Файл: 1 жргізуші Армаысыздар,рметті стаздар мен оушылар! 2жргізуші арышкерлер мерекесіне арналан 12 суір арыш кні.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
12 сәуір – ғарыш күні
Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.
1 жүргізуші: Армаысыздар,Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Ғарышкерлер мерекесіне арналған «12 сәуір – Ғарыш күні» атты ашық сынып сағатымызға қош келдіңіздер!
1 жүргізуші: Бүгін адам баласының ғарышты бағындырған күні.
2-жүргізуші: Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден басталған. Бірақ әлі күнге дейін ғарыш құпиясы ашылған жоқ..Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбектенді.
1- жүргізуші :Соның нәтижесінде 1957 жылы 4-қазан-да тұңғыш рет ғарышқа Жер серіктері ұшырылды.
2- жүргізуші: Жердің жасанды серігі ұшырылған соң бір айдан кейін қарашаның 3 күні Лайка атты атты ит алғаш рет ғарышқа аттанды. Артынша Белка және Стрелка атты екі ит ғарышқа көтеріліп, бір тәуліктен кейін жерге аман-есен жетті.
1-жүргізуші: 1959 жылы 12- қыркүйекте Айга қарай зымыран ұшырылды.
2-жүргізуші: Восток атты ғарыш кемесімен 1961 жыл сәуірдің 12- күні ғарышқа алғаш рет КСРО азаматы Юрий Гагарин Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Ол ғарышта 108 минут болып Жер шарын 1 рет айналып шыққан болатын.
1-жүргізуші: 1963 жылы 16-шілдеде тұңғыш әйел ғарышкер, орыс қызы Валентина Терешкова ұшты.
2-жүргізуші: 1965 жылдың наурыз айында «Восход -2» кемесімен ғарышқа ұшқан Алексей Леонов ашық ғарыш кеңістігіне шыққан алғашқы адам.
1- жүргізуші: Өзі жүретін луноход аппаратын айға 1970 жылы қондырды.
2-жүргізуші:1971жылы шығарылған орбиталық станция «Салют» деп аталған.1986 жылы оның орнын «Мир» станциясы басты. 2000 жылы «Мир»-ды жаңа және өте үлкен Халықаралық ғарыш станциясы алмастырды. Әр елден ұшып келген ғарышкерлер қоныстанып, ұзақ уақыт бойы зерттеу жұмыстарымен айналыса алады.
1 - жүргізуші. Араға 30 жыл салып, Қазақтың атын шығарып, 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа көтерілді.
2– жүргізуші:Ұлы ғарышкерлеріміздің өмірінен сыр шертейік:
1-оқушы:Юрий Гагарин 1934 жылдың 9 наурыз күні Смоленск облысы, Гжатск қаласында дүниеге келген. Әкесі Алексей Иванович, ал анасы Анна Тимофеевна Гжатск ауданына қарасты Клушино ауылынан, қарапайым ауыл еңбекқорлары болған. Олар Юрийді еңбеқорлыққа тәрбиелеген. Неміс басқыншылығының қиын кезеңдерін бастан өткізе отырып Гагарин отбасы 1945 жылы Клушино ауылынан Гжатск қаласына қоныс аударған.
1949 жылы мектепті бітіре отырып, осы жылы Люберецкое училищесіне ұшқыш мамандығы бойынша түсті. Одан кейін Саратовск техникумына оқуға түседі. 1954 жылдың 25 қазанынан бастап Саратовск аэроклубында жаттыға бастайды.
2-оқушы: 1959 жылы Юрий жаңа ұшқыштар техникасына байланысты ұшқыштар қатарына үміткер ретінде өтініш - рапорт жазады. Және 18 желтоқсанда Москваның орталық ғылыми - авиациялық госпиталына денсаулығын тексеру үшін барады.
12 сәуір күні Гагарин бірінші жерден ұшуын "Восток" ғарыш кемесінде бастады. Осы ғарышқа алғаш ұшу оған Кеңес Одағының Батыры атағын алып келді. 1962 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 сәуір – ғарышкерлер мерекесі болып жарияланды. 1964 жылы Кеңес ғарыш әскерлерінің командирі болып бекіді.
1968 жылы жаттығу кезінде қайтыс болды. Кремль жанындағы Қызыл алаңда жерленген.
3-оқушы:Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы "1- Май“ совхозында дүниеге келген. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.
4-оқушы:1969ж.Армавир жоғары әскери авиация училищесінде, 1976ж.Ұшқыш-сынақшылар мектебінде, 1979ж Мәскеудің авиация институтында, 1991ж ғарышкерлер даярлайтын орталықтабілім алған. 1991 ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып тағайындалған.
5-оқушы:Ұшқыш-инженер, ұшқыш-ғарышкер, техника ғылымының докторы. Көкшетау Университетінің профессоры .Авиация генерал-майоры деген атақтардың иегері.
Еңбек жолын Теміртау заводында темір жонушы болып бастаған .Училищедегі оқуын аяқтағаннан кейін ұшқыш болып,звено меңгерушісі, авиация командирі қызметтерін атқарды.
Совет Одағының Батыры, қалық қаһарманы, КСРО-дің еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, КСРО-дің ұшқыш-ғарышкері және Қазақстанның ұшқыш-ғарышкеріЛенин орденінің, "Знак Почета", "Золотой крест", Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы атақтарына ие болған.
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.
6-оқушы:Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы 1951 жылы 7 қантарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы кентінде зиялы отбасында туған.
Ұлты – қазақ. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі. 1974 ж «Авиациялық радиожабдықтарды техникалық пайдалану» мамандығы бойынша Ленин комсомолы атындағы Ригадағы азаматтық авиация инженерлері институтын бітірді;
1990 жылдан бастап 2003 жылға дейін Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлерды дайындау Орталығында ғарышкер-зерттеуші болуға үміткер, ғарышкер-сынаушы болуға үміткер,
:1 дәрежелі ұшқыш-ғарышкер, жалпы ұзақтылығы 342 тәуліктен аса үш ұзақ ғарыштық ұшу жасады. Ашық ғарышқа жалпы ұзақтығы 11 сағат 7 минут екі рет шығыс жасады. Ұшудың ұзақтылығы 126 тәулік құрады.
7-оқушы: Үшыс уақытында ашық ғарышқа жалпы ұзақтылығы 30 сағат 8 минут 5 шығыс жасады. Ұшыстың ұзақтылығы 2008 тәулік құрады.
Өзінің еңбек және қоғамдық жұмысында авиация және космонавтика дамуына, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық және өзара тиімді әріптестіктің нығайтуына және Әлемдік космонавтика саласына зор үлес қосты. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.
- Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарының Құрметті профессоры.
- Байқоныр қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан, Ресей, АҚШ біраз облыстары, қалалары, аудандарының Құрметті азаматы;
1-жүргізуші:Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, Отандық қарулы күштердің әскери даярлығын жетілдіруге , әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Алдарыңызда көрініс «Тоқтардың ғарыштан әкелген картобы»
Ғарышта ғарышкерлер міндетін ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді
1-жүргізуші:
1 - жүргізуші
Ғарыш кемесі ұшатын ғарыш айдағы Қазақстанның Байқоңыр жерінде орналасқан «Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ..
2- жүргізуші:
- Сүрінген бабам сан рет,
Космосқа қарай барам деп.
Қойынында мылқау тірліктің,
Қандай сыр барың білем деп.
Адами қиял осылай, аспанға ұшып , әрі ұшты,
Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың.
1- жүргізуші:
- Иә, қазақтың жері ғарыштың қақпасы болды, ғарыш десе көңілге туған жер топырағы төсіндегі Байқоңыр келеді. Қазақстандағы Байқоңыр космодромнан ғарышқа самғап ұшқан халық батырлары - содан бері ғарышкерлер ғарышта болып қайтты.
2- жүргізуші:
Арайлы аңсаған асыл армандарымдай
Әлемге аян Байқоңыр
Алатау, Алтайдың жасыл ормандарындай
Кең далам менің - жайлы өңір
Саяңда Байқоңыр
Құлашын жайды өмір
Жүзіңді самал боп аймалайын
Космостың заманы
Дәуірдің жаңа әні
Қазақтың жерінен айналайын
.
1- жүргізуші:Енді, оқушылар ғарышкерлер туралы өлеңдерін оқиды.
2 - жүргізуші.
Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.
Жырға бөле әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған кешімізді аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.