Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы Электр тогыны жмысы мен уаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Білім беру ұйымының атауы

О. Молдағожин атындағы орта мектебі

Пәні:

физика

Бөлім:

Тұрақты ток

Педагогтің аты-жөні:

Нурпеисова А.К

Күні:

14.02.2023

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.2.4 –тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу

Сабақтың мақсаты

–тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізеді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту


15 минут

Сабақтың соңы.
10 минут

Бағалау

Үй тапсырмасы

Кері байланыс

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсаты, міндетін айтып, бағалау критерийлерін түіндіремін.

Балалар, біз күнделікті тұрмыста токпен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды қолданамыз?

(оқушылар өз жауаптарын береді. Мысалы, ұялы телефон, тоңазытқыш,теледидар, үтік т.с.с)

Электр тогы дегеніміз не?  Электр тогының қандай әсерлері болады?

Үй тапсырмасын тексеру.Оқушылар қарама -қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді.Үйге берілген тапсырманы бір- біріне сұрақ -жауап қойып өз ойларымен бөліседі.

Сұрақтар: өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндеқандай шама тұрақты болады?өткізгіштерді параллель жалғау кезінде қандай шама тұрақты болады? т.б.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Суреттер бойынша бүгінгі жаңа тақырыбымызға шығамыз.



Сабақтың тақырыбын ашады.Жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіремін.Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын қорытып түсіндіріп беремін.Кез келген тогы бар тізбектегі электр энергиясы басқа энергияға, мысалы ішкі энергиясына айналады, яғни тогы бар өткізгіш жұмыс жасайды. Оқушылар токпен жұмыс жасайтын құралдарға мысал келтіреді:(вентилятор,миксер,үтік т.б)



A=I·Ut    формуланы қорытып шығарамыз.SI  жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді.      1Дж=1A·1B·1c

   II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.   Электр  қуаты P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең:   P = А/t= I U

    Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:

P=U2/R және P = I2R

Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат  бірлігіне ватт алынған: 1Вт

 

«Айналмалы бекет» әдісі. Жеке жұмыс (I)

1. Электр санауышында ток жұмысының 1кВ·сағ=3,6·106 Джекенін дәлелдеу.

864·106 Дж-ды кВ·сағ айналдыру.

2. 1кВ·сағ-қа тариф 19 теңге болса,бір айда 180 кВ·сағ-қа қанша төлейміз? (оқулықтан ізденіп формуласын табады)

3. Электр тогын қалай үнемдеуге болады?Берілген суреттер бойынша бір айға кеткен энергияның мөлшерін анықтаңдар?
Жеке жұмыс.Еептер беріледі, тексеретін кезде жауабын мұғалім айтады, оқушылар өздерін тексереді.

1.Төртінші шамның тұтынатын қуатын анықта.

Жауабы: 26 Вт

  1. Қуаттары 1 40 Вт және 2 60 Вт екі шам бірдей кернеуге есептелген. Егер екі шамды ток көзіне тізбектеп қосса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?

Жауабы: 14,4 Вт; 9,6 Вт

3. Егер J1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет)




Жауабы: 100 Вт

4. Кернеуі 220 В желіге қосылған қуаты 900 Вт электр пешіндегі сым орамасының ұзындығы 50 м, ал көлденең қимасының ауданы 1,2 мм2 болса, орама жасалған сымның меншікті кедергісін анықта.

Жауабы: 1,3 Оммм2

Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Үй тапсырмасы: §42, 44 21 жаттығу (8,9)





Оқушылар тұрмыстық құрылғылар арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.(теледидар, үтік, тоңазытқыш)


Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді

Демонстрациялық әдіс-өте тиімді әдіс.Барлық бала қызығушылығымен сабаққа қатысады.Тіпті белсенділігі төмен оқушы да тәжірибе жасап, қолымен ұстап, көзімен көріп сабаққа қатысып отырады

«Айналмалы бекет» әдісі барлық оқушы сабаққа қатысып, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке дағдыланады.

Оқушылар теориялық білімдерін практикада есептер шығаруда жалғастырады.

Оқушылар сабақ бойынша рефлекция жасап сұрақтарға жауап береді


Дескриптор:

-Қуат формуласын біледі және оны қолданады

-Тізбектей және параллель жалғау заңдылықтарын біледі және қолданады

-Кедергі формуласын біледі және оны қолданады.

Жалпы балл-10


Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл










оқулық
Физика 8-сынып.

Н.А.Закирова Р.Аширов
Демонстрациялық құралдар:
амперметр,
вольтметр,ток

көзі,

кілт,

қыздыру шамы,

реостат,

сымдар,

секундомер