Файл: 50 жалпы орта білім беретін мектеп Е лкен байлы денсаулы!.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№50 жалпы орта білім беретін мектеп
«Ең үлкен байлық - денсаулық!»
(тәрбие сағаты)
Өткізген: Абдіқани Ж.Н
Орал 2023ж
Бекітемін:
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға өз денсаулығын сақтап, оның өмір сүру үшін маңызы жоғары байлық екенін білу, салауатты өмір салты ұстану маңызын насихаттау.
2. Денсаулық туралы нақыл сөздерді, ұлы адамдардың ол туралы айтқан үзінділері мен сөздерін оқу арқылы оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамыту.
3.Оқушы күн режимін сақтап, тазалық ережелер мен таңертеңгілік жаттығуларды күнде жасауды дағдыға айналдыру арқылы өз денсаулығын жақсартуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Ұлт денсаулығын жақсартуда өз үлесін денсаулығын сақтау арқылы қосатын, білімі мен сана-сезімі мол, өз Отанын сүйетін азамат пен азаматша тәрбиелеу.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Топтық жұмыс. Зияткерлік білімін байытып, ой-өрісін дамытуда топпен бірлесіп берілген тапсырмалар бойынша шығармашылықпен жұмыстану. Коммуникативтік, көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастыру:
I. Сәлемдесу. Оқушылармен амандасып тәрбие сағатымызды бастаймыз.
II.«Күн шуағы» Жылулық шеңбері. Оқушылар бір – бірне күн беру арқылы бүгінгі күндеріне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіреді.
«Денсаулық -зор байлық» деген сөздердің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ең үлкен байлық - денсаулық!» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
1.Денсаулық- адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
2.Денсаулық- дұрыс тамақтану.
3.Денсаулық- тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
4.Денсаулық -таза ауада көбірек жүру.
5.Денсаулық - тазалық сақтау.
6. Денсаулық- тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
7.Денсаулық- тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жуу.
III. «Не білесің?» фри әдісі. бүгінгі тәрбие сағатымызға байланысты сұрақтар қойылады.
1.Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?
2.Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттер қандай?
4.Салаутты өмір салты туралы не білесің?
5.Мүлде ауырмау үшін не істеу керек?
6.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді білу керек?
IV. «Түстер әлемі» топқа бөлу. Оқушылар қорапшадан түрлі – түсті фигураларды таңдап алады. Фигура түстеріне байланысты үш топқа бөлініп отырады?
V. Топтық жұмыс: 1 – топ «Зиянды әдеттер», 2 – топ «Пайдалы тағамдар», 3 – топ «Ең үлкен байлық - денсаулық». Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларға постер қорғап, тақырып мәнін ашу керек. Әр топтан топ басшы сайланып, топ тыныштығына жауап береді.
VI. «Кім тапқыр?» жұмбақ жасыру Pizza әдісі.
1)Ертемен күнде сен, қолына сүйкесең.
Кетер кір ласың, тап – таза боласын. Бұл не? ( Сабын)
2)Суртеді қолынды, суртеді дененді. Бұл не? ( Сүлгі)
3)Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. Бұл не? ( Тарақ)
4)Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? ( Айна)
5) Бар болғанда бағаламаймыз,
Жоқ болса, ауырамыз. (Денсаулық)
6)Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан,
Он екі бұлағы бар шыр айналған.
Ісіне таң қаламын құдіреттің,
Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған. (Алпыс екі тамыр, он екі мүше)
7) Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық.
(Сәбiз)
8) Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.
(Алма)
9)Аласа тал,
Тамаша тал.
Самсап тұр алмасы,
Ол алқызыл,
Ол қанқызыл,
Боялғанша, алмашы!
(Қызанақ)
VII. «Боди - арт» сергіту сәті. Оқушылар өздерін болашақта қалай елестетінін сурет арқылы бейнелеу.
VIII. Рефлекция «Денсаулық ағашы» бүгінгі тәрбие сағатынан түйгендірін, ұсыныстарын,ұнаған сәттерін денсаулық ағашына жазып іледі.
IX. Марапаттау. Топта өздерін белсенді көрсетіп, сұрақтарға дұрыс жауап беріп ат салысқан топқа грамота беріледі.
Анықтама
Тақырыбы: «Ең үлкен байлық-денсаулық!»
Мақсаты: Оқушыларға өз денсаулығын сақтап, оның өмір сүру үшін маңызы жоғары байлық екенін білу, салауатты өмір салты ұстану маңызын насихаттау. Денсаулық туралы нақыл сөздерді, ұлы адамдардың ол туралы айтқан үзінділері мен сөздерін оқу арқылы оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Оқушы күн режимін сақтап, тазалық ережелер мен таңертеңгілік жаттығуларды күнде жасауды дағдыға айналдыру арқылы өз денсаулығын жақсартуға тәрбиелеу.
Күні: 21.04.2023
Контингент: 10 «А» сынып оқушылары
Қатысқандар саны: 27 оқушы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: тренинг, әдістер.
Құрал –жабдықтар: қалам, бояу-карандаш, айна, дайын парақша, интерактивті тақта, слаид.
10 «А» сынып оқушыларына тәрбие сағат өткізілді. Қатысқандар саны 27 оқушы. Ең алдымен оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, ауызбірліктерін білу мақсатында шарды жерге түсіріп алмау керек екендігін түсіндірдік. Кейін оқушыларды үш топқа бөлдік. Фри әдісін қолданып денсаулыққа, салауатты өмір салтына, спортқа байланысты сұрақтар қойылды. Үш топқа постер қорғатуға тапсырмалар берілді. 1 – топ «Зиянды әдеттер», 2 – топ «Пайдалы тағамдар», 3 – топ «Ең үлкен байлық - денсаулық». Кейін Пицца әдісі арқылы әртүрлі жұмбақтар қойылды. Сабақ соңына таяу үш топқа айналар мен гуашь таратылып берілді. Оқушылар болашақта өздерін дені сау тұлға ретінде көремін деген сурет салды. Кері байланыс ретінде тақтаға Денсаулық ағашы жапсырылды. Бүгінгі тәрбие сағатының ұнаған, қызықты жерлерін стикерге жазып ағашқа жапыстырды. Үш топқа номинациялар берілді.
Машықкер: Абдіқани Ж.Н