Файл: Кні 10. 04. 2023 Таырыбы 12суір Халыаралы авиация жне арышкерлер кні Масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: 10.04.2023
Тақырыбы: 12-сәуір Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні
Мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту. Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер
Кіріспе.
12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз! Осы мерекеге дайындаған тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи - қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттармен енген ұлы кезеңдердің біздің халқымызға берген ең үлкен сыйы бар. Оның біріншісі, қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да, қатыгез екпініне қайыспай шыдап, «Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі, «Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген бабалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұландарының барып қайтуы еді. Осыдан тура 55 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға бірнеше жыл салып, қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады.
Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.
Негізгі бөлім.
1957 жылы ғарышқа жол 4 - қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды. Жер спутнигімен « Лайка» атты ит ұшырылды. 1959 жылы 12 қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды. 1961 жылы Мәскеу уақыты бойынша 12 сағатта бұрынғы Одақтық барлық радиостанциялар өз хабарын тоқтатып адамның ғарышқа ұшу сапарын ойдағыдай аяқталғанын хабарлады. Ғарышқа бірінші рет Мәскеу азаматы Юрий Гагарин Байқоңыр космодромынан 9 сағат 7 минутта ұшырылды. 108 минут өткенен кейін «Восток» кемесі қонды. Ағаш ұстаның баласы Юрий Гагарин сол кезде 27 жаста екен.
Т. Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. Тоқтар Әубәкіров ұшқыш болуды армандаған. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан « Союз ТМ - 13»кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылым зерттейтін жұмыстарын жүргізді. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.
Т. Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Алматы қаласындағы №58 орта мектепті бітіргеннен кейін Рига Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі. 1974 жылы Боралдайдағы азаматтық авиация жасағы болып жұмысқа орналасады. Ол ұшақ спорты бойынша « КСРО спорт шебері»атағын алып, 1984 жылы КСРО чемпионаты атанды. Азаматтық авиацияның оқу - жаттығу жасағында оқып, азаматтық авиацияның ұшқышы деген куәлік алады. Ол « АН - 2», « ТУ - 134» ұшақтарымен ұшып, оларды басқарып, тәжірибе жинақтайды. 1990 жылдың қазан айында ғарышкерлер дайындайтын орталыққа оқуға қабылданады. 1994 жылы 1 шілдеде қазақтың екінші ғарышкері Т. Мұсабаев бортинженер ретінде « Союз ТМ - 19»ғарыш кемесімен ғарышқа ұшып, сапар шекті. Ол ғарыштағы 125 тәулік ішінде екі рет кемемен шығып, кеңістіктегі күрделі мәселелерді шешті. 1996 жылдың 29 қаңтарында екінші рет ғарышқа аттанды. Ол « Союз ТМ - 27»деп аталатын ғарыш кемесін зі басқарды. 207 тәулік бойы ғарыш кеңістігінде қалықтады. Т. Мұсабаев Қазақстанға қатысты ғарыштық ғылыми - зерттеу бағдарламасын толық орындады. Оның кеудесінде « Ресей Федерациясының Батыры», « Халық қаһарманы»алтын жұлдыздармен қоса бірнеше, медальдармен марапатталған еді.
2015 жылдың 2 қыркүйегінде отандасымыз Айдын Айымбетов Байқоңырдан «Союз ТМА -18М» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Халықаралық ғарыш стансасына аттанған негізгі экипаж құрамында ресейлік ғарышкер мен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты бар еді. Кеме командирі Сергей Волков орбитада 188 тәулігін өткізсе, отандасымыз бен даниялық ғарышкер ғарышта 10 күн болды. Орбитада Айдын Айымбетов қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақ жүргізді, соның ішінде радиацияның миға әсерін зерттеді.
Сүрінген бабам сан рет,
Космосқа қарай барам деп.
Қойынында мылқау тірліктің
Қандай сыр барын білем деп,
Адами қиял осылай, аспанға ұшып, әрі ұшты,
Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың.
Сайра бұлбұл көкейден үн төгіледі,
Жырға бөле даланың әр төбесін
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер.
Көтереді қазағымның мәртебесін
Келесі кезекте жаратылыстану ғылымын тіл ғылымдарымен байланыстырсақ. Қане, сыныптастар, аспан әлемі, Күн, Ай, жұлдыздар туралы мақал-мәтелдер білеміз бе? Білсек, бір-бірімізбен бөлісейік.
(оқушылар аспан әлемі туралы мақалдар айтады)
1. Ай жарқырап күн болмас, Өтірік жарқырап шын болмас.
2. Күн құлақтанса, күрегіңді сайла, Ай құлақтанса, азығыңды сайла.
3. Ай толғанын білмес, Жігіт болғанын білмес.
4. Таразы туса, таң суиды. Сүмбіле туса, су суиды.
5. Үркер суға түссе құт, Жерге түссе жұт.
6. Жұлдыз тумай ай болмас, Жұрынды болмай бай болмас.
7. Үркер үйден көрінсе, Үш ай тоқсан қысың бар.
Үркер іңірде жамбасқа келсе, Жаз шықпаған несі бар.
Тіл өнері. Үш тұғырлы тіл үйлесімін тапқан бүгінгі Қазақстанда үш тілділік ұлттың мерейі саналады . Ендеше осы турасында да өзімізді сынап өтсек артық етпес. Яғни, сендер бұл кезеңде қазақ тілінде берілген кез-келген сөздің орысша және ағылшынша баламасын табасыңдар. Ендеше, кеттік:
1. Ауа – воздух – air
2. Ғаламшар – планета – planet
3. Ай – луна – moon
4. Жұлдыз –зведа -star
5. Уақыт – время – time
6. Жылдамдық – скорость – speed
7. Ғарыш – космос – space
8. Күн – солнце – sun
9. Жер – земля – earth
10. Аспан – небо – sky.
Қорытынды:
Сабағымызды қорта келіп, ғарыш туралы білгенімізді бір саралап, сөзжұмбақ шешуге қалай қарайсыңдар? Алдымызда «Ғарышкер» атты сөзжұмбақ. Сұрақтары:
Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т А Р
Ю Р И Й
Б А Й Қ О Ң Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й К А
З Е Р Т Т Е У
Б А Т Ы Р
1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?
Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу болды. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты - адам. Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек. Тәрбие сағатымыздың соңғы бөлімі «Сіздерден бізге бір тілек» деп аталады.