Файл: Сейдахмет Берділов атындаы орта мектебі кмм ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Сәлем беру – салтымыз
Бөлім: | 8-бөлім. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлері. Наурыз |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты | К.Е.Реймова |
Күні: | 01.03.2023 ж. |
Сынып: 6 Ә | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Сәлем беру – салтымыз |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау; 6.4.4.3 – үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану. |
Сабақтың мақсаты: | Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжай біледі. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі / Уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 минут 3 минут 3 минут | Сәлемедеу. Оқушыларды түгендеу. Үй жұмысын сұрау. Тапсырма. «Көкпар» сөзі қайдан шыққан? Мағынасын ашып, анықтама жазыңдар. Өткен тақырыпты еске түсіру. Әдісі: миға шабуыл Тапсырма. Сұрақтарға жылдам жауап бер. 1.Сүйінші деген не? 2. Сүйінші сұрап көрдің бе? 3. Сүйіншіні қандай жағдайда сұрайды? 4. Сүйіншіге не берген дұрыс? ЕББҚ бар оқушының айтуы бойынша өткен тақырыпты есіне түсіріп, сыныптасынан қолдау көреді және қарым-қатынасқа түсуі артады. Ал өзі оқушы ретінде өзіндік бағалауы жоғарылайды. | Мұғаліммен сәлемдеседі. «Көкпар» сөзінің шығу тарихы туралы ақпарат жинайды. Сұрақтарға жауап береді. Спиральді білім беру қағидатымен 5 - сыныпта өткен тақырыбына байланысты сұрақтарды жұпта талқылайды, су туралы естеріне түсіреді. | Дсекриптор:
| | ||||
2 минут Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 3 минут 9 минут | Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру. Сәлемдесу – салтымыз Мақсаты: Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжай біледі. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады. Бағалау критерийін оқушыларға болжату. Оқыту түрі: Жеке жұмыс Әдісі: Болжау Тапсырма. Мәтінді тыңдап, мәтіннің тақырыбын анықтаңдар. Таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты аттарын қан сорпа қылған қалпында кешкі екінті кезінде Көкқайнардағы Құнанбай ауылына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған ауылына кеп жетіп еді. – Қалашылар, қалашылар келеді! – Анау Абай ғой, айналайын-ай! Оқыту түрі: Жұптық жұмыс Әдісі: «Т кестесі» Мәтіндегі үстеудің мекен және мезгіл деген түрлерін ажыратып, орнына синонимдерін тауап кестеге жазыңдар.
Талқылау сұрақтары:
Мақсатқа оралу Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжай біледі. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады. Оқыту түрі:Жұптық жұмыс Әдісі: кім жылдам? Тапсырма. Оқылым және тыңдалым мәтіндеріне қатысты мақал-мәтелдер тауып айтыңдар. | Сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысады. Бағалау критерийін өздері болжап айтады, мұғалімнің көмегімен толықтырады, танысады. Мәтінді тыңдап, мәтіннің не туралы екенін анықтайды. Мәтіндегі үстеу түрлерінің мағыналық түрлерін ажыратып, орнына синонимдерін тауап кестеге жазады. | Бағалау критерийі:
Бағалау критерийі: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздерді анықтайды. Дескриптор:
| Үлестірме қағаздар | ||||
Сабақтың соңы 2 минут 1 минут | Рефлексия «Шығу парағы» әдісі. - Бүгінгі сабақта не білдіңіз? - Жаңа ақпарат алдыңыз ба? -Қандай пікір қалыптастырдыңыз? Сұрақтар арқылы кері байланыс жасалады. Үйге тапсырма: сұрақтарға жауап беріңдер. | Кері байланыс жасап, нәтиже балдарын талдайды. | Мұғалімнің қорытынды бағалауы жүзеге асырылады | Үлестірме қағаздар |