Файл: Программа жазу жолдарын крсету Программалау ымын дамыту.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 78

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Шарттарды программалауСабақтың мақсатыБілімділік: Шарттардың жазылу тәртібімен таныстыру және оны пайдаланып программа жазу жолдарын көрсету; Программалау ұғымын дамыту;Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін , программалау ұғымын дамыту; шығармашылыққа баулуТәрбиелілік: Жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, сыныптасын тыңдап жауаптарын толықтыруға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Жаңа материалды түсіндіруСабақтың тәсілі: Практикалық элементтері бартүсіндіру, көрсету, сұрақ - жауапСабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, суреттер, слайд, практикумСабақтың өту барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқшылармен сәлемдесу, толықтыру, кітап дәптерлерін ретке келтіру және назарын сабаққа аударуІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. ДК минимум тізіміне нелер кіреді?

  3. Шеткері құрылғылар қандай белгілер бойынша топтарға бөлінеді? ( енгізу, шығару, сақтау және желілік құрылғылар)

  4. Құрылғы бір мезгілде енгізу әрі шығару құрылғысы бола ала ма?

  5. ( джойстиктердің кейбір түрлерін енгізу және шығару құрылғыларына жатқызуға болады)

  6. Принтерлердің түрлерін атаңдар.Принтерлердің қай түрі ең соңғысы болып саналады? ( матрацалық, бүріккіш және лазерлік )

  7. Барлық шеткері құрылғыларға жеке порт арналған ба?

  8. Драйвер дегеніміз не? ( компьютерде орналасқан құрылғы ОЖ-нің әрекеттесуін қамтамасыз ететін программа)
ІІІ. Сабақты бекітуIV. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыруV. Жаңа сабақты түсіндіруСалыстырмалы шамалар алгоритмнің тармақталу шарты болып саналады:A < B А саны В санынан кемA < = В А саны В санынан кем немесе теңA = В А саны В санына теңA > B А саны В санынан артықA > = B А саны В санынан артық немесе теңA < > B немесе А саны В санына тең емесA > < BА мен В орнына айнымалыларды , сандар мен арифметикалық өрнектерді қоюға болады.Шартты алгоритмдерді үш тәсіл – ауысу операторы, шартты оператор және таңдау операторы арқылы программалауға болады.
Ауысу операторы:Жазылуы: Goto < таңба > Ол программа басқаруын белгілі бір операторға тапсырады. Ол оператордың алдында қос нүктемен айырылған таңба тұру керек. Таңбалар 0 – ден басталып, 9999 – ға дейін сандар болуы мүмкін.Мысалы: label tanba, 1;IF шартты операторыШартты оператор бір шартқа байланысты әрекет ретін ауыстырады. Оператор толық немесе толық емес болу мүмкін.Жазылуы:IF < шарт > Then < 1 – оператор > Else < 2 – оператор >;< шарт > - логикалық типті өрнек< 1 – оператор > - шарт дұрыс болса, орындалады< 2 – оператор > - шарт дұрыс болмаса орындаладыМысалы:IF < шарт > Then < 1 – оператор > Else < 2 – оператор >;Boolean типті логикалық өрнектегі true және false мәндері IF шартты операторында есептеледі.Шартты операторда Else < 2 – оператор >; блогы болмауы мүмкін.Бұл жағдайда шартты оператор, былай жазылады. IF < шарт > Then < 1 – оператор >;Мысалы: IF а >0 Then a:=srr(a);Мысал:Экранға сан оң немесе теріс екенін анықтайтын программаны жазыңдар.Program 1-misal;uses crt;vara:real;beginclrscr;writeln (‘Санды енгізіңдер ’)readln(a);if a>0then writeln (‘Сан оң болады’) else writeln (‘Сан теріс болады ’);readln;end.Программаның орындалу нәтижесі:Енгізілген шарттарПрограмманы орындаудағы дәлсіздікті түзету үшін, бір шартты екінші шартқа салу керек. Осындай шарттар енгізілген шарттар деп аталады.Мысалы:IF a>0Then writeln (‘оң сан ’) Еlse if a=0;Then writeln (‘0 cан ’) Else writeln (‘теріс сан ’);Шарттар тек қана оң сандар мен 0 санына қойылады. Теріс сандар шарттарды қоюды қажет етпейді, себебі сан оң немесе 0 болмаса, теріс болады.Операторлық блокКейде Then немесе Else сөздерінен кейін бір емес, бірнеше операторды қою қажет болады. Олардың ортасына нүктелі үтір (;) таңбасын қоюға болмайды себебі ол таңба шартты құрылымның аяқталуын көрсетеді.Операторлық блоктың соңын көрсететін end сөзінен кейін нүктелі үтірдің белгісі қойылады.Begin ...end операторлық жақшалары, бірнеше операторды бір операторлық блокқа біріктіреді.Операторлық блоктың құрылымы:if < шарт > thenbegin< 1 – оператор > end else begin< 2 – оператор > еnd; else сөзінің алдында нүктелі үтір « ; » қоюға болмайды.М

ысал:

Қант екі ұапқа бөлініп салынған. Біріншісінің салмағы – m кг, екіншісінікі n кг. Салмағы ауыр қапты анықтайтын программаны құрыңдар. Қаншалықты ауыр?

Блок сызбадан таңба мен Goto шартсыз ауысу операторының қажеттілігін түсінуге болады.

Program 2-misal;

uses crt;

label 1;

var m, n: real;

begin

clrscr;

write (‘Қаптардың салмағын енгізіңдер m,n= ’)

readln(m,n);

if m>n then

begin

writeln (‘бірінші қап ауыр, салмағы:’б m:2:2);

goto 1;

end;

if m
then writeln (‘ Екінші қап ауыр, салмағы:’, n:2:2);

else writeln (‘Қаптар тең ’ m:2:2);

1: readln;

end.

VІ. Оқушылардың сабақ бойынша алған түсінігін тексеру


  1. Тармақталуды программалау үшін қандай операторлар қолданылады?

  2. Ауысу операторлары қалай орындалады?

  3. Шартты енгізу алгоритмдерінің ерекшеліктерін атаңдар

  4. Begin ...end операторлық жақшалары не үшін қолданылады?

  5. Else алдына нүктелі үтір неліктен қойылмайды?
VII. Сабақты бекіту

  1. Программа берілген , z айнымалысының мағынасын табыңдар:
x:=23;y:=12;y:=3*x – 4*y;if x>y thenz:=3*x+yelsez:=2+x*y;

  1. Программадан р айнымалысының мағынасын табыңдар:
m:=13;n:=21;n:=2*m –n;if m<=n thenp:=m+nelsep:=4-m*n;А деңгейіСпортшының салмағына байланысты салмақ категориясын анықтайтын программаны жазыңдарБарлығы төрт салмақ категориясы бар:

  • Жеңіл салмақ – спортшының салмағы 62 кг – нан кем;

  • Орта салмақ – 62 кг – нан бастап, 74 кг – ға дейін;

  • Ауыр салмақ – 75 кг – нан бастап, 87 кг – ға дейін;

  • Аса ауыр салмақ – 88 кг – нан жоғары
В деңгейіТүймедақ жапырағының жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа жазыңдарС деңгейіҮш санның үлкені мен кішісінің қосындысын табатын программа құрыңдарСабақта нәтижелеу, білімін бағалауVIІI. Үйге тапсырма §11 оқып келу, бақылау сұрақтарына жауап беру, тест тапсырмаларын орындау