Файл: азастан тарихынан мемлекеттік емтихан сратарыны жобасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 182
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтарының жобасы
1.Адамзат тарихындағы ең ұзақ уақытқа созылған ежелгі тас дәуірі:
2.Оңтүстік Қазақстаннан табылған палеолит дәуіріне жататын қоныстар:
3.Тасты кесу, жону, жылтырата тегістеу әдістері қай кезеңде болды?
4.«Қыш құмыралар заманы» деп аталды;
5.Солтүстік Қазақстаннан табылған мезолит дәуірінің тұрақтары;
6.Беғазы-Дандыбай мәдениеті Қазақстанның қай аймағына кеңінен таралған;
7.Қола дәуіріндегі жерлеу ғұрпының басты сипаты;
8.Қазақстан аумағында көшпелілік қалыптасқан аймақ;
9.Мезолит дәуірі қамтитын кезең:
10.«Іле аңғарындағы сақтар мен үйсіндердің ертедегі мәдениеті» еңбегінің авторы;
11.Орталық Қазақстанды темір дәуірінде мекендеген тайпалар?
12.Сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылатын петроглифтер қай жерлерден табылды?
13.Аң стиліндегі өнерді шартты түрде неше кезеңге бөледі?
14.Аң стиліндегі өнердің алғашқы кезеңі;
15.Ерте темір дәуірінің хронологиясы;
16.Заратуштраның «Авеста» жинағында сақтар қалай аталды?
17.Оғыздар 965 жылы Киев Русімен одақтасып қай елді жеңді?
18.Сақтардың Бесшатыр қорымы қай жерде орналасқан?
19.Берел қорымына алғаш зерттеу жұмысы қай жылы жүргізілді?
20.Сақтар туралы мәлімет беретін ежелгі мәтіндер сақталған ел:
21.Ежелгі үнді-иран тілінде «ратайштар» деп аталғандар:
22.«Күміс олардың елінде болмайды, бірақ мыс пен алтын көп кездеседі» деп сақтар туралы жазған грек тарихшысы;
23.Сақ,сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым:
24.Темір дәуірінде Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасаған тайпа:
25.Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы:
26.Үйсіннің сәйгүлік мінген адам бейнеленген алтын қапсырма табылған қорым:
27.Үйсіндердің Ақтас қыстауы орналасты;
28.Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғандығын дәлелдейтін дерек:
29.Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері;
30. «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» бастаған;
31.Қаңлылылардың Қауыншы мәдениеті қай жерде орналасқан?
32.Қаңлылар туралы «Вэсаканың ер жүрек ұлдары … Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылған кітап;
33.Ғұндардың өркениетке қосқан үлесін дәлелдеп, еңбек жазған ғалым;
34. Түркілердің тарихы жазылған 7-8 ғасырлардағы дерек:
35.Түргештер территориясында қай жылы, қай қаланың жанында кімдердің үлкен шайқасы болды?
36.Түрік руна жазуларының ішіндегі қағандарға жазылған ескерткіштердің қайсысы ең ірісі болып табылады?
37. Батыс Түрік қағанатының саяси жағынан күшейген кезі қай қағандардың тұсында;
38.Атлах шайқасынан кейін-
39.Әл-Марвизидің деректері бойынша қарлұқтардың тайпалық құрамына қанша тайпа кірген?
40.Әл-Масудидің мәліметтері бойынша Каспий теңізіне құятын Ақ және Қара Ертіс өзендері туралы айтылады. Олар қай өзендер болуы мүмкін?
41.Оғыздардың күнделікті өмірде мемлекеттік мәселелерді шешу үшін шақырылатын шонжарлар кеңесі қалай аталады?
42.Бала кезінде әдейі атабектер тәрбиелеген, «инал» деген атағы бар мұрагерлер қай мемлекетке тән?
43.Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан;
44.VIII-IX ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі:
45.Х ғасырда оғыздардың әскер басшысы қалай аталды?
46.Қимақтарда тайпалардың басшысын кім деп атады;
47.Дешті-Қыпшақ территориясы қандай аймақтарды қамтыды?
48.Қарахан мемлекетін Хорезм шахы Мұхамед құлатқан жыл;
49.Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дін ретінде қай қағанның тұсында қабылданды?
50. Қай жылы Қарахан мемлекетінің екі хандығының да билігі қарақытайлар қолына көшті?
51.М.Қашғаридың жазуынша VІ ғасырда Сайрам деп аталған қала;
52.Моңғолдардың келуімен қазақ жерінде пайда болған жаңа этникалық топтар;
53.Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы қай ханның тұсында жүрді?
54.Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары болып қашан бөлініп кетті?
55.Ақ Орда билеушісі болған Барақ ханның мақсаты:
56.Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының еңбекші халқы әскерлерді азық - түлікпен қамтамасыз ету үшін қажетті заттай жиналатын салық қалай аталды?
57.Орыс хан 1374-1375жж. Хажытархан, Еділ Бұлғариясы, Сарай-Беркені бағындырған жорығынан қайтар жолда өзіне қосылмағандығы үшін төмендегі тарихи тұлғаны жазалады;
58.Моғолстан хандығы қай ханның тұсында ыдырай бастады;
59.Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзды;
60.XIII-XIV ғасырларда әскерлерді, почтаны, шенеуніктер аппаратын ұстауға жұмсалатын салықты қалай атады?
61.Қазақстан аумағында XIII-XIV ғ.ғ. халық ауыз әдебиетімен қатар жазбаша әдебиет дамыды:
62.Алтын Ордада билікке талас барысында 1357-1380 жж. аралығында қанша хан ауысқан?
63.Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Терек өзенінің жағасындағы шешуші шайқас уақыты;
64.Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы түпкі мақсаты:
65.Алтын Ордада әскери істі бақылайтын лауазым?
66.Ноғай Ордасының негізгі аумағы?
67.Қазақ хандығы үшін саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы болған қалалар;
68. Қазақ хандығы үшін саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар;
69.Ақ Орда хандығы ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды:
70.«Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма:
71.XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш:
72.XV ғ-ң соңына қарай Қазақ хандығына қараған қалалар:
73.XV ғ.соңы-XVI ғ.басында қазақ хандары мен шайбанидтер арасында күрес жүргізді;
74.XVI ғасырдың 50-60 жылдарында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға;
75.XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері:
76.«Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері»-деп жазған ғалым:
77.Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық:
78.Қасым хан дипломатиялық қарым-қатынас жасаған ел;
79.Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі:
80. XVI ғасырда Хақназар хан кезінде Қазақ хандығының құрамына қосылды;
81.Тәуекел хан тұсындағы қатты шиеленісті;
82.Қай жылы Тәуекел хан Абдаллах хан мен оның баласының арасындағы қайшылықты пайдаланып Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханның әскерін ойсырата жеңеді?
83.Батыр қонтайшы тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында қай жылдары қарулы шайқастар болды?
84.«Қатаған қырғыны» оқиғасы ...
85.XVII ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған хандар;
86.1710 жылы қазақ жерінде Қарақұм маңында бас қосудың себебі:
87.Ресей тарапы Жоңғария хандарынан қазақтарға шабуыл жасауды тоқтауды алғаш рет қашан талап етті:
88.«Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер;
89.1718 жылы салынған бекініс;Ресей империясынан 1718 жылы 4 мамырда Кіші жүз ханы Әбілқайырға келген елшілік –
90.1718 жылы Аягөз өзенінің бойында жонғар әскерлерін женген шайқаста қазақ қолына басшылық жасады;
91.Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас;
92.Тәуке ханның сыртқы саясатындағы мақсаты;
93.1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына отырған хан;
94.Жоңғарлардың қалың қолының қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірген жыл:
95.1723 жылы Жоңғарияның барлық күш-қуатын қазақ еліне қарсы жұмылдыруға мүмкіндік алуының себебі;
96.1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:
97. «Ақтабан шұбырынды» деген атпен енген жылдар:
98.1723 жылы жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулары ығысты;
99.Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған өңір;
100.Сарысу өзенінің бойында болған жоңғарлармен шайқас;
101.1724-1725 жылдары жонғарлар басып алған қалалар;
102.Қара сиыр» деп аталатын жер қанды шайқастан кейін қалай аталды?
103.Жоңғар қонтайшысы Қалдан- Сереннің Орта жүзбен Кіші жүзге ұйымдастырған шапқыншылықтары болған жылдар;
104.1735 жылы Башқұрстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны;
105.Сайланған ханның мал- мүлкін бөліп алу дәстүрі;
106.XVIII ғасырдың ортасында Жоңғариядағы билікке таласып, Цинь империясына қарсы шыққан және Абылайға арқа сүйеген;
107.«Абылай тәжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күйі жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың богдоханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді»- деп пікір білдірген
108. Қазақ қоғамындағы аристократиялық екі сославие
109.1857жылы болған оқиға;
110. Қазақ халқының атақты хандары, билері сұлтандары, батырлары Абылайды хан етіп сайлады:
111.1756 ж. көктемде Цинь империясының Абылайға жіберген грамотасының мазмұны қандай?
112.1761 жылы Жоңғария жерінде қандай жаңа бірлестік құрылды
113.XVIII ғасырларда Ресейдің ішкі губернияларынан қазақ жеріне айырбасқа әкелінген негізгі тауарлар;
114.Каспий теңізінің шығыс жағалауын терең зерттеп, бірінші рет оның картасын жасады. Батыс Қазақстанның оңтүстігін жаулап, Хиуа хандығын отарлық аймаққа айналдыру негізін қалаған экспедиция-
115.Е.Пугачевтің Кіші жүз ханы Нұралыға арнаған алғашқы манифесі қай жылы жарияланды:
116.Құсмұрын округі қашан құрылды:
117.Ш.Уәлиханов «Қазақ тарихы үшін Геродот даңқына лайық еңбек сіңірді » деп кімге теңеу берді?
118.Ш.Уәлихановтың Қашқарияға сапары қай жылдары болды?
119.Есет Көтібаров бастаған көтеріліс қашан болды?
120.Исатай Таймановтың ақырғы шайқасы:
121.Тентектөре бастаған көтерілісі кімдерге қарсы бағытталған?
122.Арал өңіріндегі қазақтардың Хиуа және Ресей отаршылдығына қарсы азаттық күресті басқарды:
123.1870-1882 жж. Ташкенте шығып тұрған басылым:
124.XIXғ. II жартысындағы Орал мен Торғай облыстарындағы көтерілістің негізгі себебі:
125.1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша құрылған алғашқы сыртқы округ:
126.«Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғыны» әзірлеушінің бірі:
127.1827 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір хан тұрақты хан ордасын құрды:
128.ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы үш жүз бойынша қазақ халқының саны туралы алғаш жарияланған мәліметтер кімнің еңбегінде кездеседі:
129.1869 жылы 19 мамырда граф-Борх отряды негізін салған бекініс:
130.1896 – 1903 жж. Далалық өлкені зерттеу үшін арнайы шығарылған , далалық өлкенің барлық уездерін зерттеуді мақсат етіп, Қазақстанда жер саясатын жүргізуді көздеген экспедиция:
131.Майор И.М.Лихарев отряды негізін қалаған бекініс:
132.1867 ж. 11 шілдеде ІІ Александр патша қандай жобаны бекіту туралы жарлыққа қол қойды:
133.1868 ж. 21 қазанда ІІ Александр патша қандай жобаны бекіту туралы жарлыққа қол қойды:
134. 1867-1868 жж. әкімшілік реформалар бойынша, түтін салығының көлемі:
135.1886 ж. 2 маусымда патша үкіметі қандай ережені бекітті:
136.1891 ж. 25 маусымда бекітілген басқару туралы заң:
137. Орынбор-Ташкент темір жолы салынды:
138.Арал теңізін зерттеу және картаға түсіру мақсатында 1848-1849 жылдары ұйымдастырылған экспедицияны кім басқарды:
139.Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты еңбегінің екінші бөлімі қалай аталады:
140.Отарлық әкімшіліктің ең жоғары өкілі, әскери және азаматтық билікті өз қолына шоғарландырды:
141.Венгер ғалымы А.Вамберидің қазақтардың тұрмысы мен мәдени тіршілігі туралы деректер беретін еңбегі:
142.ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы үш жүз бойынша қазақ халқының саны туралы алғаш жарияланған мәліметтер кімнің еңбегінде кездеседі:
143.Атбасарда 1896 жылы Оралдан келген айдаудағы жұмысшы А.Д.Ушаков ұйымдастырған үйірме:
144.XX ғ.бас. социалистік идеяларды ұстанған, Омбы, Павлодар, Петропавл және т.б. қалаларда революциялық идеяларды насихаттаған, 1903 жылдан бастап РСДЖП мүшесі, 145.Омбыдағы почта-телеграф кеңсесінің телеграфисі:
146.1903 жыл 1 мамырда жергілікті баспахана жұмысшыларының саяси ереуілі өткен қала, ол Қазақстандағы тұңғыш саяси ереуіл болды: