ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 182
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаратылыстану–математикалық ӘБ жұмыстары бойынша
СВОТ талдауы
2022–2023 оқу жылы
Жаратылыстану – математикалық әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: "Жаңа технология әдістерін қолдана отырып жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндер бойынша оқушы біліктілігін дамыту"
Жаратылыстану – математикалық әдістемелік бірлестігінің мақсаты:
Оқушылардың математика, физика, информатика, биология, химия, география сабақтарына деген қызығушылығын ояту.
Жаратылыстану – математикалық әдістемелік бірлестігінің міндеті:
1. Оқу тәрбие жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыру.
2. Оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес бағдарламалар бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспарларды талдап, қарау.
3. Пән мұғалімдерінің өз білімдерін жоспарларын қарап, біліктілігін көтеру курстарына баруды жоспарлап, мектеп әкімшілігіне ұсыну.
4. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін жасап, жоспарлау.
5.Мектепішілік олимпиада өткізу, ғылыми жобаларға қатысу, ҰБТ-ға дайындық жасау.
6.Пәнге қызығушылығын ояту үшін түрлі инттелектуальды сайыстар ұйымдастыру, қатысу.
Жаратылыстану–математикалық ӘБ педкадрлары туралы мәлімет
№ | Мұғалімнің аты – жөні | Аттестациядан өткендер | Біліктілігін көтергендер | Ескерту |
1 | Бекбаева Маржан Катеновна | 1 санат 2018 жыл | «педагог-сарапшы» 2018ж, 2019ж | |
2 | Самаратова Асель Маликаджаровна | 1 санат 2018 жыл | «педагог-сарапшы» 2020ж | |
3 | Ардабай Амина | 1 санат 2018 жыл | «педагог-сарапшы» 2019 | |
4 | Сейдеханова Ақнұр Әділханқызы | - | «педагог-модератор» 2019ж | |
5 | Напиханов Айдар Әлібекұлы | - | «педагог-модератор» 2020ж | |
6 | Бекбергенова Гулбану Ерсагимовна | - | «педагог-модератор» 2021ж | |
7 | Ерболатқызы Жазира | 2 санат 2017 жыл | - | |
8 | Мухамадиева Асем Канатовна | - | - | |
9 | Төлеу Разия | - | - | |
-
2022–2023 оқу жылында ӘБ–те 5 отырыс өткізілді, әр отырыста негізгі мәселелер қаралды; -
Педагогикалық кеңесте әдістемелік бірлестік сұрақтары; -
ӘБ жыл бойы пән мұғалімдері іс-тәжірибе алмасу семинарлары, вебинарлар, шебер сыныптар, коучингтерге қатысты; -
Функционалдық сауаттылық бағытында атқарылған іс-шаралар білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру жұмыстары жасалынды; -
Білім жетілдіру курстарына пән мұғалімдері жеке қатыстырылып, оқытылды; -
Пән апталықтары, он күндіктер жоспарлы түрде өткізілді; -
Педагогикалық желілік қауымдастық –педагогтың кәсіби дамуының нысаны ретінде вебинарлар аудан көлемінде өткізілді, әр уақытта пән мұғалімдері жіберілген сілтеме арқылы қатысты; -
Мектепішілік, аудандық, облыстық көлемде іс-тәжірибе алмасу (вебинарлар,семинарлар) болды; -
Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар атқарылды; -
Пән мұғалімдерінің, аттестациядан өтетін пән мұғалімдерінің ашық сабақтарына қатысу, кері байланыс беру жүргізілді; -
Пәндер бойынша білім сапасын көтеру бағытындағы жұмыстар атқарылды; -
Рейтинг(әдістемелік бірлестіктер, мұғалімдер) жеке пән мұғалімдері өз жұмысы бойынша есеп беру, ӘБ отырысында, педагогикалық кеңесте өткізілетін болады.
ӘБ–тің жылдық жұмысы бойынша SWOТ талдау жасалынды:
S (strength) – күшті жақтары: - Өзін-өзі дамыту; - Жаңа технологиялар мен оқыту құралдарын игеру; - Оқушылардың білім алу нәтижелеріне қол жеткізу саласындағы артықшылықтар, алынған нәтижелер спектрін кеңейту; - Конкурстарға қатысу; - Оқуға арналған материалдардың жеткілікті болуы (BilimLand, IT- Test); - Пән бойынша білім сапасын көтеру жұмыстарының жоспарлы жүргізілуі; - Оқушылардың пән олимпиадасына белсенеқатысуы.Мәтін, иллюстрациялар, бейнероликтер,интерактивті модельдер, сандық технологияларды пайдалану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы; - Пән бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтың сәл де болса жоғарылады, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен қаруланып, пәнге деген қызығушылықтары оянды, бұл өзін-өзі бағалау, өзінің әрбір ісіне рефлексия жасай білгендіктерінің арқасы; - Педагогтер тарапынан сайттар мен порталдардың ақпараттық ресурстарын пайдалану мүмкіндігінің күшеюі; - Мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында өткізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижелілігі; - Облыстық, аудандық педагогикалық жобалар мен конкурстарға қатысуы. | Weaknesses – әлсіз жақтары: - Кейбір оқушылардың үй тапсырмаларын орындамауы және ата-аналарының қадағаламауы; - Оқушылардың басым бөлігінің орташа оқуы. Логикалық ойлау қабілетінің төмендеуі, тапсырма орындаған кезінде жауапкершіліктің болмауы. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі; - Оқушылардың функционалдық сауаттсыздығы, онлайн оқуда қосымша жұмыстың ұйымдастырылуына жағдайдың жоқтығы, оқушылардың қосымша ақпарат көздеріне өз бетімен қолдану дағдыларының дамымағандығы, ғылыми жұмыспен айналысуға деген қызығушылықтың болмауы; - Уақыттың жетіспеушілігі; - Компьютерде көп уақыт өткізу қажеттілігі (көру, физикалық белсенділік және т. б.); - Білім сапасын көтеру бағытындағы әдістемелік шаралардың аздығы; - Интернет жылдамдығының, цифрлық ресурстарға қолжетімділіктің төмендігі; - Педагогтердің функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған білім жетілдіру курстарынан өту пайызының аздығы; - Орта буын сыныптарының білім сапасының төмендігі; - Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру тақырыптары бойынша және авторлық бағдарламалар мен электрондық оқулықтар, ОӘК құру, озық тәжірибелерін тарату жұмыстарының, инновациялық ізденістерге ұмтылу белсенділіктерінің төмендігі. |
Opportunities – мүмкіндіктері: - Кейбір оқушылардың оқуға қызығушылығының жоқтығы; - Көшіріп алуға тырысушылық немесе сырттан көмек күтуі; - Қашықтықтан ұйымдастырылған олимпиадаларға, түрлі жарыстарға, ғылыми жұмыстарға қатыстыру,пәнге деген қызығушылығын одан бетер ояту, мотивация тудыру; - Алдағы уақытта жұмысты жандандыру, оқушыларды ынталандыру, пәнге қызығушылығы жоғары, дарынды оқушыларды көбейту мақсатында төмендегі мүмкіншіліктерді пайдалану қажеттілігі туындады; - Атқарылған іс-шаралар мен зерттеу нәтижелерін рефлексия жасатып, ары қарай дамытуға мотивация тудыру, жақсы нәтижелерді ақпарат беттерінде жариялау; - Арнайы орта және жоғарғы оқу орындарымен тұрақты байланыс орнату; - Ата-аналардың оқыту және оқу үдерісіне қатысу белсенділігін арттыру; - Оқушыларды қосымша ресурстармен жұмыс істеуге үйрету, дағдыландыру; - Интернет ресурстарды пайдалануды дағдыландыру; - Тәжірибені басқа мұғалімдерге беру; - Жұмыс тәжірибесін талқылау; - Кәсіби қоғамдастық жұмысын жетілдіру (сайттар, блогтар, форумдар және т. б.); - Әдістемелік жобалар арқылы білім сапасын көтеру мүмкіндігі; - Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін де арттыруға ықпал ететін ақпараттық кеңістік құру; - Жас мамандарды тәжірибелі әріптестеріне теңестіру бағытындағы жұмыстың нәтижелілігі; - Инклюзивті білім беру бағдарламаларының іске асуы; - Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге, инновациялық дамытуға бағытталған облыстық, аудандық ғылыми жұмыстарға жетекшілік етуі; - Мұғалімдерді дамытуға арналған әртүрлі курстар мен ресустарының мол қорының қолжетімділігі; - АйТи, СТЕМ, виртуалды зертханалар және жаңа модификациялы кабинеттер мүмкіншіліктері арқылы оқушылардың ізденіс, зерттеу жұмыстарын дамыту, функционалдық сауаттылығын арттыру; - ЖОО мен колледждерімен серіктестік арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту және біліміндегі олқылықтарды жою; - Дарынды және үздік оқушыларды волонтерлік қозғалысқа тарту арқылы білім сапасын көтеру; - Республикалық, облыстық, аудандық жобалар аясында іс-шаралар атқару. | Threats – қауіп қатерлер - Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану. Оқушылардың бар ынтасын салып ізденуі үшін сабақ барысында қажетті ортаны, жағдайды қалыптастыру; - Физикалық заңдылықтарды өмірде қолдана білу; - Оқушылардың деңгейлік тапсырмалар, логикалық тест түрлері, топтық,жұптық, жеке жұмыс жасауы,қосымша білім ресурстарын пайдалану; - Оқушылардың жаттаған формула, ережелерін тез ұмытып қалуы. Оқушылардың қалай оқитындығы туралы мұғалімге ойын ашық айта алмауы, оқушыға ой еркіндігін берсек, олар күшті біліммен қаруланған, өз ойын ашық айта алатын жеке тұлға қалыптастыра аламыз; - Әлсіз материалдық база; - Әкімшілікте қолдаудың болмауы; - Желінің баяу жылдамдығы; - Оқушылар мен ата-аналардың теріс пікірлері; - Балалар мен ата-аналардың төмен уәжі; - Білім беру үрдісін ұйымдастырудың дәстүрлі нысандары мен әдістерінің басымдығы; - Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі; - Жас мамандардың әдістемелік дайындығының әлсіздігі; - Қашықтықтан оқытудың білім сапасының төмендеуіне ықпал етуі. |
Туындаған қиындықтар: уақыт үнемдеу.
Туындаған қиындықтарды шешу жолдары: Оқушылармен уақытты үнемдеп жұмыс жасау.
Оқушылардың жаратылыстану пәндерінен білім сапасын арттырып функционалдық сауаттылығын жетілдіру үшін келесі жылға төмендегідей мақсат қойдық:
Дамыта оқыту және сыни түрғыдан ойлау технологиясы мен жаратылыстану,биология, география, химия, физика, математика және информатика пәндерінен оқушылардың шығармашылық құзыреттілігін арттыру мақсатындағы практикалық, ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізіп оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып «Ғылымның ашар есіктері - жаратылыстану» атты конкурстар ұйымдастырылып, оқушылар жобаларын дайындау.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндетке сәйкес келетін стратегияны таңдап,оқушылардың оқу ептілігін дамыту барысында оқыту ортасын дұрыс құруын, сынып ішіндегі өзара қарым-қатынас,сынып жетекші және ата-анамен тығыз қарым –қатынаста бола отырып оқытудың бірнеше тиімді әдістерін оқушы игілігіне пайдаланып алдағы уақытта осы білім сапасын ұстап қалу үшін немесе көтеру үшін дамыта оқыту,өз бетімен оқыту әдістерін жалғастырып, пайдаланып білім сапасын көтеруге күш салу. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда әлеуметтік ортада қолдана алуға, әлеуметтік талаптарға сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және мәселелердің шешімін табуға, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне атсалысып, үйретуге тырысу.
2022-2023 оқу жылын дәстүрлі түрде оқумен қатар жаратылыстану – математикалық ӘБ пән мұғалімдері онлайн оқыту ресурстарымен (Google Classroom, Youtube, Bilimland, Darynonline, Learningapps, plickers, Nearpod, Kahoot) толыққанды танысып және оқыту барысында біраз жұмыстар атқарды. Оқыту барысында ешқандай аса қиындықтар туындаған жоқ. Барлығын уақытылы бекітілген талаптарға сай орындап шықты.
Пәндер бойынша БЖБ және ТЖБ жұмыстарын алу барысында білім алушылардың меңгеруі үшін қиындық туғызатын жекеленген бөлімдер мен тақырыптар, мақсаттар анықталды.
Білім сапасыың жағдайын анықтауда төмендегідей жұмыстары жүргізілді:
1) барлық сыныптарда негізгі пәндерден қима жұмыстары алынды;
2) оқу жылдамдығын арттыру, көбейту кестесін білу, арифметикалық амалдарды орындай алуы, сауатты және көркем жазу дағдыларының қалыптасуы тексерілді;
3) Онлайн, офлайн форматтағы сабақтардың жүргізілуі бақылауға алынды;
4) Аптылқтардың жоспарға сәйкес сапалы өткізілді;
5) Вариативті курстар мен үйірмелердің жүргізілуі қадағаланды.
Соның негізінде пәндер бойынша нашар игерілген тақырыптар, білім сапасына тікелей әсер ететін барлық факторлар анықталып, педагогикалық кеңесте талқыланды.
Оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстары мен күрделі тақырыптарды анықтау бойынша бірлестік мүшелерімен отырыс өткізілді. Жиын барысында педагогтермен тақырыптардың күрделілігі мен білім алушылардың біліміндегі әлсіз тұстарын жою мәселелері анықталып жоспар құрылды.
Білім алушылардың ата-аналарымен келісе отырып, каникул кезінде қосымша сабақтарды шағын топтармен ұйымдастырды. Сабақ барысында цифрлық ресурстар мен оқытудың тиімді әдістерін пайдалану арқылы сабақ мақсатына қол жеткізіп отырды.Қашықтықтан оқыту кезінде Іtest, Wordwall платформалары арқылы тест тапсырмаларын орындап, zoom бағдарламасымен сабақты түсіндіріп, классрум платформасы арқылы кері байланыс беріліп отырды. Ал оқушылардың штаттық режимде сабақ оқуына байланысты тапсырмалар орындатып, тест жұмыстары алынды.
Қорытындылай келе, 5–11 сынып білім алушыларының білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толтыру жұмыстарын әрі қарай аудиовизуалды құралдар \графика, аудио, бейнематериалдар, презентациялар\, материалды бекітуге арналған тапсырмалар,сараланған оқу тапсырмалары, тиімді әдіс-тәсілдер, білім платформаларын \Вilim lаnd, ІMektep, GooglДиск, Wordwall, zoom\ қолдану арқылы дайындық жұмыстары жүргізілді.
2023-2024 оқу жылында оқушылармен топтық, жеке, жұптық жұмыстарды жүйелі жүргізіп оқуға қызығушылығын арттырып, өз ойын жеткізе алатын, жаратылыстану –математикалық пәндер бойынша шешім таба алатын, сауатты жазуға, дұрыс есептеуге бейімдеу мақсаты тұр.
ӘБ жетекшісі: Бекбаева М.К.