Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі 52 негізгі мектеп Бекітемін.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№52 негізгі мектеп
«Бекітемін» «Тексерілді»
Мектеп директоры: Директордың әдістемелік ісі
__________ А.К. Князбаева жөніндегі орынбасары:
«_____»__________2021ж А.И.Карагулова
«_____»__________2021 ж
«Physics in English»
элективтік курсы
8 класс
Физика пәнінің мұғалімі: Г.Б.Башалова
2021 - 2022 оқу жылы
Түсінік хат
Елбасымыз көздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер қатарынан орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі - жастарымыздың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау болып табылады.
Физика сабағында аймақтық және жергілікті аспектілерде қолданбалы құндылығы бар оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру, физика саласындағы Қазақстанның ғылыми жетістіктерін зерттеу ұсынылып қана қоймай, әлемдік білім беру және білім алу кеңістігінде оқушылардың кемінде 3-4 тіл білуі, бәсекеге қабілетті болуының тиімді жолдарының бірі.
Білім мазмұнын алға қойған басты міндеттері бірі оқушылардың тілдік және ақпараттық дайындықтарын күшейту.
Осы орайда, халықаралық қатынас тілі - ағылшын тілінде пәндерді (жеке пәндермен қоса, тұтастай циклдағы пәндер) оқытуға ауыстыру заман талабына сай қажетті, дұрыс және ойға қонымды шешім болып табылады.
Соған орай, жаратылыстану пәндерінің циклінен бастаған орынды, өйткені оларда таңбалық белгілер жүйесі қолданылады және латын тілінен арнайы аударуды қажет етпейтін терминдердің саны өте көп.
Физика материяның көптеген ортақ қасиеттері мен қозғалыс заңдарын зерттейді, ол заманауи жаратылыстану ғылымдарының арасында жетекші роль атқарады. Ол физикалық заңдардың, теориялардың және зерттеу әдістерінің барлық жаратылыстану ғылымдары үшін шешуші роль атқаратындығымен дәлелденеді. Физика – заманауи техниканың ғылыми негізі. Сонымен қатар, пәннің пәнаралық ролінің үлкен маңызы бар, әсіресе соңғы онжылдықта байқалған гуманитарлық және жаратылыстану-математика ғылымдарының симбиоздық әсерін назарға алатын болсақ.
Аталып отырған курс жалпы білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларына арналған. Ұсынылып отырған бағдарлама орта (толық) жалпы білім мазмұнының міндетті минимумына сәйкес құрылған, түлектер дайындығының деңгейіне қойылатын талаптарға сай.
Курстың оқыту мақсаты ағылшын тілін қолдану арқылы оқушылардың бойында ғылым негізін тануды, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, табиғи құбылыстарды зерттеу, физиканың негізгі заңдарымен танысу, олардың техникада және күнделікті тұрмыста қолданылуымен танысу барысында алған біліктері мен іскерліктері негізінде сыни көзқараспен ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Курстың міндеттері:
-
айтудың, тыңдаудың және жазудың негізгі стратегияларын пайдалана отырып аудару, оқу дағдыларын, жасалған тәжірибелік жұмыстар бойынша ағылшын тілінде әңгімелесу, жазылған нұсқаулықтармен қоса, айтылған нұсқаулықтарды тыңдай отырып түсіне білу, өз экспериментінің барысы туралы қысқаша түрде хабарлап отыру дағдыларын қалыптастыру; -
өз бетінше, дербес, жұппен және топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ материалын таңдау критерийлері.
• Кішігірім модальдық және материалдың сан түрлілігі (шынайы заттар, сызбалар мен модельдер, мұғалімнің ауызша түсіндіруі және т.с.с.);
• Материал көлемі;
• Көрнекі құралдар;
• Оқушылардың пәндік лексика мен терминдерді меңгеруі;
• Материалдың қабылдау үшін түсінікті болуы.
Сабақты жоспарлауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
Осы курстың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін пәндік-тілдік интеграциялап оқыту әдісін қолданған жөн (CLIL).
CLIL әдістемесі бойынша жүргізілетін сабақ өз алдына келесі компоненттерден тұрады:
Сontеnt (мазмұны) – алға қарай дамып отыратын пәндік сала бойынша біліктілік, іскерлік, дағды.
Сommunicаtion (әңгімелесу, араласу) – оқу барысында шет тілін пайдалану, бұл жағдайда оның қолданылуына назар басымдырақ болады.
Сognition (ойлау қабілеттері) – жалпы көзқарасты (нақты немесе абстракталы) қалыптастыратын танымдық және ойлау қабілеттерінің дамуы.
Сulturе (мәдени біліктері) – өзін мәдениеттің бір бөлігі етіп сезіну, ал басқаша жағдайда баламалы мәдениеттің бар екенін ұғыну.
Сабақты жоспарлау барысында келесі бөліктерді міндетті түрде ескерген жөн:
-
CLIL сабағы ол шет тілінің сабағы емес, шет тілінде өтетін пәндік сабақ. -
Тыңдау – тілді үйрету барысындағы сөйлей құралының маңызды түрлерінің бірі. -
Оқу – сөйлеу құралының негізгі түрі, оқуға арналған материалдың мағынасы болуы шарт. -
Айту – мазмұндаудың анық, қарапайым және шапшаң болуына көңіл аударуды қажет ететін құралдың бір түрі, бұл жағдайда грамматикаға баса назар аударылмайды. -
Жазу – оқушылардың лексикалық және грамматикалық дағдыларын дамытатын құрал. -
Сабақ мәтіндерге негізделуі қажет (баспа немесе аудио жазба). -
Сабақтың тілдік компоненттері оқу пәніне байланысты болады. -
Лексикалық материал грамматикалық материалға қарағанда маңыздырақ болады. -
Сабақтың алға қойған міндеттері оқушының дайындық деңгейіне байланысты болады.
Сабақ құрылымы.
Сабақ төрт сатылы сызба бойынша ұйымдастырылады:
1. Мәтінді өңдеу.
2. Алған білімдерін сезіне білу және ұйымдастыру.
3. Мәтіннің тілін түсіну.
4. Оқушыларға тапсырма беру.
Оқушыларға арналған тапсырмалар олардың дайындық деңгейіне, оқыту міндеттеріне байланысты болады, сонымен қатар оқушылардың қалауы да ескеріледі. Тапсырмалар жобасының тізімі:
-
диаграмма, кесте, карта және т.с.с. құрыңдар. -
кестені толтыр -
нақты ақпаратты тап -
сәйкестігін тап -
азат жолдарды дұрыс ретте орналастыр -
іс-әрекет ретін анықта -
мәтіндегі бос орындарды толтыр -
мәселе қою: сұрақ - жауап, термин- анықтама, бөлік - бүтін -
нақты ақпаратты табуға арналған тапсырмалар -
тиісті сөзді табуға арналған ойындар -
мәтін бойынша сұрақ құрыңдар -
жұмысты ауызша таныстыру
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар білуі тиіс:
- ғылыми білім категорияларын (құбылыстар мен фактілер, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);
- ғылыми тану әдістері (бақылау, эксперимент, гипотеза мен модельдер құру, жүргізілген зерттеудің қорытындысы және оны тексеру);
- бағдарламалық материалмен қарастырылған ағылшын тіліндегі ұғымдар, шамалар, заңдар;
- оқыған лексикалық бірліктердің негізгі шамалары;
- жәй және күрделі сөйлемдер құрылымының ерекшеліктері.
Оқушылар қолдана білуі керек:
- табиғат құбылыстарын зерттеуде ғылыми әдістерді пайдалана білуді, физикалық шамалар арасындағы тәуелділікті анықтай білуді, алынған нәтижені түсіндіруді және қорытынды жасауды;
- қызметтің түрлі салаларында өмірлік маңызы бар міндеттерді шешу кезінде алған теориялық білімдерін қолдануды;
- физикалық құбылыстарды сипаттау мен түсіндіруді;
- тыңдаған материалға контекст көмегімен қорытынды жасауды;
- тыңдаған материал негізінде қарапйым сұрақтар қоюды;
- мәтіннің негізгі идеясын айқындап беруді;
- тақырып, фото сурет, кілттік сөздер, таныс тақырыптан алынған үзінділердің көмегімен мәтіннің мазмұнын табуды;
- нақты ақпарат алу үшін қарапайым және күрделі сұрақтар қоюды және оларға жауап беруді;
- тапсырмаларды орындау үшін оқушылармен қарым- қатынаста болуды (жұппен, топпен);
- кестелерді, диаграммаларды, сызбаларды, анкеталарды, үлгілерді толтыруды;
- коммуникативті міндеттерге сәйкес мәтін бойынша белгілер жасап қоюды білулері тиіс.
Тақырыптық жоспар
«Physics in English»
8 класс (Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағат)
№ | Сабақта өтілетін тақырып Theme | Сағат саны Number of hours | Мерзімі Data of |
1 | Motion of atoms and molecules | 1 | 03.09 |
2 | Temperature and internal energy | 1 | 10.09 |
3 | Heat transfer. | 1 | 17.09 |
4 | Application of heat transfer | 1 | 24.09 |
5 | Specifis heat capacity | 1 | 01.10 |
6 | Heat of combustion. Heat exchange | 1 | 08.10 |
7 | Test | 1 | 15.10 |
8 | Melting and freezing | 1 | 22.10 |
9 | Evaporation and condensation | 1 | 29.10 |
10 | Graphical analysis | 1 | 12.11 |
11 | Himidity. | 1 | 19.11 |
12 | Reflection | 1 | 26.11 |
13 | First law of thermodynamics | 1 | 03.12 |
14 | Second law of thermodynamics | 1 | 10.12 |
15 | Heat engines | 1 | 17.12 |
16 | Efficiency of heat engine | 1 | |
17 | Ecology and energy | 1 | 24.12 |
18 | Electric charge | 1 | 14.01 |
19 | Charging methods | 1 | 21.01 |
20 | Coulombs law | 1 | 28.01 |
21 | Electric field | 1 | 04.02 |
22 | Electric potential | 1 | 11.02 |
23 | Capacitance and capacitors, test | 1 | 18.02 |
24 | Electric current | 1 | 25.02 |
25 | Electric circuit.Voltage | 1 | 04.03 |
26 | Electrical resistance | 1 | 11.03 |
27 | Resistivity | 1 | 18.03 |
28 | Parallel and series connections of resistors | 1 | 08.04 |
29 | Magnetic field | 1 | 15.04 |
30 | Electric motors | 1 | 22.04 |
31 | Lunar and solar eclipse | 1 | 29.04 |
32 | Electricity production | 1 | 06.05 |
33 | Concave mirror | 1 | 13.05 |
34 | Lens. Test | 1 | 20.05 |
| | | |
| Барлығы | 34 | |
Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
Calendar – theme plan
9 сынып – 9 class
№ | Сабақтың тақырыбы The theme of the lesson | Сағат саны Number of hours | Мерзімі Data of |
І. Кіріспе – Introduction ( 1 сағат - 1 hour) | |||
1 | Физикалық терминдердің маңыздылығы. Meaning of physical terms. | 1 | |
ІІ. Кинематика негіздері–Basicsofkinematics (7сағат- 7hours) | |||
2 | Механикалық қозғалыс. Mechanical motion. | 1 | |
3 | Векторлар. Vectors. | 1 | |
4 | Tеңайнымалы қозғалыс. Equal change of motion. | 1 | |
5 | Түзусызықты теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы. The speed of movement of the balance. | 1 | |
6 | Дененің еркін түсуі. Body/s free fall. | 1 | |
7 | Шеңбер бойымен қозғалыс. Circular motion. | 1 | |
8 | Есептер шығару. Problems. | 1 | |
ІІІ. Динамика негіздері – Basics of dynamics (6 сағат - 6 hours) | |||
9 | Механикадағы күштер. Forces in mechanics. | 1 | |
10 | Ньютонның І,ІІ және ІІІ заңдары. Newton/s I, II and III laws. | 1 | |
11 | Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Law of Universal gravitation. | 1 | |
12 | Дененің салмағы. Body weight. | 1 | |
13 | Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы. The movement of artificial earth satellites. | 1 | |
14 | Есептер шығару. Problems. | 1 | |
ІV. Сақталу заңдары – Conservation lows ( 5сағат - 5 hours) | |||
15 | Дене импульсі және күш импульсі. The impulses of the body and the impulses of the forces. | 1 | |
16 | Импульстің сақталу заңы. Law of conservation of impulse. | 1 | |
17 | Механикалық жұмыс және энергия. Mechanical work and energy. | 1 | |
18 | Энергияның сақталу және айналу заңы. The law of conservation and rotation of energy. | 1 | |
19 | Есептер шығару. Problems. | 1 | |
V. Тербелістер және толқындар – Oscillations and waves ( 5 сағат – 5 hours) | |||
20 | Тербелмелі және толқындық қозғалыс. Oscillation and wave motion. | 1 | |
21 | Тербелістер кезінде энергияның түрленуі. Energy conversion in vibrations. | 1 | |
22 | Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері. Oscillations of a mathematical pendulum and spring pendulum. | 1 | |
23 | Электромагниттік тербелістер және толқындар. Electromagnetic oscillation and wave. | 1 | |
24 | Есептер шығару. Problems. | 1 | |
VI. Атомдық физика – Atomic physics (8 сағат – 8 hours) | |||
25 | Планк гипотезасы. Planck/s formula. | 1 | |
26 | Фотоэффект құбылысы. Photoelectric effect. | 1 | |
27 | Рентген сәулелері. X-ray radiation. | 1 | |
28 | Атомның құрамы. Atom composition. | 1 | |
29 | Атом ядросы. Atomic nucleus. | 1 | |
30 | Атом ядросының байланыс энергиясы. Binding energy of the atomic nucleus. | 1 | |
31 | Радиоактивті ыдырау заңы. The law of radioactive decay. | 1 | |
32 | Есептер шығару. Problems. | 1 | |
VII. Қорытынды сабақ – Final Lesson ( 2 сағат - 2 hours) | |||
33 | «Физиканың дүниетанымдық маңызы» тақырыбында өтілген курс бойынша қорытынды қайталау. Repetition of the results of the course “Worldview value of physics”. | 1 | |
34 | Жалпы қайталау. General repetition. | 1 | |