Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы 10 зертханалы жмыс. Шыныны сыну крсеткiшiн анытау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: № 10 зертханалық жұмыс. «Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау»
Білім беру ұйымының атауы | «Қанай орта мектебі» КММ | | ||||||
Пәні: | физика | | ||||||
Бөлім: | 8.4 А Жарық құбылыстары | | ||||||
Педагогтің аты-жөні: | Сыдыкова Н.З | | ||||||
Күні: | 24.04.2023 | | ||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | | |||||
Сабақтың тақырыбы: | № 10 зертханалық жұмыс. «Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау» | | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.5.1.9– экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау; 8.5.1.10– сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау | | ||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: • жарықтың сыну құбылысын түсіну, қолдану дағдыларын дамыту; Көптеген оқушылар істей алады: жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтаудағдыларын дамыту. Кейбір оқушылар істей алады: сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндерімен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалай білуі тиіс. Физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау. | | ||||||
Сабақтың барысы | | |||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Сабақтың басы 10 минут Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім 10 минут Бекіту 10 минут Кері байланыс Сабақтың соңы 10 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру Тест тапсырмасы 1. Жарық көздері нешеге бөлінеді? А)дербес және шағылған жарық көздері Б)шағылу және сыну С)жылулық және плазмалық Д)люминесценциялық және плазмалық Е)жарық сәулесі және көлеңке 2.Шағылу бұрышы дегеніміз не? А)Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық Б)Шағылған сәуле мен түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш С)Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі Д)жарық шығаратын денелер. Е)толқынның екі түрлі орта арасындағы шекарада бағытын өзгертіп,алғашқы ортасына қайтып келуі 3.Айналық бет деп А) жарық шығаратын денелер Б) Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық С)түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады Д)түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралық ортаның оптикалық қасиеттерімен анықталады. Е)Шағылған сәуле мен түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш 4.Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі А)Жарықтың шағылуы Б)жарық сәулесі С)жарықтың сынуы Д)көлеңке Е)жарық табиғаты 5. n әрпі ненің шартты белгісі: А)түсу бұрышы Б)жарықтың ортадағы жылдамдығы С)жарықтың ауадағы жылдамдығы Д)сыну көрсеткіші Е)сыну бұрышы 6.Жарықтың шағылуы 2-ге бөлінеді: А)жарық сәулесі және көлеңке Б)диффузиялық және айналық С)люминесценциялық және плазмалық Д)шағылу және сыну Е)диффузиялық және жылулық Жаңа сабақ «Шынының сыну көрсеткішін анықтау». Тапсырмалар:
Жарық сәулесі қай бағыт бойынша жүрісін жалғастырады? 2. 3.1 суретте қонақ үйіндегі бассейннің қимасы кӛрсетілген. Түнде бассейнді көз тартатын етіп жасап қою үшін оның түбіне шам орналастырады. 3.1 суретте бұл шамнан шығып жатқан үш сәуле көрсетілген. (а) Жарық сәулесі үшін шекті бұрыш термині қандай мағынаны білдіретінін тұжырымдаңыз. [3] (b) Жарық сәулесінің су бетіндегі А және В нүктелерге жетіп барғаннан кейінгі жүрісін сызғышты пайдаланып 3.1 суретке мұқият сызыңыз. [4] ы:7] 3. PQ көк жарық сәулесі тік төртбұрышты шыны блоктың қабырғасына 5.1 суретте көрсетілгендей түсіп жатыр. сурет 5.1 (а) (і) 5.1 суретке PQ сәулесінің блок арқылы және оның сыртындағы жүрісін жалғастырып сызыңыз. [2] (іі) Сәуленің СD қабырғасына түсу бұрышынын i әрпімен және СD қабырғасынан сыну бұрышын rәрпімен белгілеңіз. [1] (b) Жарықтың ауадағы жылдамдығы 3.0×108 м/с және шыныдағы жылдамдығы 2.0×108 м/с. (і) Жарықтың ауадағы және шыныдағы жылдамдықтары көзқарасынан шынының сыну көрсеткішін анықтайтын формуланы жазыңыз. сыну көрсеткіші = (іі) Осы формуланы қолданып шынының сыну көрсеткішін есептеңіз. сыну көрсеткіші = ....................... [2] (с) PQ көк жарық сәулесінің жиілігі 6.0×1014 Гц. Осы жарықтың ауадағы толқын ұзындығын есептеңіз. Толқын ұзындығы = ...................... [2] 4. 6.1 суретте OPQ жарық сәулесінің жартыдӛңгелек шыны блок арқылы ӛтіп жатқаны кӛрсетілген. сурет 6.1 (а) Неліктен Р нүктеде жарық сәулесі бағытын өзгертпегенін түсіндіріңіз. ......................................................................................................................................... 1] (b) Егер жарық сәулесінің шыны блокқа өткеннен кейін жылдамдығы, толқын ұзындығы және жиілігі өзгеретін болса, қандай өзгерістер болатынын тұжырымдаңыз. .......................................................................................................... [2] (с) Q нүктеде OPQ жарық сәулесінің кейбір бөлігі шағылады және кейбір бөлігі сынады. 6.1 суретке жуықтап мұқиятпен шағылған және сынған сәулелерді сызыңыз. Сәулелерге шағылған сәуле және сынған сәуле деп жазыңыз. [2] (d) Шыныдан ауаға өткен жарық үшін сыну көрсеткіші (салыстырмалы сыну көрсеткіші) 0.67 ге тең. Q нүктесінде сынып ауаға өткен сәуленің сыну бұрышын есептеңіз. [Барлығы: 8] 5. (а) 8.1 суретте жарық сәулесінің ауадан суға өтіп жатқаны көрсетілген. Сынған сәулемен нормаль арасындағы бұрыш 400. 8.1 суретке түсу бұрышын імұқият белгілеңіз. [1] сурет 8.1 (b) 8.2 суретте көрсетілген жарық сәулесі судың ауамен шекарасына нормалмен 400 бұрыш жасап түсіп жатыр. 7.2 сурет .2 суретке жарық сәулесінің ауадағы жүрісін мұқият сызыңыз. [2]
Сәулемен су бетінде қандай құбылыс болғанын тұжырымдаңыз және неліктен болғанын түсіндіріңіз. [2] [Барлығы: 5] Жарықтың сыну заңына есептер шығару.
2.Жарық шоғы ауадан суға өтеді.Түсу бұрышы 450 , сыну бұрышы 300. Судағы жарық жылдамдығын табыңдар? Үйге тапсырма § тақырыпты қайталау | Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды Әр жұп бір тапсырмаға жауап береді, басқа жұп өз тапсырмаларын бағалайды. Дескриптор Оқушылар кері байланыс береді | Дескриптор Сұрақтарға жауап береді Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді 2-балл Дескриптор 3. Өлшеу нәтижесін кестеге жинақтайды 4. Бұрыштың мәндерін дұрыс есептейді 5. Графиктің осьтеріндегі шаманы өлшем бірліктерімен жазады 6. Графиктің градиентін анықтайды 7. Градиентті қалай анықтағанын графикте көрсетеді 8. Сыну көрсеткішінің мәнін мәнді цифрмен жазады 9. Сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстырады және эксперимент нәтижесін бағалайды Дескриптор Есептің шартын түзеді ХБЖ-ға келтіреді Есептің формуланысын түрлендіріп Есептің жауабын табады 3 бал Формативті бағалай 10 балл | ФИЗИКА 8 сынып оқулық «Дидактикалық материалдар Смайликтер |