ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 53
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8-дәріс
Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) — өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.
Ұлпаны атқаратын қызметіне, шыққан тегіне, морфологиясына, т.б. қасиеттеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Егер ұлпа біркелкі жасушалардан құралған болса, оны жай (колленхима), ал бірнеше жасушалардан тұрса — күрделі (эпидерма) деп жіктейді. Негізгі ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты ассимиляция, сіңіргіш, қорлық заттар жинаушы, ауа ұстағыш болып ажыратылады.
Эпителий ұлпасы (эпителиальная ткань); (textus epithelialis, лат. textus — ткань, ұлпа; грек, ері — үстінде, thele — кеуделік емізікше) организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа.
Эпителий ұлпасы: жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді. Жабынды эпителий ұлпасы организмді қаптап, оның ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады.
Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий жасушаларынан (эпителиоциттерден) құралған. Эпителий ұлпасы шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ (базальды мембрана) оқшауланады. Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды, сезімтал жүйке үштарына бай. Бірқабатты эпителий ұлпасы эпителиоциттерінде полюстік айырмашылык (апикальды және базальды полюстер) болады. Эпителиоциттердің қалпына келу (регенерация) қабілеті жақсы жетілген. Жабынды эпителий ұлпасы: бірқабатты және көпқабатты эпителий болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий ұлпасында барлық эпителиоциттер негіздік жарғақта орналасады, ал көпқабатты эпителийде базальды мембранамен оның тек төменгі қабатта орналасқан жасушалары жанасады. Безді эпителий ұлпасы — организмде өздерінен арнайы бөліңділер бөлетін бездер паренхимасын құрайды. Бездер: экзокринді және эндокринді болып бөлінеді. Эпителий ұлпасы организмде қорғаныс қызметін атқарады, зат алмасу, процесіне қатысады, сірлі сұйық және түрлі бөлінділер бөледі
9-дарис
Дәнекер ұлпасы
— адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа.
Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы
қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген.
Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады.
Дәнекер ұлпасына - сүйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфалар жатады. Дәнекер ұлпасы:
-
Тығыз талшықты дәнекер ұлпасы, -
шеміршекті, сүйекті, -
борпылдақ талшықтар, -
қан ұлпасы деп бөлінеді.
1.Тығызталшықты дәнекер ұлпасының жасушалары бірімен-бірі тығыз тор тәрізді жанасқан. Жасушааралық заттар аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірдеі артериялық қантамырлардың қабырғасында орналасқан. Жасушалары бірімен-бірі тығыз орналасып, ұлпаның біркелкі беріктігін қамтамассыз етеді.
2.Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бірімен - бірі байланысқан жері, көмей қақпағы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзілген. Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты болғанымен серпінділік қасиеті бар.
3. Сүйекті дәнекер ұлпа құрамында кальций тұзы бар, бірімен-бірі байланысқан сүйек тақташаларынан түзіген.
4.Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының талшықтары бірімен-бірі өріліп, жасушалары тығыз орналасқан.
5.Қан - дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан, қанды дәнекер ұлпасына жатқызады.
10-дарис
Борпылдақ дәнекер ұлпа - барлық мүшелерде кездеседі, себебі ол қан және лимфа тамырларын жанамалайды және көп мүшелерде тірек кұрылымын түзейді. Борпылдақ дәнекер ұлпа жасушадан және жасуша аралық заттардан тұрады.
Дәнекер ұлпаның бұл түрі адам мен сүткоректілердің ағзасында кен тараған - тері астында, жасуша, ұлпа, мүшелер арасын толтырып. тамыр, жүйке жолдарында кездеседі.
Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан қоллогендік және эластиндік талшықтар болады. Олардын арасында жасушалар орналасқан. Сонымен бірге бұл жерде қан жасушалары да кездеседі лимфоциттер, плазмоциттер және мокрофаттар. Борпылдақ дәнекер ұлпасынын жасуша аралық заты талшықтар аморфты заттан тұрады.
11-дарис
тЫҒЫЗ ТАЛШЫҚТЫ ДӘНЕКЕР ТІН
• ЕРЕКШЕЛІГІ: ЖАСУШАЛАРЫ АЗ БОЛАДЫ,ТАЛШЫҚТАРЫ КӨП БОЛАДЫ.АМОРФТЫ ЗАТЫ АЗДАУ БОЛЫП КЕЛЕДІ.
• ЛОКАЛИЗАЦИЯ:ТЕРІНІҢ ТОРЛЫ ҚАБАТЫ,СҮЙЕК ҚАБЫҒЫ,ШЕМІРШЕК ҚАБЫҒЫНДА. ТЫҒЫЗ ТАЛШЫҚТЫ ПІШІНДЕЛМЕГЕН
• ТАЛШЫҚТАРЫ РЕТСІЗ,ӘРТҮРЛІ БАҒЫТТА ОРНАЛАСАДЫ.
• ТАЛШЫҚТАРЫ КӨБІНЕКОЛЛАГЕНДІ.КОЛЛАГЕН ТАЛШЫҚТАРЫ ӨЗАРА ҚАЛЫҢ БАЙЛАМДАРҒА БІРІКТІРІЛГЕН.СОЛ СЕБЕПТІ,ОЛАР ТЫҒЫЗ БОЛЫП КЕЛЕДІ.КОЛЛАГЕНДІ ТАЛШЫҚТАРДЫҢ КӨПТІЛІГІНЕН БҰЛАРДА ЖАСУША ІШІЛІК ОКСИФИЛИЯ АЙҚЫН БАЙҚАЛАДЫ.
ОКСИФИЛИЯ ҚЫШҚЫЛДЫҚ БОЯУМЕН БОЯУ ҮДЕРІСІ.ОЛАРҒА:ОРЭНДЖ
G,ЭРИТРОЗИН.ПИКРИН
ҚЫШҚЫЛЫ,ЭОЗИН ЖАТАДЫ.
ТЫҒЫЗ ТАЛШЫҚТЫ ПІШІНДЕЛГЕН
• ЖАСУШАЛАРЫ АЗ,ТАЛШЫҚТАРЫ КӨП ЖӘНЕ РЕТТІ, ЖИНАҚЫ БОЛАДЫ.
• ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ:СІҢІРЛЕРДЕ, БАЙЛАМДАРДА, ФАСЦИЯ. ФИБРОЗДЫ МЕМБРАНАЛАРДА БОЛАДЫ - БУЫННЫҢ КӨМЕКШІ ЭЛЕМЕНТІ, КӨЗДІҢ МӨЛДІР ҚАБЫҒЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚАБЫҒЫНДА.
Шеміршек ұлпасы (хрящевая ұлпа); (textus cartilagineus, лат. textus — ұлпа; лат. cartilago - шеміршек) — қаңқа дәнекер ұлпасы. Шеміршек ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттардан құралған.
Жасушааралық заттың құрылыс ерекшеліктеріне байланысты ол: гиалинді, эластинді және талшықты шеміршек ұлпалары болып үш түрге бөлінеді. Гиалинді шеміршек ұлпасының жасушааралық заты мөлдір біркелкі болып келеді. Эластинді шеміршек ұлпасының жасушааралық затында эластин талшықтары, ал талшықты шеміршек ұлпасында коллаген талшықтарының будалары болады. Шеміршек ұлпасы сыртынан шеміршекқаппен (перихондрий) қапталған.
Шеміршек ұлпасының жасушаларына прехондробласттар, хондробласттар, хондроциттер жатады. Жасушааралық зат — шеміршек ұлпасының негізін құрайды. Оның құрғақ салмағының 50-70% коллагеннен тұрады. Жасушааралық заттың құрамына хондрин талшықтары мен хондромуконд (мукополисахарид) кіреді. Шеміршек ұлпасы организмде тіректік, қорғаныс және механикалық қызметтер атқарады.
Гиалинді шеміршек - ұлпаның ең көп тараған негізгі түрі. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т.б. органдардың шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектің жасушалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады. Көбінесе олар 3-4 жасушалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір жасушаның бөлуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталады.
Қартайған сайын шеміршектің негізгі заты тығыздалып, жасушалары дискі тәрізді және бұрыш тәрізді болады.
Шеміршек жасушалары көбінесе бір ядролы кейде екі ядролы болады. Органоидтары жақсы жетілген. Шеміршектің жасуша аралық заты біркелкі болмайды. Микроскоппен қарағанда онда аморфты зат пен желімделген коллаген талшықтары да байқалады. Талшықтар өзара шырматылып тор түзеді. Шеміршек ұлпасының басқа ұлпалардан айырмашылығы ондағы аморфты затының химиялық қасиетінде. Шеміршектің аморфты заты протеиндерден хондриотино күкірт қышқылынан және альбумоидтан тұрады. Протеиндердің бір бөлігі хондриотино күкірт қышқылымен күшті қосылып хондромукоид түзеді. Ол шеміршектің негізгі заты. Шеміршектің негізгі затында коллаген мен хондромукоид біркелкі орналаспайды ол жануарлар мен адамдардың жасына байланысты. Адам есейген сайын шеміршектің негізгі затының ерекшеленуі айқындала түседі. Онда тұздар көп жиналып, кәрі шеміршек опырылғыш келеді.
Серпімді шеміршек негізінде гиалин шеміршегіне ұқсас, бұның да жасушалары капсуламен қоршалып изогенді топтар құрайды. Оның түсі сары болады. Серпімді шеміршектен құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.
Талшықты шеміршек мұның негізгі затында каллоген талшықтары жинақталған.Омыртқа аралығында кездеседі.
Шеміршектің дамуы-гиалинді шеміршек басқа дәнекер ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Дамуы мезенхиманың тығыздалуынан басталады. Қаңқалы бөлімдер пайда болады. Ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді. Онда шеміршектің затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан каллоген талшықтары дамиды. Шеміршектің осыдан бастап екі бөлімі, аралық заты және жасушасы айқындала басталады және жасушалары көбейе бастайды. Негізгі заттың базофильдігі артады. Ұрықтың шеміршектің айырмашылығы олар изогенді топ құрамай жасушалары бір-бірінен бөлек орналасады.
Өсуші организмнің сүйек ұлпасында клеткалардың үш түрі болады: остеобласт, остеоцит және остеокласт. Остеобласт – сүйек үлпасын түзуші клеткалар. өсуші сүйек ұлпасынынң бетінде орналасады. Оларға белокты синтездейтін клеткалардың ультрақұрылысы тән. Цитоплазмасында жақсы жетілген гранулалық эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, сонымен бірге РНК болады.
Остеоцит – бөліну қабілетінен айырылған жоғары дәрежеде мамандалған көптеген өсінділермен өзара жалғасқан жұлдыз пішінді сүйек ұлпасының негізгі клеткалары. Остеоциттер сүйек қуыстарында орналасады. Остеоцитттер сүйектің негізгі затын өндеуге және оған қаннан заттарды жеткізуге қатысады. Сүйек құрылысының өзгеруі кезінде остеоциттер қайтадан ұлпаның бетіне өтуі кері остеобластқа айналуы мүмкін.
Остеокласт – көп клеткалардың қосылуынан пайда болған мамандалған макрофагтар. Негізгі қызметі әктенген шеміршек пен сүйеті бұзып+талқандап+сіңіру. Сүтқоректілерге бұл клеткалар остеобластер мен остеоциттердің қосылуынан пайда болады, амфибийлерде – негізгі клеткалардан түзіледі.
12-дарис
Булшык ет улпасы- Организмдегі қозғалыс процестерді, (мысалы, қан тамырындағы, тағамның шеткі қозғалысын) және механикалық жұмыстарды атқарады. Жиырылғыштық қасиеті.Миофибрилдер жуандап және жіңішкеріп, қысқарып және ұзарып тұруға қабілетті.
бирынгай салалы булшык ет улпасы-
Ұзын ұршық формалы бірыңғай салалы ет клеткасы.Қуықтың қабырғасында тармақталып және тармақтары бір-бірімен қосылып синцитий түзеді
Ұзындығы 60 микрон нан 100мик
Диаметрі 2 мик- 20 мик
Клеткасында ұршық тәрізді бір ядро болады.
Клеткалары жиырылған кезде ядросы да иіліп, қысқарады. Протоплазмасындағы ядросының айналасында клетка орталығы, хондриосом, және ішкі торлы аппарат орналасады.
Протоплазмасын клетканың ұзына бойы бағытынада орналасатын миофибрилдер толтырып тұрады.
Бірыңғай салалы бұлшық ет клеткасында ерекше қабық болмайды. Колланег және эластикалық талшықтары бар дәнекер ұлпалық қабаттар өтеді. Эластикалық талшықтардың созылмалы – жиырмалы қасиетіне байланысты созылған бұлшық ет қайтып қалпына келеді. Бірыңғай салалы бұлшық ет мезенхимадан дамиды.
13-дарис
колденен жолакты булшык ет
Қанқалы көлденең жолақты бұлшық еттері де тарамыстар сияқты қүрделі шоғырлы құрылысты болады.
Бірінші реттік шоғырларда – болбыр дәнекер ұлпасы
Екінші – бір- бірімен тығыз дәнекер ұлпасы қабаттармен бірігіп, етті тұтас жауып тұратын қабыққа өтеді.
Үшінші дәнекер ұлпасы арқылы етті қоректендіретін қан тамырлар және нервтер өтеді.
Барлық жануарларда көлденең жолақты еттердің шығу тегі миотом болғанымен олардың дамуы біртекті өтпейді.
Регенерация тек төменгі сатыдағы омыртқалы балықтар мен амфибилдерде
ғана өтеді. Сүтқоректілерде көлденең жолақты еттердің регенерациясы болғанымен, ол толық өтпейді.
журек еты
Талшықтары шоғыр түзбейді, тармақталып, бір-бірімен тор тәрізді тұтас синцитий құрайды.
Жүрек етінің ерекшелігі – ет талшығын кессе көлденең кесіп өтетін сызабтар түзеді.
Сызабтардың қызметі әлі белгісіз.
14-дарис
нерв улпасы
-
Эктодермадан дамиды. -
Нерв ұлпасы нерв клеткаларынан, немесе нейрондардан(нейроциттерден), глиялық клеткалардан, глиоциттерден тұрады. -
Нерв ұлпасының құрамында рецепторлық клеткалар да болады.