Файл: Орындалан жмыс мазмны жне клемі Ісшаралар жне оларды саны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні | Орындалған жұмыс мазмұны және көлемі | Іс-шаралар және олардың саны | Баға | Тәжірибе жетекшісінің Қолы |
17.04.23 | Мен Оспанова Диляра, ''Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы жоғарғы мемлекеттік медициналық колледжінің''4сдА тобының студенті, «Терапиядағы мейіргер ісі» бойынша, тәжірибеден өту үшін «Семей қаласының №1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК сағат 8:20 да келдім. Ең бірінші тәжірибе жетекшісімен таныстым. Біздің ментор Оспанова Л.Х. Тәжірибеден өтуге арналған анықтама қағазды бердім. Тәжірибе жетекшім мені аурухана ішімен,құрлысымен,құрлымымен, таныстырды: Қабылдау бөлімі: жоспарлы және шұғыл түрде қабылдау, зертхана, физиотерапиялық ем шара бөлімі, балалар бөлімі, гинекология бөлімі, неврологиялық бөлім мен терапия бөлімі бар. Танысып білгеннен кейін, қауіпсіздік ережесімен бірге ішкі тәртіптіпен де таныстырды. Мені бүгін қабылдау бөліміне бөлді. Ең бірінші қолымызды гигиеналық деңгейде №111 бұйрық еуропалық стандартына сәйкес EN – 1500 қолымды өңдедім. Қабылдау бөлімінің аға мейірбикесі Алдажуманова Т.К. танысып, жұмыс барысын түсіндірді. Қабылдау бөлімі - тіркейтін, қабылдайтын, біріншілік қарау мен антропометрия жүргізетін, келіп түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізетін және квалифицирленген медициналық көмек көрсететін маңызды емдік-диагностикалық бөлімше. Қабылдау бөлімінің негізгі атқаратын қызметтері: -Науқастарды қабылдау және тіркеу; -Науқастарды дәрігерлік қарау; -Шұғыл медициналық көмек көрсету; -Стационарға госпитализацияға жіберілетін науқастардың бөлімшелерін анықтау; -Науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізу; -Сәйкес келетін медициналық құжаттарды дайындау; -Науқастарды тасымалдау. -Қабылдау бөлімшесі бірінші қабатта орналасады. Науқастарды қабылдауға арналған оқшауланған ыңғайлы есік болады. 10:45те науқасты қабылдадық. Құжат аты-жөні: Табиғатов Ерболат ЖСН: 791107400241 Мекен-жайы: Юность 51/18 Телефон номері: 87764943613 Туысының телефон номері: 87478535823 жұбайы Динара. Полигон құжаты бар. Бой/ салмағы: 1.58/ 75кг Боткин ауруымен ауырмаған. Қант диабеті жоқ. Аллергия жоқ. АҚ, сатурация, температура: 140/90; 95/98; 36.5. Жалпы бүгін түске дейін жоспарлы қабылдауға 6 науқас келіп түсті: Каримова Ғалия гинекология бөліміне, Табиғатов Ерболат терапия бөліміне, Тотаев Талапкер терапия бөліміне, Касенова Айнұр неврология бөлімі, Жексембаев Алимхат неврология бөлімі, Магзумова Асылым гинекология бөліміне қабылдадым. Тәжірибе уақыты аяқталып сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым. | Қол жуу-12 рет. АҚҚ өлшеу - 6 рет. Бой өлшеу – 6 рет. Дене салмағын өлшеу – 6 рет. Сатурация бағалау – 6 рет. Дене температурасын өлшеу – 6 рет. | | |
Күні | Орындалған жұмыс мазмұны және көлемі | Іс-шаралар және олардың саны | Баға | Тәжірибе жетекшісінің Қолы |
18.04.23 | Мен тәжірибеге сағат 8:25те келдім, киімдерімді ауыстырдым. Бүгін мен тәжірибе жетекшімнің айтуы бойынша, Қабылдау бөлімінде болдым. Аға медбикенің нұсқауымен берілген тізім бойынша науқастарды БЮРО порталмен КМИС бойынша тексердім. Тізімде:
АҚҚ – 130/90; сатурация 92/95; температура 36,5. Бой/ салмақ: 1.70/85кг Болыс Нұрбол 891220300113, Зарипханов Елдос 740814280305, Орынбасарова Айжан 791107400241, Зәрубек Талапкер 980728350196. Қабылдау бөлімінің негізгі құжаттары:
Қабылдау бөліміне науқастар мынандай тәсілдермен әкелінуі мүмкін: 1) жедел жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, мертігулерде, жедел ауруларда және созылмалы аурулар өршігенде); 2) бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен (үйде емдеу нәтижесіз болғанда) – жоспарлы жатқызу; 3) басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден ауыстыр ақылы (әкімшіліктің келісімімен); Қабылдау бөліміне пациентті қабылдау ережелері мен тәртібің. Науқасты ауруханаға қабылдау Қажет заттар: «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы. Ауруханаға жататын науқастың медициналық картасы /Ф-003у/, дене қызуын белгілейтін қағаз. Іс- әрекеттер : 1.Ауруханаға жатуға қажетті құжаттардың түгелдігін тексеріңіз. 2.«Науқасты қабылдау және қабылдаудан бас тарту есебі» журналы құжатына, дәрігер қарап болған соң, тіркестіріп жазыңыз. 3.«Науқасты қабылдау және қабылдаудан бас тарту есебі» журналына енгізіледі. 4. Ауруханадағы науқастың медициналық картасының паспорт бөлімін толтырыңыз. 5.Алынған мәліметті (антропометрия өлшемдерін) аурухана тарихына жазыңыз. 6.Шпательмен жұтқыншақты тексеріп, науқастың түкті жерлерін қараңыз.(Егер бит шықса, оған қарсы шаралар жүргізіңіз. Ф-058 хабарлама қағазын толтырыңыз.) 7.Науқастың жағдайының ауыр-жеңілдігіне байланысты санитарлық тазалауды (дәрігердің тағайындауымен) жүргізіңіз. 8. Науқасқа аурухананың киімдерін кигізіп, жатқызылған бөлімшедегі палатаға алып барыңыз. | Қол жуу-10 рет, КМИС бойынша тіркеу – 5 рет. АҚҚ өлшеу – 5 рет. Бой өлшеу – 5 рет. Дене салмағын өлшеу – 5 рет. Сатурация бағалау – 5 рет. Дене температурасын өлшеу – 5 рет. | | |
Күні | Орындалған жұмыс мазмұны және көлемі | Іс-шаралар және олардың саны | Баға | Тәжірибе жетекшісінің Қолы |
19.04.23 | Мен тәжірибеге сағат 8:30да келдім, киімдерімді ауыстырдым. Бүгін мен қабылдау бөлімінде жұмыс атқардым, келген науқастарға антропометрия жүргіздім. Тізім бойынша: Кунафин А бой/салмақ – 1.73/60кг; Карибаева А 1.60/55, Төлеуғажина П 157/53, Омарова К 1.69/50, Жанахметов С 1.76/62, Манапов Д 1.64/60, Ескендір Д 1.73/ 82, Сакенова А 1.57/77, Серікханова Г , Қабдоллаев Е. Ең бірінші дәрігер тексеріп алды, сосын мен іске кірістім: Дене салмағын анықтау кезіндегі іс-шаралар алгоритмі. Жабдықтау: · салмақ өлшейтін құрал · клеенка · қолғап · ауру тарихы. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. 2.Пациентке келесі жағдайларды ескертіңіз: а)зерттеу аш қарында жүргізіледі б) ішек пен қуықты зәр мен нәжістен босатқан жөн 3.Панель үстінде орналасқан бекітпені ашыңыз, панельдің оң жағында орналасқан бинтпен салмақ өлшегішті ретке келтіріңіз, өлшегіштің деңгейі өлшегіш панелінің сол жақ қабырғасында орналасқан бақылаушы тараумен сәйкес келу керек. 4.Бекітпені жабыңыз, сосын пациентке өлшегіштің ортасына, клеенка үстіне тұруын ( аяқ киімсіз) ұсыныңыз немесе көмектесіңіз. 5.Бекітпені ашыңыз, планканың жылжытпасын солға қарай бақылаушы тарау деңгейімен бірдей болғанша жылжытыңыз. 6.Бекітпені жабыңыз. 7.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз. Өлшегіш алаңынан түсуіне көмектесіңіз. 8.Клеенканы зарарсыздандырып, қолыңызды жуыңыз. 9.Өлшеу нәтижесін ауру тарихына тіркеңіз. Содан кейін бой өлшедім: Жабдықтау: · бой өлшегіш · дәке · клеенка · қолғап · қабылданған құжат (дене қызуын тіркеу парағы). Іс-әрекет алгоритмі: 1.Пациентке процедураның мақсаты мен орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. 2.Өлшегіш алаңына дәкені салыңыз. 3.Өлшегіштің бір жақ қырынан тұрып, қозғалатын планканы пациент бойының болжамды өлшемінен жоғары ұстаңыз. 4.Пациентті алаңға дұрыс орналастырыңыз, аяқ киімін шешеді, жамбасы, жауырыны бой өлшегіштің планкасына жанасу тиіс, басын аздап шалқайтып, құлақ ұшы мен көздің сыртқы бұрышы бір көлденен сызық бойында болады. 5.Бой өлшегіштің планкасын бас төбесіне дейін түсіріп, шкала бойынша сантиметр санын анықтаңыз. 6.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз. Пациентке өлшегіш алаңынан түсуге көмектесіңіз. 7.Клеенканы зарарсыздандырып, қолыңызды жуыңыз. 8.Өлшеу нәтижесін құжатқа (дене қызуын тіркеу парағына) тіркеңіз Сонымен бүгінгі тәжірибе уақытым аяқталды. Әр манипуляциядан алдын және кейің қолды өңдедім. | Қол жуу-12рет, Дене салмағын өлшеу-10рет, Бой өлшеу-10рет. | | |
Күні | Орындалған жұмыс мазмұны және көлемі | Іс-шаралар және олардың саны | Баға | Тәжірибе жетекшісінің Қолы |
20.04.23 | Бүгін мен тәжірибеге сағат 8:20да келдім, киімдерімді ауыстырдым. Бүгін жасаған жұмысым аға медбикенің нұсқауымен, стационарға жолдама қағаздарын толтырдым. Келіп түскен науқас саны 8. Тексерілуге келген Сарсенхан Е, ең бірінші дәрігер тексеріп алды содан кейін мен медбикенің нұсқауымен: Сарсенхан Ерданық сатурациясын, дене температурасын өлшеп қарадым, АҚҚ өлшеу. Дене температурасын өлшеу үшін: Мақсаты: диагностикалық: ересек наукастың дене қызуын анықтау. Қолдану көрсетілімдері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу. Қарсы керсетілімдері: қолтық асты аймағының қабыну процесі, пысынаушылық, қолтық асты аймағының қызаруы. Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек. Дайындаңыз: медициналық термометрді, лотокты, салфеткаларды, сағатты, қара түсті қаламсапты, қызуды тіркейтін журналды, қызу парағын, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауға арналған ыдысты. Іс-әрекет алгорнтмі: 1.Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 2.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. 3.Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. 4.Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 35°С-тан томен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз. 5.Қолтық асты ойысын қараңыз: егерде қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады). 6.Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді). 7.Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз). 8.Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз. 9.10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарлауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз, 10.Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен). 11.Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз. 12.Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 13.Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз. 14.Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Нәтижесін қызу парағына жаздым. Сонымен бүгінгі тәжірибе уақытым аяқталды. Қабылдау бөлімшесіндегі мейірбикенің қызметтері:
Дәрігер науқасты қарап, ауруханаға жатқызу сұрағы шешілгеннен соң қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі барлық медициналық құжаттарды толтырады. Мейірбике науқастың дене қызуын өлшеп, «Науқастарды қабылдау немесе жатқызбау» журналына тіркейді. Журналға науқастың аты-жөні, туған жылы, мекен жайы, кім жібергені, жіберген мекеменің диагнозы, қабылдау бөлімінің диагнозы жазылады. «Ауруханадағы науқастың медициналық картасының» титулды бетін мейірбике толтырады.. | Қол жуу- 10рет, Дене температурасын өлшеу-8рет, Сатурация анықтау-8рет, АҚҚ өлшеу-8рет. | | |
Күні | Орындалған жұмыс мазмұны және көлемі | Іс-шаралар және олардың саны | Баға | Тәжірибе жетекшісінің Қолы |
21.04.23 | Бүгін мен ауруханаға сағат 8:30да келдім, киімдерімді ауыстырдым. Аға медбикенің рұқсатымен физиотерапия бөліміне бардым. Физиотерапия және жаттығу терапиясы бөлімі аурухананың құрылымдық параклиникалық бөлімшесі болып табылады, ол инфекциялық стационардың әртүрлі нозологиялары бар науқастарға дәрілік емес емдік көмек көрсетеді. Бөлімшеде бүгінгі физиотерапияның барлық бөлімдерінен процедуралар орындалады: төмен-орташа және жоғары жиілікті электротерапия, жарықпен емдеу, жылумен емдеу, мырыштау, магнитотерапия және ультрадыбыстық емдеу, сондай-ақ іс жүзінде қарсы көрсетілімдері жоқ және сонымен бірге барлық дерлік ауруларды емдеуде көптеген оң әсерлер беретін массаж. Бүгін жасаған іс әрекеттерім: • Тәжірибе орныма ағымды тазалау жүргіздім(Амиксидин 0,5%,кушеткаға дез.хлор 0,03%) • Пациенттерге дарсонвализация жүргізу. Дарсонвализация алгоритмі: 1. Процедура үшін "Искра -1" аппараты қолданылады. 2. Процедура алдында аппараттың жарамдылығын тексеріңіз. Ол үшін резонатордың сымын құрылғыдағы шығатын тесікке жалғап, қуатты, параметрді қосып, резонаторды құрылғының корпусына жеткізу керек ( бірнеше минуттан кейін Құрылғы мен резонатор арасында Ұшқын разряды пайда болуы керек). 3. Барлық көрсеткіштерді сол жаққа қойыңыз. 4. Процедураны бастамас бұрын дәрігердің тағайындауымен танысыңыз . 5. науқасқа процедураның барысы және оның процедура кезіндегі сезімдері туралы хабарлаңыз. 6. Қажетті пішіндегі вакуумдық электродты (саңырауқұлақ, қызыл иек, тарақ, қуыс немесе құлақ) құрылғының резонаторына салыңыз. Электродты алкогольмен өңдеңіз. 7. Байланыс ортасын терінің бетіне жағыңыз (крахмал, тальк, қуыс процедураларында – вазелин). 8. "Желіні" қосыңыз. 9. Қажетті қуат деңгейін орнатыңыз. 10. Құрылғыны қосыңыз , оны құрылғының корпусына апарыңыз. 11. Электрод пациенттің денесінде (байланыс әдісі) немесе денеден 1-2 см қашықтықта (байланыссыз әдіс) қозғалады. 12. Процедура уақыты аяқталғаннан кейін қуатты нөлге "шығарыңыз", "желіні"өшіріңіз. 13. Процедураның орындалуы туралы бағытта белгілеңіз . 14. Науқасқа келесі келу уақыты мен күні туралы хабарлаңыз. 15. Электродты ағынды сумен және сабынмен өңдеңіз, құрғатыңыз, 70% спиртпен өңдеңіз. Тәжірибе уақыты аяқталып, аға медбикеге барып белгілендім. | Қол жуу-10рет, Дарсонвализация орындау – 5рет. Ағымдағы тазалау – 2рет. | | |
Күні | Орындалған жұмыс мазмұны және көлемі | Іс-шаралар және олардың саны | Баға | Тәжірибе жетекшісінің Қолы |
22.04.23 | Бүгінгі кәсіптік тәжірибемді физиотерапия бөлімінде жалғастырдым.Бүгінгі тәжірибем барысында дәрігер көмегімен және рұқсатымен манипуляцияларды жасадым. Бүгін жасаған іс әрекеттерім: • Ағымды тазалау жүргіздім(Амиксидин 0,5%,кушеткаға дез.хлор 0,03%) • Қолды гигиеналық деңгейде өңдеп,стерильді қолғап кидім. • Коммуникативтік дағдыларды қолдана отырып науқастармен сөйлесу, • Керекті манипуляцияларды орындап КМИС толтыру, • Науқастарға Амплипульстерапия жүргізуді үйрену. Бүгін Амплипульстерапия жүргізілген науқастар тізімі: • Надирбаева Жанылгул • Зеленский Леонид • Кисс Тамара • Нигматуллина Равия • Кабина Камал • Етекпаева Лидия • Кешубаев Багдат • Токтаров Бектемис • Аманов Кабдрахман • Аманова Клавдия • Козлов Алексей • Сырттанов Кайрбек • Буламбаева Кульхан. Ауырсыну синдромына арналған амплипульстерапия алгоритмі: 1. Жұмысты бастамас бұрын аппараттың жарамдылығын тексеріңіз. 2. "Амплипульс-4", "Амплипульс-5", "Амплипульс-7"аппараттарын қолданыңыз. 3. Дәрігердің жолдамасымен танысу. 4. Процедураны жүргізуге пациенттің ауызша келісімін алыңыз . 5. Науқасқа процедураның барысы, оның процедура кезіндегі сезімдері туралы хабарлаңыз. 6. Барлық ажыратқыштардың сол жақта екенін тексеріңіз. 7. "Желі" түймесін қосыңыз. 8. Жұмыс түрін (3), жұмыс режимін (синусоидалы ), импульстік сәлемдемелерді қайталау аралығын (2-3 сек.), жиілігі (75-100-150 Гц.), модуляция тереңдігі (30%). 9. Диапазонды орнатыңыз (балалар тәжірибесінде 20 МА дейін, ересектерде 80 МА дейін қолданылады). 10. "Науқас қосулы" түймесін қосыңыз. 11. Баяу айналдыру потенциометр науқастың сезіміне байланысты ток күшін арттыру (айқын ауыртпалықсыз діріл болуы керек ). 12. Науқасты жабу. Процедура уақытын анықтаңыз (3-5 минут). 13. Уақыт өткеннен кейін потенциометрдің тұтқасын сағат тіліне қарсы бұрап , ток күшін 0-ге дейін алып тастаңыз. 14. Қалған көрсеткіштерді өзгеріссіз қалдырып, жұмыс түрін 4-ке ауыстырыңыз. 15. Ток күшін айқын ауыртпалықсыз дірілге дейін арттырыңыз. Уақытты белгілеңіз (3-5 минут). 16. Уақыт өткеннен кейін ток күшін өшіріңіз, "науқас өшірілген" батырмасы, желі. 17. Науқастың денесінен электродтарды алыңыз. 18. Науқасқа процедураға келесі келу уақыты туралы хабарлаңыз. 19. Гидрофильді тығыздағыштарды өңдеңіз. | Қолды жуу-30рет. КМИС тіркеу- 14рет. Ағымдағы тазалау – 2рет. Амплипульс терапия – 14рет. | | |