Файл: Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны йымдастыруа жне жргізуге ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 227
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 тамызда № 28977 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № ҚР ДСМ-8 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 17429 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Ғиният | ||
| | ||
"КЕЛІСІЛДІ"_Қазақстан_Республикасы_Ауыл_шаруашылығы_министрлігі'>"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | | ||
| | ||
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | | ||
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | | ||
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығына қосымша |
"Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан барлық субъектілер үшін дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ағымдағы дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық нысан үшін белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) ашық қол әдісі – жалаңаш білекте 20 минут масаларды аулау;
3) дезинфекциялау – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;
4) дезинфекциялау құралдары (бұдан әрі – дезқұралдар) – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу (стерильдеу құралдары), дезинсекциялау (дезинсекциялау құралдары) жүргізуге арналған химиялық және биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер мен педикулицидтер;
5) дезинфекциялау қызметі – стерильдеуге, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға, дератизациялауға және олардың тиімділігі мен қауіпсіз қолданылуын бақылауға арналған құралдарды, жабдықтарды, материалдарды әзірлеуге, сынауға, өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге, қолдануға және кәдеге жаратуға байланысты қызмет;
6) дезинсекциялау – адамды, жануарларды, үй-жайларды және аумақты жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою бойынша профилактикалық және жою іс-шараларының кешені;
7) дератизациялау – кеміргіштерді жоюға немесе санын азайтуға бағытталған профилактикалық және жою іс-шараларының кешені;
8) жалау әдісі – енсіз жағымен ұзындығы 1,2-1,5 метр тұтқаға (таяққа) бекітілген өлшемі 0,6х1-2 метр түкті (дәке, фланель, жүн) материяның бір бөлігін пайдалануға негізделген кенелерді жинау әдісі;
9) жоғары деңгейдегі дезинфекция – барлық патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер жойылатын, ал спора саны азаятын дезинфекция;
10) имаго – буын аяқтылардың дамуының ересек (жыныстық жетілген) сатысы;
11) инсектицидтер (акарицидтер, инсектоакарицидтер) – жәндіктер мен кенелерді жою үшін пайдаланылатын химиялық тұрғыдағы құралдар (препараттар);
12) камералық дезинфекция – дезинфекциялық камераларда дезинфекциялау және дезинсекциялау;
13) қолдану режимі – препаративті нысанда пайдаланылатын қолданыстағы заттардың шоғырлануын қоса алғанда, дезинфекциялау құралын қолдануды сипаттайтын нормалардың жиынтығы, препараттың шығыны, өңдеу уақыты, өңдеу жиілігі мен ауданы, қосымша заттар мен әдістерді пайдалану;
14) қорытынды дезинфекциялау – науқасты емдеуге жатқызғаннан, оқшаулағаннан кейін, ол жазылған соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция;
15) орта деңгейдегі дезинфекция – бактериялар (оның ішінде туберкулез микобактериялары), вирустар (оның ішінде поливирустар), грибоктар жойылатын, бірақ спора жойылмайтын дезинфекция;
16) ошақ – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;
17) препаративті нысан – дезинфекциялау құралдарын шығару және (немесе) пайдалану нысаны;
18) репеллентті құралдар – буынаяқтыларды немесе кеміргіштерді үркітетін химиялық заттар;
19) родентицидтер (ратицидтер) – кеміргіштерге қарсы күреске арналған препараттар (құралдар);
20) стерильдеу – қоздырғыштардың барлық түрлерін, оның ішінде спораларға физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен әсер ету арқылы оларды толық жою;
21) сүйретпе әдісі – енсіз жағымен тұтқаға (таяққа) бекітілген ені 1 метр, ұзындығы 2-ден 9 метрге дейін түкті (дәке, фланель, жүн) материяның бір бөлігін пайдалануға негізделген кенелерді жинау әдісі;
22) төмен деңгейдегі дезинфекция – бактериялар, кейбір грибоктар, вирустар жойылатын, бірақ туберкулез микобактериялары сияқты төзімді бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция;
23) тосқауылды дератизациялау – тұрақты немесе уақытша елді мекендердің айналасында, сондай-ақ халықтың демалыс орындарында, қолда бар әдістердің кез келгенін (механикалық, химиялық, биологиялық) пайдалана отырып, кеміргіштерді жоя отырып, сауықтыру ұйымдарында қорғаныш белдеуін құру;
24) тосқауылды дезинсекциялау – тұрақты және (немесе) уақытша елді мекендердің айналасында, сондай-ақ халықтың демалыс орындарында, сауықтыру ұйымдарында қан соратын буынаяқтылар мен жәндіктерді (инфекцияларды таратушыларды) жоя отырып, қолда бар кез келген әдістерді (механикалық, химиялық, биологиялық) пайдалана отырып, қорғаныш жолағын жасау;
25) шыбын-шіркей – адам денсаулығына зиян келтіретін қансорғыш ұшатын жәндіктер (масалар, соналар, майда шыбындар, есекқұрттар, бәкене шыбындар) тобының біріккен атауы.
3. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау іс-шараларын жүргізу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 107-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Дезқұралдармен жұмыс істеуге денсаулығының жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелеттік жастағы адамдар жіберіледі.
5. Дезқұралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әр 5 (бес) жыл сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді.
6. Дезқұралдар затбелгіде құралдың атауы, оның тағайындалуы, жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып, өнім өндірушінің ыдысында (қаптамада) сақталады. Ыдыстың затбелгісі дезқұралдарды сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
7. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Евразиялық экономикалық одақтың Өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген құралдар қолданылады.
Дезқұралдардың қауіптілігі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарының қауіптілігінің сыныптамасына сәйкес белгіленеді. Дезқұралдарды қолдану шарттары олардың қауіптілік дәрежесімен айқындалады:
1) жабық үй-жайларда аса қауіпті құралдарды пайдалануға жол берілмейді (1-сынып);
2) қауіптілігі жоғары құралдарды (2-сынып) білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды, тұрғын үй-жайларды және қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, объектілерде кейіннен міндетті түрде желдету және жинау арқылы адамдар болмаған кезде оқытылған персоналдың пайдалануына жол беріледі;
3) қауіптілігі орташа құралдарды (3-сынып) оқытылған персоналдың кез келген типтегі үй-жайларда және тұрғындардың тұрмыста, бірақ қолдану шарттарын міндетті түрде регламенттеу (дезқұралдар шығысы, желдету режимі, жинау) арқылы пайдалануға жол беріледі;
4) қауіптілігі аз құралдарды (4-сынып) қолдану саласын шектемей пайдалануға рұқсат етіледі.
8. Дезинфекциялық ерітінділер өндірушінің нұсқауларына сәйкес дайындалады. Дезқұралдардың жұмыс ерітінділері бар сыйымдылықтар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған, олардың құрал, шоғырлануы, тағайындалуы, дайындалған күні, ерітіндінің шекті жарамдылық мерзімі көрсетілген нақты жазбалары немесе затбелгілері болады.
9. Жарамдылық мерзімі аяқталған, жарамсыздық белгілері (түсінің өзгеруі, бөгде элементтердің болуы) бар болған жағдайда дезқұралдар есептен шығарылады және кәдеге жаратылады.
2-тарау. Дезинфекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
10. Дезқұралдар өндірумен айналысатын және дезинфекциялау қызметін көрсететін ұйымдардың объектілеріне арналған санитариялық-қорғаныш аймағы Ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін "Объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес белгіленеді.
11. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын өндіру жеке тұрған ғимаратта, әртүрлі үй-жайларда бөлек жүзеге асырылады, улы қармақ жемді дайындау ғимараттың сыртқа тарту-ішке сору желдеткішімен жабдықталған, жеке оқшауланған үй-жайында жүргізіледі.
12. Жұмыс ерітінділерін, эмульсияларды, қармақ жемдерді өлшеп-орау, дайындау, киім-кешектерді кейіннен кептіріп, оларды инсектицидтермен, репелленттермен импрегнациялау сыртқа тарту-ішке сору желдеткішімен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі.