Файл: Наурыз тбереке бастауы! Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Наурыз құт-береке бастауы!

Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету.

Мұғалім: Міне жаңа өмірдің, қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көш басшысы ұлыстың ұлы күні наурызда келіп қалды.
Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы

татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!-дей отырып сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен

құттықтаймын. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған 5 «Б» сынып оқушыларының

 «Наурыз-құт,береке бастауы!» атты мерекелік іс шарасына қош келдіңіздер!
Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл болсын!

Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге, Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын!

Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!

Ендігі кезекті бүгінгі мерекелік іс шарамыздың жүргізушілеріне беремін!
1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, студенттер! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2- жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-жүргізуші:Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.
2-жүргізуші:Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен  құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.


Ендігі кезекті Әнге береміз: Наурыз көктем

1-жүргізуші:

Келді Наурыз даладай кеңдігімен,

Көк байрағы желбіреп желді күнмен.

Тәуелсіздік ұранын аспандатқан

Айналамын,Теңдігім,Елдігімнен.

Арайыңдай көрінген таңғы үміттің,

Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың.

Жарқырай бер,жер-көкте,жаса Наурыз

Ұлт достық мейрамы мәңгіліктің.

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Би:
2-жүргізуші: Қараңыздар! анау келе жатқан Қыдыр ата емес пе?
1-жүргізуші: Иә дұрыс айтасың, Қызыр ата ғой келе жатқан.
Асалаумағалекум, Ата! Наурыз тойы құтты болсын! Қош келдіңіз!
«Қызыр Ата» келеді (залдың ортасымен) келіп дастарханға жайғасады.

Қызыр ата: Уағаликумассалам, балалар, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін! Жер - ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы – Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін! Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірімге, жылылыққа шомылған, қыз - бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!

2-жүргізуші: Қадірлі жиналған қауым, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанибет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жөргегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастайтын, ерекше күн деп саналған. ..............................
(Сахнаға күн мен түн келеді. Екеуі әуенмен ары-бері жүріп тартысқандай көрініс береді)

Күн: Сәулесі мол күнмін

Түн : Жұлдызы мол түнмін.

Екеуі: Бірдей болып бізде

            Теңелеміз бүгін 

Түн: Ал ертен күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап

(Түн шығып кетеді)

Күн (халыққа қарап):

Сәлем, ана, ұстаздар,
Айналайын балалар,
Қызыр баба аман ба?
Жаса жайлы заманда
Уақыт іздеп келдім мен
Бақыт тілеп адамға,
Наурыз айы туыпты,
Әне Наурыз келеді,
Әсемдеңдер жер енді!



1- жүргізуші: ата салтын сақтай отырып, арамыздағы ел ішіне сыйлы, құрметті ақсақалымыз - Қыдыр атадан бата сұрасақ! Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арылтып келгеніңізге орай, ала келген ақ батаңыз да бар болар?
Қыдыр ата:
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Ісің ілгері, ақылың серік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын
Төрт түлік төлді болсын,
Баққандарың шелді болсын,
Ақ көп болсын,
Қайғы жоқ болсын,
Пейілдерің кең болсын,
Сапарларың оң болсын,
Мына ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Әумин!

Қыдыр ата: Қош болыңдар, балалар! Мен енді басқа ауылға барып ақ дастархандарына бата берейін. Күн мен Түн бірге шығып кетеді.


1-жүргізуші: Би
2-жүргізуші:

Ойын

Құрметті тойшыл қауым. Қазір ортаға ұстаздарымызды шақырғымыз келіп отыр. Ортаға 3 ұстаз шығуын өтінеміз.

Енді құрметті ұстаздар. Сіздерге қазір қызықты ойын ойнатамыз.

Орын алған ұстаздарға сыйлықтарымыз бар.

Сіздерге берілетін тапсырма Наурыз айы тоқшылық, молшылық айы болғандықтан, алдарыңызға келген бауырсақ пен көжені бірінші жеп тауысу. Кім бірінші тауысады сол кісі жеңімпаз.

1-жүргізуші:

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жастарымыз.

Би биледік бәріміз.

Егін өңін толқытқан,

Елдің көңілін шалқытқан,

Бас иеміз саған, Наурыз!
2-жүргізуші:

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың,- дей отыра, сыныбымыздың әншісі _______________«Мен Қазақпын» әнімен сахна төріне шақырамыз.

1-жүргізуші

Наурыз құтты болсын,

Дендеріңіз сау мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытқа кенелсін!

Еліміздің несібесі көп болсын,

1-2 жүргізуші бірге:

Қош, сау болыңыздар, халайық,

Көріскенше күн жарық болсын!
Мұғалім:
Осымен 5 «Б» сынып ұжымының ұйымдастыруымен өткен  «Наурыз-құт,береке бастауы!» атты мерекелік іс шарасы аяқталды. Қош сау болыңыздар!