Файл: Жмыс кшіні тырлыын арттыру шін адамдарды ерікті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ұсынылады.

3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының
20 ___ жылғы «___» _____________ № ____ бұйрығы негізінде жасалды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Халықты жұмыспен қамту орталығының:

1) Ерікті қоныс аударуға қатысушыдан көшуге субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;

2) жаңа тұрғылықты жері бойынша ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны тіркеуге жәрдем көрсетуге міндетті;

3) Қағидаларда айтылған жағдайларда ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының кәмелетке толған басқа да отбасы мүшелерімен тұрғын үйді жалдау шартын қайта жасасуға құқығы бар.

5. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) жұмысқа орналасқан күннен бастап екі жыл ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының жұмыс орнының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға ;

2) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;

3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

4) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

5) жұмысқа орналастырудың жеке картасында Ерікті қоныс аударуға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

6. Ерікті қоныс аударуға қатысушының:

1) Келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

2) жұмыс берушіден келісімшартта көзделген қолдау шараларын алуға;

7. Ерікті қоныс аударуға қатысушы:

1) көшуге жолдама алғаннан кейін белгіленген мерзімдерде айқындалған елді мекенге келуге;

2) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына орналасуға немесе кейіннен жұмысқа орналасумен кәсіптік оқытудан өтуге;

3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;

4) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;

8. Жұмыс берушінің:

1) халықты жұмыспен қамту орталығына субсидиялар тағайындау үшін қажетті өтініш пен құжаттар топтамасын беруге;

2) келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқығы бар.


9. Жұмыс беруші:

1) ерікті қоныс аударуға қатыспайтын адамдарды тұрақты жұмыс орнына қабылданған күннен бастап кемінде күнтізбелік жиырма төрт ай мерзімге жұмысқа орналастыру;

2) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;

3) Ерікті қоныс аударуға қатысушымен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасауға;

4) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ерікті қоныс аударуға қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін Бағдарламаға қатысушыларға төленетін жұмыс берушінің табыс түріндегі төлейтін шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;

5) халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша Ерікті қоныс аударуға қатысушыға міндетті зейнетақы аударымдары аударылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;

6) қажет болған жағдайда Ерікті қоныс аударуға қатысушыны кейіннен жұмысқа орналастыру үшін кәсіптік оқытуға жіберуге;

10. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Ерікті қоныс аударуға қатысушы (отбасымен бірге) қоныстандырған жерінен бес жыл ішінде кеткен жағдайда, кеткен күнінен бастап он екі ай мерзімінде Ерікті қоныс аударуға қатысушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес көшуге алған субсидияның сомасын өтейді.
3. Тараптардың жауапкершілігі
11. Жұмыспен қамту орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

12. Жұмыс берушілермен Ерікті қоныс аударуға қатысушыны жұмысқа орналастыру жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда жұмыс берушілер жұмыскердің көшу бойынша шығыстарын өтеуге жаңа тұрғылықты жерде орнығуға жәрдемақы ұсынуға, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй беруге немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуге, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеу, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын толық немесе ішінара өтеуге мемлекеттің көтерген шығыстарын өтейді.




13. Халықты жұмыспен қамту орталығының мен Ерікті қоныс аударуға қатысушылармен жұмыс берушілердің осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.

14. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Жұмыспен қамту орталығын Ерікті қоныс аударуға қатысушыды және жұмыс берушіні осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
4. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

15. Жұмыспен қамту орталығымен Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Жұмыспен қамту орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.

17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, Жұмыспен қамту орталығыны Ерікті қоныс аударуға қатысушыны және жұмыс берушіні мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.

Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, Жұмыспен қамту орталығыны Ерікті қоныс аударуға қатысушыны және жұмыс берушіні мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.

18. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Жұмыспен қамту орталығының, Ерікті қоныс аударуға қатысушынының және жұмыс берушінің осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындауының мүмкін болмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

5. Басқа да жағдайлар
19. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

20. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы «__» ______ дейін қолданылады.
6. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері


Халықты жұмыспен қамту орталығы
_______________________

_______________________

(Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы)

_______________________

______________________________________________

(заңды мекенжайы)

______________________________________________

_______________________

(телефон, факс)

_______________________

______________________________________________

(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

_______________________

(қолы) М.О.


Ерікті қоныс аударуға қатысушы
_____________________

_____________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

_____________________

_____________________

_____________________

(мекенжайы)

_____________________

__________________________________________

(телефон, факс)

_____________________

(қолы)


Жұмыс беруші
__________________________________________

_____________________

(заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/, жеке тұлғаның аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі)

_____________________

_____________________

(юридический адрес)

_____________________

__________________________________________

(банктік сәйкестендіру нөмірі)

_____________________

_____________________

_____________________

(банк атауы)

_____________________

_______________________________________________________________

(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

_____________________

(қолы) М.О. (бар болса)



Жұмыс күшінің ұтқырлығын

арттыру үшін адамдардың ерікті

түрде қоныс аудару

қағидаларына 6-Қосымша
Нысан
________________________

ауданының (қаласының)

халықты жұмыспен қамту

орталығының директорына

кімнен

_______________________

тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса)
Ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосу туралы

Өтініш
Мені/мені және менің отбасымының мүшелерін ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар қатарына қосуыңызды өтінемін


ЖСН




Т.А.Ә. (бар болса)




Туған күні, айы, жылы




Жынысы




Мекенжайы