Файл: Пні Математика Тосан 1 за мерзімді жоспар блімі 1В блім Кпбрыштар. Тртбрыштарды зерттеу.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 73
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
| Пәні: Математика Тоқсан 1 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 8.1В бөлім: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | А.Байтұрсынұлы ат. ЖББОМ | |||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенова Г.Қ. | |||||
| Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
| Сабақ тақырыбы: | Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер. | |||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.7 Фалес теоремасын біледі және қолданады; 8.3.1.8 пропорционал кесінділер туралы теореманы біледі және қолданады; 8.3.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөледі, пропорционал кесінділерді салады; | |||||
| Сабақ мақсаттары | Фалес теоремасын және пропорционал кесінділер туралы теореманы біледі және қолданады; циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөледі, пропорционал кесінділерді салады; | |||||
| Бағалау критерийлері | Фалес теоремасын біледі; Фалес теоремасын есептер шығаруда қолданады; Пропорционал кесінділер туралы теореманы біледі; Пропорционал кесінділер туралы теореманы есептер шығару барысында қолдана алады; Циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөледі; | |||||
| Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаттары: Оқушылар: -төртбұрыштардың әр түрінің қасиеттерін қорытып шығару жолын дәлелдеп, түсіндіреді; - есеп шығаруды дәйектейді; - кесіндіні тең(пропорционал) кесінділерге бөлу жолын түсіндіреді; - бөлім бойынша лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады. Бөлім бойынша лексика мен терминология: - көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, жетібұрыш, сегізбұрыш, тоғызбұрыш, онбұрыш; - дұрыс көпбұрыш; дөңес, дөңес емес көпбұрыш; - көпбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштар; - параллелограмм, ромб,тіктөртбұрыш,квадрат, трапеция; - трапецияныңтабандары және бүйір қабырғалары; -тікбұрышты трапеция; теңбүйірлі трапеция; диагональ; -пропорционал кесінділер; - үшбұрыштың орта сызығы; трапецияның орта сызығы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - берілген фигура көпбұрыш болып табылады, ...; - көпбұрыш дөңес болады, себебі...; - көпбұрыш дұрыс болады, егер ...; - берілген n- бұрыштыңn ... болады; - төртбұрыштың диагональдары өзара перпендикуляр болады,егер ...; - параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары ...; - ромбының қабырғалары тең болғандықтан, оның периметрі ...; - параллелограмм бұрышының биссектрисасы одан ... қияды; -параллель түзулер ...қияды; | |||||
| Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау | |||||
| Тәрбиелік мағына «Мәңгілік ел» | Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. | |||||
| Пәнаралық байланыстар | Бұл бөлімде алған білім «Аудан» бөлімін оқығанда жетік меңгеруге негіз болады, «Стереометрия» бөлімін түсінуге көмектеседі. | |||||
| АКТ қолданудағдылары | Power Point презентациялары арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларының дамыту. | |||||
| Бастапқы білім | Үшбұрыштардың теңдік белгілерін білу; теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін білу; түзулердің параллельдік белгілері мен түзулер мен қиюшы арасындағы бұрыштардың қасиеттерін білу.Үшбұрыштардың теңдігін және түзулердің параллельдігін дәлелдей білу. | |||||
| Сабақтың түрі | Жаңа ұғымды меңгерту. | |||||
| Сабақбарысы | ||||||
| Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | ||||||
| 1-сабақ. Сабақтың басы 3 минут | I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. | Ресурстар | ||||
| 20 минут 15 минут 2 минут 7 минут 12 минут 3 минут 12 минут 3 минут | ІІ. Жаңа ұғымды ұғындыру: Циркуль мен сызғыштың көмегімен кесінліні тең екі кесіндіге бөлу есебі бізге 7- сыныптан таныс. Ал берілген кесіндіні екіден басқа да тең бөліктерге қалай бөлуге болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін ежелгң грек математигі Фалес Милетскийдің (б.з.д. 625-547) теоремасын қолданамыз. Фалес теоремасы: Егер бұрыштың қабырғаларын қиатын параллель түзулер оның бір қабырғасында тең кесінділер қиса, онда олар екніші қабырғасында да тең кесінділер қияды. | Оқу жоспары 8 сынып Фалес теоремасы «Геометрия» 8сынып Шыныбеков Ә.Н. Пропорционал кесінділер туралы теорема https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/8-synyp/fales-teoremasy-proporczional-kesindiler-turaly-teorema?mid=fd4c5883-9d59-11e9-be78-49d30a05e051 Геометрия: задачи на готовых чертежах для подготовки к ГИА и ЕГЭ: 7 – 9 классы/ Э.Н.Балаян. – Изд. –е, исправл. и дополн. – Ростов и/Д: Феникс, 2013. – 223с. – (Большая перемена). | ||||
| Сабақтың соңы 3 минут | Үй жұмысы: №1 АВС үшбұрышының АВ қабырғасы 12 см. ВС қабырғасы 3 тең бөлікке бөлінген және бөлінген нүктелер арқылы АВ қабырғасына параллель түзулер жүргізілген. Үшбұрыштың қабырғалары арасындағы кесінділердің ұзындығын табыңыз. Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 минут) *Бүгінгі сабақта сен үшін жаңалық болған материалдар болды ма?(қандай?)
| | ||||
| Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||
| Талдау барысында қабілеті жоғары оқушыларға сыныпқа өз ойын толық түсіндіруді ұсыну, тапсырмалар бойынша туындаған тағы қандай мәселелер болу мүмкіндігін қарастыру. | Өзін өзі бағалау, ал жеке тапсырманы орындау өтілген жаңа ұғымның қаншалықты меңгерілгенін анықтап қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып оқушы жетістігін анықтауға мүмкіндік береді. | Сыныпта жақсы жұмысқа бейімдейтін психологиялық климат және оқушыларға өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туғызатын орта орнату. Кабинет ерекшелігін ескере отырып қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
| Сабақбойыншарефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? | Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз. | |||||
| | ||||||
| Жалпыбаға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуғанеықпалетеалады (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарданегекөңілбөлуқажет? | ||||||
км