Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі Л. Н. Гумилев атындаы Еуразия лтты университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 156
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіБағанәлі Ұ.Е., Бекен Б., Қайырғалиқызы А., Меделханқызы А. Тақырып: Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романына теориялық талдау Ғылыми жоба Білім беру бағдарламасы 6В03101 – “Әлеуметтану” Астана, 2023Жоспар:
Сол оқиғалар желісін П.Берген мен Т.Лукман, И.Гоффман, П.Бурдье ұсынған теориялар негізінде талдайтын боламыз. Берілген теориялар бойынша романда орын алатын күнделікті өмірдің әлеуметтік өзгерістері, кейіпкерлердің белгілі бір кезең кезіндегі әлеуметтену процесі мен жеке тұлғаның практикалық принциптері талданады. Аталған теориялар бойынша талдауға «Ақбілек» романының таңдалуының бірнеше себептерін атап өтуге тырысайық:
Романдағы Балташтың Ақбілекті қалада кездестіруі қоғам ойларына қарсы шығуына алып келді. Балташ Ақбілектің өткен өмірін, басынан кешкенін, қиын жағдайын көре тұра оған ғашық болды. Керісінше, Ақбілекке қолдау көрсетіп, өткеніне көз жұма қарады, оны бар болмысымен қабылдады. Ақбілектің өмір сүруге деген құлшынысы мен адамгершілік қасиетін сақтап қалғанына, бұрынғыдан да бетер ғашық бола түсті. Яғни, дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан теріс көзқарастарға қарсы шығып , екі жұп отбасы құрып неке институтын өзгертеді. Ендігі бір мысалда қазақ ауылындағы бірнеше оқиғалар мен уақыт арасындағы Ақбілектің бойындағы дәстүрлі көзқарас институтының өзгергенін байқауға болады.«Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі -жас түлегі, айы-күні - сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп, қызыл- жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген еді.» Бастапқыда дәстүрлі қазақ қоғамындағы қыз баланың киім кию үлгісі осындай көріністе болды.«Басында жіңішке жиек ақ пике панамы, бойына киімі құйып қойғандай ақ құба, қаракөз әйел палубаның шарбағына сүйеніп, пристаньдағы жыбырлаған жұртқа көз салып тұр еді. Пароход өкіргенде бірінші кластың әйнегіне барып, бірдеңе деді. Кідірмей үш жігіт тысқа шықты. Үшеудің ортадағысы Балташ еді. Қасындағы екеуі бұрын бірге оқып, бірге қызмет еткен, бұл күнде әр жерде қызметте жүрген, Сәулебек, Қанаш деген жігіттер еді. Анау ақ киімді әйел Ақбілек еді.»2 Енді Ақбілек қала көріп, оқу оқып өзінің өмірге деген, қыз баласының тағдырына деген көзқарастарын толықтай өзгерткен. Ақбілектің жаңа өмірді қабылдауы оның киім кию үлгісінен де анық байқалады. Бергер мен Лукманның «Шындықты әлеуметтік конструкциялау» еңбегінің келесі «Қоғам субъективті шындық ретінде» бөлімінде: индивидтің әлеуметтену туралы айтылады. «Бастапқы әлеуметтену – бұл индивид балалық шағында өтетін және сол арқылы қоғамның мүшесі болатын алғашқы әлеуметтену. Қосалқы әлеуметтену - бұл әлеуметтенген адамға өз қоғамының объективті әлемінің жаңа секторларына енуге мүмкіндік беретін әрбір кейінгі процесс.»3Ж.Айтауытов «Ақбілек» романында мысал ретінде:«Ел жатса да, Ақбілек ояу. Оның қиялында – келешектегі сұлу өмір. Өзін ұзатқан екен дейді. Басында - жібек желек, кигені - үлде мен бүлде. Жанында Ұрқия мен Сара, ауылға таяу жасыл сайда тамылжып, сызылып тұрғанда, алдынан самаладай болып қызылды- жасылды қыз-келіншектер келеді. Олардың көйлегі де, көк шалғын да, күлкісі де судырлап, сыңғырлап кетеді. Шекесіне тырс-тырс еткізіп, қатындар шашу шашып, балалар аяғының астынан таласа-тармаса алып жатады. Құлпырған шайы шымылдықты алдынан ұстап, қаз қатар қыз-келіншектің қақ ортасында желегінен екі көзін жылтыратып, Ақбілек келе жатыр. Жұрт мәре-сәре, у-шу...
Жасауын жайнатып жиып, кілем, көрпе-төсегін оюлы ақ отауға әкеліп кіргізеді. Құрулы шымылдық ішінде бықырлаған қыз-келіншектердің ортасында Ақбілек отырады. «Келінді көреміз» деп үлкен қатындар келгенде, Ақбілек сызылып түрегеледі.» «Бастапқы әлеуметтену» мысалда көрсетілгендей Ақбілектің алғашқы арманы - Бекболаттың бәйбішесі атанып, үлде мен бүлдеге оранған, малшы қатындарға бұйрық беріп жүретін келешектегі сұлу өмірі.«Балташ пен Ақбілек шатырдай ақ дастарқанды үстел басында отырып, ақ киімді мәтүшкеге тамақ алдырып ішеді. Балташ үстелде жатқан жіңішке қағазды алып, тамақтың тізімін оқиды:- Өзің қайсысын жейсің?- Мен бұлдырықты-ақ жейін, - дейді.Ет артынан «Жигули» сырасынан екі бөтелке ішіп, Ақбілек екеуі екі кісілік тап-таза каюта бөлмесіне келіп, солқылдақ кереуетте біріне-бірі қарап, қисайып жатып, «Смекаш» журналдарын оқып, мәз болып күліседі. Балташ:- Тамақ сіңіруге күлген жақсы, - деп қояды.Өмір сәнді, өмір қызық! Бәрі күлкі, жаңадан ғана қосылған екі жас. Қабақ қағысынан ойларын танысады. Бірін-бірі ренжітерлік түрі жоқ.» Қосалқы әлеуметтену кезінде Ақбілектің бұрынғы армандаған қиял өмірі басқаша өзгерді. Ол бұрынғыдай дәстүрлі қоғамдағы бәйбішелік өмір емес, қазіргі Балташпен сәнді де қызықты өмірді өзіне жайлы деп қарады. Осындай тағы бір мысалды малшының ұлы Мұқаштың әйелінің бойынан байқауға болады. «Алтынай малын сауады, өргізеді, көздейді, байлайды; отынын тереді, отын жағады, суын әкеледі, күлін шығарады, тамағын істейді, киімін өзі тігеді; үйін жияды, сыпырады, Алтынайға тамағы тоқ, көйлегі бүтін болса болғаны, одан өзгені іздемейді.»Бастапқы әлеуметтенуде Алтынай үшін тамағы тоқ, көйлегі бүтін болғаны ғана керек болды, одан басқаны армандамады.«Байы атқа мініп, кісі болды. Кісі болғалы, үйі үй болып келеді. Өмірі бітпеген қара ала сырмақ та, ақ киіз де төр алдында пайда болды. Бұрынғыдай емес, Алтынай жымың қағып, көк ала әбдіренің аузын да көбірек аша беретін күйге ұшырады. Алтынайда ақ бәтес көйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады. Алтынай абысындарына мақтанып та қояды. Өйткені ол енді «ұлықтың» қатыны ғой.»Қосалқы әлеуметтенуі, Алтынай күйеуі кісі болғалы, бұрынғыдай емес Алтынай абысындарымен тыныш сөйлесіп қана қоймай, Алтынай абысындарына мақтанып та қоятын болды. Яғни күйеуінің лауазымы біршама көтерілгеннен кейін Алтынайдың да габитусы өзгере бастады. Бұрын өзін өзгелерден артық көрмейтін, бар уайымы бір кешкілік ішер асы болған Алтынай енді өзін жоғары санайтынды шығарды. Қасында жүрген абысындарына менсінбей қарап, Алтынай «ұлықтың қатынының» рөліне енеді.
И.Гоффман «Фреймдерді талдау» Фрейм - адамдар әлемде өздерін түсінетін белгілі бір тұтастық түрін білдіретін ұғым. Фреймдеу – бұл бір оқиғаны әр адамның өзінше түсінуі және қабылдауы. Мысал ретінде И.Гофманның өзі көрсеткендей теледидардан жаңалық көріп отырған екі адамды айтсақ болады. Біріншісі жаңалықты таптық күрес десе, екіншісі оны саясат деп түсінуі мүмкін. Қарапайым тілде біз фреймді осылай түсіндіре аламыз және фреймді біз үш түрлі мағынасында талдап көрсек болады. Бірінші мағынасында, фрейм - бұл жағдайдың немесе оқиғаның анықтамаларының түсіндірілуіне байланысты әртүрлілігі. Бірдей символдардың жиынтығы әртүрлі адамдардың жеке түсініктеріне байланысты бірнеше мүлдем басқа интерпретацияларға алып келуі мүмкін.4 Фреймнің бұл түсіндірмесін «Ақбілек» романынан айқын көруге болады. Мысалы, ауылға ақтар шауып Мамырбайдың жалғыз қызы Ақбілекті аттарына артып алып кеткен сәтті талдап көрейік. «Енді бір басып еді – аяқ асты қарауытқан шұқыр болды, шұқыр түбінде бірдеме ағараңдаған тәрізді, қимыл етті:
-
Кіріспе -
Негізгі бөлім:
-
«Ақбілек» романындағы шындықты әлеуметтік конструкциялау және конструкттарды талдау; -
Романдағы фреймдерді анықтау және оларға теориялық талдау жасау; -
«Ақбілек» романы кейіпкерлерінің практикасы мен габитустарының өзгерісін анықтау;
-
Қорытынды
Сол оқиғалар желісін П.Берген мен Т.Лукман, И.Гоффман, П.Бурдье ұсынған теориялар негізінде талдайтын боламыз. Берілген теориялар бойынша романда орын алатын күнделікті өмірдің әлеуметтік өзгерістері, кейіпкерлердің белгілі бір кезең кезіндегі әлеуметтену процесі мен жеке тұлғаның практикалық принциптері талданады. Аталған теориялар бойынша талдауға «Ақбілек» романының таңдалуының бірнеше себептерін атап өтуге тырысайық:
-
Біріншіден, Жүсіпбек Аймауытов астаң-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген. -
Екіншіден, Жүсіпбек Аймауытов өз заманындағы қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі ретінде саналады. -
Үшіншіден, «Ақбілек» романы тұтастай шым-шытырық оқиғалар байланысынан және сол оқиғалардың бірнеше кейіпкер көзқарасынан талдануынан тұрады.
Романдағы Балташтың Ақбілекті қалада кездестіруі қоғам ойларына қарсы шығуына алып келді. Балташ Ақбілектің өткен өмірін, басынан кешкенін, қиын жағдайын көре тұра оған ғашық болды. Керісінше, Ақбілекке қолдау көрсетіп, өткеніне көз жұма қарады, оны бар болмысымен қабылдады. Ақбілектің өмір сүруге деген құлшынысы мен адамгершілік қасиетін сақтап қалғанына, бұрынғыдан да бетер ғашық бола түсті. Яғни, дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан теріс көзқарастарға қарсы шығып , екі жұп отбасы құрып неке институтын өзгертеді. Ендігі бір мысалда қазақ ауылындағы бірнеше оқиғалар мен уақыт арасындағы Ақбілектің бойындағы дәстүрлі көзқарас институтының өзгергенін байқауға болады.«Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі -жас түлегі, айы-күні - сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп, қызыл- жасыл көрпелерін қағып үйге әкелген еді.» Бастапқыда дәстүрлі қазақ қоғамындағы қыз баланың киім кию үлгісі осындай көріністе болды.«Басында жіңішке жиек ақ пике панамы, бойына киімі құйып қойғандай ақ құба, қаракөз әйел палубаның шарбағына сүйеніп, пристаньдағы жыбырлаған жұртқа көз салып тұр еді. Пароход өкіргенде бірінші кластың әйнегіне барып, бірдеңе деді. Кідірмей үш жігіт тысқа шықты. Үшеудің ортадағысы Балташ еді. Қасындағы екеуі бұрын бірге оқып, бірге қызмет еткен, бұл күнде әр жерде қызметте жүрген, Сәулебек, Қанаш деген жігіттер еді. Анау ақ киімді әйел Ақбілек еді.»2 Енді Ақбілек қала көріп, оқу оқып өзінің өмірге деген, қыз баласының тағдырына деген көзқарастарын толықтай өзгерткен. Ақбілектің жаңа өмірді қабылдауы оның киім кию үлгісінен де анық байқалады. Бергер мен Лукманның «Шындықты әлеуметтік конструкциялау» еңбегінің келесі «Қоғам субъективті шындық ретінде» бөлімінде: индивидтің әлеуметтену туралы айтылады. «Бастапқы әлеуметтену – бұл индивид балалық шағында өтетін және сол арқылы қоғамның мүшесі болатын алғашқы әлеуметтену. Қосалқы әлеуметтену - бұл әлеуметтенген адамға өз қоғамының объективті әлемінің жаңа секторларына енуге мүмкіндік беретін әрбір кейінгі процесс.»3Ж.Айтауытов «Ақбілек» романында мысал ретінде:«Ел жатса да, Ақбілек ояу. Оның қиялында – келешектегі сұлу өмір. Өзін ұзатқан екен дейді. Басында - жібек желек, кигені - үлде мен бүлде. Жанында Ұрқия мен Сара, ауылға таяу жасыл сайда тамылжып, сызылып тұрғанда, алдынан самаладай болып қызылды- жасылды қыз-келіншектер келеді. Олардың көйлегі де, көк шалғын да, күлкісі де судырлап, сыңғырлап кетеді. Шекесіне тырс-тырс еткізіп, қатындар шашу шашып, балалар аяғының астынан таласа-тармаса алып жатады. Құлпырған шайы шымылдықты алдынан ұстап, қаз қатар қыз-келіншектің қақ ортасында желегінен екі көзін жылтыратып, Ақбілек келе жатыр. Жұрт мәре-сәре, у-шу...
Жасауын жайнатып жиып, кілем, көрпе-төсегін оюлы ақ отауға әкеліп кіргізеді. Құрулы шымылдық ішінде бықырлаған қыз-келіншектердің ортасында Ақбілек отырады. «Келінді көреміз» деп үлкен қатындар келгенде, Ақбілек сызылып түрегеледі.» «Бастапқы әлеуметтену» мысалда көрсетілгендей Ақбілектің алғашқы арманы - Бекболаттың бәйбішесі атанып, үлде мен бүлдеге оранған, малшы қатындарға бұйрық беріп жүретін келешектегі сұлу өмірі.«Балташ пен Ақбілек шатырдай ақ дастарқанды үстел басында отырып, ақ киімді мәтүшкеге тамақ алдырып ішеді. Балташ үстелде жатқан жіңішке қағазды алып, тамақтың тізімін оқиды:- Өзің қайсысын жейсің?- Мен бұлдырықты-ақ жейін, - дейді.Ет артынан «Жигули» сырасынан екі бөтелке ішіп, Ақбілек екеуі екі кісілік тап-таза каюта бөлмесіне келіп, солқылдақ кереуетте біріне-бірі қарап, қисайып жатып, «Смекаш» журналдарын оқып, мәз болып күліседі. Балташ:- Тамақ сіңіруге күлген жақсы, - деп қояды.Өмір сәнді, өмір қызық! Бәрі күлкі, жаңадан ғана қосылған екі жас. Қабақ қағысынан ойларын танысады. Бірін-бірі ренжітерлік түрі жоқ.» Қосалқы әлеуметтену кезінде Ақбілектің бұрынғы армандаған қиял өмірі басқаша өзгерді. Ол бұрынғыдай дәстүрлі қоғамдағы бәйбішелік өмір емес, қазіргі Балташпен сәнді де қызықты өмірді өзіне жайлы деп қарады. Осындай тағы бір мысалды малшының ұлы Мұқаштың әйелінің бойынан байқауға болады. «Алтынай малын сауады, өргізеді, көздейді, байлайды; отынын тереді, отын жағады, суын әкеледі, күлін шығарады, тамағын істейді, киімін өзі тігеді; үйін жияды, сыпырады, Алтынайға тамағы тоқ, көйлегі бүтін болса болғаны, одан өзгені іздемейді.»Бастапқы әлеуметтенуде Алтынай үшін тамағы тоқ, көйлегі бүтін болғаны ғана керек болды, одан басқаны армандамады.«Байы атқа мініп, кісі болды. Кісі болғалы, үйі үй болып келеді. Өмірі бітпеген қара ала сырмақ та, ақ киіз де төр алдында пайда болды. Бұрынғыдай емес, Алтынай жымың қағып, көк ала әбдіренің аузын да көбірек аша беретін күйге ұшырады. Алтынайда ақ бәтес көйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады. Алтынай абысындарына мақтанып та қояды. Өйткені ол енді «ұлықтың» қатыны ғой.»Қосалқы әлеуметтенуі, Алтынай күйеуі кісі болғалы, бұрынғыдай емес Алтынай абысындарымен тыныш сөйлесіп қана қоймай, Алтынай абысындарына мақтанып та қоятын болды. Яғни күйеуінің лауазымы біршама көтерілгеннен кейін Алтынайдың да габитусы өзгере бастады. Бұрын өзін өзгелерден артық көрмейтін, бар уайымы бір кешкілік ішер асы болған Алтынай енді өзін жоғары санайтынды шығарды. Қасында жүрген абысындарына менсінбей қарап, Алтынай «ұлықтың қатынының» рөліне енеді.
И.Гоффман «Фреймдерді талдау» Фрейм - адамдар әлемде өздерін түсінетін белгілі бір тұтастық түрін білдіретін ұғым. Фреймдеу – бұл бір оқиғаны әр адамның өзінше түсінуі және қабылдауы. Мысал ретінде И.Гофманның өзі көрсеткендей теледидардан жаңалық көріп отырған екі адамды айтсақ болады. Біріншісі жаңалықты таптық күрес десе, екіншісі оны саясат деп түсінуі мүмкін. Қарапайым тілде біз фреймді осылай түсіндіре аламыз және фреймді біз үш түрлі мағынасында талдап көрсек болады. Бірінші мағынасында, фрейм - бұл жағдайдың немесе оқиғаның анықтамаларының түсіндірілуіне байланысты әртүрлілігі. Бірдей символдардың жиынтығы әртүрлі адамдардың жеке түсініктеріне байланысты бірнеше мүлдем басқа интерпретацияларға алып келуі мүмкін.4 Фреймнің бұл түсіндірмесін «Ақбілек» романынан айқын көруге болады. Мысалы, ауылға ақтар шауып Мамырбайдың жалғыз қызы Ақбілекті аттарына артып алып кеткен сәтті талдап көрейік. «Енді бір басып еді – аяқ асты қарауытқан шұқыр болды, шұқыр түбінде бірдеме ағараңдаған тәрізді, қимыл етті:
-
Ағатай-ай! – деді біреу ышқына сыбырлап. -
Ақбілекпісің? – деді әлгі адам біліп қойғандай. -
Мен едім, құтқар, ағатай! – деп апанның ернеуіне таман өрмелеп еді;».