Файл: 1. Оытушылар туралы млімет Жалпы дрігерлік тжірибе негіздері (ішкі аурулар) пні бойынша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 82
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ф-ОБ-012/060
1. Оқытушылар туралы мәлімет:
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері (ішкі аурулар)» пәні бойынша
Нұсқабаева Гульназ Оразбекқызы – «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, жоғары санатты дәрігер
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Артериялық гипертензия және оның асқынуларын анықтау және емдеу әдістерін жетілдіру.
Садыкова Қарлығаш Жарылқасыновна – «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының PhD, аға оқытушы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Метаболизмдік синдром»
Скендерова Шахиста Уалиханқызы - «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының магистр – оқытушысы, дәрігер-терапевт, жалпы маман дәрігері.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы –«Гепатиттердің заманауи емі және диагностикасы»
Айдарбекова Дильбар Нұрғалиқызы- «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы, дәрігер-терапевт .
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Қант диабеті 2-ші типінің таралуы, алдын алу шаралары»
Аязбекова Алима Батырқызы - «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Артериялық гипертензия және оның асқынуларын анықтау және емдеу әдістерін жетілдіру»
Ермаханова Жанар Акбарқызы - «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының магистр – оқытушысы, дәрігер-терапевт .
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы- Пневмониялар және Бронхтық обструкция синдромының диагностикасы және емдеу мәселелері.
Байланыс ақпараты:Түркістан облысы, Түркістан қ. Б.Саттарханов к., медицина факультеті, «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасы (каб.251. тел.8-725-33; 6-36-36 (ішкі 12-96)
Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері (хирургиялық аурулар) пәні бойынша
Сейдинов Шора Мусалиұлы- «Хирургиялық аурулар» кафедрасының м.ғ.д., профессор.
Аширбаева Жанар Маратқызы- «Хирургиялық аурулар» кафедрасының оқытушысы.
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, медицина факультеті, «Хирургиялық аурулар» кафедрасы (207 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 404).
Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері (акушерлік іс және гинекология) пәні бойынша
Кушкарова Айгерим Алимханқызы - магистр оқытушы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Бактериалық вагиноздың жатыр тыртығы бар жүкті әйелдерде жүктілік, босану, босанғаннан кейінге кезең ағымына әсері
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 12- ден астам жарияланымдар, оның ішінде 5 оқу-әдістемелік құралы, 7 мақала.
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (274 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1068).
Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері (балалар ауруы) пәні бойынша
Асилбекова Гүлмира Тынысбекқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 28-ден астам жарияланымдар, оның ішінде 7 оқу-әдістемелік құрал.
Ильясова Гүлнара Темірбекқызы – аға оқытушы, «Педиатрия» кафедрасының оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 32-ден астам жарияланымдар, оның ішінде 2 оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құрал.
Абласанов Аби Арғынбайұлы– оқытушы, «Педиатрия» кафедрасының оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 10-нан астам жарияланымдар
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Педиатрия кафедрасы (316 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 1282). Ұялы телефон номері – 87011370577, e-mail ablasanov 73@mail.ru
1.1 Пәннің саясаты:
Университеттің «Оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің» 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
2. Бағдарлама:
2.1. Кіріспе
1978 ж. дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматыда өткен конференциясында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің анықтамасы берілді, қажетті медициналық көмек көрсетудің экономика жағынан ең тиімді жолы деп және алғашқы медициналық көмек концепсиясының дүние жүзінің барлық денсаулық сақтау жүйесінде аса маңыздылығы айтылды. Қазіргі уақытта жалпы дәрігерлік практика кең тарады және біздің елде денсаулық сақтаудың реформалануының негізінде денсаулық сақтаудың алғашқы буынының дамуы жатыр. Алғашқы денсаулық сақтауға бағытталуы емдеумен күтімге шығынның аз шығуымен, науқастардың қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандырудың сапасының артуы және тұрғындардың денсаулық деңгейінің көрсеткіштері артып, дәрі-дәрмектерді аз қолдануымен байланысты.
Жалпы практика дәрігері көбінесе қоғамдық денсаулық сақтаудың, алдын алу медицинасының және науқастардың денсаулығын өз бетімен нығайтудың қиылысында жұмыс істейді. Егер бойында жан жақтылық, қол жетерлік қасиеті болса және науқасқа үздіксіз қызмет көрсете білсе, нақты науқасқа және көпшілікке бағытталып ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетсе кез-келген маман дәрігер жалпы практика дәрігерінің рөлін атқара алады
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойыншатәжірбиелік сабақтың, БӨЖ және ОБӨЖ сағат саны
Пәннің аты | Тәжірбиелік сабақ | БӨЖ | ОБӨЖ |
Ішкі аурулар | 90сағ. (3кр.) | 60сағ. (2кр.) | 60сағ.(2кр.) |
Балалар аурулары | 30сағ. (1кр.) | 45сағ.(1,5кр.) | 45сағ.(1,5кр.) |
Акушерлік іс және гинекология | 30сағ. (1кр.) | 15сағ.(0,5кр.) | 15сағ.(0,5кр.) |
Хирургиялық аурулар | 30сағ. (1кр.) | 15сағ.(0,5кр.) | 15сағ.(0,5кр.) |
Барлығы | 180сағ. (6кр.) | 135сағ.(4,5кр.) | 135сағ.(4,5кр.) |
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі компетенциялардың дамуына бағытталған.
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Оқытудың соңғы нәтижелері | Салыстырмалы үлестірілімі |
Б1. ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) | Б1.1. БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады (ОН1) | 0,4 |
Б2. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) | Б.2.1 КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР: -науқастармен жұмыс жасаған кезде әртүрлі жағдайда коммуникативті дағадыларды меңгергендігін көрсете алады (ОН7) Б2.2. НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: науқастардың шағымын сұрастыру, анамнез сұрастыру, физикальды зерттеу жүргізу, қосымша зерттеу жоспарын тағайындайды (ОН8); зерттеу нәтижелерін талдап, дифференциялық диагностика жасап, диагноз қоя алады (ОН9); емдеу жоспарын жасап, әр түрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып, оның тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі (ОН10) Б2.3. МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді (ОН11) Б2.4. АЙҒАҚТЫ МЕДИЦИНА: Айғақты медицина қағидаларын түсінеді (ОН12) | 0,6 |
2.2. Пәннің мақсаты: жалпы дәрігерлік тәжірибеде кеңінен тараған жағдайлардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және динамикалы бақылаудың жалпы принциптері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру.
2.3. Оқыту міндеттері:
-
Медициналық-санитариялық алғашқы жәрдемді (МСАЖ) ұйымдастыру жағдайында халыққа медициналық көмек көрсету үшін кең тараған жағдайларда студенттерді негізгі емдік-диагностикалық араласуларға, принциптерге, әдістерге үйрету; -
Студенттерді амбулатория жағдайында кең тараған ауруларды динамикалық бақылаудың негізгі принциптеріне, адам мен отбасында салауатты өмір салтын қалыптастыру принциптері мен әдістеріне үйрету; -
Тұлғамен араласу және науқастарға кеңес беру машықтарын жетілдіру.
2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелері:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі) |
Б1. Б1.1 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) -БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: | Білім (когнитивті) домені: Қолдану: Әлеуметтік мәні бар аурулардың ерте диагностикасы, алдын алу принциптері, қауіп факторларын анықтауда игерген және пререквизиттерден алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: Презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру: Болашақ маман ретінде, дәрігер - медициналық басылымдар мен әдебиеттерде, интернет-ресурстарда ғылыми деректердің құндылықтарын үйлестіре алады. |
Б2. Б2.1. Б2.2. | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) Б2.1. КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР: Б2.2. НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ: | Білім (когнитивті) домені: Қолдану: Науқастармен қарым қатынаста этикалық принциптерді қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру: Коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіре алады. |
Б2.3. | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) КОММУНИКАТИВТІ Б2.3. МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: | Білім (когнитивті) домені: Есте сақтау: ЖПД тәжірибесінде кеңінен тараған аурулардың алдын алудың негізгі принциптерін және халықтың денсаулығын нығайту шараларын есте сақтайды. Түсіну: кеңінен тараған ауруларды амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін түсінеді. Қолдану: амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинауда, амбулаториялық жағдайда науқасты қарау арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қоюда білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: науқастың жай-күйін бағалауда білімді қолдана отырып тиісті іс-әрекеттердің дәйектілігін дұрыс ұйымдастыра алады. |
Б2.4. | ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) КОММУНИКАТИВТІ Б2.4. АЙҒАҚТЫ МЕДИЦИНА | Білім (когнитивті) домені: Түсіну: Айғақты медицина анықтамасын, кеңінен тараған ауруларды амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың, емдеу мен тексеру жүргізудің дәлелмен нақтылап жүргізу принциптерін түсінеді. Қолдану: Пәнді дұрыс игеру үшін дәлелді медицина бойынша, науқастарға кеңінен таралған ауруларын амбулатория жағдайында тексеру, диагностикалау барысында нақты дәлелденген принциптерді қолдана алады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру:, айғақты медицина кезеңдерін және заңдылықтарын, ережелерін, коммуникациялық дағдылар мен нақты ауруға қатысты іс шаралар принциптерінің құндылыктарын түсіндіріп үйлестіре алады. |
2.5. Пәннің алғы және кейінгі реквизиттері:
2.5 Пәннің алғы реквизиттері: тұлғааралық коммуникация психологиясы, мамандыққа кіріспе, медициналық этика және коммуникативті дағдылар, айғақты медицина негіздері, ішкі аурулар негіздері, балалар аурулары негіздері, хирургиялық аурулар негіздері, акушерия іс және гинекология негіздері.
2.5 Пәннің кейінгі реквизиттері: жоқ.
2.6. Пәннің қысқаша мазмұны
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» (ішкі аурлар) пәні ішкі ағза ауруларының этиологиясын, патогенезін, жіктемесін, клиникалық көріністерін, синдромдық диагностикасын, диагнозды дәлелдеу үшін қолданылатын зерттеу әдістерін оқытады. Айғақты медицина тұрғысынан тиімді емдеу принциптерін үйретеді. Сауығу критерийлерін, болжамын, алдын-алу шараларын оқытады.
Жүкті әйелдерді амбулаториялық жағдайда жүргізу. Амбулаториялық жағдайдажүктілік диагностикасының алгоритмі. Қауіп тобын анықтау. Жүктілердегі ерте гестоздарды және гипертензиялық жағдайларды диагностикалау. Гестоз кезіндегі ЖТД іс әрекеті. Түсік қаупі. Жүктілік кезіндегі қан кетулер. Жүктілерді госпитализациялауға көрсеткіштер.
Босанған әйелдерді амбулаториялық жағдайда жүргізу.Сүт бездерінің жағдайы және босанған әйелдердегі жатырдың субинволюциясы. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетулер мен маститтің алдын алу шаралары.
ЖДП жұмысындағы әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулар. Әйел жыныс мүшесі қабыну ауруларының тиімді диагностикалау ұстанымдары. Зертханалық диагностиканың минимальды скринингі. МЖЖС жағдайында емдеу протоколы. Профилактикалық мониторинг. Уақытша жұмысқа жарамсыздық мерзімі. Балалық және жеткіншек шақтағы жыныс мүшесі қабыну ауруларының ерекшелігі.
Етеккір қызметінің бұзылысы. Әртүрлі жас кезеңіндегі етеккір қызметінің бұзылысы. Перименопауза және менопауза. Климактериялық бұзылыстар.
Жанұяны жоспарлау сұрағы бойынша кеңес беру.Жанұяны жоспарлау сұрағы бойынша кеңес берудің негізгі ұстанымдары. Контрацепция әдістері. Көрсеткіш және қарсы көрсеткіштері. Гормоналды контрацептив қолданатын пациенттерді бақылау ұстанымдары. Жеткіншектердегі, босанған әйелдердегі және соматикалық аурулары бар әйелдердегі контрацепция ерекшелігі.
Хирургиялық аурулар бойынша жалпы практика дәрігерінің практикасында кеңінен тараған жағдайлардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және динамикалы бақылаудың жалпы принциптері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру.