ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 13
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні: 03.05.2023ж | Мектеп: №7 жоббм | Пән: информатика |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік | Мұғалімнің аты-жөні: Бекишев А.Т. | |
Сынып: 5 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Жалпыға қолжетімді бумалар мен файлдар жасау | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.1.3.1 ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу | |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктейді | |
Көптеген оқушылар: жалпыға қолжетімді бума мен файл жасаудың маңызын түсіндіреді | ||
Кейбір оқушылар: жалпыға қолжетімді бума мен файл жасаудың артықшылығы мен кемшілігі жайлы түсініктеме береді | ||
Бағалау критерийлері | Ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс атақарады, Ортақ қолжетімді файлдарды орналастырады Ортақ қолжетімді файлдарды өзгертеді, жүктейді. | |
Сабақта қолданылатын модульдер | АКТ, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Блум таксономиясы» | |
Құндылықтарды дарыту | «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің болашағына нық қадам жасай отырып,технологияларды меңгеру | |
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын, орыс тілдері | |
Алдыңғы бөлім | Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады? |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 7 мин | Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасады 2.Психологиялық ахуалды қалыптастыру. «Сәлемдесу» әдісі Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… шынтақпен...өкшемен… арқамен. 3.Бағалау парағы береді «Білу» Үй тапсырмасы «Қайталау білім айнасы» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау -вирус және антивирус дегеніміз не? -ақпаратқа пароль қалай қояды? -мұрағаттау дегеніміз не? Саралаудың «диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді | 1.Оқушылар амандасады 2.Психологиялық ахуал қалыптасады. «Сәлемдесу» әдісі бойынша бір-бірімен амандасады. 3.Оқу құралдарын реттейді.Бағалау парағын алады. Үй тапсырмасы. «Қайталау білім айнасы» әдісі арқылы өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап беріп,өзара талқылайды | Дескриптор: -вирус және антивирусты ажырата алды; -ақпаратқа пароль қою ережесін білді; -мұрағаттауды білді ҚБ:Стикер арқылы мұғалімнің бағалауы | Слайд 3, көрнекілік слайд 1 |
Сабақтың ортасы 30 мин | «Түсіну» Жаңа сабақ. Сабақ мақсатымен,тақырыбымен таныстырады. Компьютерде белгілі бір құжаттарды қашықтықтан бірлесе орындаудың маңызы зор. Мысалы, сен белгілі бір тақырыпта құжат жасап жатқан топ мүшесісің. Топ мүшелері бір-біріменжелі арқылы байланысады. Олар жасап жатқан құжаттарының файлдарынтек сол топ мүшелеріне ғана қолжетімді етуіне болады. Ол үшін желіде Папки общего доступа бумасымен жұмыс істеудің жолдарын білу керек. Желідегі жалпыға қолжетімді бумаларда жалпыға арналған деректер немесе пайдаланушының жеке өзіне қатысты ғана дерек болуы мүмкін. Жалпыға қолжетімді бумаларды басқаруда пайдаланушылардың файлға қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Термин сөздерді дәптерге жазу
«Қолдану» 1 тапсырма. Оқулықпен практикалық жұмыс. Компьютерде жалпыға қолжетімді бумаларды қалай жасаймыз? Мұғалім тапсырманың орындалу ережесімен таныстырады. Саралау «тапсырма» әдісі.Көмекті қажет ететін және бәрін тез түсініп өздігінен орындай алатын оқушылар,оқушылардың барлығы ортақ оқу нәтижесіне жеткізеді. «Талдау» 2 тапсырма Ортақ пайдалану файлдарының артықшылығын мен кемшілігі жайлы пікір алмасыңдар. Саралау «қарқын» әдісі. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жауап береді. Сергіту сәті «Еден-төбе-мұрын» ойыны Сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетемін және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрамын. Кейде айтқан сөзім мен қимылды керісінше жасап оқушылардың зейінін жинақтаймын. «Жинақтау» 3 тапсырма Викториналық сұрақтар. Саралаудың «қарқын» тәсілі көрінеді.Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жауап береді.
түрлерін ата
| Мұғалімді тыңдайды. Жұмыс дәптерге термин сөздерді жазады Термин сөздерді дәптерге жазады 1-тапсырманы орындайды. Компьютерде жаңа буманы және мәтіндік құжат құрастырады.Құжатты жалпыға қолжетімді бумасына салады. 2 тапсырманы Ортақ пайдалану файлдарының артықшылығын Оқушылар айтылым бойынша қимылды қайталайды 3 тапсырма Викториналық сұрақтарға жауап береді.
| Дескрипторлар: - компьютерде жаңа бума және мәтіндік құжат құрастырды; -құжатты жалпыға қолжетімді бумасына салды; ҚБ:Стикер арқылы мұғалімнің бағалауы Дескриптор: - ортақ пайдалану файлдарының артықшылығын білді; - ортақ пайдалану файлдарының кемшілігін білді ҚБ:Стикер арқылы өзін-өзі бағалауы Дескриптор: -сұрақтарға дұрыс жауап берді ҚБ:Стикер арқылы өзін-өзі бағалауы | интербелсенді тақта / компьютер, слайд 2-5 Дәптер Слайд 6 компьютер, слайд 7-12 Оқулық слайд 14 слайд 15 слайд 16 |
Сабақтың соңы 3 мин | «Қорытынды». «Сәйкесін тап» әдісі. Саралаудың «бағалау» тәсілі көрінеді.Оқушылардың осы сабақта алған білімдерін бағалауға мүмкіндік береді. «Бағалау» Кері байланыс «SМS» әдісі Қызыл түс – «Маған бәрі түсінікті» Сары түс - “Маған түсінікті,бірақ сұрағым бар....” Жасыл түс – «Мен сабақ айтуда қиналамын» | Сұрақтардың жауаптарын дұрыс сәйкестендіреді Телефон үлгісіндегі түсті карточкаларға кері байланыс жазады. | Дескриптор: -сұрақтардың жауаптарын дұрыс сәйкестендірді мұғалімнің қорытынды бағалауы | Слайд 17 |
Үй тапсырмасы | 1 практикалық жұмыс.119 бет | | | |