Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі Л. Н. Гумилев атындаы Еуразия лтты университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 50
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Олар маған жақсы қыз тауып бер деді. Ойыма Мамырбайдың Ақбілегі сап ете түсті. Атасының қылғанын алдына келтіретін маған да күн туды. Өмірі байдан, күштіден қорлық-зорлық көріп келдім. Әлі солардан көріп отырмын. Енді оларды мен несіне аяйын. Арманыма жетсем – жеттім, жетпесем, жаман адам атанып кеткенім-дағы…». Ал Ақбілекті алып кетудегі ақтардың бар мақсаты – қызық көру, ойын көру. « Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлескен сөздер молайып, жаңылдай бастады. Кейбір орыстар Ақбілек отырған қосқа келіп: «Кзымке…» - деп мойындарын қисайта, шағыр, шегір көздерімен тесіп жібергендей Ақбілекке үңіле қарасып, ыржиысып, бірдеме десіп кетіп қалды. Ақбілек олардың бетіне тура қарай алмады, кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түсті.».
Ал жалпы ауылдың ойын Бекболаттың жан жолдасы Ақбергеннің ойымен-ақ жеткізуге болады. «Абиұрынан айырылған Ақбілекті қалай өмірлік жар қыласың? Деуге Ақбергеннің аузы бармай, «Ақбілекті әлі де болса аламын» дегенді Бекболат та ашып айта алмай келе жатуы еді. Бекболат елдің, досының аңысын аңдамақ еді. Ақберген мырзасын сынамақ еді. Неге десең, бұл өзі зор мәселе ғой. Өмір серік жар табу – бір қиын жұмыс. Тапқан жары Ақбілек еді. Ол мұндай күйге ұшырап отыр. Ақбілек оқиғасы қазақ баласының басында болмаған, төтен оқиға ғой. Жалғыз Бекболат пен Ақберген емес, мұндай оқиғадан кейін не істеу керек, қалай болу керектігін бүкіл қазақ баласы ойлап көрген жоқ қой.».
Осылайша, Ақбілектің басына түскен оқиғаны бірнеше кейіпкердің ойы арқылы талдап көруге тырыстық. Бір оқиға болғанымен әр кейіпкер оны өзінше қабылдады, суреттеді. Басына тағдырдың тауқыметі түскен Ақбілектің бар ойы құтылып шығу болса, Мұқаштың ойы кек алу болды, ал Бекболат үшін жұрттың айтар ойы, өзінің абыройы маңызды еді, сырт көз халық үшін Ақбілек кінәлі, абыройынан айырылған болып шықты. Талдаған оқиға И.Гофман теориясындағы “фреймге” дәл келеді. Фреймді талдауға байланысты туындайтын екінші тақырып жағдайды жасырын қайта анықтаудың қандай да бір түрі болып табылады. Бұл жасырын қайта анықтау, қандай да бір жеке мағынаның инвестициясы деп айта аламыз - бұл да фрейм. Яғни біреу үшін махаббат бұл - соғыс болса, ал біреулер үшін соғыс бұл - махаббат. «Ақбілек» романындағы фреймнің бұл көрінісін Ақбілектің әкесі Мамырбайдың екінші әйелін, яғни Өрікті алып келген сәтінен аңғаруға болады. Мамырбайдың өзі үшін де, жанында жүрген адамдар үшін де Мамырбайдың әйел алуы дұрыс шешім болды. «
Бір сөздің кезегінде:
- Балаларды жүдетпей, бір шүйке бас алуыңыз екен,- деп басып өтті.
Ақсақал Ақбілек жаққа көзінің қырын бір салып:
-Ой, Әлдекей-ай! Енді қартайғанда қатын алып не мәз боламыз? – деді. Онысы: арғы жағын қатын алуға бел байлап қойса да, өзі іздеген болмай, жұрт ұйғарып әпергенді қалағаны еді. Және бала-шағаның көзінше «Қатын алам» деп қалай айтсын?
-Е, о не дегеніңіз? Әлі тұғырдан түсетін кезіңіз болған жоқ қой. Екі күрек тісім жоқ, мен де Салиманы құшақтап жатырмын. Қатын алмаған соң, ретіңіз келмейді ғой,- деген тәрізді «Нашақат» айтты.
Ақбілек болса бұл оқиғаға мүлдем басқа қырынан қарайды. «Ас ішіп, жұрт тараған соң, қатындар төргі үйге төсек салуға кірісті. Кекселеу қатын бәйбішенің құс төсегін көпіртіп, алақанымен шартылдатып, байдың орнына салды. Оны көргенде Ақбілектің іші қазандай қайнады. «Есіл апасының қасиетті орнына әлдекімнің жаман қатыны шынымен жатқаны ма?! Апасының аруағын қорлады ғой, аяқ асты етті ғой!». Мана, алғаш көргенде-ақ, денесі жиіркеніп еді, енді апасының төсегіне жататынын көргенде, бұл бөтен қатын Ақбілектің асыл нәрсесіне озбырлық қылғалы, бірдеңесін ұрлағалы келгендей көрінді; өзіне де, осы үйге де оны жау деп түсінді.» Байқағанымыздай, Мамырбай және оның жақтастары үшін қатын алу есті шешім болса, Ақбілек бұл оқиғаны апасының рухын қорлау ретінде түсінді. Гоффман концепциясындағы үшінші мағынасында фрейм адамдарға шындықтың көпқабатты құрылымдарын енгізуге немесе оларға қатысты дұрыс оқуға және өзін ұстауға мүмкіндік беретін институционалдық құрылым болып табылады. Бұл мағынада фреймдік талдау адамдарға бір нәрсені мағыналы деп қабылдауға мүмкіндік беретін, бірақ ол не болып көрінетінін немесе бір қарағанда қандай болып көрінуі мүмкін екенін емес әлеуметтік өмірдің сөзбе-сөздігін зерттеу ретінде түсініледі. Күнделікті өмірдің фреймі немесе фреймдеу түсінігі, ең алдымен, қабаттастыруды ұйымдастыруға, осы таңбалау қалай орындалатынына және қабаттасудың қалай сақталатынына қызығушылықты білдіреді. Мысал ретінде Ақбілектің ағасы Төлегенді басқа кейіпкерлердің сипаттауын және қабылдауын алайық.
«Мынадай құрақ ұшып тұрған «оқымысты» қайын ағасын көрген соң Бекболаттың көңілі Ақбілекке бұрынғыдан да бекіген тәрізденді. «Мынадай қайын ағасы, анандай қалыңдығы бар жігіттің не арманы бар?» дегендей, әнтек мақтаныш кірді.» Яғни Бекболат көзқарасы бойынша Төлеген «үлкен төренің» образындағы, беделді, оқымысты азамат болды. Ал Төлегенмен қызметтес достары Ақбала, Балташтар үшін Төлеген парақор,жағымпаз, басқалар сияқты қарапайым қызметтегі адам болды.
«Сұрауына Балташтың теріс мән бергенін Ақбала сезе қойды да, оған сезімін сездіргелі:
Бұл сұрауға бәрі де құлағын тігіп аңтарыла қалды. Балташ барқыт орындықтарға қарап:
Осылайша, фреймдік талдау бұл - әлеуметтік өмірдің сөзбе-сөздігін зерттеу, яғни ол адамдарға бір нәрсені не болып көрінетінін немесе бір қарағанда қандай болып көрінуі мүмкін екенін емес, оны мағыналы деп қабылдауға мүмкіндік береді.
П.Бурдье «Структура, габитус, практика»
«Габитус – ендіру және иелік ету жұмыстарының бірден-бір нәтижесі болып табылады. Ұжымдық тарихтың, объективті құрылымның өнімі (мәселен, тіл, экономика т.б.) өзін-өзі көрсетуде организм ретінде (индивидуум) және материалды жағдайларда табысқа жетеді.
Габитус-бұл екінші табиғат ретінде интерьерленген және осылайша тарих ретінде ұмытылған оқиға.
Осылайша, бұл практиктерге олардың қазіргі кездегі сыртқы детерминанттардан салыстырмалы тәуелсіздігін береді. Бұл автономия - бұл аккумуляторлық капитал ретінде жұмыс істейтін, тарихқа негізделген тарихты шығаратын және осылайша жеке тұлға үшін сыртқы әлемдегі оның әлемін құрайтын тұрақты өзгерістерге кепілдік беретін өткеннің автономиясы. Габитус - бұл рационалистік теориялардағы инерциядан айырылған субъектілердің рефлексиялық еркіндігі сияқты механикалық теорияларда тарихы жоқ заттардың механикалық қажеттілігіне қарама-қайшы келетін санадан немесе еріктен тыс стихия.»6
Адам өмірі практикалық тұрғыдан өте тұрақсыз. Яғни, адам өз өмірін сүру барысында қажеттіліктер арқасында,тәжірбилерге тап болады. Ал тәжірбилер адамға жаңа габбитус сыйлауға қабілетті. Мысал ретінде, «Ақбілек» романындағы Ақбілектің өз ауылынан кетуге тура келіп қала өміріне сіңісуі, қала қарбалысына үйреніп өзінің тек сырт келбетін ғана емес,ойлау қабілеті мен ішкі сенімділігі артқанын көре аламыз.
Сонымен,
«Ақбілек баяғы емес. Өзгерген, өнер тапқан, жетілген, ысылған. Әйелдерге көсем болған. Бұрынғы бұйығы, ұялшақ, сызылған, мұңайған Ақбілектің ізі де жоқ. Ақбілектің қылығын, ісін көргенде ақсақал таңданады: «Бұл қалай боп кеткен? Қаланың не қасиеті бар? Жұп-жуас, ұялшақ бала емес пе еді?» деп ойлайды. Қалайда Ақбілек жат, Ақбілек өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Енді ақсақал одан именеді. «Мынауың теріс» деуге бата алмайды. Баяғы өзінің қаталдығын ойлағанда, өзінен-өзі ұялады. «Кешірім сұрасам, қайтер еді» деп бір ауық ойланады.»
Келесі мысалға байланысты П.Бурдье практика туралы:
«Реттеліп отыратын импровизация ұстанымы арқылы қалыптасқан габитус, әдетте, имманентті заңдылықтарды өндірістің объективті шарттарынан жаңғыртып, объективті ықтималдылықтар ретінде кейбір талаптарға бейімдейді. Бұдан шығатыны – практика ынталандыру сомасы арқылы айқындалатын объективті шарттардан туындайды. Бұл практикаларды объективті құрылымдарды салыстыру арқылы түсіндіруге болады.»
Ақбілектен мысал: «Қара мұрт Ақбілектің жан жарасын әлде көзінен оқып білді ме, әлде басқа бір сезім кернеді ме, кім білсін, жирен сүйем деп тағы кезеніп, Ақбілек сырт беріп тыжырынып еді, ашуланған адамша анаған ажырая қарап, бірдеме деп шорт кесті. Жирен орыс та қыңбады, ежірейіп, басын сілкіп, бірдеме деп тастады. Бірақ енді қайта сүюге қызға ұмтылмады. Өзгелері үндемей шылымдарын тартып болып, тысқа шығып кеткенде, қара мұрт Ақбілекке жылы қарап, бір күрсінді де, жирен орысқа әлгідей емес, жайраңдап сөйлей бастады. Алғашқы кезде нәресте шақырғандай алақанын қармай, мойнын бұлғай, көзін тұнжырата, ернін шошайта сөйлеп, жирен орыс басын шайқап болмаған соң иығын қысып, көзін тікірейте, ернін кезерте, ызбарлана сөйледі. Арс-үрс еткен иттерше, бірін- бірі қауып алғандай болды. Келте-келте жауаптасып, жұдырықтарын білесіп, қара мұрт өңі сұрланып шығып кетті. Ол кеткен соң жирен орыс та құшырланып, күңкілдеп, боқтаған іспетті болды да тысқа шықты.»
Бұл ретте дәстүрлі қазақ қоғамында қазақ қызы үшін ел көзінше мұндай жат қылықтарды жасау ұят есептелінді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, Бергер мен Лукманның шындықты әлеуметтік конструкциялау жүйесінде өзара әрекеттесетін адамдар мен топтар уақыт өте келе бір бірінің іс-әрекеттері туралы көзқарастары өзгеретінін анықтадық. Біздің романдағы мысалымыз осы теорияға сай келді. Яғни, халық аузында көпшілік қандай көзқарас ұстанса, олар жанындағыларды да сол көзқараста қалыптасуына әсер етеді. Сонымен қатар, адам көзқарасының өзгеруі де оңай болады. Мысалы: Ақбілек әкесінің басында қызына нашар көзқараста болуы, соңында біраз жылдар өткен соң қызының жаңа көзқараспен келгенін көріп, жанында шыныменде қолдайтын адам барын көріп, өз ойын өзгертуін айтамыз. Сонымен қатар әлеуметтену адамға өз қоғамының объективті әлемінің жаңа секторларына енуге мүмкіндік беретін әрбір кейінгі процесс. Біз талдаған романдағы кейіпкерлердің әлеуметтенуі осыған сай келеді. Кейіпкерлердің әлеуметтену процессі онымен байланысты орны, деңгейі және мәртебесіне байланысты шеңберіндегі тұтастай символдық әлем. Оны біз Романдығы Мұқаш, Алтынай, Ақбілек сынды кейіпкерлердің әлеуметтенуінен байқай аламыз. Ж.Аймауытовтың «Ақбілегі» сондай-ақ фреймдерді талдауға өте жақсы мысал ретінде қарастырылады. Себебі, әр оқиға әр адам үшін әртүрлі. Яғни, әрбір тұлғаның әр оқиғаға деген көзқарасы әртүрлі болады. Оны біз романдағы Ақбілектің ақтардың қолына түскен сәтінен, Мамырбайдың екінші әйел алып келген кезінен не болмаса Төлегеннің образын үйіне келген қонақтардың қабылдауынан көре аламыз. Яғни, жинақталған оқиғалар желісі мен оны әр кейіпкердің жеке талдауы анық суреттеледі. Сол себептен де, «Ақбілек» романы Гофманның «фрейм» теориясын жақсы түсіндіреді және көрсетеді. Ал, Пьер Бурдьё габитус ұғымына қатысты маңызды тұжырымымен бөліседі. Габитус – шектері тарихи және әлеуметтік тұрғыдан детерминацияланатын өнімдерді (ойлау, қабылдау, сөйлеу, әрекеттер) тудырудың мүмкіндіктер алаңы бола тұра, бұл контексте күтпеген жаңалықтар тудыра алмайды. Тіпті бастапқы шарттарды механикалық тұрғыдан жүзеге асыра да алмайды.Сәйкесінше Ақбілектің 5 жыл қала өміріне сай өзгеріп,бұрынғы Ақбілектің келбетінен түгі қалмағаны байқалады. Осылайша, біз «Ақбілек» романында көтерілген мәселелерді әлеуметтанудағы теориялар арқылы сыни тұрғыдан талдап көрсетуге тырыстық.
1 Бергер П., Лукман Т. Социальное конструирование реальности. Трактат по социолонии знания. – М.: «Медиум», 1995. – 323с., 12 стр.
2 Ақбілек: роман / Жүсіпбек Аймауытов. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2022. – 292б. – (Сөз маржан)
3 Бергер П., Лукман Т. Социальное конструирование реальности. Трактат по социолонии знания. – М.: «Медиум», 1995. – 323с
4 Анализ фреймов: эссе об организации повседневного опыта: Пер. с англ./ Под ред. Г.С.Батыгина и Л.А.Козловой, 2003. – 752 с.
5 Ақбілек: роман / Жүсіпбек Аймауытов. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2022. – 292б. – (Сөз маржан)
6 Пьер Бурде. Структуры, Habitus, Практики. Современная социальная теория: Бурдьё, Гидденс, Хабермас. — Новосибирск, 1995. // Электронная публикация: Центр гуманитарных технологий. — 26.12.2009.

-
Сол мүліктер орыстардың қолында кетті ме, қазақтардан да пайдаланушы болды ма?- деп сұрады.
Бұл сұрауға бәрі де құлағын тігіп аңтарыла қалды. Балташ барқыт орындықтарға қарап:
-
Е, мекемеге келген мүліктен біздің кейбір жігіттердің де алып, ұстап жүргені бар, - деді.»5