Файл: Л. Н. Гумилев атындаы Еуразия лтты университеті Тарих факультеті 5В020800 археология жне этнология мамандыыны 4 курс студенті Шлембаев Ержан ндызбайлыныаза халыны шлен тарату дстрі таырыбындаы диплом.docx
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультеті «5В020800» - археология және этнология мамандығының 4 курс студенті Шүлембаев Ержан Құндызбайұлының«Қазақ халқының шүлен тарату дәстүрі» тақырыбындағы диплом жұмысына
СЫН ПІКІР
Тәуелсіздік алғаннан бері Отан тарихының ақтаңдақ парақтарын бүгінгі заман биігінен зерттеу қарқынды қолға алынды. Дегенмен, көне заманнан қазіргі күнге дейінгі төл тарихымызды қайта қарап, жаңа көзқарастармен, тың зерттеулермен толықтырған сайын, әлі де шынайы зерттеуді қажет ететін тақырыптар да арта түсуде.
Отан тарихының (Қазақстан Республикасының тарихы) тарихи таныммен, объективті тұрғыда зерттейтін парақтары жеткілікті. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғамның ұлт санасына салған «жараларынан» толық айығу мақсатында КСРО тұсындағы төл тарихымыз заман талабына сай зерделеніп, зерттелініп жатыр. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясының отаршылық саясатының салдарынан қазақ ұлтының толыққанды өмір сүруі проблемаға айнала бастады. Нәтижесінде, ғасырлар қойнауынан тамырын тартқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға тосқауыл қойылды. Салт-дәстүрлер халықтың өзіндік болмысын көрсетеді. Халықтың салт-дәстүрлерін дамыту арқылы ұлттық сананың биіктеуіне қол жеткіземіз.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы шүлен тарату дәстүрі өзекті тақырыптардың бірі екендігі шындық. Шүлен тарату дәстүрі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында, этнологиия ғылымында дәстүрлі қазақ қоғамына қатысты зерттеулерде кездеседі.
Кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайында қазақ халқы ұлттық құндылықтарынан айырылып қалды, ал сақталып қалған ұлттық салт – дәстүрлердің бет – пішіні, мазмұны өзгерістерге ұшырады. Ұлттың этникалық қасиеттерінің ең бір құндыларына оның әдет – ғұрыптары жатады. Әдет – ғұрыпсыз ұлт, ұлт емес. Сондықтан да, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультеті археология және этнология мамандығының 4 курс студенті Шүлембаев Ержан Құндызбайұлының «Қазақ халқындағы шүлен тарату» тақырыбындағы диплом жұмысы өзекті тақырыпқа арналған. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, хронологиялық шеңбері, мақсат – міндеттері, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, диплом жұмысының құрылымы дәйектелген.
«ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ШҮЛЕН ТАРАТУ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ» деген 1 тарауда қазақ дәстүріндегі шүлен таратудың шығу төркіні, шүлен таратудың экономикалық-әлеуметтік негіздері, шүлен тарату дәстүрінің түрлері қарастырылған. Аталған мәселелер жан-жақты зерделенген.
«ШҮЛЕН ТАРАТУ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» деп аталатын 2 тарауда шүлен таратудың заманауи көріністері, шүлен тарату дәстүрінің аймақтық ерекшеліктері, ұлттық салт-дәстүр контексіндегі шүлен таратудың мәні мен маңызы талданған.
Диплом жұмысында шүлен тарату дәстүрінің тарихи маңызы, этнографиялық мәні зерделенген. Тарихи кезеңдерде мемлекеттік тұрғыдан шүлен тарату дәстүріне қолдау көрсетілгендігі тұжырымдалып, мәселен Қасым хан заңының ішіндегі бесінші заңы – «жұртшылық заңы» болғандығы, оған шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б. енгізілгендігі, ал Есім ханның «Ескі жолы» - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жиынтығында көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасымның заңдары іс жүзінде қолданылғандығы зерделенген. Сол заңдардың ішінде дәстүрлі шаралар мен кедейлерге көмектесу туралы мәселелерді қаралғандығы, Тәуке хан мен Абылай ханның тұсындағы заңдардың ішінде әдеп заңы күшін жоймағандығы дәйектелген. Автор, қазіргі таңда шүлен тарату дәстүрін халық өз мағынасында түсіне бермейтіндігін, аталған дәстүрдің қоғамда алатын орны ерекше екендігін, халықты қайырымдылыққа тәрбиелейтіндігін тұжырымдаған.
Сонымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультеті археология және этнология мамандығының 4 курс студенті Шүлембаев Ержан Құндызбайұлының «Қазақ халқындағы шүлен тарату дәстүрі» тақырыбындағы диплом жұмысы өзекті тақырыпқа арналған. Диплом жұмысының мәтінінде аздаған техникалық қателіктер кездеседі.
Дипломдық жұмыстағы алынған ғылыми нәтижелер зерттеудің белгіленген мақсат-міндеттерінен туындайды және де зерттеу барысындағы жасалған ой-тұжырымдар, қорытындылар өзара сабақтастық пен байланыстылықта, бірізділікте, салыстырмалы түрде жазылған. Жұмыстың мазмұны оның құрылымына сәйкес келеді және мәтіні ғылыми тарих стилінде, тілдік нормаларды сақтай отырып жазылған.
Сондықтан Шүлембаев Ержан Құндызбайұлының «Қазақ халқының шүлен тарату дәстүрі» тақырыбындағы диплом жұмысын «өте жақсы» деген бағалауға лайықты деп санаймын.
Сын пікір беруші,
ҚР БҒМ ҒК
Мемлекет тарихы инситутының
жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Қ.А.Енсенов
Растаймын
«__» _____ 2018 жыл