Файл: Абай нанбаевты отыз жетінші арасздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы

Абай Құнанбаевтың отыз жетінші қарасөздері

Оқу мақсаты

10.1.5.1.-ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

Сабақ мақсаты

Қара сөздің мағанасын ажыратып ,өзінің өмірде орынды қолдана алуы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Стикердегі диалог, Ой шақыру, Топтастыру, РАФТ, Кубизм, Сыр толғау

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ,ақын портреті

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі



2 мин

Сәлемдесу, оқушылар назарын сабаққа аудару.





Үй тапсырмасын сұрау:

«Топпен жұмыс»

Тренинг

5 мин

Өткен тақырып бойынша

Біз өткен сабақта Абай аудармалары мен қара сөздерімен таныстық

«Стикердегі диалог» әдісімен сұрақ-жауап жүргізу:

1 топ Абай-Крылов,5,29,24

2топ Ахмет- Крылов,45,11,17,18

3 топ Ыбырай-Крылов,32,1
«Қалам»



Топтар бір- біріне сұрақтар қояды, жауабы бар оқушы орнынан тұрып, дұрыс жауабын айтады.

Оқушылар қаламның ұшынан саусақпен ұстап, отырып тұру

Жаңа сабақ:

Түсіну

Ой шақыру


Топтастыру

20 мин

Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады.

Одан әрі қарай дамытушы Абай болды. Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер.

Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады. Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой пікір білдіру үлгісінде құрылған.

Қара сөздерінің жалпы саны – 45. Олар тақырып жағынан бірнеше топқа бөлінеді:

1. Халық тарихы, ел басқару мәселесі: 13, 8, 22, 38, 7, 41, 42, 46 сөздер.

2. Оқу-ағарту ғылым, өнер – білім: 12, 8, 10, 17, 18, 25, 32, 33, 38, 43 сөздер.

3. Еңбек, шаруашылық, тұрмыс, адамгершілік туралы: 14, 15, 17, 18, 21, 22, 28, 34, 42, 44сөздер.

4. Діни, имандылық,өмір сырлары туралы: 12, 13, 15, 17, 31, 35, 36, 37 сөздер

 

 

Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері


Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Қара сөзде айтылған ой

Абайдың «Жетінші сөзінде» ұшырасатын «жанның тамағы» деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:

«… құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,» — деп қайыра түсінік беріп отыр… Абайдай ұстаз ақынның бұл «Жетінші сөзде» көздеген мақсаты адамның бойында туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.

Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен «Ғылым таппай мақтанба» т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол «жанның тамағы туралы» ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, «адам болу» үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
«Адам болам десеңіз…

Бес нәрседен қашық бол…,

Бес нәрсеге асық бол,»

- деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі біртұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай «Он тоғызыншы сөзінде»:

«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады… Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,»

— деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.





1.Қара сөз туралы жалпы түсінік
2.Мұғалімнің түсініктемесі (ақпаратты толықтырады)

3.Ашық сұрақтар

А) Есте сақтау үшін қандай нәрселерді орындау қажет?

Б) Өзің өмірде естіген нәрсеңді ұмытпас үшін не істейсің?

В) Ой кеселдерін ата

Г) Ой кеселдерінен бойыңды аулақ ұстау үшін қайтер едің?

2.Топпен жұмыс

29, 33, 37 қара сөздерін оқу, талдау, мазмұнын ашу


Зерттеп, іздеп келген мәліметтері туралы айтады.

Белсенді тыңдаушы болады.
Сұрақтарға өз ойларын нақты жеткізіп, тыңдап отырады.
Естіген сөзді ұмытпаудың 4 түрлі себебін , ой кеселдерін топтастырады.

Әр топ өзіне берілген қара сөзді оқиды, топпен ой бөліседі, постер қорғайды.

Қолдану

«РАФТ» әдісі

5 мин

Оқушылармен жаңа тақырып бойынша

Р – рөл – АБАЙ

А-аудитория – оқушы

Ф-формасы – хат, эссе, өлең

Т-тақырып – Абай дана, Абай дара қазақта...

«Ыстық орындық»

1. “Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.”

М. Әуезов

2.Топтан таңдау бойынша оқиды.
Ең үздік деген хат, өлең, эссе жазған оқушы өз жұмысын оқиды.


Жинақтау

Сыр толғау



5 мин

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды

деп аяқтаймын.

1.Оқушылар автор туралы жазады.

2.Әр топтан бір-бір оқушы шығып, жұмысын оқиды.


Бағалау:

2 минут

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»

Өзін-өзі бағалау парақшасы бойынша әр оқушы өз ұпай сандарын критерийге байланысты айтады.

Оқушылар стикерді толтырып, тақтадағы білім ағашына жапсырады.

Топ жетекшісі берілген өлшем бойынша ұпайларын қойып, бағаларын жинақтайды.

Үйге:




Үйге тапсырма беру. Қара сөзге БҮҮәдісі арқылы жазып келу, қосымша деректер жинап келу.




Рефлексия