Файл: азРесмедуниверситеті меббм нуо КазРосмедуниверситет.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«ҚазРесмедуниверситеті» МЕББМ

НУО «КазРосмедуниверситет»

стр. / 9 бет


















Бекітілді

ББК отырысында

хаттама № ____, «___» _______ 20__ ж.

Силлабус (Syllabus)

Жалпы гигиена және эпидемиология (код 3219 ) пәні бойынша



Оқыту тілі

қазақ

Білім беру бағдарламасының атауы

«Жалпы медицина»

Білім беру бағдарламасының шифры

6В10103

Кредиттер/сағаттар саны

Барлығы

4/120


Аудиторлық сағат

БӨЖ
60

БОӨЖ
15


Дәріс

семинарлық

15

30

Оқыту түрі

аралас

Курс

3

Қорытынды бақылау формасы

емтихан


Алматы, 2022


Автор (әзірлеген)






Адилханова А.Н. аға оқытушы доктор phD, Калимолдин М.М. аға оқытушы м.ғ.к.

ОӘБ маманы




Абильмажинова Ж.С.



Силлабус талқыланды және мақұлданды:

Кафедраның отырысында___________, №_________ хаттама

«___» _________________20___ж.

1. Оқытушы туралы мәліметтер және байланыс ақпараты:


Оқытушының Т.А.Ә.

Ғылыми дәрежесі

Кафедра атауы

e-mail

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

Адилханова

Ажар Наврузбаевна

РhD

Гигиена және

эпидемиология

adilkhanova.

azhar@mail.ru

87757204572

Калимолдин

Маутбек Маутенович

м.ғ.к.

Гигиена және

эпидемиология

kalimoldin

@mail.ru

87014155557



2. Пәннің мақсаты: Жалпы гигиена және эпидемиология пәні адам ағзасына қоршаған ортаның табиғаттық және антропогендік факторларының әсерін, гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелерін, жұқпалы аурулармен күресу шараларын үйрету.

3. Пәннің қысқаша аннотациясы: Жалпы гигиена және эпидемиология пәні адамдар денсаулығын нығайтуға және сақтауға, денсаулығына қолайлы жағдай жасауға бағытталған медицинаның алдын алу саласы болып табылады.

4.

Пререквизиттер

медициналық биология, микробиология және иммунология

Постреквизиттер

жұқпалы аурулар, кәсибі аурулар



5. Оқу нәтижелері:



Пән деңгейіндегі оқытудың нәтижелері

1

- Креативті болу, шығармашылық, сыни және өзін-өзі сын тұрғысынан ойлау, бастамашыл болу, шешім қабылдай білу, жоспарлау және мақсатқа жету; өз бетімен әрекет ету және жаңа жағдайларға бейімделу, салауатты өмір салтына бағыттау.

2

- Денсаулыққа байланысты проблемаларды, қауіп факторларын, аурулардың алдын алу үшін эпидемиологилық білімін қолдану; ауруханалық жағдайларда және халық арасында инфекциялық ауруларды бақылаудың негізгі принциптерін дәлелді медицинаға негіздеп түсіндіру және қолдану.

3

Медициналық көмек көрсетудің қолданыстағы заңнамалық нормативтік-құқықтық негіздерін талдай білу және қолдану, қолданыстағы құқықтық жүйе шеңберінде пациенттер мен халық топтарын емдеудің шығындары, тәуекелдері мен пайдасы туралы хабардар болу, оның ішінде пациенттің мәртебесін, МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен көлемін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаны анықтау.


6. Пәннің тақырыптық жоспары:


Тақырып

Сағаттар саны

Оқыту әдісі

Бағалау әдісі


Жиыны

Дәріс

Сем/ПC

БОӨЖ

БӨЖ

1

2

3

4

5

6




7

Гигиена пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері

1

2

1

4

Ауызша сұрау

Тест


8

Ауа гигиенасы

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,




8

Су және топырақ гигиенасы

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,



Тест



8

Тамақтану гигиенасы

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,



Тест



8

Медициналық мекемелер гигиенасы

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,



Тест



8

Балалар және жас өспірімдер гигиенасы

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,



Тест



8

Еңбек гигиенасы

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,



Тест



8

Аралық бақылау 1




1







Ауызша сұрау



1

Эпидемиология пәні мақсаты жэне міндеттері, зерттеу әдістері.

1

1

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,


Тест



7

Эпидемиялык процесс туралы ілім. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелуі

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,



Тест


8

Жұқпалы аурулар кезінде алдын алу жэне эпидемияга қарсы шаралар

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,



Тест



8

Дезинфекция. Дезинсекция. Стерилизация.

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,



Тест

8

Жұқпалы аурулар иммунопрофилактикасы. ҚР Ұлттық егу күнтізбесі

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,




Тест


8

Аэрозолды және ішек инфекцияларының эпидемиологиясы, профилактикасы

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,



Тест



8

Аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиясы, профилактикасы

1

2

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша,




Тест


8

Парентаралды инфекциялардың эпидемиологиясы, профилактикасы

1

1

1

4

Ауызша сұрау, Жазбаша


Тест


5

Аралық бақылау 2




1







Ауызша сұрау



1

Сағат жиынтығы:

15

30

15

60







120



7. БӨЖ/БОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі




Тақырып

Тапсырма

Бақылау формасы


Тапсыру мерзімі

(апта)

1

2

3

4

5

1

Қазақстанда гигиенаның даму тарихы

Реферат дайындау

Реферат бағалау


2

2

Қазақстан Республикасында ауа ортасының ластану көздері

Реферат дайындау

Реферат бағалау


3

3

Микроклимат параметрлері мен ауа сапасын өлшеуге арналған құралдар (термометр, психрометр, анемометр, аспиратор) , құралмен жұмыс істеу әдістемесі және қағидасы.

Реферат дайындау

Реферат бағалау


4

4

Медицинадағы УФ сәулелердің қолданылуы. Құралдар.

Реферат дайындау

Реферат бағалау


5

5

Қазақстан Республикасында аймақтардың сумен қамтамасыз ету ерекшеліктері. Арал теңізінің мәселелері.

Реферат дайындау

Реферат бағалау

6

6

Топырақты ластаудың негізгі көздері. Ластануды жоюдың және қайта өңдеудіің әдістері.

Реферат дайындау

Реферат бағалау


7

7

Тағамның негізгі компоненттері (ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер және минералдар) және олардың адам организмінде алар ролі.

Реферат дайындау

Реферат бағалау



8

8

Фармациядағы дезинфекция және стерилизация

Реферат дайындау

Реферат бағалау



9

9

Жұқпалы аурулардың нозологиялық формалары және эпидемиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ошақтарды эпидемиологиялық тексеру. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар

Реферат дайындау

Реферат бағалау



10

10

ЖРВИ және тұмау инфекцияларының жалпы сипаттамасы. DOTS – бағдарламасы, туберкулез ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар

Реферат дайындау

Реферат бағалау

11

11

Сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратиф, тырысқақ ошақтарын тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар

Реферат дайындау

Реферат бағалау


12

12

АВГ және ЕВГ, полиомиелит, энтеровирусты инфекциялар ошақтарын тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар

Реферат дайындау

Реферат бағалау


13

13

Парентеральді жолмен берілетін вирусты гепатиттерде эпидемияға қарсы шаралар

Реферат дайындау

Реферат бағалау


13

14

АИВ-инфекциясында эпидемияға қарсы шаралар

Реферат дайындау

Реферат бағалау


14

15

Қазіргі жағдайдағы ауруханаішілік инфекциялардың даму ерекшеліктері, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру

Реферат дайындау

Реферат бағалау


15



8. Пәннің саясаты:

8.1 Мінез-құлық ережелері

Білім алушы міндетті:

- моральдық, этикалық нормаларды ұстану;

- кестеге сәйкес сабаққа қатысуға, кешікпеуге;

- силлабуста көрсетілген тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындау;

- университеттің аудиториялық жабдықтарын, жиһаздарын, компьютерлік техникаларын, оқу әдебиеттерін және басқа да мүліктерін ұқыпты пайдалану;

- оқу процесіне белсенді қатысу;

- академиялық адалдық қағидаларын ұстану;

- аурудың себебі бойынша сабаққа алдын ала қатысу мүмкін болмаған жағдайда сабақ басталғанға дейін оқытушы мен деканатқа келмеу себептері туралы ескерту;

- сабаққа алдын-ала дайындалу,

- қауіпсіздік ережелерін сақтау;

- медициналық ЖОО білім алушының дресс-кодын сақтау (медициналық халат, медициналық бас киім, медициналық маска, клиникалық базаға немесе зертханалық , ТО, ОКО қатысқанда –бахилада болу);

- Университеттің корпоративтік мәдениет және этика кодексін сақтау.

Тыйым салынады:

- - сабақтарда оқу мақсаттарынсыз ұялы телефондар мен басқа да техниканы пайдалану;

- Оқытушының рұқсатынсыз аудиторияны қалдырмау.

8.2 Академиялық адалдық

Оқу тапсырмаларын орындау кезінде білім алушы университет сайтында орналасқан Академиялық адалдық Кодексінің ережелерін ұстануға міндетті.

Академиялық адалдық кодексін бұзудың келесі түрлеріне жол берілмейді:

  1. плагиаттың барлық түрлері (Академиялық адалдық кодексінде толығырақ сипатталған);

  2. Көшіру

  3. Құжаттарды бұрмалау

  4. әділетсіз артықшылық алу;

  5. басқа адам болып көрсету / өзіңіздің түріңізді басқа адамға ауыстыру;

  6. әлеуметтік желілерде ақпарат тарату. Университеттің білім алушыларына / ПОҚ / қызметкерлеріне әлеуметтік желілерде жалған мәлімдеме жасау, жала жабу, қорлау, ақпарат тарату.

Тәртіп саясаты, Академиялық адалдық кодексі, корпоративтік этика кодексі бұзылған жағдайда білім алушыға қатысты тәртіптік жазалау шаралары қолданылады.


8.3 Бағалау тәртібі (пән бойынша ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау)


Пән бойынша аралық және қорытынды бақылау тәртібі университеттің академиялық саясатында сипатталған, оны ЖОО сайтында оқуға болады.

Білім алушыны ағымдағы бақылау (бағалау) кафедраның қалауы бойынша: оқу сабағының әрбір тақырыбы бойынша немесе әрбір орындалған тапсырма үшін 100 балдық шкала бойынша жүзеге асырылады.

. Білім деңгейіне байланысты латын әліпбиінің А-дан (ең жоғары баға) F-ке дейінгі (ең нашар баға) әріптері әріптік жүйенің бағалары болып табылады.

Баллдардың сандық баламасы-ондық есептеу жүйесіндегі араб сандары 4,0-ден 1,0-ге дейін оң бағалар және 0,5-қанағаттанарлықсыз баға.

Бағалаудың пайыздық мазмұны пайызбен анықталады. Бұл ретте оң баға 50% – дан 100% - ға дейінгі бағаларды, қанағаттанарлықсыз баға 0-ден 49% - ға дейінгі бағаларды қамтиды.

Бағалаудың дәстүрлі шкаласы "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанарлықсыз"бағалары бар 4 балдық шкала бойынша құрылады.

Ағымдағы бақылау бағаларын оқытушы сабақта жариялайды және 5 күн ішінде (оқу аптасының соңына дейін) Platonus электрондық журналына қояды.

Бағалау шкаласы


Әріптік бағалау

жүйесі

Балы

%-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4.0

95-100

Өте жақсы

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы



В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

С

2.0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D-

1.0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24





8.4 Қашықтықтан оқыту ережесі

Барлық студенттер ҚРМУ оқу порталында тіркелуі тиіс https://moodle.medkrmu.kz/ онда силлабустар, бейне-дәрістер, тест тапсырмалары және білім алушыларға арналған басқа да оқу материалдары орналастырылады.

). Онлайн-форматта оқу тек MOODLE.MEDKRMU платформасында жүргізіледі.Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылатын прокторинг рәсімін (білім алушының жеке басын бейне-сәйкестендіру) қолданумен (нұсқаулыққа сілтеме: https://moodle.medkrmu.kz/mod/resource/view.php?id=263582).

MOODLE MEDKRMU жүйесінде жұмыс істеу үшін интернет байланысы қажет. Ұсынылатын қосылу жылдамдығы кемінде 512 Кбит/сек. Ұсынылатын операциялық жүйе: Windows XP және одан жоғары, Macintosh, Linux. Ұсынылатын браузер: Internet Explorer 6 және одан жоғары, Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera. Құжаттарды қарау үшін сізге қажет: Adobe Reader немесе аналогтар, Flash Player, MS Office бағдарламалары. Ұялы телефоннан жүйеде жұмыс істеу үшін ұсынылатын Операциялық жүйе: Android 8.0 және одан жоғары, iOS 10

. Сабақ барысында байланыс жоғалған жағдайда білім алушы компьютер/ноутбук мониторының экран скринін қоса бере отырып, курс оқытушысының атына түсіндірме жазбаны ұсынуы тиіс. Бұл жағдайда білім алушы сабақтың өткізіп алған бөлігін өтеу үшін қосымша тапсырманы орындауы тиіс.

Оқытушылар мен білім алушылар арасында жедел ақпарат алмасу үшін топ старосталары WhatsApp қосымшасында чат құрады және оған оқытушылар мен топтың барлық білім алушыларын қосады. Көрсетілген чат арқылы оқытушылар онлайн-сабақтарға, бейне-дәрістерге сілтемелерді бөлісе алады, сондай-ақ білім алушыларға сабақ тақырыптары бойынша консультация бере алады.
8.5 Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер

Білім алушылар мен оқытушылар сабақ барысында практикалық дағдыларды пысықтау немесе стандартталған пациенттермен, клиникалық базалардағы пациенттермен жұмыс істеу кезеңін қоспағанда, физикалық байланыс болмай қалмайтын және оқу мақсаттарымен негізделген әлеуметтік қашықтық шараларын ұстануы тиіс.

Оқу және университет ғимаратының ішінде болу кезінде медициналық маска киюі керек. Сабақ үзілістерінде топ старостасы кабинетті желдетуді немесе кварцтауды ұйымдастыруы тиіс (егер кабинет кварцтауға арналған шаммен жабдықталған болса). Кабинетті желдету/кварцтау кезінде білім алушылар кабинеттен шығуы тиіс. Сабақтың басында үстелді дезинфекциялық майлықпен сүрту ұсынылады.

Өздерінде коронавирустық инфекция белгілері (температура, қалтырау және т.б.) анықталған жағдайда білім алушы оқытушыны ескертуі және университет мед пунктінен тексеруден өтуі тиіс.Егер сабақ клиникалық базада өткізілсе, оқытушы мен топ старостасына ескерту жеткілікті.