Файл: Жалпы орта білім беру дегейіні 1011сыныптарына арналан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 42

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған


«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт,

жаратылыстану-математикалық бағыт)

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).

2. Ұсынылып отырған пән Қазақстан Республикасының Президенті жолдауындағы Қазақстанның модернизациясы аясында және алға тартылған басымдықтардың бірі - нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуге сәйкес Қазақстан Республикасының мектептеріне арналып әзірленді.

3. Пәнді оқытудың мақсаты кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері бойынша оқушыларға базалық білімдер беру; өз таңдауы үшін жауапкершілікке үйрету, кәсіпкерлік ойлау жүйесі мен белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптасыру; қазіргі заманғы нарықтық жағдайда болашақтағы дербес әрекетіне қажетті дағдылардың практикалық базасын қалыптастыру болып табылады.

4. Оқыту міндеттері:

1) оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін қалыптастыру;

2) оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі;

3) оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

4) оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;

5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;

6) бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;

7) зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.

5. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:

1) пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің, даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;


2) оқытудың интерактивті және топтық ойын әдістемесі мен технологиясына, оқу үдерісіне оқушыларды белсенді араластыру жолдарына сүйене отырып оқу процесін құру;

3) Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер мен жаппай кәсіпкерліктің (өмір сүру стилі ретіндегі кәсіпкерлік) даму үрдістері тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру;

4) оқушының өмірлік саналы ұстанымдарын және өз әрекеті бойынша жасаған таңдауына жауапкершілікпен қарау қасиетін қалыптастыру үшін коучингтік тәсілдемелерді қолдану;

5) практикалық дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған тренингтік форматты қолдану, сонымен бірге үдерісті ойындар (ағылш. gamification) пайдалану арқылы алғашқы тәжірибені қалыптастыру.

6) синергетикалық әсер алу мақсатымен пәнді өңіраралық деңгейде меңгертудегі өзара әрекеттестік аясында ақпарат алмасу үшін "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" курсы бойынша мектеп оқушыларының арнайы ресурсында ғаламтор-қауымдастық құру. Осы on-line порталы арқылы электрондық кітапхана базасы мен жұмыс материалдарының базасын, вебинар және қонақ алаңдарын, олимпиада, байқау және т.б. іс-шаралар алаңдарын құру, стартаптар мен инвесторлар арасындағы қарым-қатынас алаңдарын қалыптастыру;

7) пәнді практикалық және әдіснамалық тұрғыдан барынша тиімді толықтыру мен қамтамасыз етуге септігін тигізетін инфрақұрылым жасау:

- Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік білім беру ассоциациясына мүше Қазақстанның кәсіпкерлік ЖОО-ы;

- «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

- «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қоры;

8) білім беру процесін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы дағдыларды дамытуға бағытталған үдерісті автоматты симуляциялайтын арнайы онлайн және офлайн ойындар арқылы қолдау.

9) клиентке бағытталуды дамыту үшін ойлау-дизайны қағидаларын қолдану.

2-тарау. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
6. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

1) 10-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

2) 11-сыныпта - аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).



7. Оқу пәнінің мазмұны 10-сыныпта 2 бөлімнен тұрады:

1) «Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік»;

2) «Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік»;

8. «Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) «Кәсіпкерлікке кіріспе»;

2) «Қазақстан экономикасына тарихи экскурс»;

3) «Кәсіпкерлік тәсілдеме: бастамашылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу»;

4) «Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар»;

5) «Нарықтың қызмет ету механизмі»;

6) «Нарықтық тепе-теңдік».

9. «Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) «Бизнес неден басталады?»;

2) «Кәсіпкерлік қызмет түрлері, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары»;

3) «Стартап мәдениет»;

4) «Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер (әлемдік, аймақтық және жастардың)»;

5) «Қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы»;

6) «Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні»;

10. Оқу пәнінің мазмұны 11-сыныпта 2 бөлімнен тұрады:

1) «Стартап акселератор (1)»;

2) «Стартап акселератор (2)»;

11. «Стартап акселератор (1)» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) «Питчинг»;

2) «Команда құру және кәсіпкерлік қызметтегі командалар рөлі»;

3) «Канва бизнес-моделі, маңызды құндылықтарды анықтау. Бизнес-жоспар құрылымы»;

4) «Стартап-жобалардағы маркетинг»;

5) «Стартап-жобалардағы коммуникация арналары;

6) «Тұтынушылық және сатыпалушылық бейілділік»;

7) «Стартаптардағы пайда арналары».

12. «Стартап акселератор (2)» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) «Бизнес ресурстар және ресурстарды басқару»;

2) «Кәсіпкерлік қызметтегі серіктестік»;

3) «Бизнестегі маңызды қызмет»;

4) «Кәсіпкерлік қызметтегі салықтар»;

5) «Шығындар құрылымы»;

6) «Жобаның аяқталуы және оның нәтижелерін талдау – бизнес-жобалардың питчингі».

13. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:

1) «Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік». XXI ғасырдың қажетті дағдысы болып табылатын, ерекше ой тәсілі ретінде кәсіпкерлік туралы түсінік. Кәсіпкерлік ой дамуының тәсілдері. Экономикадағы және заманауи әлем дамуындағы кәсіпкерлер маңызы. Кәсіпкерлік призмасы арқылы оқушылардың өз көзқарасы мен мақсаттарын салыстыру. Кәсіпкер мен бизнесмен арасындағы айырмашылықты түсіну. Жас кәсіпкерлердің рөлін түсіну мен олардың қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру. Нақты кәсіпкерлердің мысалдары мен тарихы. Қазақстан экономикасына тарихи экскурс. Экономика не зерттейтінін түсіну, микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылық. Экономикалық түсініктермен, өндіріс үрдісінің ресурстары мен факторлары, нарықтың қызмет ету механизмі, сұраныс пен ұсыныс заңымен, нарықтық тепе-теңдікпен және терминологиялармен танысу. Кәсіпкерлік идеялар көздері (нарық мұқтаждықтары, хобби және т.с.с.). Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Теориялық білімді бекіту үшін офлайн-ойын, ойын дебрифингі; 3. Бизнес-кейстермен жұмыс жасау – өткен материалдар бойынша Қазақстан мен әлемнің нақты кәсіпкерлерінің сәттіліктері, сәтсіздіктері, қиындықтары мен шешімдерін көрсету.


2) «Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік». Кәсіпкерліктің экономикалық негіздері мен кәсіпкерлік қызмет түрлері. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуындағы географиялық-аймақтық ерекшеліктерін, стартап және инновацияларды түсінеді. Баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік түсінігі. Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні. «Көк мұхит» және «қызыл мұхит» стратегияларымен танысу. Әрекеттегі қазақстандық және әлемдік компаниялардың бизнес-кейстерінің мысалдары. Оқушылар арасында бақталастық сезімін құру мен бәсекелестік қағидаларын ұғыну.

Виртуалды кәсіпорынды құру үшін алынған білімдерді, топтық жұмыс-ойындар аясында, тәжірибеде қолдану. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Ойын түрінде топтарда тәжірибелік жұмыс жасау.

14. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:

1) « Стартап акселератор (1)». 10 сыныпта алынған білім мен дағдылар негізінде жеке өзіндік бизнес-идеямен жұмыс жасау. Жеке бизнес-модельді құру туралы түінікті қалыптастыру, өзгерістерді басқару дағдылары. Бизнес-модель жүйесін құру призмасы тұрғысынан жеке бизнесті құру мен жүргізудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың жеке бизнес-идеяларын қорғауы (жаздық демалысқа үй тапсырмасы), идеялардың келісілген бағалауы мен 2-5 адамнан тұратын командалар құру (хакатон форматында қызығушылық танытқан тараптар (мектептер, аймақтық жоғары оқу орындары, жергілікті компаниялар) тарапынан мәселелерді құруға да мүмкін болады). Заманауи стартап-акселераторлар мысалымен негізгі құрал – канва бизнес-моделімен (Canvas) танысу. Бизнес-жоспар құрылымын түсіну. Өз өнімнің/қызмет көрсетудің құндылық ұсынысын, қолданушылар сегментін, коммуникациялар арналарын, пайдаланушылармен қатынас пен табыстар түсімдерін анықтау. Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;

2) «Стартап акселератор (2)». Оқушылардың өзіндік жеке жобаларын жасаудың қорытынды кезеңі. Маңызды құндылықтарды құруға қажетті ресурстармен (материалды, физикалық, адами, зияткерлік) танысу. Әр ресурстарды талдау: оқушылардың жеке жобаларына қажетті ресурстарды таңдау, ресурстар құнын анықтау, олардың орналасуын анықтау. Маңызды құндылықтарды құру үшін ресурстарды басқару. Бизнес-концептіні құру (бизнес-модельдер, нарық мәселелері, команданың сипаты, мақсаттар). Тоқсандықтың оқу үдерісінің құрылымы: 1. Теориялық оқыту сабағы; 2. Өзінің жеке жобасын жасауда алынған білімдерді қолдану бойынша топтарда тәжірибелік жұмыс жасау;


3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

15. Бағдарламаны оқуға ыңғайлы болу үшін кодтар енгізілді. Кодтың бірінші саны оқу сыныбын білдіреді, екінші және үшінші сандары – бөлім мен бөлімше нөмерін береді, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік саны. Мысалы, кодта 10.2.1.2: «10» – сынып, «2.1.» – бөлім мен бөлімше саны, «2» – мақсаттың реттік саны.
1)10-сынып:


Білім алушылар:




Бөлім

Бөлімше

10-сынып білім алушыларының білім нәтижесі

сағ

Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

1.1 Кәсіпкерлікке кіріспе

10.1.1.1 «жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» түсініктерін түсінеді;

10.1.1.2 кәсіпкерліктің пәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсінеді

1

1.2 Қазақстан экономикасына тарихи экскурс

10.1.2.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі;

10.1.2.2 экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді;

10.1.2.3 микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

3

1.3 Кәсіпкерлік тәсілдеме: бастамашылдық және даму мен жаңашылдыққа үздіксіз ұмтылу

10.1.3.1 кәсіпкерлікті жеке мотивация мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастырады;

10.1.3.2 кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалайды;

10.1.3.3 бизнес-идеяны қалыптастыру құралын қолданады

3

1.4 Өндіріс үрдісіне қатысатын ресурстар

10.1.4.1 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторларды біледі;

10.1.4.2 тауар мен қызмет көрсетулер өндірісіне қажетті ресурстар мен факторлар арасындағы айырмашылықты түсінеді

3

1.5 Нарықтың қызмет ету механизмі

10.1.5.1 сұраныс пен ұсыныс заңдарын түсінеді;

10.1.5.2 сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды біледі

3

1.6 Нарықтық тепе-теңдік

10.1.6.1 нарықта тепе-теңдіктің қалыптасуы, артықшылық пен тапшылықты біледі;

10.1.6.2 негізгі факторлардың өзгерісіне нарықтың бейімделу үрдісі ретінде сұраныс пен ұсыныс икемділігін түсінеді

4

Заманауи жағдайлардағы кәсіпкерлік

2.1 Бизнес неден басталады?

10.2.1.1 экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлікті талдайды;

10.2.1.2 заманауи жағдайларда кәсіпкерліктің даму факторларын біледі

1

2.2 Кәсіпкерлік қызмет түрлері, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары

10.2.2.1 кәсіпкерлік қызмет түрлерін ажырата біледі;

10.2.2.2 мемлекет экономикасындағы, соның ішінде Қазақстандағы шағын және орта бизнестің рөлін түсінеді;

10.2.2.3 кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын ажырата біледі

3

2.3 Стартап мәдениет

10.2.3.1 стартап түсінігін суреттейді;

10.2.3.2 стартап пен жұмыс істеп тұрған бизнестің айырмашылығын біледі.

3

2.4 Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер (әлемдік, аймақтық және жастардың)

10.2.4.1 Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуындағы географиялық-аймақтық ерекшеліктерін түсінеді;

10.2.4.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің заманауи тенденцияларын танып біледі;

10.2.4.3 кәсіпкерліктің трендтерінің болашақ кезеңдеріндегі болжамын талдайды

3

2.5 Қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы

10.2.5.1 баға бойынша және бағалық емес, жетілген және жетілмеген бәсекелестік мысалдарын сипаттайды;

10.2.5.2 бәсекелестік стратегиясы мен бәсекелестер түрлерін сипаттайды;

10.2.5.3 баға бойынша және бағалық емес бәсекені қолданудың тиімділігін бағалауды жасайды

3

2.6 Баға белгілеу - экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәні

10.2.6.1 экономикалық категория ретінде баға қызметі мен мәнін түсінеді;

10.2.6.2 бағаны қалыптастырудың құрылымын сипаттайды;

10.2.6.3 баға саясатының мәнін түсінеді;

10.2.6.4 баға стратегияларын ажыратады

4







Барлығы

34