Файл: 3блім. Бізді міріміздегі роботтар (орта таырыптар Таам жне сусын, Дені сауды жаны сау).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:
Бөлімі: | 3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау») |
Педагогтің аты-жөні: | Утешев Ж |
Күні: | 07.04.2022 |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Роботқа арналған программа |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.5.2.1. роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру. 1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастырады. Көпшілік оқушылар үшін: Роботқа арналған программа құрастырады. Кейбір оқушылар үшін: ***. Роботқа арналған программаны жүктеп, іске қосады |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыт | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. | Ширату тапсырмасы. «Мәселенің түйіні» жаттығуы Бәріміз шеңбер бойына тұрайық. Қолымызды алдымызға созып, көршімізден басқа кез келген адамның қолынан ұстасып тұрайық. Шиеленісіп болсақ, қолымызды жібермей біріміздің арамызда біріміз өту арқылы шешілуге тырысайық. Осы жеткен жерімізден тоқтайық. Қандай мәселенің де шешімі бар. Ол үшін сабырлы болып, асықпаған жөн. /Бұл жаттығу оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/. | | |
4. Топтастыру | Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. | Оқушылар шеңбер бойында тұрып үш-үштен санап, үш топқа бірігеді. | | |
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. |
| ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушылар-ды «Бағдар-шам» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!» | |
Жаңа сабаққа дайындық. | Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу (МК, Ұ): «Мені түсін» әдісі Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады. /Бұл тапсырмадан оқушылар жаңа сабақтың негізгі ақпаратынан хабардар болады. Әрі жаңа сабақты түсінген немесе түсінбегені айқындалады/. | |||
Сабақтың ортасы (26 мин) | Практикалық жұмыстар: 1- тапсырма Төмендегі командалық блоктар роботты қалай қозғалтады? Блоктардан қандай деректерді оқуға болады. | Дескриптор:
| ҚБ: Жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!» | |
| Жұмыс дәптеріндегі №1-тапсырманы орында. (EV3 программасының терезесімен танысып, бос орындарды өзінің тиісті сөздерімен толтырады) | EV3 программасының терезесімен танысамыз. Бос орындарды тиісті сөздермен толтыр. | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 28-бет |
| ***. (МК, Т) 2- тапсырма Роботтың басқару блогына 7-суреттегі программаны салып тексеріңдер. Төмендегі сұрақтар мен тапсырманы орындаңдар.
| Дескриптор:
| ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!» | |
| Жұмыс дәптеріндегі №4-тапсырманы орында. (Тапсырмада роботтың суреті және жанында бос орын берілген. Оқушы өзіне ұнаған роботтың суретін салады. Кейін екі роботтың айырмашылығын табады.) | Суретті боя. Бос орынға қиялыңдағы роботтың суретін сал. Сенің роботың қандай қызмет атқарады? Айырмашылық бар ма? | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 29-бет |
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия | (Ө): «Оқушылар сұрақ қояды» әдісі. Оқушыларға бүгінгі өтілген сабақ бойынша қорытындылау мақсатында сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс. Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады. Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі. | Мысалы:
| ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактив-ті тақта |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Бағдаршам» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |