ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушылар:
Абдоллаев Н. А. т.ғ.д., профессор, nurtaza43@mail.ru конференцияның ID номері 770 069 7898, пароль 1
Абенов Д. К. т.ғ.к., доцент, aben_60@mail.ru, конференцияның ID номері 779-266-4339, пароль 666170
Ғанибаева Ж.А. т.ғ.к., аға оқытушысы, sangar98@mail.ru, конференцияның IDномері 779-153-3386, пароль 302104
Бегимбаева Ж. С. т.ғ.к., доцент, shibek_07@mail.ru, конференцияның ID номері 596-023-6177, пароль 526526
Хибина З.Н. т.ғ.к., аға оқытушысы, zada.xibina@mail.ru, конференцияның ID номері 706-006-7819, пароль 075325
Аликулова Н.С. т.ғ.к., аға оқытушысы,nur.as_74@mail.ru, конференцияның ID номері 531-732-5740, пароль 7654321
Еспенбетова А.М. т.ғ.к., аға оқытушысы,aikami@mail.ru, конференцияның ID номері 899-324-9309, пароль 123456
Оразаева Ж.Ж. т.ғ.к., аға оқытушысы, zh.orazaeva@mail.ru, конференцияның ID номері 832-781-2960, пароль 489229
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
«Қазақстан тарихы» пәні Қазақстан аумағында көшпелі өркениет пен мемлекеттіліктің қалыптасуын, XIII-XV ғғ. Орталық Азиядағы түркітілдес халықтардың этномәдени интеграциясының кезеңдерін, Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері, жаңа дәуір кезеңіндегі тарихи даму ерекшеліктерін (XVIII - ХХ ғғ.басы), кеңестік кезеңдегі Қазақстанның дамуын, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясы, экономикалық, қоғамдық- саяси, рухани дамуы, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны қарастырылады. Алынған білім студентке қазіргі Қазақстан Республикасы аумағында ежелгі заманнан бүгінге күнге дейінгі кезеңде өмір сүрген рулар мен одақтардың, ұлыстар мен ұлттардың, мемлекеттердің тарихын, олардың өміріндегі тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, үрдістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды, фактілерді зерделеуге мүмкіндік береді.
Сабақты өткізу барысында төмендегідей әдіс-тәсілдері: интерактивті және цифрлық технологиялар, оқытудың жобалық әдістері, проблемалық оқыту технологиялары, түрлі форматтағы пікірталастар, сын тұрғысынан оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері, «тарихи деректермен жұмыс», және т.б. қолданылады.
Оқыту мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы туралы объективті тарихи білім беру.
Оқыту нәтижелері:
1.Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін біледі және түсіну бойынша білімін көрсетеді;
2.Сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра біледі;
3.Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістерін зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игереді;
4.Замануи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей біледі;
5.Қазақстан тарихының үдерістерімен тарихи құбылыстарын жүйелейді және сыни баға береді;
Прекреквизиттер: мектеп курсындағы «Қазақстан тарихы» пәні, «Дүние жүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық» пәндері.т.б. осы секілді базалық пәндермен таныс болу қажет.
Постреквизиттер: «Қазақстан тарихы» пәнінен алған біліміңіз алдағы уақытта жүргізілетін «Философия», «Ұлттық руханият», «Саясаттану» және т.б. гуманитарлық жиынға қатысты пәндерді меңгеруге зор ықпал етеді.
2. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
№ апта | Модуль атауы | Сабақ тақырыптары және қысқаша мазмұны | Сабақ түрлері бойынша аптадағы сағат саны | Пайдаланатын әдебиеттер Ақпарат көздеріне сілтеме Видеодәрістердің веб мекенжайы | ||||
дәріс | сем.-практ. | зерт-лық | БОӨЖ және БӨЖ | |||||
1 | Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы | 1.Тақырып: Тас дәуірі және көшпелі өркениеттің қалыптасуы Қарастырылатын сұрақтар: Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауы. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар. Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар. Атқа міну мәдениетінің генезисі. | 2 | 1 | - | | 1.18-24бб. 2. 6-9 бб, 43-43бб, 54-59бб 3.3- 24бб 4.1-том 16-152бб. 25.268-288бб. 26.8-15бб. | |
2 | 2.Тақырып: Қазақстан аумағындағы тайпалық бірлестіктер мен алғашқы мемлекеттер Қарастырылатын сұрақтар: Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері. Ерте темір дәуірінің зерттелуі. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар. Сармато-Алан тайпалық одағы. Аорсы және роксоланы. Қоныстандыру аумағы. Яньцай Мемлекеті. Ғұндар мен қаңлылармен қарым-қатынас.Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара қатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ).Прото және ежелгі түріктердің мәдениет генезисі. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. | 2 | 1 | - | 14 | 1.25-30бб. 2.13-23бб 3.25-43бб 4. 1-том 158-293бб. 26.15- 20бб. | ||
| 1-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 26) | |||||||
3 | Түркі өркениеті және Ұлы дала | 3.Тақырып: Монғол кезеңіне дейін Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері Қарастырылатын сұрақтар: Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Түркілердің шығу тегі мәселесі. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынас: Византия, Сасанидтік Иран, түркі-соғды синтезі, эфталиттер мемлекеті. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары. ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы. Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы. | 2 | 1 | | 7 | 1.30-33бб. 2.34-43бб 3.44-60бб. 4.1-том 296-439бб 6.6-13бб.,50-51бб. 12.99-287бб. 17.165-178бб. 25.79-126бб. 26.26-39бб. | |
4 | 4.Тақырып: Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.) Қарастырылатын сұрақтар: Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы.Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, Шағатай мемлекетінің құрылуы, XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XVғ. басы). Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. | 2 | 1 | - | 7 | 1.37-41бб 2.48-54бб 3.61-74бб. 4. 1-том 440-448бб. 12.205-281бб 17.179-206бб. 25.79-126бб. 26. 40-45бб. | ||
5 | 5.Тақырып: Қазақ халқының қалыптасуы және қазақ хандығының құрылуы. Қарастырылатын сұрақтар: Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер. Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер. Монғолдар үстемдігі кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. «Өзбек» және «қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Қазақ хандығының XVI ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай қатынастары. | 2 | 1 | - | 7 | 1.41-65бб. 3.75-84бб. 17.240-459бб.,460-489бб. 26.45-57бб. | ||
6 | 6.Тақырып: XVII ғ. - XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы. Қарастырылатын сұрақтар: Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынастар. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттықкүресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттықкүресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы.Қазақстанның XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезі аралығындағы мәдениеті. Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері. | 2 | 1 | - | 7 | 1.65-74 бб. 2.43-47бб. 54-59бб 3.84-101бб. 26.57-65бб. | ||
2-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 48) | ||||||||
7 | Жаңа дәуірдегі Қазақстан | 7.Тақырып: Ресейдің Қазақстандағы отарлау дәуірінің басталуы. Отарлау кезеңдері. Қарастырылатын сұрақтар: Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі. Мырза Құтлу Мухаммад Тевкелев басқарған Ресей елшілігі. Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдау (XVIII ғ. 40 ж.). Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. Хан билігін жою. Даладағы сұлтандық институты (19 ғ. 20-60 ж.). Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Орыс шаруаларын Қазақстан аймақтарына орналастыру ерекшеліктері. | 2 | 1 | | 7 | 1.74-78бб. 3.102-115бб. 4. 3-том 96-213бб 26. 65- 74бб. | |
8 | 8 Тақырып: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық көтерілістері Қарастырылатын сұрақтар: Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 ж.). Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 ж.) наразылық қозғалысы. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастаған Сібір ведомствосы қазақтары жеріндегі қозғалыс. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері. Тарихи әдебиеттегі Кенесарыхан. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы. | 2 | 1 | | 7 | 1.78-84бб. 3.116-140бб. 4.3-том 213-357бб.419-424бб, 6.101-111бб 137-143бб. | ||
| 3-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 26) | |||||||
1-3 модульдердің қорытындысы бойынша максималды 100 балл шегінде 1-межелік бақылау балы жинақталады | ||||||||
9 | Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрамында | 9.Тақырып: 20 ғ.бас. Қазақстан. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет құру идеясы. Қарастырылатын сұрақтар: ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі. Түркі-мұсылман халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының өзара байланыстары. Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы «Иттифак-эл-муслимин» (мұсылмандар Одағы) рөлі. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. | 2 | 1 | | 7 | 1.84-88бб. 3.158-199бб. 4.3-том 567-656бб. 6.10-20бб., 21-35бб.,35-67бб. 20.25-248бб. 22.30-132бб. 25.181-216бб. 26.71-82 бб. 30.9-82бб | |
10 | 10.Тақырып: Қазақстан Қазан төңкерісі және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде Қарастырылатын сұрақтар: Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір.Кеңес өкіметінің орнауы. Ресейдің Халықтар құқығы декларациясының жариялануы (1917 ж. 15-қазан).Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері. «Соғыс коммунизмі» саясаты. Алаш Орда үкіметіне амнистия жариялануы. Қазақстанда большевиктік режимнің қалыптасуы. Қазақстандағы жер-су реформасы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (НЭП). НЭП мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық.Қазақ зиялыларының ашаршылыққа қарсы күресі. | 2 | 1 | | 7 | 1.88-90бб. 3.200-211бб. 4.4-том 296-439бб., 5-том 88-117бб. 6.68-87бб. 20.293-364бб. 22.133-212бб. 25.217-248бб. 26. 82-102бб. 30.83-100бб | ||
11 | 11.Тақырып: Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы Қарастырылатын сұрақтар: Коммунистік партияның қоғамдық өмірдегі күші мен ықпалының күшеюі. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. Кеңестік білім беру жүйесін құру. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қазақстан. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы. | 2 | 1 | | 7 | 1.90-97бб. 2.149-152бб. 3.212-227бб. 4.4-том 118-360бб., 411-511бб. 6.90- 117бб., 118-174бб.,175-236бб.,310-341бб. 22.216-254бб. 25.217-248бб. 26.103-155бб. 27.41-314бб. 30.101-159бб | ||
4-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 50) | ||||||||
12 | Қазақстан әлемдік қауымдастықта (1991-2022жж.) | 12.Тақырып: 20 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары Қарастырылатын сұрақтар: Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Қазақстанның халық шаруашылығындағы мәселелер мен қиындықтар. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.И.Сталиннің «тұлғаға табыну» кезеңін сынау. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жарымшақ» сипатына баға беру. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасыжәне оның үстірт сипаты. Реформалық әрекеттердің толық емес сипаты. Қазақ КСР-дегі аумақтық дауды шешудегі қайшылықтар – ұлттық мүдделер орталығына немқұрайлы қараудың мысалы. Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі. Экологиялық дағдарыс. Мәдениет және ғылым. | 2 | 1 | | 7 | 1.97-106бб. 2.149-152бб. 3.230-238бб. 4.4-том 525-583бб., 6.351-359бб., 360-378бб., 387-415бб. 25.249-264бб. 26.121-135 бб. 30.186-248бб | |
13 | 13.Тақырып: Қазақстандағы «қайта құру» саясатының сипаты Қарастырылатын сұрақтар: Идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер. М.С. Горбачевтың реформалары. Жариялылық пен демократия жағдайында одақтық республикаларда туындаған ұлттық қақтығыстар. Экономикалық дағдарыс. «Қайта құру» мен «жариялылықтың» ел экономикасына әсері. Д.А. Қонаевтың қызметі. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы. | 2 | 1 | | 7 | 1.108-120 бб. 3.238-243бб. 4.4-том 584-619бб., 5-том 63-105бб. 6.415-430бб., 432-439бб. 26.136-140бб. 30.256-281бб | ||
14 | 14.Тақырып: Қазақстан тәуелсіз мемлекет: тәуелсіздігінің жариялануы, мемлекеттік құрылысы саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуы Қарастырылатын сұрақтар: Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын жасақтау. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері. «Қазақстан-2030» Стратегиясы. | 2 | 1 | | 7 | 1.120-222бб. 3.244-267бб. 4.5-том 118-244бб., 245-291бб. 5.109-112бб. 6.440-463бб., 463-469бб. 24.10-239бб 26. 140-150 бб. 30.282-305бб.,312-324бб. | ||
15 | 15.Тақырып: Тәуелсіз ҚР қазіргі кезеңдегі дамуы, қоғамдық- cаяси және халықаралық қатынастары. Қарастырылатын сұрақтар: Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы. ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж.). Азаматтық институттардың дамуы. Азаматтық форумдар және олардың маңызы. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері. Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері. «Ұлы даланың жеті қыры». Шет елдермен дипломатиялық қатынастардың орнатылуы. Қазақстан Республикасы және халықаралық ұйымдар. | 2 | 1 | | 7 | 1.320-386бб. 2.146-148,110-114 бб. 3.267-310 бб. 4.5-том 326-555бб., 602-627бб. 6.469-475бб., 476-487бб. 23.1-5бб. 24.10-239бб. 26.150-154 бб. 30.325-329бб.,330-339бб. | ||
5-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 50) | ||||||||
4-5 модульдердің қорытындысы бойынша максималды 100 балл шегінде 2-межелік бақылау балы жинақталады |
3. АҒЫМДЫҚ БАҒАЛАУ
Білім алушы «Univer» жүйесі арқылы модуль бойынша әр аптаға жүктелген тақырыптармен жұмыс жасайды. Білім алушының оқу жетістіктері силлабустағы әр модуль бойынша көрсетілген балл шегінде 2-қосымшадағы бағалау критерийлері негізінде жалпы бағаланады. Бақылау модульдер аяқталған апталарда жүргізіліп, сол аптада оқытушылар «Univer» жүйесіндегі «семинар/практикалық» журналына тиісті балдарын енгізеді.
Модульдер бойынша бағалау көрсеткіші:
- 1 модуль бойынша мах.26 балл, оның ішінде дәріс-4, семинар-12, БОӨЖ және БӨЖ-10 балл көрсеткішімен анықталады.
- 2 модуль бойынша мах.48 балл, оның ішінде дәріс-8, семинар-20, БОӨЖ және БӨЖ-20 балл көрсеткішімен анықталады.
- 3 модуль бойынша мах.26 балл, оның ішінде дәріс-4, семинар-12, БОӨЖ және БӨЖ-10 балл көрсеткішімен анықталады.
- 4 модуль бойынша мах.50 балл, оның ішінде дәріс-6, семинар-20, БОӨЖ және БӨЖ-24 балл көрсеткішімен анықталады.
- 5 модуль бойынша мах.50 балл, оның ішінде дәріс-8, семинар-22, БОӨЖ және БӨЖ-20 балл көрсеткішімен анықталады.
| 1-апта | 2-апта | 3-апта | 4-апта | 5-апта | 6-апта | 7-апта | 8-апта | 9-апта | 10-апта | 11-апта | 12- апта | 13-апта | 14-апта | 15- апта | 1РК | 2РК | Қорытынды | ||
дәріс | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 16 | 14 | 30 | ||
семинар | 6 | 6 | 5 | 5 | 5 | 5 | 6 | 6 | 6 | 7 | 7 | 5 | 5 | 6 | 6 | 44 | 42 | 86 | ||
СРСП | | 10 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 8 | 8 | 8 | 5 | 5 | 5 | 5 | 40 | 44 | 84 | ||
Барлығы (аптасына) | 8 | 18 | 12 | 12 | 12 | 12 | 13 | 13 | 16 | 17 | 17 | 12 | 12 | 13 | 13 | 100 | 100 | | ||
| 100 | 100 | |
Білім алушының назарына:
-дәріс сабағында: білім алушының қатысымы, конспект түсіруі, сабақтағы белсенділігі: сұрақ, блиц-сұрау, пікірталас, тест, мәселені талдауға қатысуы және т.б. кері байланыстың болуы ескеріледі.
-семинар сабағында: әр сабаққа қатысымы, тапсырманы конспектілеуі, семинар сабағын талапқа сай орындауы, тақырып мазмұнының толық ашылуы, белсенділігі, өз тұжырымын қорғай білуі, қорытынды тапсырмаларын орындауы басты көрсеткіштердің бірі саналады;
-ОБӨЖ/БӨЖ сабағында: өзіндік жұмыс тапсырмаларын уақтында орындалуы, тезистік нұсқасының болуы, орындау формасының сақталуы, тапсырмаларды талдау және қорғау деңгейі назарға алынды.
4. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
1.Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік емтихан компьютерлік тест түрінде алынады.
2.Курс бойынша 50 тест сұрағы беріледі, әрбір дұрыс жауап 2 балмен есептеледі, максималды жауап 100 балды құрайды.
5. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (емтихан)
http://zhubanov.edu.kz/ru/pages/bilim/universitettin-akademiyalyk-sayasaty/akademiyalyk-adaldyk-erezhesi.php
6. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ (оқытушының талабы мен университеттің академиялық адалдық кодексі принциптері сақталуы тиіс).
-
сабақтан себепсіз қалмау және сабақтан кешікпеу (оқытушы сабаққа кешіккен студентті сабаққа кіргізбеуге құқылы); -
оқытушының силлабуста көрсетілген талаптарын орындау; -
тапсырманың барлық түрлерін (ОСӨЖ, диплом жобасы және т.б.) өз бетінше орындау және көрсетілген мерзімде оқытушыға ұсыну; -
ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде ұялы телефондарды қолданбау; -
оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде автордың атын көрсетіп түрлі деректерді пайдалану, пайдаланылған деректер тізімін жұмыс соңында көрсету; -
ақпаратты шынайы және сенімді көздерден алу; -
өзінің орындаған жұмысын басқа білім алушыға ұсынбау; -
жеке, туыстық және қызметтік қарым-қатынастарды пайдалану арқылы оқытушыға және әкімшілікке пара ұсынбау.
6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
Негізгі әдебиеттер
1.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2014.
2.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. – 592 б.
3.Абылхожин Ж.Б. Постсталинский период в истории советского Казахстана: череда обреченных реформ и несостоявшихся деклараций (1953 - 1991 гг.). – Алматы, КБТУ,2019. – 465 с.
4.Ерофеева И.В. Символы казахской государственности (позднее средневековье и новое время). – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 256 б.
5.Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы.-Алматы, «Сардар», 2014- 520б
6.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
7.Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016.
8.Қуандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан): Оқулық.- Алматы, 2012.-512б.
9.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б.
10.Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов: основы жизнедеятельности номадного общества. – Алматы: Горизонт, 1995. – 320 б.
11.Назарбаев Н. Ә.Тәуелсіздік дәуірі. – Астана: Атамұра, 2017. – 508 с.
12.Омарбеков Т.О.Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б.
13.Толеубаев А.Т. Раннесакская шиликтинская культура: научное издание / А. Т. Толеубаев. – Алматы: ИП "Садвакасов А. К.", 2018. – 528 б.
1-қосымша
Бағалау шкаласы
Әріптік жүйе бойынша баға | Баллдардың сандық эквиваленті | Пайыздық көрсеткіші | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | |
С | 2,0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D- | 1,0 | 50-54 | |
FX | 0,5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |