Файл: Физика пнінен блім бойынша жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 10сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 2224

Скачиваний: 35

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Термодинамиканың бірінші заңын қолданады.

Газда өткен процеске сәйкес өрнекті қолдануда, ауаның температурасын анықтауда, термодинамиканың І- заңының физикалық мағынасын түсіндіруде, термодинамиканың І заңын адиабаталық процесс үшін жазуда, ауа температурасының өзгерісін түсіндіруде қиналады.

Газда өткен процеске сәйкес өрнекті қолдануда/ ауаның температурасын анықтауда/ термодинамиканың І- заңының физикалық мағынасын түсіндіруде/ термодинамиканың І заңын адиабаталық процесс үшін жазуда/ ауа температурасының өзгерісін түсіндіруде қателіктер жібереді.

Газда өткен процеске сәйкес өрнекті қолданады, ауаның температурасын анықтайды, термодинамиканың І-заңының физикалық мағынасын түсіндіреді, термодинамиканың І заңын адиабаталық процесс үшін жазады, ауа температурасының өзгерісін түсіндіреді.

Газ заңдарын графиктік есептер шығаруда қолданады

Карно циклінің өрнегін қолдануда, идеал жылу машинасының жұмыс циклін және Карно циклдерін салыстыруда қиналады.

Карно циклінің өрнегін қолдануда/ идеал жылу машинасының жұмыс циклін және Карно циклдерін салыстыруда қателіктер жібереді.

Карно циклінің өрнегін қолданады, идеал жылу машинасының жұмыс циклін және Карно циклдерін салыстырады.

«Сұйық және қатты денелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқумақсаттары 10.2.4.1 Гигрометрдің және психрометрдің көмегіменауаныңсалыстырмалы ылғалдылығын анықтау

        1. Сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әртүрлі тәсілдермен анықтау

        2. Әртүрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату

        3. Серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау
Бағалаукритерийі Білімалушы

  • Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының физикалық мағынасын сипаттайды

  • Сұйықтың беттік керілу коэффициентін есептейді

  • Кристалл және аморф денелердің айырмашылығын түсіндіреді

  • Қатты заттың механикалық қасиетін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері


Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырмалар


1.

  1. Шық нүктесі ұғымына анықтама беріңіз.

  2. Неліктен метеорологтар жауын-шашынның түсуін болжау кезінде дәлірек ақпарат алу үшін шық нүктесін қолданатынын түсіндіріңіз.

  3. Ауаның температурасы 200С, шық нүктесі 100С. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын есептеңіз.




  1. Пипетка көмегімен 3,6 г майдан 304 тамшы алынды. Пипетка ұшының диаметрі 1,2 мм. Майдың беттік керілу коэффициентін анықтаңыз.




  1. Кристалл және аморф денелердің үш айырмашылығын көрсетіңіз.




  1. Сым вертикаль бағытта бір ұшынан бекітілген. Екінші бос ұшына жүктерді арттыра отырып іледі, сол кездегі сымның созылуы төменде кестеде берілген.




Жүк/Н

0

2,0

4,0

6,0

7,0

8,0

9,0

10,0

10,5

Созылу/мм

0

1,2

2,4

3,6

4,2

4,9

5,7

7,0

8,0




    1. Сымға әсер етуші күштің сымның созылуына тәуелділік графигін сызыңыз.


    1. Өз графигіңізден Гук заңы орындалатын аумақты белгілеңіз.

    2. Созылмаған сымның ұзындығы 1,6 м, көлденең қимасының ауданы 8,0 108м2. Берілген ақпараттар мен өз графигіңізді пайдаланып, осы сым үшін Юнг модулінің мәнін анықтаңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының физикалық мағынасын сипаттайды

1(a)

шық нүктесіне анықтама береді;

1

1(b)

шық нүктесінің ауа-райын болжауда қолданылуын түсіндіреді;

1

1(c)

ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды;

1

Сұйықтың беттік керілу коэффициентін есептейді

2

тамшының үзілу шартын қолданады;

1

беттік керілу күшінің формуласын қолданады;

1

беттік керілу коэффициентін анықтайды;

1

Кристалл және аморф денелердің

айырмашылығын түсіндіреді

3

кристалдар мен аморф денелердің үш айырмашылығын көрсетеді;

3

Қатты заттың

механикалық қасиетін сипаттайды

4(a)

осьтер дұрыс белгіленіп, өлшем бірлігі көрсетілген;

1

нүктелер дұрыс қойылған (мәндерге сәйкестік, нүктенің өлшемі);

1

сапалы, дұрыс сызылған жұқа сызық;

1

4(b)

графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілейді;

1

4(c)

жұмыстық формуланы қолданады;

1

графикті тиімді қолданады;

1

Юнг модулінің мәнін есептейді.

1

Жалпы балл

16

«Сұйық және қатты денелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушыныңаты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының физикалық мағынасын сипаттайды

Шық нүктесіне анықтама беруде, шық нүктесінің ауа-райын болжауда қолданылуын түсіндіруде, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауда қиналады.

Шық нүктесіне анықтама беруде/ шық нүктесінің ауа-райын болжауда қолданылуын түсіндіруде/ ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауда қателіктер жібереді.

Шық нүктесіне анықтама береді, шық нүктесінің ауа-райын болжауда қолданылуын түсіндіреді және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын дұрыс анықтайды.

Сұйықтың беттік керілу коэффициентін есептейді

Тамшының үзілу шартын көрсетуде/ беттік керілу күшінің формуласын қолдануда/ беттік керілу коэффициентін анықтауда қиналады.

Тамшының үзілу шартын көрсетуде/ беттік керілу күшінің формуласын қолдануда/ беттік керілу коэффициентін анықтауда қателіктер жібереді.

Тамшының үзілу шартын көрсетеді, беттік керілу күшінің формуласын қолданады және беттік керілу коэффициентін дұрыс анықтайды.

Кристалл және аморф денелердің айырмашылығын түсіндіреді

Кристалдар мен аморф денелердің үш айырмашылығын сипаттауда қиналады.

Кристалдар мен аморф денелердің үш айырмашылығын сипаттауда қателіктер жібереді.

Кристалдар мен аморф денелердің үш айырмашылығын дұрыс сипаттайды.

Қатты заттың механикалық қасиетін сипаттайды

Серпімділік күшінің созылуға тәуелділік графигін сызуда, графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілеуде, Юнг модулінің мәнін анықтауда қиналады.

Серпімділік күшінің созылуға тәуелділік графигін сызуда/ графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілеуде/ Юнг модулінің мәнін анықтауда қателіктер жібереді.

Серпімділік күшінің созылуға тәуелділік графигін сызады, графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілейді және Юнг модулінің мәнін дұрыс анықтайды.