Файл: Ксіпкерлік жне бизнес негіздері пнінен 10 сынып оушылары арасындаы Мен болаша ксіпкермін! атты бизнесжоба байауыны ережесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен 10 сынып оқушылары арасындағы «Мен –болашақ кәсіпкермін!» атты

бизнес-жоба байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы бөлім

1.1. Осы ереже «Мен-болашақ кәсіпкермін!» байқауының (әрі қарай байқау) мақсаты мен міндеттерін, байқау шарттары мен өткізу тәртібін, ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы жұмысын, байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.

1.2. «Мен-болашақ кәсіпкермін!» байқауы Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

2.Байқау мақсаты мен міндеттері:

2.1. Мақсаты: болашақ кәсіпкерлердің жаңа бизнес-жобасының табысты басталуына ықпал ету.

2.2. Міндеттері:

-оқушылар бойында кәсіпкерлік құзіреттілікті қалыптастыру;

- оқушылардың кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға жағдай туғызу;

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту, қабілеті жоғары балаларды анықтау және интеллектуалды дамыған оқушыларды ынталандыру.




3. Байқау шарттары мен өткізу тәртібі

3.1. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқитын 10 сынып оқушылары қатыса алады.

3.2. Байқау екі кезеңде өткізіледі:

- бірінші кезең – аудандық (қалалық);

- екінші кезең- облыстық. Аудандық (қалалық) кезеңнің І –ші және ІІ –ші орын жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.

3.3. Байқауға қатысушылар жеке және авторлық шағын топпен де өз бизнес-жобаларын таныстыра алады.

3.4. Байқау офлайн форматта өтеді.

3.5. Бизнес жобаларды қорғау презентация түрінде қазылар алқасы комиссиясының сұрақ-жауап кезеңімен өткізіледі.

3.6. Жұмысты безендіруге қойылатын негізгі талаптар:

Microsoft Word редакторының форматында терілуі тиіс , қағаздың өлшемі А4. Times New Roman қарпі, шрифт өлшемі -14. (қолданылған әдебиеттерге Times New Roman қарпі, шрифт өлшемі -10). Барлық жиектері-20 мм, жоларалық интервал – 1. Жұмыс көлемі 5 беттен аспауы тиіс. Жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен бизнес-жоба тақырыбы, ибір жолдан кейін оң жағында майлы бояумен автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен мекеме атауы
, аудан, қала аты, автордың Е-mail адресі жазылады.

3.7. Қатысушылардың өтініштері (мектеп директорының қолымен) және оқушылардың жұмыстарының (мәтіндік және презентациялық) электронды түрлері 2023 жылдың 2 мамыр күніне дейін lyazzat_alfrikovna@ mail.ru электронды поштасына қабылданады.

3.8. Байқаудың өткізілу тілдері: қазақ, орыс.

Өткізу мерзімі 5 мамыр 2023 жыл, сағат 14.00-де.

Өтетін орны: Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ

3.9. Бизнес-жоба байқауын бағалау өлшемдері:

- жобаның өзектілігі мен жаңашылдығы, ғылымилығы

-бизнес-жоба мен ұсынылатын жобаның сәйкестілігі

- жұмыстың практикалық сипаты, әлеуметтік маңыздылығы

-жұмыстың безендірілуі

- жоба қорғаушының кәсіпкерлік дағдыларының болу деңгейі

Әрбір бағалау өлшемі 0-10 ұпай аралығында қойылады.
4.Қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

4.1. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасы шешімі өзгермейді және қайта қарауға жатпайды (Апелляция болмайды).

4.2. Байқау жеңімпаздары Орал қалалық білім беру бөлімінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттармен марапатталады.