Файл: А. С. Пушкин атындаы орта мектеп кмм ыса мерзімді саба жоспары Тексерілді Таырыбы Г.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 16

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«А.С.Пушкин атындағы орта мектеп» КММ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тексерілді _______________

Тақырыбы: Гиперсілтемелер



Бөлім

IV БӨЛІМ Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау

Педагогтың аты-жөні

Абилбакиева А.Б.

Күні

10.04.2023

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Гиперсілтемелер


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер)


Сабақтың мақсаты:

Мәтіндік құжатпен жұмыс істеу барысында гиперсілтеме кірістіру командаларын орындау

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин


1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3. Оқушыларға үйлестіру сұрақтарын қою.


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.





Презентация

Сабақтың ортасы

3 мин


2 минут

4 минут


3 минут

Жаңа тақырыпты түсінідіру.

Гиперсілтеме-құжаттың өзіндегі әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің біріне сілтеме беретін гипермәтіндік құжаттың бөлігі. Гиперсілтеменің үш түрі бар:


  1. Әрекет ету аймағы бойынша

2.Форматы бойынша

3. Жағдайы бойынша

Көрсетілім. Құжатқа гиперсілтеме қою .Жұппен жұмыс

Тапсырма1. Төменде гиперсілтемелер топтамасы берілген. Төртінші бағанда гиперсілтеменің әрбір типіне сипаттама беріңіз.




Тапсырма 2.Практикалық жұмыс.

1. Жұмыс үстеліндегі Гиперсілтеме қалтасын ашып, «Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығы» атты файлды ашыңыздар.

2. Мәтіндегі «Өлеңдері» сөзін ерекшелеп, бетбелгіше орнат.

3.Құжаттың бірінші абзацындағы «ақын- жазушылық» сөзін ерекшелеп, Кірістіру- (Вставка)-Гиперсілтеме командасын орындаңыз.

4. Байланыстыру алаңындағы құжаттағы орны (Местом документе) пунктін таңдаңыздар.

5. Гиперсілтемеге (асты сызылған көк түсті мәтінге) меңзерді Ctrl батырмасын басу арқылы шертіңіздер.

6. Гиперсілтемені алып тастаңыздар.

Тапсырма 3. Бекіту тапсырмасы
Wordwall платформасындағы интерактивті ойын. Ойын шарты - бес сұрағы жалған мәнге ие, ал қалған бес сұрағы ақиқат мәнге ие.

Мұғалімді тыңдайды

Гиперсілтеме туралы анықтамасын дәптерге жазады

Керекті ақпаратты дәптеріне түртіп жазады.
Дескриптор:

-әрекет аумағы бойынша сипаттама береді; 1 балл

-форматы бойынша сипаттама береді;

2 балл

-жағдайы бойынша сипаттама береді;

2 балл


Дескриптор:

  • Бетбелгіше орнатады;

  • Гипресілтеме орнатады;

  • Нәтижені көреді;

  • Гиперсілтемені жояды;



Дескриптор:

  • Бес сұрақта жалғандығын анықтайды

  • Бес сұрақта ақиқаттығын анықтайды





Бірін бірі бағалау

3 балл

ҚБ: Бағалау таблицасы

4 балл

ҚБ: Бағалау таблицасы

3 балл



Презентация

Оқулық

Парақша

Компьютер


https://wordwall.net/resource/55019363/гиперсілтемелер

Сабақтың соңы

1 мин

Жетістік баспалдағы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.

2. Кері байланыс: «Қажетті сөздер»

Ұнады, қажет, пайдалы, білдім,

үйрендім, қызықтым, есте сақтадым

Өзін-өзі бағалау.

Бағалау парағы.




Презентация

Оқулық