ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағаты:
Тақырыбы:«7-мамыр Отан қорғаушылар күні!»
2023 ж
Күні: 03.05
Сыныбы: 10 «А»
Тақырыбы: «7-мамыр Отан қорғаушылар күні!»
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге,ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ер жүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, слайд, видеоролик т.б.
Мұғалім:Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Алда келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!
Мұғалім: Ал енді балалар ойын ойнайық!
1. Ерекше тілек.
Оқушы:Бүгінгі мерекеде жар салады,
Құрметтеп замандасын қарсы алады.
Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,
Билейді, ойнап күліп, ән салады.
Оқушы:Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:
...Жердің аман тұрғандығы,
Сол намысқой еркектердің арқасы...
Немесе
...Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе, семірмейтін,
Ер мінезін қадірлейтін,
Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.
Оқушы:Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!
Келесі кезекті қыздарымыздың игі тілектеріне берелік.
Оқушы:Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз,
Жүректегі жалын отын сақтаймыз.
Олар қате істер істеп жатса да,
Бетке шауып онысын да айтпаймыз.
Оқушы :Сүйіп қалсақ, солар жайлы ойлаймыз,
Қасты түзеп, көзді, шашты бояймыз.
Кешке таман кеш келіп жатса дағы,
Тамақ жасап, кірін жуып баптаймыз.
Осы қыздар неге солай жасаймыз?
Көбін олар, азын біздер асаймыз.
Ұл туылса той жасаймыз дүркіреп,
Ал қыз болса шағымдана бастаймыз.
Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде , қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып дос болыпты. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жаудың қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа бере малым да, мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,- дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады.
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болады. Ол – сенің көзің, мен сенің екі көзіңді ойып аламын!- дейді.
- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды тезірек босат,- дейді жігіт.
Сөйтіп әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:
- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.
Біз сіздерге осы достардың достығындай достық пен ауызбіршілік, адалдық тілейміз.
Қыздарды қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт азаматтарымыз аман болсын!
Қорытынды сөз: Құрметті оқушылар осымен сынып сағатымызды аяқтаймыз!