ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 53
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1- таратпа материалЯдролық әрекеттесу күшіЯдролық әрекеттесулер электрлік және гравитациялық әрекеттесулердің заңдарына бағынбайтын табиғаты мүлдем өзгеще құбылыс болып табылады. Ядрода нуклондарды берік байланыста ұстап тұратын күшті ядролық күш деп атайды. Ядролық күшті сипаттайтын аналитикалық өрнек әлі табылған жоқ. Алайда тәжірибелерден ядролық күштердің қасиеттері туралы мынадай деректер жинақталды:
-
Ядролық күштер қысқа әрекетті күштер. Өйткені ядролық күштердің әрекет аймағының радиусы нуклонның мөлшерімен (10-15 м) шамалас. Осыншама қысқа аралықта ядролық тартылыс күштері кулондық тебіліс күштерінен жүздеген есе артық болады. Ал алыс аралықтарда ядролық күш әрекеттесулерге қатыспайды. -
Ядролық күштер зарядтарға тәуелсіз. Ядролық күш зарядтардың бар-жоғына, олардың таңбаларына тәуелді емес. Сондықтан ядродағы протондар мен протондар, нейтрондар мен нейтрондар, протондар мен нейтрондар да бір-біріне тартыла береді. -
Ядролық күштер қаныққыш күштер. Ядролық күштердің қанығу қасиеті олардың қысқа әрекеттігімен түсіндіріледі, яғни әрбір нуклон тек өз көршілерімен ғана әрекеттеседі.