Файл: Очерк мазмнын талылауа баытталан сратар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Очерк мазмұнын талқылауға бағытталған сұрақтар:

  • Буруттар өздерін мұсылманбыз деп атайды, бірақ .../

  • Борсық жалпы рулық маңызға ие болғысы келгендіктен, қандай қадамға барды? Жалпы, ол қандай адам?

  • Шоқанның Боранбай манаппен таныстығы қалай орын алды?

  • Қытай жылнамасы қолданатын «ки-ли-ки-цзы» сөзі жергілікті халықтың тілінде қалай аталады?

  • Орта Азия халықтарының аңыздарының ерекшеліктері неде?

  • Қытай тарихындағы гао-гюй, басқаша атауы телэ немесе чилэ қасқыр мен ғұндардың сұлу ханшайымынан тарағандығы туралы аңызда не айтылады?

  • Ежелгі Орта Азия халықтары аңыздарының неше түрі? (3: жануардан шыққандығы туралы миф, генеалогиялық аңыздар, ноғай жырлары). Олардың ерекшеліктері қандай?

  • Ноғай халықтарында қандай поэзиялық дастандар сақталған?

  • Поэзиялық дастан кейіпкері Едіге кім? / Темірланның әскербасыларының бірі, Темір-Кутлуктың кезінде Алтын Орданың зынданында болған, Ворскле кезінде кезінде Витовты жеңгендігімен тарихта белгілі.

  • Орақ аңызыны туралы не айтылады? / Оның ұрпағы орыс тұтқынында болып, орыс княжнасына үйленген.

  • Ер-Көкше аңызы туралы не айтуға болады? / Никон жылнамасында 1423 жылы Куидадат ханының одойларға шабуыл жасауы туралы жазбада аталған. «Сол жолы татар батыры Көкше де мерт болды, оның денесі де, күші де зор болды».

  • Шора батыр туралы ше? / қоршауда қалған Қазанға көмекке барған татар жауынгері




  • Федор Достоевскийдің Шоқан Уәлиханов туралы пікірімен келісесіздер ме? Неге?

  • Автордың пайымдауынша, Достоевский қай тұста қателескен? Сіздер ол туралы не ойлайсыздар?

  • Отбасылық аңыз Шоқан туралы не дейді? Бұл арқылы нені аңғаруға болады?

  • Филолог, тарихшы Э.Юсупов Шоқан туралы не дейді? Оның осы бағалауынан не түюге болады?

  • Шоқанның барлаушы, зерттеушіге тән әрекеті қай кезден бастау алады?

  • Семенов-Тян-Шанскийге Шоқанды көтермелеуге не түрткі болды?

  • Шоқанның Қашқарға сапарының ерекшелігі неде?

  • Император Александр ІІ не үшін Шоқанды марапатқа лайық көрді?



Очерк мазмұнын талқылауға бағытталған сұрақтар:

  • Кіші Бұхараның тарихын тамаша суреттеген танымал кітап қалай аталады?/ Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди»;

  • «Тарихи-Рашиди» екі бөлімнен тұрады. Қандай? Кітаптан тауып оқыңыз/ бірінші бөлімінде хижраның 962 жылына дейін (1554), Тоғлық-Темірден Рашидке дейінгі қашғарлық хандардың тарихын баяндаса, екінші бөлімінде естеліктер келтіріледі.

  • Бұл кітап екі жерде сақталған? Қайда және олардың сапасы қандай? Сұраққа жауап бере алмасаңыз, кітаптан тауып оқыңыз/ Ғылым Академиясының мұражайында (қазір РҒА Шығыс қолжазбалары институты) бұл кітаптың түрікше аудармасы бар, ал С-Петербор университетінің кітапханасында парсыша түпнұсқасы сақталған. Өкінішке орай, академиядағы кітап толық емес, ал университеттегі кітаптың қатесі көп, соған қарағанда оны парсы тілін білмейтін адам көшірген.

  • Шоқанның Қашқардан сатып алған кітабы, Шоқанның өзі «Тарихи-Рашидидің» жалғасы деп берген қолжазба қалай аталады? Онда нелер қамтылған?/ «Тазкиряи Ходжаган» (Қожалар тарихы)/ Мұхамедтің ұрпақтарын қожа деп атаған, сол әулеттің тарихы жазылған;

  • Шоқан өзінің жазбасында жалайыр туының билеушісі Жанғазы сұлтанның бұларды таңырқатқаны туралы жазады. Шоқандар не үшін таңғалды?/ «Жалайырда қой көп, Жанғазыда ой көп»...

  • Қарқараның жағасындағы қырғыздар Шоқан керуендері келгенде не себептен қашып кетті?/ қызыл бөріктер мен айтбұзым шайқасынан кейін, алдыңғылары орыс шенеуніктерін шақырған. Жағымсыз шешім болса, қашуға дайын отырған.

  • Чон Карач туралы не айтуға болады?/ орыс үкіметін жақтайды, хорунджи шенін алғысы келеді, салмеке руының басшысы, Дәу аталып кеткен;

  • Шоқандар неліктен қырғыз руларының аулы-аулына кетті?/ қар жауып, күн суытып кетті;

  • Қыдық руының басшысы Борсық туралы не айтуға болады?/ салақтығы туралы;

  • Қырғыздардың салақтығына қатысты қандай ырым-жоралғылар бар?/ ыдысты жуу күні, үйдегі бақыт, молшылық шайылып кетеді, ерлері іш киімдерін түсіп қалғанша киеді, жесір әйел бір жыл бойы жуынбайды, таранбайды, киімін шешпейді, ауыстырмайды;

  • Буруттық байдың қой сойғызуы туралы не айтуға болады?/ киіз үйдің ішінде сояды, отбасы мүшелері бір-бірінен етті қызғанып, ұрсып қалды, қырғыздар «жұтымға» жиналып қалды, иттер еденді иіскей бастады, әртістері балалайкада «дөйт, дөйт» әнін салды;

  • Борсықтың Шоқандар келгелі кеудесін көтеріп, маңғаздана бастауына не себеп?/ қыдықтар өз ауылдарында сауда шатырларын бірінші рет көріп отыр;

  • Шоқанның жолдасының шатырында ұйымдастырылатын отырыстар туралы не айтуға болады?/ қыз бен жігіт екі жаққа отырады, қыз өзіне ұнаған жігітті орамалмен ұрады, жігіт не ән айтады, не күшін көрсетуі керек, бағы жанған жігіт қызды сүйеді;

  • Автордың айтуынша, буруттардың қызғаныш сезімінен алшақ болуына не себеп?/ ислам пуританизмінің бұл халық ішінде жайылып үлгермегендігі.



тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

(а) Қырғыздардың айтуынша, «Манас» жырын тыңдап шығуға неше уақыт керек? «Саметей» жырын ше?

_________________________________________________________

(ә) «Манас» жырының қысқаша мазмұны қандай? _________________________________________________________

(б) «Біздің ойымызша, бұл поэмаға қосымшалар қосылған және өзгертулер қазіргі заманда жасалған» дейді автор. Автордың болжамынша, қандай өзгерту орын алған?

(в) «Саметей» дастанын қандай танымал жырмен теңестіреді? _________________________________________________________

г) Жырда Манастың әкесі «... мен хан Йакубпын» дейді. Манастың шыққан тегі, расында да, ақсүйек пе?______________________________________________________

(ғ) Жырда Манасты кімге ұқсатады?

(д) «Кукотай-ханның үшін беру туралы хикаяда» Манас және басқа да мұсылман көшпелілер не үшін төбелес шығарады?

«Жоңғар очерктері» өзінің Жоңғарияға жасаған экспедициясының материалдары негізінде Орыс географиялық қоғамының алдында жасаған баяндамасы есепті. Мұнда Шоқан саяхатшыға тән жүріп өткен жолының барлық бедеріне қоса, тұрғын халықтардың этникалық құрамы мен тұрмыс-тіршілігіне аса мән беріп, айрықша тоқталады. Соның ішінде ішінара болса да, әдебиет туралы әр жерінде бөлек тоқталып, өте құнды пікірлер айтқан. Шоқан осы еңбегінде ауыз әдебиеті ескерткіштерін зерттеудің этнографиялық және генеологиялық тұрғыдан маңыздылығын айта отырып, осы салаға айрықша мән береді. Ғалым Ер Көкше, Орақ, Шора, Едіге туралы жырларда халықтың өр рухы, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы көркем бейнеленетінін атап өткен. Қазақтың әйгілі батырлар жырын ноғайлы жырларының тобына қосып, олардың туу заманын XIV, XV, XVI ғасырлардың арасы деп ой қорытады. Шоқан көршілес елдердің әдебиетін зерттеуге де зор үлес қосқан. Қырғыздың атақты жыры «Манасты» әлемге әйгілеген Шоқан екендігі тарихтан белгілі. Ғалым оны «Иллиадамен» қатар қойып, ауыз әдебиетіндегі дүниежүзілік мәні бар эпикалық туынды деп бағалаған. Жырдың мазмұнын баяндап, қоғамдық тарихи мәнін, орнын айқындайды. Шоқан жырды «Манас» - бір кезеңге және бір адамның Манас батырдың төңірегіне топтастырған қырғыздың барлық ертегі, хикая-әңгімелерінің аңыздарының энциклопедиялық жинағы», - деп бағалаған. Шоқан әдебиет мәселелерін қарастырғанда халық өмірі, тарихи жағдайынан туған өнер өзгешелігі, поэзияның ұлттық ерекшеліктері қандай деген сұраққа өте айқын, дәл жауап айтуға күш салады. «Жоңғария» очерктері» ғылымға беймәлім болып келген өлкені жан-жақты танытарлық сол кезеңдегі құнды еңбек деп бағаланған. Алайда сан-салалы ғылымды игерген Шоқанның бұл еңбегі бүгінгі күнде де маңызын жойған жоқ.


«Жоңғар очерктері» өзінің Жоңғарияға жасаған экспедициясының материалдары негізінде Орыс географиялық қоғамының алдында жасаған баяндамасы есепті. Мұнда Шоқан саяхатшыға тән жүріп өткен жолының барлық бедеріне қоса, тұрғын халықтардың этникалық құрамы мен тұрмыс-тіршілігіне аса мән беріп, айрықша тоқталады. Соның ішінде ішінара болса да, әдебиет туралы әр жерінде бөлек тоқталып, өте құнды пікірлер айтқан. Шоқан осы еңбегінде ауыз әдебиеті ескерткіштерін зерттеудің этнографиялық және генеологиялық тұрғыдан маңыздылығын айта отырып, осы салаға айрықша мән береді. Ғалым Ер Көкше, Орақ, Шора, Едіге туралы жырларда халықтың өр рухы, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы көркем бейнеленетінін атап өткен. Қазақтың әйгілі батырлар жырын ноғайлы жырларының тобына қосып, олардың туу заманын XIV, XV, XVI ғасырлардың арасы деп ой қорытады. Шоқан көршілес елдердің әдебиетін зерттеуге де зор үлес қосқан. Қырғыздың атақты жыры «Манасты» әлемге әйгілеген Шоқан екендігі тарихтан белгілі. Ғалым оны «Иллиадамен» қатар қойып, ауыз әдебиетіндегі дүниежүзілік мәні бар эпикалық туынды деп бағалаған. Жырдың мазмұнын баяндап, қоғамдық тарихи мәнін, орнын айқындайды. Шоқан жырды «Манас» - бір кезеңге және бір адамның Манас батырдың төңірегіне топтастырған қырғыздың барлық ертегі, хикая-әңгімелерінің аңыздарының энциклопедиялық жинағы», - деп бағалаған. Шоқан әдебиет мәселелерін қарастырғанда халық өмірі, тарихи жағдайынан туған өнер өзгешелігі, поэзияның ұлттық ерекшеліктері қандай деген сұраққа өте айқын, дәл жауап айтуға күш салады. «Жоңғария» очерктері» ғылымға беймәлім болып келген өлкені жан-жақты танытарлық сол кезеңдегі құнды еңбек деп бағаланған. Алайда сан-салалы ғылымды игерген Шоқанның бұл еңбегі бүгінгі күнде де маңызын жойған жоқ.

Н. И. ВЕСЕЛОВСКИЙ

Аққан жұлдыз

Қырғыз хандарының ұрпағы және орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өтті. Орыс шығыстанушылары оны бір ауыздан ерекше құбылыс деп мойындап, болашақта түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашады деп үміттенген еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз дүние салуы бізді бұл үміттен айырып отыр... Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт Уәлихановтың айрықша қабілетті екенін байқап, оның ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасады және ғылым әлеміне тамаша нәтиже әкелген Қашғар сапарына баруына жәрдемдесті... Қашғар сапары туралы жазбалар осы тамаша адамның негізгі айтулы еңбегін құрайды; қалған мақалаларының басым көпшілігі толық аяқталмаған немесе кіріспе күйінде қалған және бұл мақалалардың дені қолжазба емес, өзгелердің көшірмесі ретінде сақталған. Қолжазбаны көшіруші өз тапсырмасын мүлтіксіз орындады деуге келмейді, Уәлихановтың жазуы өте түсініксіз болғандықтан, қайталап көшіруде бос қалған жерлер көп немесе сөздердің мағынасы бұрмаланған, ал автор неге екені белгісіз, түзетулер жасамаған. Дегенмен де Уәлихановтың барлық ізденістерінің маңызы соншалық, Орыс географиялық зерттеу қоғамы 1867 жылдың 24 сәуірі күнгі мәжілісінде Ш. Ш. Уәлихановтың соңында қалған барлық мұраларын басып шығаруды ұйғарды. Бұл шешім сол кезде жүзеге аспай, Уәлихановтың өңделуге тиіс біраз мақалалары әркімнің қолында кетті. Мәселен, В. В. Григорьевтің қағаздарының арасынан мен Шоқанның екі дәптерін таптым, біреуі – Едіге туралы қырғыз аңызы, екіншісі – оның ықшамдалған орысша аудармасы...



А. Н. ПЫПИН

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы

Қырғыз Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны өте қызықты құбылыс – азиялық және еуропалық қасиеттердің қосындысы. Шыққан тегі бойынша Уәлиханов өздерін Шыңғысхан тұқымымыз деп есептейтін қырғыз аристократиясына жататын (ол 1830 жылдың екінші жартысында туған). Ол – қырғыздың соңғы ханы Уәлидің немересі және Орта жүз қырғыздарының Ресейге қосылуы орын алған кезде билік құрған Абылай ханның шөбересі. Шоқан қырғыз даласында, Құсмұрын (Тобыл губерниясы, Петропавлдан оңтүстік-батысқа қарай) мекенінде туған. Мұсылманша есімі – Мұхаммед-Ханафия; Шоқан – еркелеткен аты. Ол кезінде өз әкесі білім алған, қырқыншы жылдары казак әскери училищесінен кадет корпусы болып өзгертілген Омбы кадет корпусында оқыды. Шоқан бір ауыз орысша білмей корпусқа түсіп, 1853 жылы офицер болып шықты (өз қатарластарынан бір жыл ерте бітірді, себебі басқа ұлт өкілі болғандықтан, арнаулы әскери ғылымдарды тыңдауға құқы болмады)...

«Қашғар жағдайы туралы жергілікті жерден нанымды мағлұматтар алу үшін және бұл өзі әбден қолдан келетін, мүмкіндігінше жан-жақты зерттеп, біліп келетін, Орталық Азияның осы бөліктеріндегі сауда жолдарын зерттеу үшін сенімді адамды аттандыру қажет болды. Тапсырма өте қауіпті болды, оны орындайтын адам батыл шешімді, көреген, байқағыш, сонымен қоса татар тілі мен шығыстық салт-дәстүрді білуі керек болды, себебі азиялық киіммен жүру керек еді». Бұл шарттарға Уәлихановтан артық сай келетін адам табу қиын еді. 1858 жылдың маусымында ол семейлік бай сарт көпестің керуенімен ертеректе Қашғарда өмір сүріп, кейіннен Ресейге қоныс аударған отбасынан шыққан жас сарт саудагер ретінде, Әлім деген атпен аттанды. Уәлиханов шашын тақырлап алғызып, азиялықша киініп, Семейден керуенмен шықты. Керуен Қашғарға аман-сау жетті, ал 1859 жылдың көктемінде қазіргі Верный қаласына оралды. Қазанамадан: «Бұл саяхат географиялық ерлік болды. Марко Поло заманынан бері осы қалада өлтірілген бақытсыз Адольф Шлагинтвейтті айтпағанда, Қашғарға бірде-бір еуропалық кіре алған жоқ» деп оқимыз. Шоқанды өзі атын алған Әлімнің туыстары қарсы алып, оған қуанып, оның оралу құрметіне той жасалып, сұлу қалыңдық тауып (жергілікті салт бойынша қалада тұрған кезде) Шоқанды үйлендірді...

Уәлиханов өз еліне терең адалдығын сақтады, ол қазақ өмірін сүйді, сонымен бірге батыс өркениетін бағалай алды, өз халқының болашағын тек Ресей қанатының астынан көрді...



А. А. ДОСТОЕВСКИЙ

[Ш. Ш. Уәлихановтың Қашғарға жасаған саяхатының маңызы жайлы]

Тянь-Шаньның бізге таяу орналасқан бөліктерін зерттеуге жол ашылды.

1858 жылдың өзінде орыс офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өзінің ұлттық қырғыз киімімен сауда керуеніне еріп, Зәукі асуы арқылы Ташкентке*1 өтіп, ол жақтан көптеген қызықты ғылыми этнографиялық және статистикалық мағлұматтар жинап келді. Петерборға келген соң П. П. Семеновтың жетекшілігімен оларды өңдеуге кіріскен еді, бірақ сырқат және мезгілсіз ажал оның қызықты ғылыми жұмыстарын тоқтатып тастады.

Орта жүз сұлтандарының бірінің ұлы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Шыңғыс әулетінен тарайтын атақты Абылай ханның ұлы Уәли ханның немересі еді. Ол Омбы кадет корпусында тәрбиеленді және офицер болғаннан соң, ерекше дарынымен П. П. Семеновтың назарын аударды. Олар 1856-1857 жылы Сібірде танысты. П. П. Семенов генерал-губернатор Г. Х. Гасфортқа Қашғарға өз ұлттық қырғыз киімімен сапар шегіп, ерекше дарыны арқасында Ресей үшін өте қажет Қашғар ғана емес, тұтас Алтышар туралы мәліметтерді жинап, орыс шекараларын мазасыздандырған Шығыс Түркістанда болып жатқан төңкерістің себебін түсіндіре алатын жалғыз сауатты офицер Ш. Ш. Уәлиханов екені жайлы кеңес берді. Мұндай қажетті мәліметтердің бағдарламасын П. П. Семеновпен бірге қырғыз даласын жетік білетін полковник К. К. Гутковский құрды. Сібір әскери округының қолбасшысы Г. Х. Гасфорт Шоқан Уәлихановты сәті түскен кезде Қашғарға жолсапарға аттандырып, ол (керуенбасының туысы ретінде) Зәукі асуы арқылы 1858 жылы көпес керуеніне ілесіп, аман-есен жетті...



1-жұп:

25 шақырымдық жүрістен кейін керуен кеш түсіп, салқындағанда, сылдырап аққан бір өзеннің бойындағы биік теректердің немесе күміс жапырақты жиденің көлеңкесіне шатыр тігетін.

2-жұп:

Мұның барлығын қырғыздар қалталарына тықпыштап, базарлығын сұрап алып, тайып тұратын.
Аяғында ебедейсіз қызыл күдеріден тігілген ағаш өкшелі етік.

3-жұп:

Ол қырғыздарда тек қана ерекше ресми жағдайда ғана қолданылатын семіз қаздың маң-маң басқан жүрісімен шатырға кіріп, төрге шығып, қатты бір ойға кеткендей түр жасап, үндемей отырып алды, ешкім тіл қатпады.

4-жұп:

Кенеттен сұлтан басын көтеріп, барлығын көзімен бір шолып өтіп, «Жалайырда қой көп, Жанғазыда ой көп» деп екі шумақ өлеңмен тіл қатты да, пұттардың тас мүсініндей қалпына қайта түсті.

5-жұп:

Осы жолы губернатор: «Маған кінәлілерді тауып беріңдер, әйтпесе барлықтарыңды арқардың мүйізіндей иілдіремін» дейді, «мен найзағайдан бетер күштімін».

6-жұп:

Оның дәу аталуының себебі ол дургам бұқасындай семіз болғандықтан екен. Карач ақ киізден тігілген шошақ төбе, маңдайы мен желкесінде етегі тілінген қалпақ, тік сияқты мықты жолақ қағаз матадан тігілген, біздің әскерилердің шекпендеріндей жағасы дөңгелетілген, кеудесінде жасыл түсті жібектен үш бауы бар мақталы шапан киіпті.

7-жұп:

Менің тәбетім ашылып, қымызды сіміріп алдым, тостағанға цементтей қатып қалған қырғыз асының түр-түрлерінің қалдықтарына еш мән берген жоқпын. Қымызды біз фарфор кеседен іштік, ал тұзды шай барлық ыдыс бос болмағандықтан, шойын қол жуғышта қайтанылды, жалпы үйдің жайы Борсықтың жайындай болды, дәл сондай жаңқалар, сүйектер, т.б.

8-жұп

Қырғыздардың салақтығы әдет-ғұрыпқа сіңген және түрлі аңыздарға тиек болған. Олардың ойынша, ыдысты тазартқанда үйдегі бақыт, молшылық та шайылып кетеді.

9-жұп

Оны көз жасына қарамастан, киіз үйдің ішінде біздің көзімізше сойып, мүшеледі, одан кейін от жағылды, үшаяқ, оның үстіне қазан қойылды, барлығы рет-ретімен жасалды. Қырғыздардың бейжай беттеріне жан кіріп, отбасы мүшелері өздерінен-өздері қызғанып, қазанның жан-жағында бір-бірлеріне кедергі келтіріп, жыбырлай бастады, ақыры ұрысып тынды.

10-жұп

Қырғыздардың әртісі балалайкада ойнап, дарылдаған даусымен «дөйт, дөйт» деп ән салды; ақыры, қазанды түсіріп, біздің алдымызға ең үстінде ең құрметті мүше – жаурын салынған қой еті таудай болып үйілген табақ тартылды...

Бағы жанған жас жігіт ерекше күш және жылдамдық жаттығуларын көрсетуі немесе ән салып беруі керек.