ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: Қазақстан тарихы
Сынып: 8 ІІІ тоқсан 1 сабақ Пән мұғалімі.С.С Ердеханова №58 мектеп-гимназия | Қолданылған видео, жазба, таныстырылым слайдтары | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустриаландыру Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы индустриаландырудың қарама-қайшылығы неде? | 1 слайд | ||||||||||||||||
Бүгін сабақта: Қазақстандағы индустрияландырудың өзіндік ерекшеліктерін анықтайсыз; Өнеркәсіпті қалпына келтіру шаралары мен индустрияландырудың барысы және нәтижелерін сипаттайсыз. | 2 слайд | ||||||||||||||||
Оқушылар өткен сабағымызда Кеңес билігінің орнығуы туралы мәліметтерді қарастырып, қорытынды жасаған болатынбыз.Біз бүгіні Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде бөлімін бастаймыз. Оқушылар! Алдымен экранға назар аударайық!
Бұл Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру жылдарында салынған Түркісіб темір жолы болатын. Оқушылар бейне жазбаға назар аударайық!! Олай болса бүгінгі сабақта Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен нәтижелерін бірге талдайтын боламыз. Қазақстандағы индустрияландырудың өзіндік ерекшеліктері. Индустрияландыру- ірі, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту. Ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халықшаруашылығын қайта құру.Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән емес. Ол- елді жаңғыртудың міндетті шарты. Партияның 1925 жылы өткен ХІV сьзінде Кеңес Одағы индустрияландырудың басталғаны туралы шешім қабылдады. ЖЭС экономиканың өнеркәсіп секторын біршама жақсартты, жаңа бағдарлама үшін база құрды.Бірақ барлық кәсіпорындардың жұмысын толықтай қалпына келтіре алмады . Сонымен бірге патшалық заманнан Қазақстан өнеркәсібі едәуір төмен деңгейде еді . Өңдеу секторында еңбек өнімділігі шамалы шағын кәсіп орындар саны басым еді. Шахталар мен кеніштер теміржолдардан едәуір алыс орналасты . Жабдықтар ескірген еді . Қасіретті текетірес жылдарында білікті инженерлік кадрлардың елден кетуі орын алды. Өнеркәсіп орындарын көбінесе жоғары техникалық білімі жоқ мамандар басқарды . КСРО - ның қоршаған өлеммен қарым - қатынасының нашарлауына байланысты дайын өнеркәсіп өнімін өткізу нарығының аясы тарылды . Ең бастысы , индустрияландыру саясатын жүзеге асыру үшін қаржы тапшылығы қатты сезілді.Индустрияландыруға қаржы табу мақсатымен мемлекет шаруаларды астығын нарықтан арзан бағамен сатуға мәжбүрледі . Осылайша , айырмашылықтан түскен пайданы индустрияландыруды жүзеге асыруға пайдалану көзделді . Бұл міндетті орын даудан бас тартқандар қуғын - сүргінге ұшыра ұшырады . Жаңа шаралар әскери коммунизм саясаты жылдарындағыдай жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті . ХХ ғасырдың 20 - жылдарында мемлекет ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға кірісті , ұжымшарлар құру арқылы қажетті мақсатқа қол жеткізілді. Түскен ақшаға шетелден құрал - жабдықтар , тіпті тұтас зауыттар сатып алынды. Өнеркәсіпті қалпына келтіру шаралары . Әрине , алғашқы жылдары қиын болды . Оған 1920—1921 жылдардағы жұт пен 1921 жылғы астықтың шықпауы да қосымша әсер етті . Бірер жылдан кейін - ақ өнеркәсіпті қалпына келтіру жұмысының нәтижесі көріне бастады . 1922 жылы егіннің шығымдылығы едәуір молайды . Мұның өзі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді . Қостанай , Орал , Семей губернияларындагы , Павлодардағы және басқа да жерлердегі астық тартатын ірі диірмендер жұмысын бастады . Солтүстік Қазақстандағы май шайқайтын зауыттар жұмысқа кірісті . Жаңадан 20 май зауыты салынды . Елек , Коряков тұз кәсіпшіліктері қалпына келтірілді . Бiртiндеп оңтүстіктегі мақта тазартатын , былғары шығаратын , жүн жуатын зауыттар жұмыс істей бастады . Ал Қарғалы шұға фабрикасы өнім шығаруды бірнеше есеге арттырды . Қалпына келтірілген кейбір шағын кәсіпорындар ірі өнеркәсіп комбинатына бірікті . Мысалы , 1923 жылы Қызылжарда ұйық , тері , жүн және шойын құятын зауыттар мен шағын кәсіпорындар , ал Алматы мен Талғарда тері зауыттары іске қосылды . Ауыр өнеркәсіп те қалпына келтіріле бастады . Ембі мен Доссор мұнай кәсіпшіліктері 1925 жылдан бастап өнімді соғысқа дейінгі көрсеткіштен арттырды . Полиграфия өнеркәсібіде қалыпты жұмысқа кірісті . Осының нәтижесінде қазақ , орыс тілдерінде газеттер көптеп шығарыла бастады . Ал Риддер кеніші мен Қарсақпай мыс қорыту зауыты өз жұмысын қайта жандандырды . Темір жолды жақсартуға ерекше көңіл бөлінді. Алдымен , Қазақстанның көп жерін басып өтетін Ташкент темір жолын қалпына келтіру керек болды . Сондықтан да оған біраз паровоздар мен вагондар , отын , өр түрлі жөндеу материалдары берілді және жоғары білікті мамандар жіберілді . Жаңа жолдар , әсіресе астықты аудандармен байланыстыратын Петропавл — Көкшетау – Славгород — Қолынды Павлодар жолдары салынды . Жетісу темір жолы Луговой станциясынан Бішкекке дейін ұзартылды. Қазақстан өнеркәсібі дамуының жаңа кезеңі. Қазақстанды дамыған мемлекет жасау үшін оның өнеркәсібін жан - жақты өркендету , әсіресе ауыр өндірісті жолға қою қажет болды . Бұған Қазақстанның табиғи байлықтары жететін еді . Енді тек көп қаржы , білікті мамандар , көптеген құрал - жабдықтар табу керек болды. Мұндай көмекті РКФСР , Украина , т.б. республикалар көрсетті . 1926—1940 жылдар Қазақстан өнеркәсібі дамуының жаңа кезеңі болды . Бұл жылдары ауыр өнеркәсіпті дамытуға — мұнай , көмір , түсті металл өндіруге баса назар аударылды . Шымкент қорғасын зауыты , Балқаш мыс қорыту , Ащысай полиметалл комбинаттары салынып , іске қосылды . Текелі полиметалл , Жезқазған мыс қорыту комбинаттары , Өскемен мырыш зауыты , т . б . ірі өнеркәсіп орындары салынып жатты . Көмір өнеркәсібі ерекше қарқынмен дамыды . Қарағанды алабы көмір өндіруде елде үшінші орынға шықты . Оның аса сапалы көмірі Қазақстанның ғана емес , басқа да елдің өнеркәсіп орындарына жіберіліп жатты.Мұнай өндіру жөнінен де Қазақстан Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орынға шықты . 1928—1940 жылдар арасында республикадағы темір жолдың ұзындығы екі есеге өсті . Түркістан - Сібір . Ақмола - Қарағанды , Қарағанды — Балқаш , Жарық — Жезқазған жолдары іске қосылды .1928-1940 жылдары теміржолдар ұзындығы 6581 шақырымға жетті . Сібір мен Орталық Азияны байланыстыратын Түрксіб теміржол құрылысы 1931 жылға қарай аяқталды. Бұл жолдар Қазақстанның ішкі аудандарын бір - бірімен , сондай - ақ оны Кеңес елінің басқа республикаларымен байланыстырды. Олардың халық шаруашылығын дамыту үшін маңызы зор болды . Индустрияландыру барысы және нәтижелері . Индустрияландыру саясаты геологиялық барлау жұмыстарын жандандырудан басталды . Осы мақсатпен Қазақстанның барлық облыстарына 50 - ден аса іздестіру жасақтары жіберілді. Олар орталықпен қатар , республикалық бюджеттен де қаржыландырылды . КСРО Ғылым академиясы 20-30 - жылдары кешенді экспедициялар ұйымдастырды . Академик Н.С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал байлықтарын зерттеп ,«Қазақ КСР - і Кеңес Одағының тұтас металлогенді ауданы » деген тұжырым жасады . Академик И.М. Губкин Орал - Жем мұнайлы ауданын зерттеді . Қазақтың жас инженер - геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарының болашағы зор екенін дәлелдеді. Осы экспедициялар жұмысының қорытындылары бойынша республиканың жаңа ғылыми геологиялық картасы жасалды. Мыс , қорғасын , темір , хромит , никель , фосфорит , борат т.б. кендерінің ірі қорлары табылды . Индустрияландырудың даму қарқыны Қазақстанда бүкіл КСРО - ға қарағанда жоғары болды және 1940 жылға қарай 15 республикалар арасында 6 - орынды иеленді. Республиканың өнеркәсіптік дамуы көбінесе жаңа кәсіпорындар салу есебінен жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстары өлкеде қарқынды жүргізілді. Қазақстан электрстанцияларының қуаттылығы индустрияландыру жылдарында шамамен 40 есеге дейін өсті Қорыта келе, бұл жылдары Қазақстанда 150 - ден астам ірі өнеркәсіп орындары салынып іске қосылды . Нәтижесінде Қазақстан өнеркәсібі жақсы дамыған республикаға айналды. Бірақ та олардың бәрі шикізат өндіруші орындар еді . 1 тапсырма Индустрияландыру жылдарындағы дамыған ауыр өнеркәсіпті көрсетіңіз ? ? ? Жауабы: Бұл жылдары ауыр өнеркәсіпті дамытуға — мұнай , көмір , түсті металл өндіруге баса назар аударылды. Шымкент қорғасын зауыты Балқаш мыс қорыту Ащысай полиметалл комбинаты Текелі полиметалл комбинаты Жезқазған мыс қорыту комбинатты Өскемен мырыш зауыты | 3 слайд https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/8-synyp/qazaqstandahy-19201930-zhyldardahy-industriyalandyru?mid=7e086040-1659-11ea-b79d-b319c1246871 0.16сек-1.44 сек 4 слайд 5 слайд 6 слайд 7 слайд 8 слайд 9 слайд 10 слайд 12 слайд 13 слайд 14 слайд 16 слайд 17 слайд 18 слайд | ||||||||||||||||
2 тапсырма Ғалымдардың еңбектерін анықтаңыз
Жауабы
Сабақтың қорытындысы Қазақстандағы индустрияландырудың өзіндік ерекшеліктерін анықтадыңыз; Өнеркәсіпті қалпына келтіру шаралары мен Индустрияландырудың барысы және нәтижелерін сипаттадыңыз. | 19слайд 20 слайд 21 слайд 22 слайд 23 слайд 24 слайд 25 слайд |
2 тапсырма Ғалымдардың еңбектерін анықтаңыз
Ғылыми геологиялық картасын жасауға үлес қосқан ғалымдар | Экспедициялық жұмыс қорытындысы |
Академик Н.С. Курнаков | |
Академик И.М. Губкин | |
Қазақтың жас инженер - геологы Қ.И. Сәтбаев | |
2 тапсырма Ғалымдардың еңбектерін анықтаңыз
Ғылыми геологиялық картасын жасауға үлес қосқан ғалымдар | Экспедициялық жұмыс қорытындысы |
Академик Н.С. Курнаков | |
Академик И.М. Губкин | |
Қазақтың жас инженер - геологы Қ.И. Сәтбаев | |
2 тапсырма Ғалымдардың еңбектерін анықтаңыз
Ғылыми геологиялық картасын жасауға үлес қосқан ғалымдар | Экспедициялық жұмыс қорытындысы |
Академик Н.С. Курнаков | |
Академик И.М. Губкин | |
Қазақтың жас инженер - геологы Қ.И. Сәтбаев | |
2 тапсырма Ғалымдардың еңбектерін анықтаңыз
Ғылыми геологиялық картасын жасауға үлес қосқан ғалымдар | Экспедициялық жұмыс қорытындысы |
Академик Н.С. Курнаков | |
Академик И.М. Губкин | |
Қазақтың жас инженер - геологы Қ.И. Сәтбаев | |