Файл: 1. Тмендегі берілген шамалар арасындаы туелділіктерді формула арылы жазыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 42

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа

1.

Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:

a) Ауданы 63м2 болатын тіктөртбұрыш енінің ұзындығына тәуелділігі;

b) 100 қалам сатып алғанда заттың құнының оның бағасына тәуелділігі;

c) Шаршы периметрінің оның ұзындығына тәуелділігі;

d) 50 км арақашықтықтағы жылдамдықтықтың уақытқа тәуелділігі.

Жазған формулалардың ішінен тура пропорционалдық бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз.

[3]

2. Санжар 10 км/сағ жылдамдықпен велосипедпен, ал Мадияр 5 км/сағ жылдамдықпен жаяу жүрді.

    1. Санжардың, Мадиярдың 1 сағатта, 2 сағатта, 3 сағатта жүрген жолдарын есептеп, кесте сыз

    2. Санжардың, Мадиярдың жүрген жолдарын графиктерін бір координаталық жазықтықта салыңдар

    3. Қай график жоғары, қай график төмен орналасты? Не себепті?

[3]

3. Өзен жағасындағы бір пункттен әр түрлі уақытта шығып, бір бағытта жүзген ескекті қайықтың және байдарканың қозғалыс графиктері берілген. АВ- ескекті қайықтың қозғалыс графигі. CD- байдарканың қозғалыс графигі. Сұрақтарға жауап беру арқылы есепті шығарыңыз.

    1. Ескекті қайықтың жылдамдығы сағатына неше км?

    2. Байдарканың жылдамдығы сағатына неше км?

    3. Өзен жағасындағы пункттен байдарка ескекті қайықтан неше сағаттан соң шықты?

    4. Байдарка неше сағат жүзген соң ескекті қайықты қуып жетті?

    5. Олар өзен жағасындағы пункттен неше км қашықтықта кездесті?

[4]


4. В(2; –3) нүктесінен өтетін және тура пропорционалды болатын графикті салыңыз. Суретті пайдаланып, графиктің формуласын жазыңыз.

[2]

«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

IІ нұсқа

1.

Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:

a) Ауданы 80 м2 болатын тіктөртбұрышты паралелепипед көлемінің биіктікке тәуелділігі;

b) Заттың құны 600 тг болатын, заттың бағасының оның санына тәуелділігі;

c) Шаршы периметрінің оның ұзындығына тәуелділігі;

d) 100 км арақашықтықтағы жылдамдықтықтың уақытқа тәуелділігі.

Жазған формулалардың ішінен тура пропорционалдық бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз.

[3]
2. Санжар 12 км/сағ жылдамдықпен велосипедпен, ал Мадияр 6 км/сағ жылдамдықпен жаяу жүрді.

  1. Санжардың, Мадиярдың 1 сағатта, 2 сағатта, 3 сағатта жүрген жолдарын есептеп, кесте сыз

  2. Санжардың, Мадиярдың жүрген жолдарын графиктерін бір координаталық жазықтықта салыңдар

  3. Қай график жоғары, қай график төмен орналасты? Не себепті?

[3]
3. Баланың велосипедпен қозғалысының графигін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:

a) Графикте бала қанша уақыт жолда болған?

b) Бала қанша уақыт орнында тұрған?

c) Қозғалыстың әр бөлігінде баланың жылдамдығын тап

d) Баланың ең үлкен жылдамдығы қандай болған?

e) 20-шы секундтан 50-ші секундқа дейін бала қанша жол жүрген?


[4]





4. F(-3; 5) нүктесінен өтетін және тура пропорционалды болатын графикті салыңыз. Суретті пайдаланып, графиктің формуласын жазыңыз.

[2]