Файл: Репрессияны пайда болуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Репрессияның пайда болуы

80 жыл бұрын 1938 жылдың ақпан айы мен наурыз айының ортасына дейінгі аралықта Қазақстанның сол кездегі басшылары республикалық, облыстық, қалалық, аудандық барлық деңгейдегі партия комитеттерінің хатшылары ату жазасына кесіледі.

Еліміздегі тұңғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Оның себебі 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келген Ф.И. Голощекин еліміздің саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды. Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков т.б. болды.

Сталиндік репрессиялардың себептеріне бірнеше негіздерін көрсетуге болады. Алып Совет Одағынының индустрияландыру үшін тегін жұмыс күшінің қажеттілігі, бүкіл мемлекет аумағында еңбек лагерлерін құрып, өнеркәсіп және өндіріс орталықтарының маңына мыңдаған әртүрлі халық өкілдерін депортациялау әдісімен шоғырландыру арқылы тегін жұмыс күшіне қол жеткізу. Тоталитарлық билікті күшейту мен жоғарыдан түсетін шешімдерді іске асыру үшін 1939 жылдың аяғына қарай КСРО аумағында 600-ден аса жалпы және ішкі түрмелер салынды, оның ішінде, Қазақстан аумағында 23 жалпы және 11 ішкі түрме болды. Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы 32 лагерьде жазасын өтеген жазықсыз жандар әртүрлі өнеркәсіп орталықтарында еңбек еткен.

И. Сталиннің қолдауына сүйенген Ф. Голощекин жеке кеңесте айтылған аса құнды пікірлер мен ұсыныстарды“ұлтшылдықтың” көрінісі ретінде сынға алды.Қазақстаннан кеңеске қатысқан Ж. Мыңбаев, Ж. Сұлтанбековтер өз сөздерінде кінәлімін демеді, жеке кеңесгі ұлтшыл деп айыптамады. Бірақ, олардың жазықсыз жазаланып, рухани жан дүниесі күйзеліске түскені анық. Бұл кеңес шын мәнінде Ф. Голощекинге өзімен келіспейтіндерді куғын -сүргінге салуға саяси негіз қалады. Ф. Голощекин 1930 жылы Алматыдағы партия белсенділерінің жиналысында баяндама жасап, онда “қазақ’’коммунистері арасындагы ұлтшылдық 1920 жылы партияға алаш оқымыстылары кіргеннен бері қарай басталғанын айта ” келіп, “ Қазақстанда партия ұйымының Кеңестік негізінің алғашқы кірпішін қалағандар, бұлар ол кезде Меңдешұлының жігіне қатынасып, соның маңына ұйымдасқандар.


20- 30 жылдары Кеңестік қоғамның тыныс-тіршілігі, партия өмірі ақиқатынан алшақ болды. И .Сталин бастаған партия шаруашылық жүргізудің осы кезеңдегі бірден-бір қолайлы жолы больш табылатын жаңа экономикалық саясаттан, нарықтық қатынастардан бас тартып қана қойған жоқ, оны күшпен қиратты. И.Сталин өзі армандағаңдай “ұлы бетбұрыс” жасау үшін төтенше шаралар жасауға барды. Бұл шаралар 1920 жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясатты шаруашылық жүргізудің әкімшіл- әміршіл жүйесімен алмастыру кезеңінде, қоғамдық-саяси және шаруашылық өмірінің қажетті бір нормасына айналдырды. Бұл Кеңестер Одағының барлық жерлерінде дерлік жүзеге асырылды.20-жыддардың соңынан бастап, партия мен Кеңес өкімтінің идеологиялык, ұлтаралық, экономикалық саясаты өзіне тән ғылыми түрғыдан зерттелген, істі оңаша бастайтын, іске жарайтын зандармен емес, партия “көсемдерінің” нұсқауларымен жүргізіле бастады. Саяси бюродағы айтыс-тартыс И.Сталиннің пайдасына шешілді. “Коммунистердің бірлігі мен темірдей тәртібі жолыңда” деген ұранды бүркенген Сталин

саясаты азшылықтағы, алайда ақиқатты ұстанған жандарды көнбіс көпшіліктің алдында бас идірді.Орталықта И .Сталиннің Н И .Бухарин , А .И .Рыков, М. П .Томскийді оңшыл ағымға айыптау науқанын Қазақстан жағдайында “оңшыл” ағымның жоқтығына қарамастан Ф.Голощекин де жүргізд.Партия саясаты өз алдына партия мүшелерін идеялық жағынан большевиктік тұрғыдан шындау, ұлт саясатын большевиктік тұрғыда түсінуді мақсат етіп қойғандықтан, отаршылдар езгісінде келген казақ халқының ұлт жанды азаматтары көтерген өзекті мәселелер Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін асыра бағалаған, ұлттық ерекшеліктерді партияның жалпы міндеттерімен үйлестіру кажеттігі ескерілмеген ауытқулар есебінде айыпталып отырды.Коммунистік партияның бұл саясатына демократиялық бағыттағы ұлт зиялылары наразылық білдірді. Қазақстанда социалистік құрылысты “өркендетуге” аранайы жіберілген Ф.Голощекиннің іс-қимылдары С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов сынды қазақкоммунистері батыл сынға алды. Алайда, “сенің саясатың бірден-бір дұрыс саясат” деп Сталиннің өзі дем беріп отырған Казақстандық “көсемнің” асыра сілтеу саясатын әшкерелеу оңай болмады.Кеңес өкіметінің Казақстанда жүргізген кеңестендіру, тап ретінде байларды жою, жаппай отырыкдіыландыру мен ұжымдастыру саясаты сол кездегі аласапыран тұста жергілікті халықты күйзелтіп, бей-берекетін шығарды. Осы аса жауапты және күрделі мәселені шешуге ұлттық интеллигенцияның ұстанған бағыты, ұлттық мүддені қорғауга бағытталган табиғи әрекеттері “ұлтшылдық” есебінде бағаланды.Қазақ Өлкелік партия комитетінің сол кездегі басшысы Ф.Голощекин 1926 жылы 25-30 карашада болып өткен Казақ Өлкелік комитетінің пленумында С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж .Мыңбаевтарды “ұлтшыл уклонистер” деп қаралады. Ал “оңшыл” ағымды қуғындау науқаны басталған кезде осы ұлтшыл уклонистер атанған ұлттық интеллигенция өкілдері мен оның пікірлестері “оңшыл” ағым ретінде куғын-сүргінге ұшырады.



Халқымыздың тарихында елеулі орын алатын XX ғасырдың 20—30 жылдарыңдағы “оңшыл” ағымды айыптау саясаты, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпына,салт-санасына, тұрмыс-тіршілігіне, ең бастысы тілі мен дініне соққы болып тиді.Бір халықгың мандайына біткен жұлдыздарьш елім, жерім деген арыстарьш содырлы саясаттың сойылымен соғып, есеңгіретіп отыруды не деуге болады? Оны тек қана өздерін дәріптеп, өзгені көзге ілмеген шовинизм сипатындағы сырынан іздеу керек. Бұл әдейі зымиян саясатпен саналы тұрде жасалған қастандык,Орталыкта Сталинге, Казақстанда Голощекинге “оңшыл” ағым деген аңыз халық санасының жаңаруына ықпал етер зиялыларды қуғындап құрту үшін қажет болды.Ал, біз кейінгі ұрпақ, абзал ағаларымыздың қиын-қыстау жағдайдағы айнымас асыл ар-ожданын, парасатын қадырлеуіміз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімi:

1)Д.Махат “Қазақ зиялыларының қасіреті”

2)Д.Қамзмбекұлы «Алаш алаш болғанда»

3)М.Қойгелдиев «Сталинизм и репрессии в Казахста 1920–1940-х годов»