Файл: Лекция жинаы Пн азастан тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 801

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Елбасының 2005 жылғы Жолдауы да негізінен әлеуметтік мәселелерге арналды және барлық ақпарат құралдары елдегі тұрақтылық пен елдің экономикалық өркендеуін, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруын насихаттаумен болды. Бұл да өз жемісін бермей қоймады. Бес үміткер қатысқан сайлауда Н.Назарбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Н.Назарбаев 91%-дан астам дауысқа ие болса, оппозициялық күштер қатарынан түскен үміткер Ж.Түяқбай 6%-дан сәл астам дауысқа ғана ие болды.

2005 жылғы 4 желтоксандағы президент сайлауы халықтың басым көпшілігінің Елбасы Н.Назарбаев жүргізіп отырған саясатты қолдайтындығын, елімізде жүргізілген реформалармен келісетіндіктерін білдірді.

Қазақстанда демократиялық үрдістерді енгізу және оған қоғам өкілдерін қатыстыру мен халықтың пікірін, ұсыныстарын ескеру мақсатында 2003 жылдың басында «Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдап жасайтын Тұрақты Кеңес» құрылды. Оған барлық саяси партия өкілдері, қоғамдық бірлестік Жетекшілері, заңгерлер және т.б. қатыстырылды. 2004 жылы 2 қарашада Елбасы Жарлығымен «Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия» құрылды. Ұлттық комиссия саяси жүйені реформалауға бағытталған шараларды әзірлеу мәселелері бойынша кеңесші орган ретінде жұмыс істеді. Комиссияның алғашқы отырыстарына оппозициялық партия жетекшілері қатысқаны мен, кейіннен оның жұмысына қатысудан бас тартты.

Ұлттық комиссия бір жылдан астам уақыт аралығында еліміздің барлық облыстарында болып, демократиялық реформалар бағдарламаларының негізгі ережелерін талқылады. Комиссия қызметінің шеңберінде бірқатар заң жобалары, тұжырымдамалар мен бағдарламалар әзірленіп, олар демократияландыру үрдістерінің түрлі бағыттарын қамтыды. Атап айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру, Парламенттің рөлі мен өкілеттігін күшейту, әкімдердің сайланбалығы, алқа билер институтын енгізу, азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелері талқыланды.

Ұлттық комиссияның бастамасының азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы әзірленді. Жобада билік пен азаматтық қоғам институттары карым-қатынасының негізгі қағидаттары, Қазақстандағы азаматтық қоғам үлгісі, сондай-ақ қалыптасу кезеңінде мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдарға, кәсіподақтарға, түрлі қоғамдық бірлестіктерге, ассоциациялар мен азаматтық қоғамның өзге де институттарына қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы бағыттар қамтылды. 2006 жылдың екінші жартысы елдің қоғамдық өмірінде саяси партиялардың бірігуімен ерекшеленді. Қазақстандағы ең ірі екі партия «Отан» және «Асар» партияларының бірігуімен бұл үрдіске «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялар да қосылды. 2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс съезі өтті. Съезде жеті маңызды мәселеден тұратын күн тәртібімен бірге партияның атауын өзгерту туралы ұсыныс та қаралды. Бір топ партия делегаттарының ұсынысы бойынша партияның атауын «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы деп атау туралы шешім қабылданды. Ірі партиялардың бірігуі нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы өзінің құрамында 1 миллионға жуық адамды біріктірді.


2006 жылы 20 қазанда Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы 2006 жылғы 6 маусымдағы Жарлығына және «Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2006 жылғы 22 тамыздағы қаулысына сәйкес Республикадағы 49 аудан мен 10 облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы болып өтті. Әкімдер сайлауы жанама сайлау кұқығы негізінде, яғни мәслихат депутаттарының отырысында депутаттардың жасырын дауыс беруі арқылы өтті.

2007 жылы 19 ақпанда Елбасы Н.Назарбаевтың торағалық етуімен Қазақстан Республикасындағы Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы болып өтті. Отырыста мемлекеттік комиссияның бір жылда атқарған жұмыстары зерделеніп, айтылған ұсыныстар өкшеленді. Атап айтқанда, Парламенттің өкілеттігін кеңейту, Конституциялық Кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын және Есеп комитетін қалыптастыруда Пре-зиденттен Парламентке бір қатар өкілеттіктерді алып беру ұсыныстары қабылданды. Сонымен бірге Үкіметті қалыптастырудағы Парламенттің рөлін арттыру, Премьер-Министр өз лауазы мын алмастан бұрын Парламенттегі көпшілік партияның қолдауына ие болу керектігі туралы ұсыныс та өтті. Сенат депутаттығына Қазақстан халықтары Ассамблеясы ұсынған адамдар үшін қосымша орын беру мәселесі де қаралды. Сонымен бірге сот, құқық қорғау органдары және жергілікті басқару органдары мен мәслихаттардың рөлін күшейту мәселелері қаралып, Елбасының Өкімімен еліміздің Негізгі Заңына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылды.

Қоғам өмірін одан әрі демократияландыру және саяси жүйені жаңарту реформалары Қазақстанның әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясымен қатар жүреді. Аталған стратегияның орындалуы жан басына шақкандағы кіріспен немесе жалпы ұлттық өнімнің көлемімен ғана өлшенбейді. Қазакстанның алдағы он жылдағы дамуы экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өлшемдерден де тұрады.


2. Қазақстанда көппартиялық жүйенің және жаңадан саяси партиялардың пайда болуының басты үш себебін атап көрсеткен жөн. Оның бірінші себебі - 1989 жылдан бастап Қазақстан саяси өмірінде болған өзгерістер, соның ішінде әртүрлі көзқарастың, жариялылықтың көрніс ала бастағанына байланысты қоғамда өз орнын ала бастаған саяси еркін ой. Бұл кезде тоталитарлық және коммунистік идеяға қарсы негізде саяси партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Олардың басты ұрандары: социал-демократия, ұлт бостандығы, мәдениет және экология бағыттарында қайта даму, жаңару, жандану болды.

Екінші себебі - 1991 жылғы Мәскеуде болған тамыз оқиғасымен байланысты. Оның нәтижесінде Кеңестер Одағы тарап, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Республика жетекшілері жаңа жағдайда, егемендік алумен байланысты уақыт талабына сай батыл қимыл жасады. Белсенді мемлекеттік жаңа құрылыс басталды, саяси партиялардың бағдарламаларына қоғамға қажетті, көкейкесті ұрандар мен міндеттер кірді. Партиялардың негізгі міндеттері - үкіметпен байланысы жоқ саяси күштерді ығыстыру, парламент сайлауларында жеңіске жету, уәкілдік қызмет орғандарында көпшілік қолдайтын ниеттестік тәртіпті қамтамасыз ету және т. б. Міне, осымен байланысты Қазақстан басшылығы мұндай саяси партиялар арқылы өзінің сүйенетін әлеуметтік базасын құруға ерекше мән берді.

Үшінші себебі - бұл еркіндік синдромы, ол барлық саяси ұйымдар мен күштерге тән. Республика жағдайында ол, әсіресе, реваншистік күштер арасында ерекше байқалады. Оған коммунистер, ұлтшылдар және тағы басқада топтар жатады. Қазақстанда және бұрыңғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттерде мұндай ультрақұқықтық саяси партиялардын пайда болуы ескі тоталитарлық, жүйенің күйреуімен және нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты.

Міне, осындай себептердің нәтижесінде 1990 жылдан бастап Қазакстанда ең әуелі социал-демократиялық партия, одан соң демократиялық "Азат" қозғалысы қалыптасты. Олардың құрылуының басты белгілері — құқық органдарында тіркеуден өту, белгілі бір бірлестікке ұжымдық негізде бірігу және саналы ынтымақта болу, жалпы алға қойған мақсаттарының бір болуы, саяси қызметі түрлерінің пікір бірлігі, татулық қарым-қатынас, сайлау алдындағы платформа, немесе ұстаған саяси бағытының тұтастығы және т. б.

Көппартиялы жүйе тек біздің Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар өздерінің ұлттық тәуелсіздігін алған, бұрыңғы одақтас республикаларда да құрылды. Мәселен, 1995 ж. тек бір ғана Ресейде жүзден астам саяси партиялар тіркелген. Қазақстанда Ресейдегі сияқты жүздеген саяси партиялар құрылатындай ауқымды жағдай жоқ болғанын айтқан жөн. Мысалы, 1994 ж. өткен парламент сайлауына Әділет министрлігінің тіркеуінен өткен тек төрт-ақ партия қатысты.
Олар - социалистер, Қазақстан халық конгресі, Демократиялық және Азат партиялары. Сайлау өткеннен кейін көп кешікпей Қазақстанда Коммунистік партия құқық органдарынан тіркеуден өтті.

1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуык саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. Ал 2003 ж. саяси партиялардың саны 19-ға жетті. Жаңадан халық арасында танымал "Отан", "Ақ жол" т.б. партиялар бой көтерді. Саяси партиялардың көпшілігі Республика Президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Бір айта кететін жайт, осы партиялардың бағдарламаларында айтарлықтай айырмашылық аз, экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерде бірін-бірі қайталайды. Қазақстандағы саяси партиялардың барлығыда (оған Коммунистік партияда кіреді) республикада іске асып жатқан нарықтық экономикаға көшуге ешқандай қарсылығы жоқтығын білдірген. Олардың бағдарламаларында тек оны жүргізудің тәсілі, уақытын белгілеуде ғана айырмашылықтар бар. Саяси партиялардың бағдарламаларында прагматизмнен гөрі идеология басымырақ, мұның өзі Казақстандағы көппартиялық жүйенің және саяси бірлестіктер мен партиялардың әлі де болса кәмелеттігінің жетімсіздігінІң дәлелдемесі. Оның нақты көрінісі ретінде саяси партия жетекшілерінің үкімет басқару ісіне араласа алмай отырғандығы, өздерінің қызметінде тек Президент, республика үкіметін қолдай-тындығы жөніндегі мәлімдемелері байқатады.

Мұндай жағдай қазіргі кезеңде саяси партиялардың елді басқарудағы нақты мүмкіндіктерін, республика аддында тұрған саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешудегі қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Елдегі билік жүргізу партиялардан тыс сипатта іске асырылып, үкіметтің саясаты белгілі бір партияның, ғылыми тұрғыдан ойластырылған бағдарламасы негізінде іске асып жатыр деп әсте қарауға болмайды. Сондай-ақ, өкімет құрылымдарының өз арасындағы байланыстарға да саяси партиялардың айтарлықтай ықпалының болмай отырғандығын айту керек.

Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарында да тек алғашқы басқару түрі орын алған. Олардың басым көпшілігі өзінің сыртқы формасы бойынша партия деп саналғанмен, мазмұны жағынан әлі де болса партиядан гөрі ынтымақтастық топтарға көбірек ұқсайды. Осының нәтижесінде саяси партиялардың бұқара халық арасындағы беделі төмен, олардың қатарына халық өкілдері аз енеді, әсіресе, бұрыңғы Коммунистік партияның мүшелері болған бірнеше жүз мыңдаған адамдар өзге партияларға мүшелікке кірмеген. Бүгінде бүкіл республикаға белгілі болып отырған «Отан», «Ақ жол», «Коммунистік партия» т. с. с. саяси партиялардың құрамының өзі ауыз толтырып айтатындай дәрежеге жетпей отыр.


Бұған қосып айтатын тағы бір жәйт, осы саяси партиялардың құрамындағылардың басым көпшілігі бұрыңғы Қазақстан Коммунистік партиясында қызмет еткендер. Олардың саяси жетекшілерінің өздері де 1991 жылғы қыркүйекте, яғни Коммунистік партия таратылғанға дейін, оның мүшесі болыл, белгілі бір буындарында қызмет істеген адамдар.

Өздерінің бағдарламаларында атап көрсеткеніндей, Қазақстан саяси партиялары мен бірлестіктері республика парламент сайлауларына қатысып, онда көпшілік депутаттық орындарға ие болуға тырысады. Бұл бағытта бірқатар саяси партиялардың қол жеткізген едәуір табыстарын айтпай кетуге болмайды. Мысалы, 1994 жылғы Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауында Қазақстан Халық Бірлігі және Қазақстан халық конгресі партиялары өздерінің көптеген өкілдерін парламентке өткізді. Республиканың бірқатар саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктері 1995 жылғы 9 желтоқсанда өткен парламент сайлауына белсене қатысты.

Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан халық бірлігі партиясы басқа әріптестерінен көп ілгері болып шықты. Парламентке олардың 24 мүшесі, Демократиялық партияның - 12, Шаруалар одағының, - 7, Жастар одағы мен Инженерлер одағының - 3-тен, Қазақстан Коммунистік партиясының - 2 мүшесі сайланды. Қазақстан Халық конгресі партиясы, Қазақстан Дәуірлеу партиясы мен Қазақстан Халықтық кооперативтік партиясының заң шығарушы органына бір-бірден өкілі кірді.

1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінші қаспалаталы парламент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады. 1999 жылғы қаңтардың 10-ында болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С. Ә. Әбділдин, Сенат депутаты Ә. Ғ. Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ. Е. Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев.

Қазақстан Президентін сайлауға дауыс беру үшін жасалған тізімге енгізілген 8.419.283 сайлаушының дауыс беруге - 7.328.970-і немесе барлық сайлаушылардың 87,05 пайызы қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н. Ә. Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 пайызы өз дауыстарын берді.

1999 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Сенатқа 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан бір-бірден депутат сайлануға тиіс болды. Оның сыртында Президент жеті сенаторды өзі тағайындайды. Сенаттағы 16 орынға 35 адам таласқа түсті. Сайлау барысында Парламент Сенатына депутаттық кандидаттарға Республика бойынша 4833 таңдаушының 4179-ы дауыс беруге қатысты немесе бұл тандаушылардың жалпы санының 86,5 пайызы болатын. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына дауыс беру барысында 16 кандидат депутат болып сайланды.