Файл: 21. 04. 2023 ж. 071405, Абай облысы білім басармасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
3.Мектепке дейінгі білім беру мекемесі басшысының лауазымдық міндеттері:Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды. Жұмыс оқу жоспарларын, мектепке дейінгі қосымша білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу мен дамытуда балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. Жалпы білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін ерекше жағдайлар жасайды.
Ұйымның басқару құрылымын анықтайды, қаржылық-экономикалық, ғылыми-әдістемелік және басқа мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне жәрдемдеседі. Балаларды тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету, тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту және қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Заңнамада белгiленген тәртiппен мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкi мен қаражатын басқарады, қаржы ресурстарының түсуi мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есептi ұсынады. Оқу-материалдық базаның бухгалтерлік есебін, қауіпсіздігін және нығаюын, санитарлық-гигиеналық режим, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Халықпен, ұйымдармен қарым-қатынасты, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалар) өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.
Педагогикалық кадрларды және көмекші персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Педагогтардың және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерге біліктілік санатын беруді (растауды) жүзеге асырады. Ұйымда білім беру процесінің барлық субъектілерінің, соның ішінде балалардың отбасыларының қатысуымен «Құндылықтарға негізделген білім» тұжырымдамасын жүзеге асырады. Ұйымның қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Орта білім беру мемлекеттік мекемесінің басшысының (директор) лауазымдық ақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 219 071 – 264 703 тенгеге дейін, ШЖМ - 207 843 – 251 802тенгеге дейін.
Қосымша білім беру мекемесі басшысының лауазымдық жалақы мөлшері – 223224 - 269638 теңгеден.
Мектепке дейінгі мекеме басшысыныңлауазымдық жалақы мөлшері:еңбек өтіліне байланысты 184 000 теңгеден 199 000 теңгеге дейін.
Конкурсты өткізу орны:Семей қаласы, Абай көшесі, 76,
1қабат, 1 кабинет, «Абай облысының білім басқармасы» ММ.
Конкурс«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүргізіледі(«Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы).
Конкурсқа қатысу үшін кандидат мынадайқұжаттарды ұсыну керек:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты (бар болса);
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме;
12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады. Бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдаудың алдын алу мақсатында білім беруді басқару органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жібереді.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурстық орналасуға қатысуға жіберілмейді:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар жатпайды;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар жатпайды;
4) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жүзеге асырылады.
Құжаттар PDF форматта хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде 2023 жылғы 24 сәуір мен 03 мамырдың аралығындаn.akhmetkaliev@akimatabai.gov.kzэлектрондық мекенжайғақабылданады, телефон: 87059013588
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымдарға тағайындау,
лауазымдардан босату
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
___________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган
________________________________________________________________
Кандидаттың Т. А. Ә, (бар болса), ЖСН
________________________________________________________________
(қызметі, жұмыс орны)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға конкурсқа жіберуіңізді сұраймын
қажеттісін атап өту керек)
________________________________________________________________
білім беру ұйымдарының атауы, мекен жайы (облыс, аудан, қала \ ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін _____________________________________
лауазымы, ұйымның атауы, мекен-жайы
(облыс, аудан, қала \ ауыл)
Сертификаттаудан өту тілі: қазақ / орыс
керегінің астынсызу
Мен өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік
Оқу орнының атауы | Оқу кезеңі | Диплом бойынша мамандығы |
| | |
Біліктілік санатының болуы (ол болған кезде берілген (расталған) күн)
__________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
Жалпы | Педагогикалық | Мемлекеттік қызмет өтілі | Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін ) | Осы білім беру ұйымында оның ішінде атқаратын лауазымында |
| | | | |
Менде келесі жұмыс нәтижелері бар: ____
Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) _____________________________
Дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) менің дербес деректерімді өңдеуге келісім беремін.
Мен сертификаттаудан өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың біреуін пайдалануға тырысқаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасала отырып, алып тастау туралы хабардар етемін.
Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге сертификаттаудан өту құқығынан айырылатыным хабарланды.
Сертификаттау кезінде ережелерді бұзу фактілері анықталған кезде, сондай-ақ өту мерзіміне қарамастан, бейне жазбаны қарау кезінде табылған акт жасалып, нәтижелердің күші жойылатыны хабарланды.
Тыйым салынған заттар:
ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Ipad), iPod (iPod), iPhone (iPhone), SmartPhone (Смартфон), смарт сағат);
Ноутбуктер, ойнатқыштар, модемдер (мобильді маршрутизаторлар);
радиоэлектрондық байланыстың кез-келген түрі (Wi-Fi (Wi-Fi), Bluetooth (Bluetooth), Dect (DECT), 3G (3 G), 4G( 4 G), 5G (5 G);
құлаққаптар сымды және сымсыз және т б;
шпаргалкалар және оқу-әдістемелік әдебиеттер;
калькуляторлар және түзету сұйықтықтары.
Мен келісемін ________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)
Сертификаттау және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым
«____» ______________20___жыл ____________________ /қолы/
Көрсетілген қызметті алушының
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі
Мен, _____________________________________________________