ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Математика 161-сабақ
Бөлім: | Болашаққа саяхат Үшбұрыш. Симметрия | |
Мұғалімнің аты-жөні | А. Даулетова. | |
Күні: | 04.05.2023ж | |
Сынып: 4А | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Бұрыштарды өлшеу | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.3.1.5 жазық фигураларды осіне қатысты симметриялы болатын фигуралармен нүктелі қағазда толықтыру, бұрыштың шамасын табу | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 3 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларын жасату арқылы жүреді. Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді. Өткен тақырыпқа шолу, жаңа тақырыпты ашу: А)Үйге берілген тапсырманы тексеру. -Ал бүгінгі сабағымызда бұрыштарды өлшейтінболамыз. Оқу мақсаты жарияланады. | Жаттығу жасайды. Топтарға бірігеді. Тапсырма тексертеді. | «Бас бармақ» әдісі. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау. | |
Жаңа білім 14 мин 2 мин 10мин Бекіту 9мин | (Т) 1- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 1)Оқиғалар қай ғасырда орын алғанын анықтаңдар. А)XVIII ғасырдың соңында, Ә)XIX ғасырдың ортасында, Б) ХІХ ғасырдың аяғында 2) Қай кесінді ұзын екенін қалай анықтауға болады? (сызғышпен өлшеп) Қай бұрыштың градустық өлшемі үлкен екеніндігін қалай анықтауға болады? (транспортирмен өлшеп) Ұзын кесінді: AD, Үлкен бұрыш: BOA Есте сақта! 3) Тапсырманы орындаңдар. Бұрышты дұрыс өлшемеді, бұл доғал бұрыш болғандықтан бұрыштың өлшемі 900-тан артық болады. < MON=1500 Сергіту сәтінде «Жаяу» әуенімен билеп сергиді. (Ұ, Д) 2- тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асады. 4) Бұрыштарды өлшеңдер, олардың атауы мен градустық өлшемін жазыңдар. 0 5) Тік, сүйір, доғал бұрыштарды тауып, өлшеңдер. Тамбур:900,450,450, Холл: 700, 900, Қонақ үй: 1300,1400,350,900, Ас үй:900,900,900,900, Жуынатын бөлме: 900,600,1200,900, 1-жатын бөлме: 900,900,1300,1200,900, 2-жатын бөлме: 1000,900,1300,1200, 3-жатын бөлме: 800,1000,900,900, Қазандық: 900,450,450. (Д) 3- тапсырма дәптермен жұмыс. 6) Есептеңдер, тексеріңдер. 2836582-98763=2737819 698*4579=3196142 8535009-426279=8108730 34*56009=1904306 64728+352471=417199 560*63439=35525840 653857+98736=752593 67453*32=2158496 432480:96= 4505 181653:453=401 108942:201=542 100980:220=459 7) Өздерің сызыңдар. Егер үшбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтары белгілі болса, циркуль және сызғыштың көмегімен үшбұрышты қалай сызуға болатынын қараңдар. Саралау тәсілі «Тапсырма» арқылы жүзеге асады Кейбір оқушыға: 96-бет №8. | Тапсырмаларды орындайды. Билеп сергиді. Тапсырма орындайды. Тапсырма орындайды. | Дескриптор: - Оқиғалар қай ғасырда орын алғанын анықтайды-1балл. Ұзын кесінді мен үлкен бұрышты анықтайды-1балл. Бұрыштың дұрыс өлшемін табады-1балл. Бұрыштарды өлшеп, олардың атауы мен градустық өлшемін жазады-2балл. Тік, сүйір, доғал бұрыштарды тауып, өлшейді-2балл. Өрнектердің мәнін есептейді-2балл. Үшбұрыш сызады-1балл. | Математика 4-сынып 4-бөлім |
Қорытынды 1 мин | Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді. Үй тапсырмасы: 96-бет №9. | Рефлексия жасайды. | ҚБ қойылады. | |