Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі abai University силлабус.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 12

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Abai University

СИЛЛАБУС

«БЕКІТЕМІН»

Өнер, мәдениет және спорт

институтының директоры Т.Б.Искаков ________________

«_____» ___________20___ж.

1.Пән туралы ақпарат

Пәннің атауы:Анатомияжәне қолданбалы кинезиология

Кредит саны:4

Курс, семестр:1 курс 2 семестр

Оқу жылы: 2022-2023 оқу жылы

Шифр және Білім бағдарламасы(ББ):«6В01404 -Дене шынықтыру және спорт»

Институт:Өнер, мәдениет және спорт институты

Кафедраатауы:Дене шынықтыру және спорт

Оқытушының аты-жөні, дәрежесіғылыми атағы,қызметі, қатынас ақпарат (телефон, e-mail): Балгимбеков Шамшидин Абдуллаұлы, м.ғ.д., профессор;кафедра профессоры; тел.87754542029,e-mail:balgimbekov@inbox.ru
2. Бақылау түрі - тест түріндегі емтихан

Бағалау критериялары:

Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасаужәне кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:

1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.

2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.

3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.

4. Семестр бойысізоқылатынматериалдыпайдаланасыз

СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.


«АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ КИНЕЗИОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША білім алушының жұмысын бағалау шкаласы

Білім алушы:

A

- берген жауаптарын стилистикалықсауатты, логикалықдұрысашқан;

- теориялық ережелерді нақты мысалдармен келтіре білген;

- ғылыми терминологияны тура қолдануды толық көрсеткен

- тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде, шығармашылықжолын қолданып орындаған

A-

– ғылыми терминологияны қолдануда білместік пен оқу материалын түсінбегендіктің салдары болып саналмайтын жеке қателіктер немесе дәлсіздіктер жіберген;

B+

– тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде емес орындаған, тапсырманы орындаған кезде шығармашылықжолын қолданған

B

– баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше қателіктер жіберілген;

– жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберілген.

B-

– ғылыми терминологияны қолдануда қателік немесе екіден астам кемшіліктер жіберілген

  • тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде емес орындаған

C+

– материалдыңмазмұнытолығымен немесе жүйелі түрде ашылмаған, бірақ білім алушы сұрақты жалпы түсінген және жеткілікті білімі көрсетілген, түсініктерді анықтауда, терминді қолдануда қиындықтар мен қателіктер жіберген.

  • тәжірибелік тапсырманы толық көлемінде емес орындаған

C

– тәжірибелік тапсырманы орындау кезінде немесе теорияны жаңа жағдайда қолдана алмаған.

C-

– теориялық материалдың білімін аңғару кезінде негізгі біліктілік пен машықтардың жеткіліксіз қалыптасқандығын байқатқан.

D+

– оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаған;

– оқу материалын білім алушы білмеген немесе оның анағұрлым немесе маңызды бөлігін түсінбегендігі анықталған.

D

– терминдерді пайдалану кезінде түсініктерді анықтауда қателіктер жіберген.

F

білім алушының тексеріліп отырған пән бойынша міндетті білімі мен машықтарының толығымен жоқтығы байқалады.



Жиынтық бағалау:

Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы:

Оқу курсының типі: МК

Пәннің мақсаты: Білім алушы студенттердің қабілетін/дағдыларын/құзыреттілігін қалыптастыру үшін қазіргі заманғы спорттық морфология мен кинезиология ғылымдарындағы деректерді есепке ала отырып, адам ағзасының құрылысы мен қимыл-қозғалысы туралы ғылыми біліммен қаруландыру арқылы болашақ мамандардың дене мәдениеті мен спорт теориясы мен әдістемесі бойынша даярлығын кеңейту табылады.

Пәннің негізгі міндеті «6В01404 -Дене шынықтыру және спорт» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН...) қалыптастыру болып табылады:

ОН 1. Адам денесінің құрылысы мен дамуы, тірек-қимыл аппаратының морфологиялық ерекшеліктері мен ағзаның қозғалысы туралы білім жинақтау;

ОН2. Адам денесін жекеленген жүйелер мен мүшелерге бөліп зерттеп, қимыл-қозғалыс аппараты құрамындағы қаңқа сүйектері мен байланысуларын, бұлшық еттерді жіктеу;

ОН3. Дене қалпының тәнтанулық сипаттамалары мен адамның сымбатын бағалау;

ОН 4.Адам денесінің құрылысын барлық жүйелері мен мүшелерінің атқаратын қызметтерін ескере отырып, кинезиологиялық қозғалыспен байланысты түсіндіру;

ОН 5. Болашақ дене шынықтыру оқытушылары мен жаттықтырушыларға дене жаттығуларымен және спортпен айналысу барысында оқушының денебітімі мен қимыл-қозғалысы аппаратының дұрыс қалыптасуына жан-жақты көңіл бөлуге үйрету.
4.Курстың академиялық саясаты:

Академиялық тәртіп ережелері:

Сабақтарға міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.

Тапсырмаларды (СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын, аралық бақылау және т.б.) орындау, аралық бағалау мен емтихандарды тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.

Академиялық құндылықтар:

Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлеріндекөшіріп алу және оқытушыны алдаудыболдырмау.

Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.

5. Ақпараттық ресурстар:

Оқу әдебиеті:

  1. Адам анатомиясы: иллюстрацияланған оқулық : 3 томдық / Л. Л. Колесников редакциясымен, қазақ тiлiндегi авторластырылған аудармашылар А. Б. Аубакиров, Ф. М. Сулейманова- 2015. - 414 с.

  2. Рақышев А.Р., Адам денесі : оқулық : - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 456 с. - ISBN 978-5-9704-2742-2 - Текст : электронный // ЭБС "Консультант студента" : [сайт]. - URL : https://www.studentlibrary.ru/book/ISBN9785970427422.htm

  3. Юмашева С.К., Тәукейұлы С.Т., Атабекова Б.Б. Кинезиология. –Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ: «Ұлағат», 2016. -232б.

  4. Иваницки й М. Ф. Анатомия человека (с основами динамической и спортивной морфологии): Учебник для институтов физической культуры. - Изд. 7-е.// - М.: Олимпия, 2018.-624 с., ил.

  5. Лысов П. К., Никитюк Д. Б., Сапин М. Р. Анатомия (с основами спортивной морфологии). Т. 2 : учебник / - М. : Медицина, 2013. - 416 с. (Учеб.лит. Для студентов физкультурных вузов) - ISBN 5-225-04656-8 - Текст : электронный // URL : https://www.rosmedlib.ru/book/ISBN5225046568.htm



6. Оқу курсының тақырыбын іске асыру күнтізбесі:

Апта /күні

Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ)

Сағат саны

Ең жоғары балл

1

2

3

5

1

Дәріс 1. Анатомия және қолданбалы кинезиология пәніне кіріспе.Ағза мүшелерінің денеде орналасу тәртібі.

2

5

Семинарлық сабақ 1. Анатомия және қолданбалы кинезиология пәнінің мақсаты мен міндеттері, білім беру жүйесіндегі орны және өзекті мәселелері.

2

5

2


Дәріс 2. Адам денесінің жалпы құрылысы мен конституциясы. Ағзаның құрылымдық компоненттері.

2

5

Семинарлық сабақ 2. Ағза құрылысының жасушалық және ұлпалық деңгейі.

2

5

СОӨЖ: Анатомия және кинезиология ғылымының даму тарихы, негізгі бағыттары, зерттеу әдістері.

СӨЖ: Ағза мүшелерінің денеде орналасу тәртібі. Адам конституциясыныңтүрлері.

1

5


3-4


Дәріс 3-4. Адамның тірек-қимыл аппаратының құрылысы. Сүйектер туралы ілім (osteologia).

4

10

Семинарлық сабақ 3-4. Тірек-қимыл аппаратына жалпы шолу. Қаңқа және сүйектердің құрылысы.

4

10

СОӨЖ: Сүйектердің жіктелуі, құрылысы және құрамы.

СӨЖ:Бас, тұлға қаңқасы, омыртқа бағанасы, кеуде қуысы, қол және аяқ қаңқасының құрылысы.

1




5

Дәріс5. Сүйектердің байланыстары туралы ілім (Синдесмология).

2

5

Семинарлық сабақ 5. Қаңқа сүйектерінің байланыстары.

2

5

СӨЖ: Бас және тұлға қаңқасы сүйектері мен омыртқалардың байланысуы. Қол буындары. Аяқ сүйектерінің байланысуы.

1

5

6-7

Дәріс 6-7. Қаңқа бұлшық еттері: құрылысы, жіктелуі және қызметтері.

4

10

Семинарлық сабақ 6-7. Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы және қызметтері.

4

10

СОӨЖ: Бұлшық еттердің жұмысы және жиырылу режимдері.

СӨЖ:Бас, мойын, тұлға, құрсақ, қол, аяқ бұлшық еттері мен тыныс алу қозғалыстарына қатысатын бұлшық еттердің құрылысы мен қимыл-қозғалыстық қызметтері.

1

10

8

Дәріс 8.Адам ағзасының қозғалысы.

2

5

Семинарлық сабақ 8. Қозғалыс аппаратының дамуы және дене сымбатының қалыптасуы.

2

5

СӨЖ :Түрегеп тұру, жату және отьру қалпының, асылып тұру мен тіренудің, шалқасынан (төрт тағандап) тұрудың (көпір) сипаттамасы.







1 аралық бақылау, барлығы




100

9-10

Дәріс 9-10. Ішкі мүшелердің құрылысы (Спланхнология).

4

10

Семинарлық сабақ 9-10.Ас қорыту жүйесі мүшелерініңанатомиялық құрылысы. Тыныс алу және несеп-жыныс жүйелері мүшелерінің құрылысы.

4

10

СОӨЖ: Асқорыту, тыныс алу және несеп-жыныс мүшелерінің құрылысы мен ағза қозғалысындағы функционалдық мәні.

СӨЖ:Ауыз қуысы, жұтқыншақ, асқазан мен ішек, бауыр және асқорыту бездері, кеңірдек, өкпе, несеп мүшелері және еркек пен әйелдің жыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметтері.

1

10

11



Дәріс 11.Жүрек-қан тамырлары жүйесінің құрылысы

2

5

Семинарлық сабақ 11.Жүрек және қан тамырларының анатомиялық құрылысы.

2

5

СОӨЖ: Үлкен және кіші қан айналымы шеңберінің тамырлары. Лимфа жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері.

СӨЖ:Жүрек-қан тамырларының құрылысы, ағза қозғалысындағы мәні.

1

5

12-13


Дәріс 12-13.Жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің құрылысы.

4

10

Семинарлық сабақ 12-13.Орталық және шеткі жүйке жүйесінің құрылысы. Сезім мүшелері.

4

10

СОӨЖ: Жүйке жүйесінің жекеленген бөлімдері мен сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметтері.

СӨЖ: Рефлекторлық доғаның анатомиялық құрылымы. Жүйке жүйесінің дамуы мен өткізгіш жолдары. Көру, есту, иіс және дәм сезу мүшелері.

1

10

14


Дәріс 14. Эндокринология (ішкі секрециябездері)

2

5

Семинарлық сабақ 14.Ішкі секрециялық бездердің құрылысы және функционалдық маңызы.

СОӨЖ: Эндокриндік реттеу және ішкі секреция бездерініңқұрылысы.

СӨЖ:Ішкі секрециябездерінің гормондары және олардың адам ағзасына әсерлері.

2
1


5
5

15

Дәріс 15. Дененің локомоторлық қозғалыстарының тәнтанулық сипаттамалары

2

5

Семинарлық сабақ 15. Адам денесінің күйі мен қозғалысына анатомиялық талдау

2

5

СӨЖ:Адам денесінің қозғалыс-қимылына ішкі және сыртқы күштердің әсері.Дене қалпының тәнтанулық сипаттамасы.







2 аралық бақылау, барлығы

30/30/7

100



Оқытушы:Балгимбеков Ш.А.________________________Қолы
Кафедра меңгерушісі:Кокебаева Р.С.________________________Қолы
Институт оқу-әдістемелік бірлестігінің бастығы:Какимова Л.Ш._________________ Қолы