Файл: Лекция. Антропогенез. Адам нсілдері жне оларды алыптасу жолдары. Антропогенез. Жануарлар дниесіндегі адамны орны. Антропогенезді озаушы кші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

15- Лекция. Антропогенез. Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.

 

Антропогенез. Жануарлар дүниесіндегі адамның орны.  Антропогенездің қозғаушы күші. Антропогенездің негізгі дәуірлері. Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.

     

Антропогенез - жаратылыстану ғылымдарының негізгі проблемасы- адамның пайда болуы жайлы ілім.. Адамның арғы тегі ертедегі маймылдар екендігін Ч.Дарвиннің «Адамның пайда болу және жыныстық сұрыпталу» (1871) атты еңбегінде ғылыми тұрғыдан  түсіндірді.Сонғы 40-50 жылдарда антропологияда адамның шығу тегі жайлы көптеген мәліметтер қосылды.

Жануарлар дүниесіндегі адамның орны. Адам денесінің құрылысы, симметриялы болуы Chordata типіне жататындығын айтады. Жылықандылығы, сүт бездерінің болуы, денесінің түктерінің болуы адамның сүтқоректілер (Mammalia) класына жататындығын көрсетеді. Сонымен биологиялық көзқараспен айтқанда адам – приматтар отрядына жататын сүтқоректілердің бір түрі.

Адамның пайда болуында екі көзқарас қалыптасқан. Саналы адам (Homosapiens) жер шарының  бірнеше жерлерінен табылған.

Бірінші көзқарас – гипотеза полицентризмі, екінші көзқарас – гипотеза моноцентризм. Моноцентризм гипотезасы бойынша – қазіргі адамдар Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде пайда болған. Бұл жерде ежелгі неондертальдар мен кроманьонның көптеген тұрақтары табылған. Палеонтроптар мен неонтроптардың тұрақтары Европаның оңтүстік-батыс бөлігінен табылған. Салыстырмалы морфология, эмбриология және палеонтологиялық зерттеулер адамның жалпы жануарлар систематикасында екендігін көрсетті. Өте ерте заманда-ақ адамды жануарларға туыс санаған (Анаксимен,Аристотел).  К.Линней болса оның систематикасында приматтарға қосып қойды. Адамның тарихи даму арқылы пайда болғандьны жөніндегі гипотезаны алғаш "Зоология философиясында" Ламарк жасаған болатын. Ол "адамның тегі төртқолды, жоғары дамыған жәндік" деп түсіңдірді. Ал адамның жануар текті екенін Дарвин "Адамның тегі және жыныстық сұрыптау" деген еңбетінде түбегейлі зерттеп, сенімді дәлелдеді. Оның дәлелдерінен мынаны атауға болады. 1. Адамдар мен маймылдардың қаңкаларының және де басқа органдарының ұқсастығы; 2. Мінездерінің ұқсастығы; З. Олардың эмбриондарының бастапқы кезде ұқсас болуы; 4. Рудимент органдарының да бірлігін атауға болады. Дарвин алғаш сұрыптауға сүйеніп антропогенездің қозғаушы күштерін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Осы күні адамдар мен антропоидтардың морфологиялық кұрылыстарының ұқсастығынан да басқа ұқсастықгары бар екендігі анықталды. Атап айтқанда дыбыс аппараттарының, қан топтарының, ми қыртыстарының ұқсастығы. Сондай- ақ, бірқатар биологиялық қасиеттерінің ұқсастығын да атауға болады. Мысалы, жыныстық  жетілуі кеш - 8-12 жас, жүктілік мерзімі де 9 айға жуық , тістерінің, шығуы да ұқсас, балаларын  асырауға да көп  көңіл бөледі. Шимпанзе  мен  адамдардың генетикалық  материалы  92% сәйкес келеді. Мысалы, жылқы мен  зебрдің ұқсастығы да осындай. Адамдар мен жануарларды филогенетикалық зерттеулер адамның орыны жануарлардың зоологияық систематикасында екендігін анықтады. Қазіргі адамдар түрі Гомо сапиенс, приматгар отрядына, гоминид тұқымдасына, гомоцид туысына  жатады.


Антропогенездің қозғаушы күштері. Басқа да түрлердегі сияқты антропогенездің қозғаушы куші сұрыптау болды. Эволюцияның бастапқы сатыларында сұрыптау өкілдер арасында жүрді. Нәтижесінде қарапайым құралдар жасай алатын, сол кұралдарның арқасында өзіне қорек тауып жей алатын, жауларынан қорғана алатын өкілдер ғана аман қалып отырды. Кейіннен сұрыптау объектісіне гомонидтерге тән олардың топталып тіршілік етуі , сонымен байланысты бір бірімен қарым-қатнасы ілікті. Тіршілік үшін күресте  жиналып, қорек тауып жей алатын жауларынан бірлесіп қорғана алатын топтар  ғана қалып отырды.  Жеке сұрыптау адамның  морфофизиологиялық ерекшеліктерін қалыптастырды. Атап айтсақ, жүруі, қолдары, миы сияқты белгі- қасиеттерін қалыптастарды. Топтық сұрыптау адамдардың  әлеуметтік құрылымдарының сұрыпталуын, жетілуін қамтамасыз етті. Жеке және топтық сұрыптаудың бірлескен әсерін әлеуметтік сұрыптау деп атайды. Алғашында биоәлеуметтік сұрыптау жанұя, не бірнеше жанұядан тұратын ұсақ топтарда жүрсе, кейіннен оның маштабы-ауқымы үлкен топтарға, не тайпаға ауысты. Адам эволюциясының өзіндік ерекшелігі – олардың бір тобы екінші топпен кезіккенде ылғи стресс жағдай болып тұрды. Ол Д.К. Беляевтің көрсеткеніндей популяциядағы өзгергіштікті көбейтіп, сұрыптауға материал болып отырды.

Саналы адамдардың дамуындағы еңбектің ролі. Адамдардың негізгі ерекшеліктері – орталық нерв жүйесінің дамуы, мыңдаған іс-қимыл жасауда қолдың маңыздылығы, тілдің дамуы, және тіл арқылы қоғамның пайда болуы бұл еңбектің негізгі нәтижесі. Еңбек ету үшін  құралдар қажет болды. Оны тастан, жануар сүйегінен, бұталардан жасап отырды. Сонымен адам еңбектену нәтижесінде табиғат иесі болып табылады.

 Антропогенездің негізгі этаптары.  Ол  төрт  этапта  жүрді: протоантроп,  археантроп, палеантроп  және  неантроп. Қазіргі адамға дейінгі  адам  тектерінің  аралық  формалары   палеонтологияляқ  жұмыстар да табылған жоқ. Бірақ, гоминид  филогениясы  көптеген тармақгардан  тұрғаны, олардан тек адам  дәрежесіне дейін тек адам  ғана жете  алғаны даусыз.

Дриопитектер - өте ертедегі адамның, археантроптың тектері. Олар бұдан 25 млн.жылдай алдын өмір сүрген. Олардан екі тармақ пайда болған. Олардан қазіргі екі приматтар отрядының екі тұкымдасы шыққан. Ол понгид және гоминид тұқымдастары.

Адамның жақын тектері осы дриопитектер болған. Себебі қолдары иығында тек ағашта тіршілік еткен жәндікте ғана айналуы мүмкін. Сондай-ақ адамдар мен маймылдарда ғана, ағашта тіршілік ететін сүтқоректілерге тән, алақандары мен табандарында өрнектері бар. Көздерінің алдына қарауы да, олардың ағашта тіршілік еткендерінің белгілері. Олардың төлшілдігінің аздығы да ағаш басында тіршілік еткенінің дәлелі. Кейіннен понгидтер ағашта тіршілік етіп дамыса, гоминидтер жерге түсіті. Осы гоминидтер тұқымдасынан австралопитектер пайда болған тармақ бөлініп шыққан.



Протоантроп сатысы. Есептеулер бойынша 1 млн.750 мың жыл алдын өмір сүрген. Олар тік жүрген, ми көлемі 530 см кубтай болған. Олар дәл қазіргі адамдар тегі ме , жоқ па, ол әлі белгісіз.

Археантроп сатысы. Бұл питекантроптар бұдан 1-1,3 млн. жыл алдын өмір сүрген. Ми көлемі 800-1200 см кубтай болған. Тек анатомиялық белгілерін зерттеу адамның пайда болуын түсіндіре алмайды. Адам пайда болуда олардың еңбек қызметінің, топ аралық қарым-қатынаста тілінің шығуы сияқты прогрессивті дамуында аса маңызды рөл атқарды. Тік жүру адам эволюциясында ірі екі араморфозға әкеп соқтырды. Ол біріншіден, оның алдыңғы екі қолын еңбек етуге босатты. Екіншіден, тік жүрудің арқасында олар қабылдайтын ақпараттары молайды. Информация еңбекпен қоса олардың миының күшті дамуына себеп болды. Ми көлемінің артуы олардың еңбек қызметінің де, сөйлеу қызметінің де жақсы дамуына әсер етті. Гомо еректус әр түрлі ағаштан, тастан құралдар жасай алды. Отты пайдаланып, тамақта пісіре бастады.

Палеантроп сатысы немесе неандертал адамы Гомо еректус пен қазіргі адам арасын байланыстыратын буын. Оның миының көлемі 1200-1400 см. куб.

Неантроп сатысы (казіргі адам типі). Қазіргі адам типінің неандертал адамдарының қандай түрінен пайда болғаны белгісіз. Оны кроманион адамы типі деп атайды. Гомо сапиенс Жердің кай бөлігінде пайда болғаны да әлі тартыс. Неантроп немесе кроманион адамының еңбек етуіне, сөйлеуіне байланысты миы жақсы дамыған. Саналы адамның қалыптасуында мына екі ерекшелікті атап айтуымыз керек. Бір жағынан Гомо сапиенстің морфологиялық түрі қалыптасты, екінші жағынан, неантропта мәдениеті жылдам көтеріле бастады. Жаңа адамда морфологиялық типі тұрақты қалыптасқан соң, оның биологиялық эволюциясы біртіндеп бәсеңдеп өшті де, оның орнына ол әлеуметтік дамуға көшті.

Эволюциялық жағынан алғанда адамның пайда болуы ете ірі араморфоз болып табылады. Ол арогенезге тән заңдылықтармен сипатталады. Антропогенездің жалпы заңдылығы—ол үдемелі қарқында жүрді. Австролопитектер эволюциясы 7 млн.жылға созылса, Гомо еректус 1-1,3 млн.жылға, неандертал адамы 200-500 мың жылға, ал қазіргі типтгегі адам - Гомо сапиенс 40 мың жылда пайда болды.

Гоминидтердің филогенетикалық дамуы мозаикалық эволюцияның жарқын мысалы. Ол органдардың және органдар жүйесінің даму қарқыны әртүрлі екендігін көрсетті. Мидың карқынды дамуы Гомо габилистен басталды. Мидың прогессивті эволюциясы алдында адамның тік жүруіне байланысты дене құрылысының қалыптасуы жүрді.


Ангропогенездің өзіне тән сипаты — ол бір бағытта, тік жүруіне байланысты жүрді. Нәтижесінде тіршілік ортасы жөніндегі информациялар жинақталды. Ол ұрпағына беріле бастады. Ұйымдық құрылымы жетіле түсті. Бірақ антропогенездің де басқа жануарлар эволюциясы сияқты қатаң бір бағтта жүрмегендігін айтуымыз керек. Гоминид тұқымдасының шежіресі де жылқы тұқымдастардың шежіресне ұқсас.

Қазіргі адамзат морфофизиологиялық алуан түрлілігіне қарамастан расалар арасында генетикалық оқшаулану жоқ, бір биологиялық түрге жатады.

Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары. Homosapiens 3 негізгі «үлкен» нәсілге австроло-негриодтық, европойдтық және монголойдтық.

Австрало-негроидтық нәсілге – жататын адамдарға мынадай белгілер тән: терісі, шашы және көзі қара түсті, шаштары бұйра немесе толқынды; мұртының қырлары жалпақ, еріндері қалың. Сақал және мұртты не селдір, немесе өте қалың болады. Экваторлық нәсіл кіші нәсілге бөлінеді: африкалық контингентте мекендеуші – негроидтар және Австралия контингентімен байланысты және мұхиттық араларда мекендеуші – австралоиодтықтар.

Европоидтық нәсілге – жататын адамдардың терісінің реңі әртүрлі ашық реңділерден қоңыр реңділерге дейінгілер, шаштары жұмсақ, толқынды не түзу, талшықты, шаш, реңі тым қыр мұрынды: еріндері жұқа немесе орташа қалыңдықта, кейде қою өскен сақал- мұртты болады. Бұл нәсіл 2 кіші нәсілге бөлінеді:

1) Оңтүстік және үнді – жерорта теңіздік нәсіл, бұлар қара шашты, қою көзді, терісі қоңыр түсті (индеецтер, тәжіктер, армияндар).

2) Солтүстік және балтикалық нәсіл, бұлардың терісі және шаштары ашық түсті, сұр немесе   көк көзді (орыс, норвегиялықтар, немістер, ағылшындар).

Монголоидтық нәсілге жататын адамдар терісінің түсі сарғыштау реңді. Шаштары қара, талшықтары әдете түзу және қатты; сақалы мен мұрты кеш шығады және селді болады. Монгол топтарының көбісінің беті жалпақ, бет сүйегі шығыңқы, үстіңгі қаба терісінің қыртысы күшті дамыған, ол көз қиығын толық не шала жауып тұрады. Әдетте қысқа мұрынды болады. Монголойдтық нәсілге американдық (индиялы) кіші нәсіл де жатады. Бұлардың көпетеген белгілері европойдтықтар  типіне жақын. Мысалы бет әлпеті биік қыр мұрындылығы жөнінен индеецтер европалықтарға ұқсайды.

Нәсілдердің пайда болуы және дамуы өте күрделі тарихи процесс. Адамдардың қалыптасуының бас кезінде яғнни шамамен бұдан 100 мың жыл бұрын азиялық континентте және Африка мен Европаның соған таяу аймақтарында 2 нәсілдік топ оңтүстік-батыстық және солтүстік-шығыстық тотар қалыптасты. Бұл топтардың араларын Гималай және Глндунгуш тау тізбектері және Үнді Қытай тау жотасы бөліп тұрды. Осы 2 топтың біріншісімен европоидтық және экваторлық үлкен нәсілдер шықты.     

Негізгі әдебиеттер

  1. Правдин А.Н. Дарвинизм, Алматы 1978

  2. Яблоков А.В. Юсуфов А.Г. Эволюционное учение  М., «Высшая школа»   1981

3.     Иорданский Н.Н. Основы теории эволюции. М,.1979

4.     Варонцов Н.Н. Сухорукова Л.Н. Эволюция органического мира М.,1991

5.     Константинов А.В. Основы теории эволюяции М., «Высшая школа»1979

  1. С.Х.Карпенков. Основные концепии естесвенных знаний М., «ЮНИТИ»,     1998.

  1. Северцов А.С. Введения в теории эволюции.,М.,2001

  1. Ковшарь А.Ф. под ред. Эволюционная биология  М., «Высшая школа»,2003

  1. В.М.Найдыш. Концепция современного естествознания М, «Гайдар».2000.

  1. Тағайбекова Д.С., Исаев Е.Б. Эволюциялық ілім, лекциялар жинағы.,ЮКГУ,Шымкент,2008

10.  Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология, А.2001.