Файл: ожа Ахмет Ясауи атындаы Халыаралы аза трік университеті Жаратылыстану ылымдары факультеті Экология жне химия кафедрасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 29
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Экология және химия кафедрасы
МӨЖ
Тақырыбы: Басқару процесіндегі стресс көрінісі
Орындаған: Арынбек Бекзат
Тобы: МХМ-211
2023
Жоспар:
-
Кіріспе -
Жастардағы стресстің пайда болуына әсер ететін факторлар мен оның жастардағы көрінісі -
Стрессті басқарудың кейбір ерекшеліктері -
Қорытынды -
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстандағы күрделі, тарихи өзгермелі, келеңсіз әлеуметтік, қоғамдықсаяси келеңсіз құбылыстар жиілігі интенсивті түрде етек жайып келеді.
Қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз, деп мәлім етті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде.
Қоғамда әлеуметтік мәселелерге қоса, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сынды мәселелер жеткілікті. Мұның барлығы адамның тағдырын сипаттайтын феномен. Тұрмыстық сапаны жақсарту мәселесі тектен текке көтеріліп отырған жоқ, соны шешуге тура келетіндей шегіне жеттік [10].
Қазіргі газет-журналдардан, теледидар хабарламаларынан журналистердің халықтың психологиялық ахуалын сипаттайтын, адамдардың терең стресстегі күйзелістерін сипаттайтын көптеген мәліметтерді кездестіруге болады: Әділетсіздіктен қажыған, тұрмыс тауқыметінен тентіреп, құзырлы орындардың салғырттығынан басын тауға да, тасқа да соққан жандардың жанын сыздатқан мәселе; шенеуніктердің алдаусыратқан түрлі сылтауынан мезі боп, сағы сынып, тығырыққа Шетелдік зерттеушілерден де біршама стресстің концепциялары мен модельдерін қарастырғандар аз болмаған. Соның ішінде – Р.Лазарустың психологиялық стресінің когнитивті теориясы. Оның негізін стрессті субьективті көзқарастан когнитивті процесс арқылы қарастыру позициясы құрайды; кәсіби стресс тұжырымдамасы (А. Н. Занковский, Т. Сох, W. Schorpflug), стресстің әлеуметтік-психологиялық теориясы (D. Mechanik, R. Darendor, B.P. Darenwend концепциялары) және тағы басқалары. Р.Лазарус стресс туралы түрлі көзқарастар, оның теориялары мен модельдері көбінесе бір-біріне қарама-қайшы болатынын атап өтті. Бұл аумақта нақтыланған терминология жоқ. Тіпті стресстің анықтамасы өте жиі өзгеріп отырады. Р.Лазарус стресс түсінігін анықтау үшін екі негізгі нұсқаулықты қалыптастырды. Біріншіден, егер, стрессті психологиялық талдау кезінде тек сыртқы бақыланатын стресстік
стимулдар мен реакцияны, бірнеше стресспен байланысты психологиялық процесстерді ескеретін болса, «стресс» деген түсінікті анықтауда терминологиялық қарама-қайшылықты жоюға болады. Екіншіден, стресстік реакция қауіп төндіретін қорғаныстық процестерді есепке алумен ғана түсінікті болуы мүмкін. Стресстік реакцияның сипаты сыртқы оқиғалармен өзара әрекет етуші тұлғаның психологиялық құрылымымен байланысты.
Ағзаның бейімделушілік резервін жүзеге асыруға көптеген ішкі және сыртқы факторлар, әлеуметтік-мәдени – саяси орта, индивидуалды мінез-құлық, денсаулықтың индивидуалды потенциалы, икемділіктер мен қабілеттіліктер, физикалық-биологиялық орта әсер етеді.
Жастардағы стресстің пайда болуына әсер ететін факторлар мен оның жастардағы көрініс
Стресстік фактордың бірі эмоционалдық қысым болып табылады. Ол адамның эндокринді жүйесінің жұмысындағы өзгерістер кезінде физиологиялық көрініс табады. Психоэмоционалды қысым (напряжения) – шектен тыс психоэмоционалды қысымның өсуі нәтижесінде қалыптасатын күй, психикалық және психомоторлық функцияның тұрақтылығы уақытша төмендеуімен сипатталады. Ол өзіндік вегетативті реакциямен кәсіби жұмысқа деген қабілеттіліктің төмендеуінен көрінеді.
Қазіргі таңда ғалымдар психологиялық стрессті эвстресс (жағымды стресс) және дистресс (жағымсыз стресс) деп бөледі. Эвстресс кезінде өзін-өзі тану процесінің және танымдық процесстердің белсенділігі жүзеге асады. Жұмыс жағдайында пайда болатын дистресс жұмыс уақыты болмаса да кең ауқым алады. Өмірлік стресстер туралы біршама толық жіктеуін ұсынған Р. Т. Wong болды. Тағы да бір аумағы – тұлғаішілік стресс. Біздің сыртқы әлемге деген көптеген талаптарымыз бен оның бізге әсері осы стресс түрімен байланысты. Стресстің бұл түрі орталық күш болып, өміріміздің барлық аумағына әсер етеді. Егер адамның ішкі әлемі реттелмесе, онда ол біздің сыртқы әлемге кері әсерін тигізеді және тұлғааралық өзара қатынасты бұзады. Сонымен қатар, бұл топқа орындалмайтын күтілімдер, шынайыланбаған қажеттіліктер, мақсатқа бағытталмаған әрекеттер немесе мағынасыздық, жабысқақ естеліктер, оқиғаны адекватсыз бағалау және т.б. жатады.
«Қазіргі уақытта Қазақстанның ең өзекті мәселесі не деп ойлайсыз?» деген сұраққа 1 кезекте үй-баспана, тіл, дін, заңның әлсіздігі қойылған екен. Оған қоса, «Сен және сенің өмірің Қазақстандағы ең өзекті мәселе» деп көрсетіпті. «Заң көп, күші жоқ», деген ойлар да айтылған.
Ақпарат көздері бойынша жарияланып жатқан митингіге, ереуілге, жеке пикеттерге шыққын халыққа қарсы әрекеттер (көшеге шыққан 100-мыңдаған адамдардың қамауға алынуы; Шетел компанияларында жұмыс істейтін жұмысшылар (қазақтар мен шетел азаматтардың еңбек жалақылары мен еңбекке қатынасы арасындағы қарама-қайшылықтар; Ағыл-тегіл еңіреп көз жасы көл болған көп балалы ана. Адасқан қаздай жарымжан мүгедек. Азы мен тозы шыққан жетім бала. Айдың күні аманында далада қалған отбасы; Балалардың ұрлануы, балалардың зорлануы; Жеке пикеттерге шығу мәселелері [11].
Қоғамдағы осындай халық арасындағы эмоциялық тұрақсыздық – стрессті тудырудың негізгі бір себептері болатыны белгілі.
Стрессті басқарудың кейбір ерекшеліктері
Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуі не себеп болады. Самототропиниммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.
Күнделікті өмірдегі стресс аймағы П.Т. Вонг бойынша Ортаңғы ішкі шаршыда «мен күші», «ақыл-ой күші», психикалық энергия немесе ішкі ресурстар деп аталатын біздің тіршілік етуіміздің мәні белгіленген. Ол өмірлік дағдарыстарды индивидке жеңуге көмектеседі және стреске қарсы тұру интенсивтілігін анықтайды. Бұл ресурстың төмендеуі стреспен байланысты әр түрлі бұзылыстарға, мысалы, үрей, қорқыныш, орын таба алмаушылық депрессияға ұшырауына әкелуі мүмкін. Келесі бөлім –тұлғаішілік стресс. Көптеген біздің сыртқы әлемге талаптарымыз және олардың бізге әсері осы стресс түрімен байланысты.
Тұлғаралық стресс бөлімі белгілі бір өмір салаларымен өзара байланыс жасайды. Себебі, әр адамға өз әрекетінде әр түрлі әлеуметтік сұрақтарды шешуге тура келеді, өзге адамдармен әрекеттесу және оның бағалауы біздің қабылдауымызға, уайымдауларымызға, жағдайларға және сыртқы әлем құбылыстарына қатынасымызға елеулі ықпал жасайды. Көптеген өмірлік мәселелер адамдар арасындағы қатынастың проблемасы болып табылады. Тұлғалық стрестің индивид не жасап жатқанына және оған берілген мысалы, ата-ананың, ерінің, қызметкердің ролін және т.б. әлеуметтік ролдерді қалай жүзеге асырады және бұзатын уақытта онымен не болатынына қатынасы бар. Ол денсаулықтың бұзылуы, жағымсыз әдеттер, сексуалдық қиындықтар, қартаю, зейнетақыға кету сияқты құбылыстармен байланысты көрінеді.
Жанұялық стресс өзіне жанұя ішіндегі барлық қиындықтарды қосады. Ол-үй ішіндегі жұмыс, тектер арасындағы қарама-қайшылық, жанұядағы ауру немесе өлім, ішімдік, ажырасу және с.с.
Еңбектік стресс көбіне ауыр жұмыс күшімен, жұмыс нәтижесін қадағалаудың жоқтығынан, ролдік анықсыздықтан және ролдік қарама-қайшылықпен байланысты. Жұмыс қауіпсіздігін нашар қамтамасыз ету,еңбекті әділетсіз бағалау, оның ұйымдастырылуының бұзылуы стресс пайда болуының көзі болуы мүмкін.
Қоғамдық стресс адамдардың үлкен топтары бастан кешетін проблемаларға жатады. Мысалы, экономикалық тоқыру, кедейшілік, расалық қысым, банкрот болу және дискриминация және т.б.
Экологиялық стресс қоршаған ортаның экстремалды жағдайларының ықпал жасауымен негізделеді. Бұндай ықпалды күту немесе оның нәтижесі – ластанған ауа және су, қатал ауа райының жағдайы, нашар көршілер, дыбыстың жоғары деңгейі және с.с.
Қаржылық стресс түсіндіруді қажет етпейді. Есепті төлеу мүмкінсіздігі, қарыз алудағы қиыншылықтар, жұмыс нәтижесінің жалақы деңгейімен сәйкес келмеуі, қосымша қаржылық шығындар, осы және басқа да себептер стресс пайда болуына әсер етеді.
Тұлғаішілік стресс детальды қарастыруды қажет етеді. Ол бірінші жағынан оған жеткілікті көңіл бөлінбегеніне байланысты болса, екінші жағынан, ол әртүрлі өмірлік оқиғаларды жобалауы мүмкін және оған қатынас ерекшеліктеріне ықпал жасап және индивид мінез-құлқына әсер ететініне байланысты.
Стресстің қандай нәрсе екенін, денсаулыққа қалай әсер ететітін білдік. Ендігі жерде одан құтылудың, алдын алудың және жеңудің жолдарын қарастырайық.
Стрессті жеңуде адамның істейтін жұмысының не қызметінің сипаты зор маңызға ие. Еңбек адамға тек материалдық байлық әкеліп қана қоймай, сонымен бірге қанағаттанушылық сезімін де сыйлауы тиіс. Көңілсіз, күңгірт, бірыңғай, ылғи өзіңді зорлап істейтін жұмыс стрестің бірден-бір көзі екендігі айтпаса да түсінікті. Шынында да, біздің уақытымыздың көбісі қызметте, оқуда өтеді. Ол егер көңілсіз болса, тәніміз де бүкіл жүйелердің үйлесімсіздігін туғызып, оны дағдарысқа ұшыратады. Сондықтан, адам көңілі қалаған мамандығы бойынша өзі ұнататын кәсіппен айналысқаны жөн. Жұмыстағы немесе оқудағы көңілсіздік отбасындағы кикілжіңге ұласса, стрестің көкесін сонда көресің.
Қорытынды
Қорытындылай келе, стресс фактор тізімі өте кең. Кәсіби әрекеттер кез келген аспектісі стресс себебі болуы мүмкін, егер адам оларды шешуге қабілетін жеткіліксіз деп бағаласа. Кез келген кәсіби әрекетте стресстің дамуының психологиялық себебін тудыратын ескеру керек, олар әр психологиялық стресс адамның әрекеті мен еңбек белсенділігінде көрініс табады.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Катков А.Л., Джарбусынова Б.Б. Психическое здоровье населения Республики Казахстан. – Павлодар, 2006. − 120 с. -
Щербатых Ю.В. «Психология стресса и методы коррекции». – СПб: Питер, – 2006. − 256с -
Дайырбеков О.Д., Алтынбеков Б.Е., Торғауытов Б.К., Кенесариев У.И., Хайдарова Т.С. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент: “Ғасыр-Ш”, 2005. -
Гринберг Дж. Управление стрессом. СПб.: Питер, 2002.
Родина О.Н. Индивидуально-личностные особенности, стресс, здоровье профессионала // Мир психологии. 2007. №3