ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі-кітапхана» | |
Күні | 02.02.2023 | |
Класс жетекші: | Шакиева Айгерім Серікбайқызы | |
Класс: 5 «а» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың мақсаты: | Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету. | |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу. | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған плакаттар | |
Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Шаттық шеңбері Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің жылуын салайық, Таза ауа жылуын салайық Мейірім жылуын салайық Жүректің жылуын салайық Жиналған бар жылуды Бір-бірімізге сыйлайық! | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Біз бүгін осы жерге неге жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін мына жұмбақты шешіп көрейік. Сандығым бар өзгеше, Қолыма алып жүремін. Ішін ашып ақтарып, Өмір сырын білемін. (Кітап) Қабат-қабат қапталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. (Кітап) Ой-қозғау стратегиясы: Кітап неден жасалады деп ойлайсыңдар? Қалай жасалады? | Оқушыларға бейнематериал көрсетіледі. Жұмбақ шешеді Оқушылар өз ойларын ортаға салады | бейнежазба |
Ортасы (20 мин) | Топпен жұмыс: І-топ:Кітапты (оқулықты) күтіп ұстау ережесін айту ІІ-топ:Кітап туралы мақал-мәтел айту ІІІ-топ:Кітаптың(оқулықтың) оқушыға пайдасы -Балалар , сендер кітапті қайдан алып оқисыңдар? Кіапханадан Кітапханашы бізге кітапты күтіп ұстау ережелерін айтып берсін.
Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма. 2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма! Кітап оөуды үлкен ой еңбегімен оқу керек. 3. Кітапты қалай болса, солай ұстама. 4. Кітапты сызуға, жыртуға болмайды. 5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің. 6. Кітап бетіне сурет салма. Шығармашылық жұмыс: Кітап түптеу Кітап ауруларының түрлері:
(Баспадан дұрыс басылмаған кітаптар) 2. Қартайғаннан болатын аурулар (көп жыл ұсталынған кітаптар) 3. Жұқпалы аурулар (кірлеген, сия жағылғын немесе май қолмен ұсталған кітаптар) 4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар (терезенің алдында, күнде көп тұрған, ылғалды, дымқыл жерде сақталған кітаптар) 5. Кездейсоқтықтан болған аурулар (батпаққа жығылып былғанған, жыртылған кітаптар.) | Шашыраған сөздерден мына өлең шумақтарын белгілі бір уақытта жинап үлгеріп, оқып беру керек. Мақалдардың жалғасын табу Оқушылар өз ойларын ортаға салады,ақыл-кеңестерін береді. | Маркерлер қағаздар |
Соңы | «Кім көп біледі?» 1. Кітап-асыл қазына 2. Оқу-білім бұлағы, Білім-ырыс қазығы. 3. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. 4. Білікті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. 5. Оқу-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы. 6. Оқу түбі тоқу. 7. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. Қорытынды. .Балалар,бүгінгі сынып сағатымыздан біз көп нәрсені үйрендік. А.Байтұрсынов айтқандай – «Білімнің бас құралы-кітап» | Оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады | музыка |
«Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебі» КММ
Тақырыбы: «Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі-кітапхана»
Өткізген: Шакиева А.С.
5 «а» сынып
2023 жыл