ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 794
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен ынтымақтастық жөніндегі серіктестерден 38 мемлекет және үкімет басшысы, бір вице-президент, жеті үкімет төрағасы орынбасары, он төрт министр және өзге де жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-министрі Cильвио Берлускони, өзге де халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер көшбасшылары бар.
Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астанадекларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. Сонымен қатар, қатысушы елдер өкілдері ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша жұмысты жалғастыруға, жауапкершілігі аймағында орын алып отырған қақтығыстарды реттеуде күш-жігерді артыруға, адам құқықтарын қорғауға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, жаңа қатерлерге қарсы лайықты жауап қату мүддесі жолында Ұйым жұмысын жаңаша жолға қоюға міндеттенді. Саммиттің басты қорытындысы жаңа тарихи шарттар жағдайында «Хельсинки рухын» жаңғырту болды. Оған қоса, жоғары деңгейдегі басқосу ЕҚЫҰ беделін және оның әлемдегі қажеттілігін арттыруға, мүше мемлекеттер арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.
Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Сөйтіп, Ұйымның Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдердің Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістіктегі барлық негізгі ойыншылардың – мемлекеттер мен ұйымдардың күш-жігерін қауіпсіздікті нығайтудың және ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасаудың басты міндетін шешуде жұмылдыруға ықпал ететінін атап өтті. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.
ЕҚЫҰ – әлемде қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын ірі аймақтық ұйым. Ол Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіреді.
Тақырыбы: «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2012 жылғы желтоқсанның 14-де Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды. Оның негізгі міндеттері атап өтілді.
Жолдауда табиғат ресурстарын берекелі пайдалану жолы арқылы қоршаған ортаны сақтау сұрақтарына ерекше назар аударылған, сол үшін табиғат ресурстарын басқарудың принципиалды жаңа жүйесі енгізіледі және еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет деп атап өтілді.
Осы мәселе бойынша ұлт Көшбасшысы былай деді: «Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің қағидатты маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек» .
Президент индустриялау және агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту туралы өндіріс экологиялық таза, барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс деп атап өтті.
Біздің ең асыл табиғи байлығымыз – суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет. 2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуге тиіс. Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай – тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін ұзақмерзімді бағдарлама жасауды тапсырды.
Конституцияның 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi» деп көрсетілген.
Президент өз Жолдауында: «Қоғамымыздағы ой-сананы түбегейлі өзгерту қажет. Біздің ең асыл табиғи байлығымыз – суды ысырап етуді тоқтатуымыз қажет» деп, барлық азаматтарды табиғат және энергетикалық ресурстарды берекелі пайдалануға шақырған.
Шын мәнінде, бүгінгі күні өңіріміз үшін экологиялық мәселенің бірі-су ресурстарының тапшылығы және судың ластануы.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында баяндалған барлық міндеттер біздің еліміздің әрбір азаматының өмірін жақсарту мақсатында қабылданған. Ал әрбір азаматтың міндеті Елбасының Жолдауында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Соған байланысты, табиғат қорғау прокуратурасымен алдағы уақытта да біздің өңіріміздің табиғат байлықтарын қорғау бойынша және Президент Жолдауын жүзеге асыруда шаралар қабылдана бермек.
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты дәстүрлі жолдауының мазмұнына келетін болсақ:
І. Қалыптасқан Қазақстан - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы
ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері
ІІІ. Қазақстан-2050 стратегиясы- жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты
І тарауына келетін болсақ бұл жерде елбасымыз Қазақстанның осы кезге дейінгі жаңдайын мәлімдей отырып, 2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты деп айтты. Енді Қазақстанның алдымнда жаңа міндет тұр. Біз мемлекетіміздің ұзақ мерзімді кезеңге бағдарланған одан әрі даму векторын күшейтуге тиіспіз деді Президент.
Екінші тарауға келетін болсақ яғни ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРІ туралы толық айтылды. Елбасымыз қазіргі кездегі бүкіл әлемге қатысы бар актуалды проблемаларға тоқтады. Олар:
1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі
2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы
5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
6.Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы
7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция
8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі.
Үшінші тарауда Қазақстан-2050 стратегиясы- жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағытында келесі мәселелер қарастырылды:
-
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм -
Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау -
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік -
Білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары -
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту -
Дәйекті де болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту -
Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
«Елу жылда ел жаңа» деген халық даналығын есімізге түседі. Біз 2050 жылы «қазақстандықтар» деп аталатын мүлде жаңа ұлт болып қалыптасамыз. Бұл біріншіден, табиғи заңдылық. Екіншіден, экономикадағы толық өзгеру, жаңару бізді сол игілікке алып барады. Ең бірінші ол игілік қоғамдық сананың толық өзгеруінен басталады десек, қателеспеспіз. Мәселен, капитализм дүниесінде «мемлекет өлтірмейді» деген сенім мүлде жоқ. Әркім және барша қиын кезеңдерге өздері дайындалып, қор жинайды. Қоғамдық қатынас әркімді және баршаны осылай болуға еріксіз көндіреді. Жасыратын несі бар, біздің қазақстандықтардың сүбелі бір бөлігі әлі күнге дейін масылдық ұстанымнан арыла алмай мемлекет қазынасына жалтақ-жалтақ қараумен өмір сүріп жатыр. Тіпті, байлардың өзі «тендерден» пайда табуға құштар болып алған. Ал капитализм әлемінде негізгі табысты өз елінен емес өзге елден қармауға баса назар аударады. Өйткені өз еліңдегі ешқайда кетпейтін және отандастардың баршасына ортақ несібе екенін біледі. Сол қайнар көздің сарқылып қалмауы үшін күш салады. Міне, капитализмнің басты ақиқаты осы. Біз мұны әлі күнге түсіне алмай келеміз. Несі бар өмір бізді соны түсінуге көндіреді. Өйткені алғашқы жиырмалықтың сапында тұрсақ та капитализмнің көлеңкесіндей еріп жүретін дағдарыс тауқыметі бізге уақыт озған сайын тақай түседі. Себебі, қажет болмаса жер астында жата беретін шикізат емес нақты дайын тауарлы өндіріске дағдарыс атаулы үйірсек келеді. Ал ол шақта, яғни біз дамыған елдер сапына енген шақта билікте «әлеуметшілдік» ұстаным азая береді. Бұл да табиғи заңдылық. Демек, халық, әркім және барша өзінің ұстанымын өзгертуге бүгіннен бастап кіріссе артық емес.
Біз мәселенің ең ауыр тұсына келгендейміз. Өйткені экономиканы дамытып, әлеуметтік жағдайды соған сәйкес жақсарту оңай шаруа болғанымен халықтық ұстанымды, қоғамдық сананы толығымен жаңалау оңай шешілетін мәселе емес. Айталық, компартия 70 жыл бойына атеистік үгіт-насихат жұмыстарын тегеурінді жүргізумен қоймай қожа-молдаларды түрмеге отырғызып, итжеккенге айдаса да бұқараның діншілдік сенімін жоя алмағанын көріп отырмыз. Қоғамдық сана деген сол. Демек, бізге ұлт тәрбиесі мәселесінде тегеурінді және мақсатты қыруар жұмыс атқаруға тура келеді. Бұл Президент жарлығымен немесе Үкімет өкімімен шешіле салатын мәселе емес. Қоғамдық сананы өзгертуге, жаңалауға жанұядан университеттер аудиторияларына дейінгі тәрбие саласында жүргендердің барлығы, ол – ол ма, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары түгелдей мақсаткерлікпен ат салысуы тиіс. Айталық, қазіргі таңда қазақстандықтар соншалықты бай деп ойламаймын. Ал Алматының көшесіне күн сайын 500 мың жеңіл автокөлік шығады екен. Баяғының 10 мың жылқы айдаған байлары ең көп дегенде көсем жеккен ғой. Ал бүгінгінің алматылықтары ең кемі 50 аттың күші бар көліктер мініп жүр. Олардың қоры 10 мың жылқысы бар байдың қазынасынан әлдеқайда аз екені айтпаса да түсінікті. Сол көліктердің көбісі несиеге алынғандар. Ал капитализм әлемінде несиеге көлік алып міну күнә саналады. Демек, біз бүгінге дейін тұрмысымыз жақсарған сайын жинаудың орнына шашқанды қалап алғандаймыз. Ал ұлт ұстазы данышпан Абай «бекер мал шашаақ» жаман әдет екенін баяғыда-ақ ескертіп кеткен жоқ па еді. Демек, біз отандастарға Абайды жаңа заманңа сай қайтадан оқытуымыз, түсіндіруіміз қажет секілді.