Файл: ыса мерзімді жоспары Блім Робототехника Малімні атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 128
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | Робототехника | |||
Мұғалімнің аты-жөні | Сураганова Г.М. | |||
Күні: | | |||
Класс: 5 | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Гироскопиялық датчик.Жоба құру | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.3.4.4 – гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсіндіру; 5.3.3.1 - роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау үшін бағдарламалар жасау | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсінеді. | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
Роботты тұрған орнынан 900-қа бұратын программа блоктарын құрастырады | ||||
Кейбір оқушылар: | ||||
Роботтың қозғаласына гироскопиялық датчиктер әсері туралы түсінік береді |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Өткен сабақты пысықтау. Топтық жұмыс. -Заманауи робот жайлы не айта аласың? -Роботтың дамуы біздің тіршілігімізге қалай әсер етеді? | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп,ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды. | Бас бармақ арқылы | Оқулық |
Сабақтың ортасы | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Гироскоп- өзі орнатылған дененің бұрыштық бағдарының өзгеруіне қарай бейімделуге қабілетті құрылғы. Гироскопиялық датчик роботтың айналу бұрышын немесе айналу жылдамдығын өлшеуге арналған.Датчик корпусының жоғарғы жағында екі бағыттауыш орналасқан. Сондықтан роботқа датчикті дұрыс орнату маңызды. Гироскопиялық датчиктің өлшеу дәлдігін арттыру үшін оны робот корпусына дұрыс бекіту керек.Робот қозғалысын бастар алдында гироскопиялық датчиктің ағымдағы көрсеткішін 0-ге қою керек. Әйтпесе робот қозғалғанда гироскопиялық датчик бұрылу бұрышы мен бұрылу жылдамдығын қате өлшейді. Егер қозғалыс уақытында робот сағат тіліне қарсы бұрылса, онда датчиктің өлшеу мәндері теріс болады. Ал сағат тілі бойынша бұрылса, онда өлшеу нәтижесі оң болады. Гироскопиялық датчиктің айналу жылдамдығын есептеудегі ең үлкен мән 440 градус/секундқа тең. Гироскопиялық датчиктің командалық блогы мен режимдері:
Көрсетілім. Измерение (өлшеу) режімі. Сравнение (салыстыру) режімі. Гироскопиялық датчикке енгізу және шығару мәндері. Оқулы 80-бет, 48-сурет. Гироскопиялық датчиктер өнеркәсіпте және әскери бағытта кеңінен қолданылады. Мысалы, гироскоптар әуе кемелері мен тікұшақтардың радио арқылы басқарылатын модельдерінің қозғалысын реттейді. Көлік навигациясында, көлікті басқаруда, жеңіл автокөліктер апатқа ұшырағанда қауіпсіздік жастықшаларын іске қосуда пайдаланылады. Әскери роботтардың жұмысын, сүңгуір қайықтарды басқаруды гироскопиялық датчиксіз елестету мүмкін емес. Жеке жұмыс. 1-тапсырма. Презентация , «Практикада қолдану» тапсырмасы. Дескриптор: -Роботты тұрған орнынан 900-қа бұратын программа блоктарын құрастырады. ҚБ: стикер /5 балл/ Топтық жұмыс. 2-тапсырма. -«Роботты 900-қа бұру программасындағы» блоктардың қызметіне талдау жасаңдар. Блоктардағы сандық параметрлерге ерекше назар аударыңдар. Бұл сандық параметрлерді өзгерту арқылы қандай өзгерістер жасауға болады? Дескриптор: -сандық параметрлерді өзгерту арқылы қандай өзгерістер жасауға болатындығын түсіндіреді. ҚБ: стикер /3 балл/ Топтық жұмыс. 3-тапсырма. -Роботтың қозғалысына гироскопиялық датчиктер қандай ықпал етеді? Дескриптор: -роботтың қозғаласына гироскопиялық датчиктер әсері туралы түсінік береді. ҚБ: стикер /2 балл/ | Мұғалімді тыңдайды «Гироскоп» анықтамасын жазады «Гироскопиялық датчик» анықтамасын жазады Суретпен танысады 1-тапсырманы орындайды 2-тапысманы орындайды 3-тапсырманы орындайды | Стикер 5 балл Стикер 3 балл Стикер 2 балл | Жұмыс дәптері Жұмыс дәптері Карточка карточка карточка |
Сабақтың соңы | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: барлығын түсіндім менде сұрақтар қалды | Өзін-өзі бағалау. | | |
Үй тапсырмасы | Тақырыпты оқып келу | | | |
Бөлім | Робототехника | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Сураганова Г.М. | |||
Класс: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы: Гироскопиялық датчик. Бұрыштық ауытқуды анықтау | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.3.4.4-гироскопиялық датчик жұмыс істеу принципін түсіндіру; 5.3.3.1-роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау үшін бағдарламалар жасау; | |||
Сабақ мақсаттары | Гироскопиялық датчикпен таныстыру.Олармен жұмыс жасауды үйрету. Бұрыштық ауытқуды анықтау,жұмыс жасау. | |||
Сабақ типі | Жаңа білімді меңгеру және алғашқы бекіту, жаңа мәліметті бекіту | |||
Бағалау критерийлері | Оқушылар
| |||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: - робототехника; -датчик; -гироскопия; -бұрыштық ауытқу. | |||
Құндылықтарды дарыту | Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту. Жаңа заман бейімделу мен даму | |||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта,бейнекөрсетілім | |||
Бастапқы білім | Роюототехника тарихы және перспективалары | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен амандасу,түгендеу Психологиялық ахуал: «Робот биі» Оқушылармен билеу Ө ткен тақырып еске түсіру: | видео слайд1 | ||
Сабақтың ортасы 25 минут | ІІ.Жаңа сабақ Тақырыпты ашу: «Пазлды құрастыр» ойыны www.jiqsawplanet.com веб-сайтында Қалыптастырушы бағалау:жұлдызшалар Жаңа тақырыпты түсіндіру. «Бейнекөрсетілім» Оқушылардан видеодан көргендері туралы сұрау. 1.Бейнероликте не көрдік? 2.Гироскопиялық датчик қандай қызмет атқарады екен? Қалыптастырушы бағалау:жұлдызшалар Гироскопиялық датчик (Gyro Sensor) Негізгі қызметтері: – иілу бұрыштарын өлшейді; – градус, секунд бойынша айналу жылдамдығын өлшейді.
Гироскопиялық датчиктен ақпарат алуда Күту блогының екі параметрі айқындалған: А. Бағыт Б. Градустар саны – бағдарламаны іске қосқаннан бастап градустардың санын өлшейді. Бағыт параметірінің үш түрлі күйі бар: А. Үлкею (Increase). Б. Кішірею (Decrease). В. Әр түрлі (Any). Мәліметтерді дәптерге жазу. Гироскопиялық датчик программа жазуды түсіндіру. «Бейнекөрсетілім» Практикалық жұмыс: 1.Программа құру Қалыптастырушы бағалау: жұлдызшалар | www.jiqsawplanet.com Бейнекөрсетілім слайд | ||
Сабақтың соңы 10 минут | Бекіту сұрақтары: 1.Гироскопия сөзінің мағынасы? 2.Гироскопиялық датчик қолдану мақсаты? 3.Гироскопиялық датчик негізгі міндеті? 4. Күту блогының неше параметрі бар? 5.Бағыт параметрінің үш күйін ата: Қалыптастырушы бағалау:жұлдызшалар Кері байланыс: Жетістік баспалдағы Рефлексия: | |
Бөлім | Робототехника | Класс: 5 |
Мұғалім: | Сураганова Г.М. | Қатысқан: Қатыспаған: |
Сабақ тақырыбы: | Бұрылыс дегеніміз не? Бір орындағы бұрылыс: Моторларды Тәуелсіз басқару блогы. | |
Жалпы мақсат: | Моторларды Тәуелсіз басқару блогын және оның баптауларын оқу, роботтың әртүрлі бұрыштарға бұрылу механизмдерін зерттеу, берілген градустарға роботтың бұрылуына арналған бағдарлама жазу. | |
Сілтеме: |
| |
Оқу нәтижесі: |
қызығушылықтары артады. | |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, «LEGO Digital Designer», «LEGO MINDSTORMS EV3 Home Edition», easyQuizzy бағдарламалары, тұсаукесер | |
Оқыту әдістері: | Диалог, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ, СТО | |
Дерек көздері: | Тұсаукесер, видео, ғаламтор | |
Тапсырмалар: | жеке жұмыс, ғаламтормен жұмыс, практикалық жұмыс |
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Кезеңдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин |
| Амандасады, шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне допты лақтыру арқылы тілек айтады. «Сәттілік серік болсын!», «Арайлап атсын әр таңың!», «Баршаңызға мейірімділік тілеймін!»т.с.с. |
ІІ. Білу 10 мин | Қолдан жасаған роботтарын таныстыру | Оқушылар жасаған модельдеріне мағлұмат береді |
ІІІ. Түсіну 6 мин | Модуль-3, сабақ 1, тұсаукесер 3.1. қарайды, өз беттерімен түсінеді. Бір орында бұрылу Бұл сабақта біз бір орында бұрылуды қарастырамыз. Робот алға немесе кері қозғалмайды, бір орында тұрады және оңға не солға бұрылыс жасайды. Бұл тапсырманы шешу үшін біз өзімізге жақсы таныс Рульдік Басқару блогын пайдаланамыз, ол роботтың екі доңғалағына жалғанған екі үлкен моторды басқаруға мүмкіндік береді. Бұрылыстар: моторларды Тәуелсіз басқару блогы Робот екі мотордың көмегімен қозғалысқа келеді. Сіз ол моторларға әр түрлі қуаттылық бере аласыз.
Моторларды Тәуелсіз басқару блогының ерекшелігі – ол екі моторды бір уақытта басқара алады, бірақ әр мотордың қуаттылығы жеке-жеке қойылады, яғни әр түрлі болуы мүмкін. | Модуль-2, сабақ 4, тұсаукесер 2.4. қарайды, өз беттерімен түсінеді, мысалдарды қарайды. |
ІV. Қолдану 15 мин | «LEGO Digital Designer», «LEGO MINDSTORMS EV3 Home Edition» бағдарламаларында жұмыс жасайды. | Практикалық тапсырма: 1-тапсырма. Сізге төмендегі әрекеттерді орындау қажет:
3. Рульдік Басқару блогын Старт блогына қосыңыз. 4. Осы блоктағы бағытты анықтайтын санды таңдаңыз. Солға бұрылу үшін мәнді 66-ға өзгертіңіз. Көріп тұрғаныңыздай, бағыттаушы сызықтың суреті енгізілген мәнге сәйкес өзгереді. Қуаттылығы 44 тең болсын. Порттарды тексеріңіз, В және С порттарына екі үлкен мотордың қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Нәтижені тексеру үшін роботтағы бағдарламаны сақтаңыз, жүктеңіз және жіберіңіз. 2-тапсырма. 1. Жаңа бағдарлама құрыңыз және оны «Blok_Tank» деп атаңыз. 2. Моторларды Тәуелсіз басқару блогы суретте бейнеленген. 3. Моторларды Тәуелсіз басқару блогын әкеліп СТАРТ блогына қосыңыз. Бұл маневрларды орындауда басымдық береді. 1. Сол жақ мотордың қуаттылығы. 2. Оң жақ мотордың қуаттылығы. Сол жақ моторын алға қарай бағыттау үшін қуаттылығын 50-ге тең етіп қойыңыз. Ал оң жақ моторды кері қарай бағыттау үшін қуаттылығын 50-ге тең етіп қойыңыз. Нәтижесінде, робот бұрылысты бір орында тұрып жасайды. Порттарды тексеріңіз, В және С порттарына екі үлкен мотордың қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Нәтижені тексеру үшін роботтағы бағдарламаны сақтаңыз, жүктеңіз және жіберіңіз. |
V. Сергіту сәті 2 мин | «Роботтар» биін көрсету | Би қимылдары арқылы бойларын сергіту |
VІ. Жинақтау 5 мин | Сабақ бойынша қойылған сұрақтарға ауызша жауап беру. Сұрақтар.
| Сұрақтарға ауызша жауап береді |
VІI. Бағалау 2 мин | Оқушылар бір - бірлерінің жұмыстарын бағалайды. | Бір-бірлерінің жұмыстарын бағалау |
VIII. Кері байланыс 2 мин | Аты:_____Сабақ не туралы болды?____ Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Бұл сабақта мен үшін не қиын болды? ___________________________________ Бұл мен үшін неге қиын болды? ____________________________________ Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім/еңсере алмадым? | Карточканы толтырады, сұрақтарға жауап береді |
IХ.Үйге тапсырма 1 мин | Тұсаукесерді қарап, оқып келу. | Үй тапсырмасын жазып алады |