонаттар айналымының схемасын құру және олардың қолданылу аймағын атау 10.4.2.1 органикалық химия - бұл көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы деп түсіну; 10.4.2.2 көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату; 10.2.2.3 элементтердің белгілі массалық үлестері және олардың буларының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым және молекулалық формуласын табу 10.4.2.4 гомологтік қатардың қалыптасуын және оның өкілдері қасиеттерінің ұқсастығын түсіндіру; 10.4.2.5 қосылыстардың құрылымдық формуласын құру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша атау 10.4.2.6 изомерия түрлерін атау және изомерлер формулаларын құрастыру: құрылымдық, байланыстың орны бойынша, функционалдық топтар және классаралық изомерлер 10.4.2.7 әр түрлі алкандардың жану процесін зерттеу және олардың отын ретінде қолдануын түсіндіру; 10.4.2.8 алкандардың жану өнімдерін және қоршаған ортаға экологиялық салдарын бағалау; 10.4.2.9 берілген жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау 10.4.2.10 - алкандардың галогендену реакциясы мысалында орынбасу реакциясының бос радикалды механизмін түсіндіру; 10.4.2.11- алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру 10.4.2.12 циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін білу |
10 сынып ҚГБ | 10.2.1.11 - металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы; 10.2.1.12 - период және топта металл, бейметалл және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау 10.2.1.13 - металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіру; 10.2.1.14 - электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін түсіну; 10.2.1.15 - металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру; 10.2.1.16 - типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу 10.2.1.17 - металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы туралы білу; 10.4.1.1 - кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу 10.4.1.2 - тірі ағзалардың іс- әрекетінде металдар және бейметалдардың биологиялық рөлін түсіндіру 10.2.1.18 - атом құрылысы негізінде s-элементтердің жалпы қасиеттерін түсіндіру; 10.2.1.19 - s-элементтердің металдық, тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру 10.2.1.20 - натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының алыну әдістерін білу; 10.2.1.21 - натрий, калий және кальцийдің сумен реакциясының химиялық белсенділігін ажыратуды түсіндіру 10.4.1.3 - натрий және калий қосылыстарының биологиялық рөлін түсіндіру 10.2.1.22 - кальций, магний және олардың қосылыстарының негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру; 10.2.1.23 - калий, натрий, кальций иондарының сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояуы) 10.4.1.4 - кальций және магнийдің биологиялық рөлін түсіндіру 10.4.1.5 - судың кермектігін және оны жою әдістерін түсіндіру; 10.4.1.6 - Қазақстанда таралған сілтілік және сілтілік жер металдардың табиғи қосылыстарын білу; 10.2.2.1 - металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасына, зат мөлшеріне есептер шығару 10.2.1.24 - атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру; 10.4.1.7 - Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары атау 10.2.1.25 - мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстарының қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру; 10.2.1.26 - Cu2+, Zn2+ иондарын тани білу 10.2.1.27 - хром және оның қосылыстарың қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру 10.2.1.28 - темір және оның қосылыстарының алынуын, тән физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау; 10.2.1.29 Fe2+, Fе3+ иондарын тани білу 10.2.1.30 - темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін тәжірибе жүзінде ала білу және олардың қышқыл және сілтілермен әрекеттесуін зерделеу 10.2.3.7 - коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру 10.2.2.2 - металдар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымның массалық үлесі) есептер шығару |
Дереккөз:
-
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы -
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарға арналған "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы -
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Физика пәні оқу мақсаттары (7-10 сынып) 3-тоқсан
7 сынып | 7.3.1.1 – заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау 7.3.1.2 – қысымның физикалық мағына-сын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау; 7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану 7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру; 7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану 7.3.1.6 – қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру 7.3.1.7 – гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау; 7.3.1.8 – гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу 7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну 7.3.1.10 – манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау 7.3.1.11 – кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау 7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру; 7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану 7.3.1.14 – дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу; 7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау 7.2.3.1 – механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.3.7 – қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; 7.2.3.8 – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану |
8 сынып | 8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру 8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану; 8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағына-сын, оның өлшем бірлігін түсіндіру 8.4.2.4 – электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау 8.4.2.5 – тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру; 8.1.3.1 – эксперименттен деректерін жинақ-тау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу 8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану; 8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру; 8.4.2.8 – есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану 8.4.2.9 – өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау 8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау 8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу 8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану 8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану; 8.4.2.14 – эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; 8.4.2.15 – кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау 8.4.2.16 – металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау 8.4.2.17 – қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру 8.4.2.18 – сұйықтардағы электр тогын сипаттау 8.4.3.1 – магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау 8.4.3.2 – магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру; 8.4.3.3 – тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау 8.4.3.4 – жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау 8.4.3.5 – магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау; 8.4.3.6 – электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру 8.4.3.7 – электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру; 8.4.3.8 – Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру |
9 сынып | 9.2.3.1 – дене импульсі мен күш импульсін ажырату 9.2.3.2 – импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану; 9.2.3.3 – табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру; 9.2.3.4 – Байқоңыр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру 9.2.3.5 – механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілдермен анықтау; 9.2.3.6 – жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру 9.2.3.7 – энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану 9.2.3.7 – энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану 9.2.5.1 – еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру; 9.2.5.2 – эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау; 9.2.5.3 – формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау 9.2.5.4 – тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау; 9.2.5.5 – гармониялық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу 9.2.5.6 – әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру; 9.2.5.7 – маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу 9.2.5.8 – математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау; 9.2.5.9 – период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау; 9.1.3.1 – алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау 9.2.5.10 – еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау; 9.2.5.11 – резонанс құбылысын сипаттау 9.4.4.1 – тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалық түрде сипаттау 9.2.5.12 – толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану; 9.2.5.13 – көлденең және бойлық толқындарды салыстыру 9.2.5.14 – су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау 9.2.5.15 – дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау; 9.2.5.16 – дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру; 9.2.5.17 – резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру; 9.2.5.18 – жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау; 9.2.5.19 – табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбыстықолдануға мысалдар келтіру 9.4.4.2 – механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру; 9.4.4.3 – электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру; 9.4.4.4 – шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру |
10 сынып ЖМБ | 10.3.1.1 - электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану 10.3.1.2 - суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану 10.3.1.3 - зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану 10.3.1.4 - нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу 10.3.1.5 - электростатикалық өрісте күшті және энергетикалық сипаттамаларды байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану; 10.3.1.6 - гравитациялық және электростатикалық өрістерде күшті және энергетикалық сипаттамаларды салыстыру 10.3.1.7 - диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау 10.3.1.8 - конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу; 10.3.1.9 - конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану 10.3.1.10 - электр өрісінің энергиясын есептеу 10.3.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану 10.3.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу 10.3.2.3 - элерктр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әртүрлі жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу 10.3.2.4 - толық тізбек үшін Ом заңын қолдану 10.3.2.5 - эксперимент арқылы ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау 10.3.2.6 - тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану 10.3.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің пайдалы әсер коэффициентінің формулаларын есептер шығаруда қолдану 10.3.3.1 - металдардағы электр тогын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау; 10.3.3.2 - жоғары температурада асқын өткізгішті материалдарды алудың келешегін талқылау 10.3.3.3 - жартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын қолдану принципін түсіндіру 10.3.3.4 - шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу 10.3.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану 10.3.3.6 - электролиз үдерісіндегі электронның зарядын эксперимент арқылы анықтау 10.3.3.7 - газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау; 10.3.3.8 - электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру |
10 сынып ҚГБ | 10.3.1.1 – электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау; 10.3.1.2 - электр өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін сипаттау; 10.3.1.3 - гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру 10.3.1.4 – қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролі 10.3.2.1 – ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергі ұғымын түсіну; 10.3.2.2 - сыртқы тізбектегі элерктр қозғаушы күші пен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну 10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну 10.3.2.4 –тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу 10.3.3.1 – әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру; 10.3.3.2 - электролиз үдерісіндегі электр тогы шартын эксперимент арқылы анықтау 10.3.3.3 – жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру 10.3.3.4 - асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттау |
Дереккөз:
-
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы -
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11- сыныптары үшін "Физика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы -
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11- сыныптары үшін "Физика" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
География пәні оқу мақсаттары (7-10 сынып) 3-тоқсан
7 сынып | 7.3.4.1 биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды 7.3.4.2 өлкеге тән өсімдіктер мен жануарларды анықтайды және "Қызыл кітапқа" енген түрлерін атайды 7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды 7.3.4.4 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде топырақ ресурстарына баға береді 7.3.4.5 топырақтардың экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады 7.1.1.3 географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар 7.1.1.4 географиялық нысандардың қасиеттерін тәжірибелік жолмен анықтайды 7.1.1.5 географиялық далалық зерттеу әдістерін қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, өңдейді, талдайды 7.1.1.6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады:сызба, диаграмма, профиль, график 7.2.1.1 тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады 7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді 7.3.5.1 географиялық қабық, мұхиттар және материктер, зоналар және белдеулер, ландшафтар табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіреді 7.3.5.2 туған өлкенің табиғи-аумақтық кешендерін жоспар бойынша сипаттайды және өлкетану деректер базасын әртүрлі формада ұсынады 7.1.1.3 географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар 7.1.1.5 географиялық далалық зерттеу әдістерін қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, өңдейді, талдайды 7.1.1.6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: сызба, диаграмма, профиль, график 7.2.1.1 тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады 7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді 7.4.1.1 дүниежүзі халқықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді 7.4.1.2 дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды 7.4.1.3 халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүниежүзінің тарихи-мәдени өркениеттік аймақтарының қалыптасуын түсіндіреді 7.4.1.4 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ұлтаралық және дінаралық келісімнің қажеттілігін дәлелдейді және қалыптастыру жолдарын ұсынады 7.1.1.3 географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар 7.1.1.6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: кесте, сызба, диаграмма, профиль, график 7.2.1.1тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады 7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді |
8 сынып | 8.3.5.1 географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын графикалық түрде көрсетіп, түсіндіреді 8.3.5.2 географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын түсіндіреді 8.1.1.3 далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады 8.1.1.4 сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды 8.1.1.5 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді 8.1.1.6 зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады 8.4.1.1 халық санының анықтау әдістерін түсіндіреді; 8.4.1.2 дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктейді 8.4.1.3 елдердің демографиялық жағдайын талдап, демографиялық көрсеткіштерін есептейді: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жасжыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрам 8.4.1.4 елдердің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып, түсіндіреді 8.4.1.5 дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктейді 8.4.1.6 "демографиялық саясат" ұғымын түсіндіре отырып жекелеген дүниежүзі елдеріне қатысты демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады 8.1.1.3 далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады 8.1.1.4 сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды 8.1.1.5 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді 8.1.1.6 зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады 8.2.1.1 тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте 8.2.1.2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды 8.2.1.3 географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді 8.2.2.1 ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады 8.5.1.1 табиғи ресурстарды экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды 8.5.1.2 жекелеген дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды 8.5.1.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде жекелеген табиғат ресурстарын өңдеу технологиясын сипаттай отырып, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды 8.1.1.3 далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады 8.1.1.4 сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды 8.1.1.5 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді 8.1.1.6 зерттеу нәтижелерін түрлі формада ұсынады 8.2.1.1 тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте 8.2.1.2 географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды 8.2.1.3 географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді 8.2.2.1 ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады |
9 сынып | 9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды 9.3.4.2 қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар ерекше қорғалатын аумақтарының құрылу мақсатын түсіндіреді 9.3.4.3 Қазақстанның табиғи мұрасына баға береді 9.3.4.4 тақырыпқа қатысты қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады 9.3.4.5 ноосфераның қалыптасу шарттарын зерттейді 9.3.4.6 Қазақстанның ноосфера дамуына қосқан өзіндік үлесін бағалайды 9.1.1.2 география ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемаларын анықтайды 9.1.1.5 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады 9.2.1.1 маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды 9.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 9.3.5.1 Қазақстанның ірі табиғи кешендерін жоспар бойынша сипаттайды 9.3.5.2 қазақтың табиғи хоронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіріп, транслитерациясын үш тілде ұсынады 9.3.5.3 жергілікті компонент негізінде антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне әсерін зерттейді 9.3.5.4 антропогендік ландшафттарды жақсарту жолдарын ұсынады: рекультивация, мелиорация ландшафттық дизайн 9.1.1.2 география ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемаларын анықтайды 9.1.1.5 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады 9.2.1.1 маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды 9.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 9.4.1.1 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтайды 9.4.1.2 дүниежүзі халқы көші-қонының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді 9.4.1.3 Қазақстандағы көші-қон үдерістерін талдап, басты бағыттарын анықтайды 9.4.1.4 көші-қон саясатының өзіндік үлгісін ұсынады 9.4.1.5 қазақстандық көрсеткіштерді басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстыру негізінде еңбек ресурстарының сандық, сапалық құрамына баға береді 9.4.1.6 Қазақстанның демографиялық жағдайын талдап, демографиялық саясаттың өзіндік моделін ұсынады 9.4.1.7 Қазақстандағы елді мекендерді жіктейді 9.4.1.8 елді мекендердің түрлері мен функционалды зоналарын сипаттайды 9.4.1.9 Қазақстандағы ойконимдерді жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транскрипциясын үш тілде ұсынады 9.4.1.10 Қазақстанның елді мекендерінің проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады 9.4.1.11 урбандалу үдерісінің себеп-салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсынады 9.4.1.12 Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға береді 9.1.1.2 география ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемаларын анықтайды 9.1.1.5 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады 9.2.1.1 маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды 9.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 9.5.1.1 Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды 9.5.1.2 Қазақстанда жекелеген табиғи ресурстарды өңдеу технологиясын сипаттап, орталықтары мен дайын өнім түрлерін атайды 9.5.1.3 табиғатты пайдалану үлгілері мен түрлерін топтастырады 9.5.1.4 тұрақты дамудың белгілері мен бағыттарын сипаттайды 9.5.1.5 Қазақстанда табиғатты пайдалану проблемаларын анықтап, шешу жолдарын ұсынады 9.5.1.6 жергілікті компонент негізінде табиғатты пайдалануға байланысты зерттеу жүргізеді 9.1.1.2 география ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемаларын анықтайды 9.1.1.5 зерттеу нәтижелерін түрлі академиялық формада ұсынады 9.2.1.1 маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды 9.2.1.2 географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді |
10 сынып ЖМБ | 10.4.1.1 - геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру; 10.4.1.2 - геоэкономиканың негізгі категорияларын түсіндіру; 10.4.1.3 - геоэкономика мен экономикалық география арасындағы айырмашылықтарды анықтау; 10.4.1.4 - елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) 10.4.1.5 - шаруашылық салаларын орналастыруда кеңістіктік (аумақтық) факторларды талдау; 10.4.1.6 - дүниежүзілік шаруашылықтың салаларын заманауи орналастыру факторларын талдау 10.4.1.7 - дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалау; 10.4.1.8 - дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу 10.4.1.9 - дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау 10.4.1.10 - дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде); 10.4.1.11 - дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу 10.4.1.12 - дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) 10.4.1.13 - Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылықтың құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылығының аумақтық құрылымын, экономикалық дамуындағы тиімді көрсеткіштерді анықтау 10.1.1.2 - зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолдану; 10.1.1.3 - зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану; 10.1.1.5 - зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады 10.2.1.1 - тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану 10.2.2.1 - Microsoft Excel бағдарламасын қолданыумен тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастыру 10.2.2.2 - статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасау 10.2.2.3 - ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың графикалық редакторларын қолданумен тақырыптық картасызбалар жасау 10.5.1.1 - геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу пәнін түсіндіру; 10.5.1.2 - геосаясаттың негізгі категорияларын түсіндіру; 10.5.1.3 - негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау; 10.5.1.4 - геосаяси ықпал көрсетудің негізгі құралдарын зерттеу 10.5.1.5 - дүниежүзінің геосаяси кеңістігін талдау 10.5.1.6 - геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға беру 10.5.1.7 - мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін талдау; 10.5.1.8 - мемлекеттерді аумағының морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеу; 10.5.1.9 - Қазақстан Республикасы мемлекеттік аумағының морфологиялық ерекшеліктеріне кешенді баға беру 10.5.1.10 - мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу шараларын, динамикасын талдау; 10.5.1.11 - Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараларының қалыптасу үдерісін, басты көрсеткіштері мен динамикасын зерттеу; 10.5.1.12 - Қазақстан Республикасының шекараларын күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу 10.1.1.2 - зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолдану; 10.1.1.3 - зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану; 10.1.1.5 - зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады 10.2.1.1 - тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану 10.2.2.2 - статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасау 10.2.2.3 - ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың графикалық редакторларын қолданумен тақырыптық картасызбалар жасау |