ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 64-сабақ
Бөлім: | Жержәнеғарыш | |
Мұғалімнің аты-жөні | А.Даулетова | |
Күні: | 04.05.2023ж | |
Сынып: 4А | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Кері итеруші күш деген не? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.5.1.1 Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 5 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Өткен тақырыпты мазмұндаңдар. -Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар. Оқу материалын жариялау «Жедел сұрақ» әдісі: -Су ішіндегі денелерге ауырлық күші әсер ете ме? -Қандай денелер суға батады? -Неліктен кейбір денелер суға батпайды? - Олай болса, бүгінгі сабақ барысында кері итеруші күш туралы оқып білетін боласыңдар. Сабақ мақсаты жария етіледі. Топқа бөлу «Санау» әдісі арқылы жүреді. | Жаттығу жасайды. Сұрақтар қояды, жауап береді. Тақырып ашады. Топқа бірігеді. | Сұраққа жауап берген оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау. | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 20 мин | (Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады. А) Сөздікпен жұмыс. Кері итеруші күш, Архимед күші. Ә)Суретпен жұмыс. -Үлкен тасты кім оңай көтере алады? -Неліктен ауыр денелерді су ішінде көтерген жеңіл? -Ал адам неліктен су бетінде қалқып жүзе алатынын айтыңдар. Оған не көмектеседі? Б)Мәтінмен жұмыс. -Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойыңдар. А) Зерттеу. -Кері итеруші күш қалай әсер етеді? Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Жыл мезгілдері туралы жұмбақтар айт. Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету. (Т) 2-тапсырма -«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі: А) Ойлан. Жағалауда жатқан қиыршық тастың үстімен жүргенде табаның ауырады. Ал белуардан келетін судың ішіндегі сондай тастар табаныңды ауыртпайды. Неліктен? Ә) Сен білесің бе? -Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойып,жауап алыңдар. Б) Есте сақта! -Мәтінді түсініп оқып, мазмүндаңдар. |
Билеп сергиді. Тапсырма орындайды. | Дескриптор:
- Суретті сипаттап, сұрақтарға жауап береді-2балл. Кері итеруші күш қалай әсер ететінін түсіндіреді-2балл. Сұрақтың жауабын ашады-2балл. - Адам тіршілігі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеруін түсіндіреді -1балл. Мазмұны бойынша сұрақтар қойып,жауап алады-1балл. Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қойып,жауап алады-1балл. | Жараты-лыстану оқулығы 2-бөлім 4-сынып 2019ж, дәптер |
Қорытынды 3 мин | Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды. Оқу тапсырмасы:мәтінді мазмұндау. | Рефлексия жасайды. Тапсырма жазып алады. | ҚБ қойылады. | |