Файл: Таырыбы 1819 . аза.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 46

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы:18-19 ғғ. қазақ мәдениеті

Қазақ Ағартушылығы феномені. 

Қазақстанда ағартушылық ойдың мəнін түсінуде қазіргі отандық ғылымда  келесі теориялық жəне əдіснамалық қағидалар қалыптасқан:

  • Біріншіден, қарастырылып отырған ағартушылық идеология нақты-тарихи шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның мəдениетімен кең танысу жəне сол арқылы еуропалық өркениетпен сусындау — Ресейге бодан кезеңінің нəтижесі болып табылғанымен, қазақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық ойдан оқшауланбай, керісінше, онымен ортақтастықта — XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы жалпы ресейлік қозғалыстың ықпалы тиген дербес құбылыс ретінде дамыды. Сондықтан Қазақстандағы ағартушылық идеологияны зерттеуде жалпы ағартушылық құбылысқа тəн белгілермен қатар, оны тудырған мəдени-əлеуметтік ортаның ерекшелігіне де баса назар аудару қажет.

  • Екіншіден, осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі — оның азаттыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс ниетіндегі кеңес өкіметіне дейін жəне сол өкімет тұсында өз мəнін жоймаған негізгі идеялық бағыт ретінде сақталуында (М.Дулатов «Оян, қазақ!», М.Жұмабаев «Тəңір», «Мен кім», «Тез барам» т.б., А.Байтұрсынов «Қазақ өкпесі», «Тəні саудың жаны сау», «Қазақша оқу жайынан», Ə. Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Шоқаев, Ж.Аймауытов т.б.). Патша өкіметі мен сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын басынан өткізіп, əділет пен шындық жолында халқының мұң- мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға шақырған еңбектері халық бостандығы мен теңдігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болды.

  • Үшіншіден, қазақ ағартушылығы күрделі де қайшылыққа толы эволюциялық даму сатысынан өтті. Ол өз дамуында керітартпа идеялық бағыттармен күреске толы болды. XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың алғашқы кезеңінде ағартушылар кейбір діни түп негізшіл-клерикалды идеологиямен жəне əр түрлі діни-мистикалық бағыттармен келісімде болмады. Қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бағыттары мен ілімдері де жеткілікті болатын. Оларға XIX ғасырдың орта тұсында пайда болған дəстүрлі-консервативті Тəңіршілдік бағытын, Ресейдің мұсылман халықтарының арасында кең тараған панисламизм мен пантюркизм ілімдерін жатқызуға болады. Қарастырып отырған рухани құбылыстың рөлі мен мəні нақтылы идеялық күрестің аясында көрінетіндіктен, берілген бағыттар мен ілімдердің табиғатын жете ұғыну қажеттілік пайда болады

  • Төртіншіден, Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғасырдың 40–60- жылдарындағы орыс ағартушыларының, əсіресе «батысшылдарының», «славянофилдердің» қайсыбір мұраттары қазақ ағартушыларының жанына жақын  келді.  Олар  (Ш. Уəлиханов,  А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин) Ф. Достоевскийдің, Н. Добролюбовтың, А. Герценнің,  В. Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Ш. Уəлиханов, А. Құнанбаев) олардың авторларымен таныс болатын. Халықшылдықты тəжірибелік іс-əрекетке жетекші етіп, идеялық бағдарға ала отырса да, нақты- тарихи жағдайда халық бұқарасының екіжақты, яғни, əлеуметтік жəне ұлттық қанаушылық пен жалпы аймақтық артта қалушылық себептеріне байланысты қазақ ойшылдары тұтас алғанда типтік ағартушылық тұғырды ұстанды. Яғни, белгілі қоғамдық топқа, дəлірек бұқара халыққа, бағытталып, қоғамдық прогресті саны басым топтың мүддесі үшін күреспен байланыстырған революцияшыл демократтарға қарағанда қазақ ағартушылары XVIII ғасырдағы Еуропадағы ешбір тап пен сословиені бөле-жармай, жалпы ұлттың атынан сөйледі. Бұл, бір жағынан, көрсетілген кезеңде берілген аймақтың қоғамдық қатынастарының пісіп-жетілгенін аңғартса, екіншіден, осындай ерекше жағдайда жалпы халықтық прогресс идеясы өзекті болғанын жəне оның аса маңызды қоғамдық қажеттілікті бейнелегенін көрсетеді.

  • Бесіншіден, қазақ ойшылдары ағартушылық тұғырда қалғанымен, аңсаған қоғамды ұлт- азаттық күрес жолымен орнату əдістерін де жоққа шығармаған. Əйтсе де негізінде барлығы еркін, азат қоғам құрудың бейбіт жолын таңдады: жоғарғылардың реформасы көмегімен немесе «əділ»,«таза» білім мен басқару жəне ағарту, ғылым-білім арқылы өз халқының көзін ашып, санасы мен көңілін оятып, өздерін-өздеріне танытып, ескіліктен, езгіден арылтпақ болды. Бұдан тарихи құрылымы мен қоғамдық күштердің жіктелуі əлдеқайда өзгеше орыс революционер-демократтары секілді төңкеріс жолын қуаттап, оған бірден-бір шешуші əдіс, айқын жол деп шақырмауын кемшілікке жатқызу орынсыз болар еді. Керісінше, рух пен тəн арасындағы, жалпы аспан астындағы үйлесімділікті іздеп, сол жолда, бойды сезімге емес, ақылға жеңдіртіп, мəселенің шеті мен шегіне ауытқымай негізгі ортасын ұстануды үйрететін дана Шығыс философиясының көрінісін аңғарамыз.

  • Алтыншыдан, қазақ ағартушыларына қоғамдық прогресс жолындағы күресті француз немесе орыс ағартушылары сияқты феодализмнің немесе крепостнойлық тəртіптің ыдырауы жағдайында емес, үзілмей жалғасып келе жатқан дəстүрлі қауымдық қатынас үстемдігі кезеңінде жүргізуге тура келді. Осыған байланысты олардың көзқарастарында қоғамдық прогресс идеялары ұлтаралық ынтымақ, достық, орыс халқы мəдениетінің жетістіктері мен игі əсері жайлы ойлармен астасып жаты


Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы.

Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында Кербұлақ ауданы, Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған мекенінде дүниеден өтті.Шоқан есімі қайдан шықты? Қазақ арасында өте көп оқыған адамдар шағатай, яғни ертедегі түрік тектілердің әдеби тілімен сөйлеген. Олар хат жазса «шұ», «ұшбұ» деп жазған. Шоқанның ата-анасы оның мінезіне қарап осы хан болады деп біліп, баласын еркелетіп «Шағатай тілі мәнерімен»: «Шұ-хан» деп атаған. Сол Шоқан болып кеткенге ұқсайды.Мұхаммед – Ханафия – кей ресми құжаттарда ғана жазылатыны болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан есімімен танылды, жаһан ғылымының биіктеріне, туған халқының жарқын болашағына ұлы Шоқан болып, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болып атанды.Балалық шағы Құсмұрында (әкесі Шыңғыс сұлтан болған кезде), кейін ата қонысы Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өткен.  Тегі төре тұқымынан шыққан. Арғы атасы – Абылай хан. Оның үлкен ұлы Уәли – Шоқанның бел атасы.Жастайынан халықтық тарихи өлең-жырларды, аңыз-әңгімелерді қызыға тыңдайды. Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.  Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.  Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. Шоқан Уалиханов  қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, 

шығыстанушытарихшыфольклоршыэтнографгеографағартушы.

Абай ұлы қазақ ақыны және ойшылы ретінде.

Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда…») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі «Қара сөздерді» жазды. Ақынның 1890-1898 жылдар аралығында жазылған «Қара сөздерінде» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді.
Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады.
Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды:
«Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде».
Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасіретке душар ететін. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бір-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын еді. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестері қайыршылық халге душар болған еді. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-соңды болып көрмеген жоғары көрсеткішке жетті. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас тиын-тебенге жалданды, үй қызметшілері, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер де көп еді.
Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаган шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари (яғни қала адамдары болып. — авт.) жауласпайды. Орысқа қарамай тұрганда қазақтың өлісінің ахыреттігін (кебінін. авт.), тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды».

Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрді, байлардың қарапайым халыққа менсінбей қарауы оның ашу-ызасын келтірді. Қоғамды прогресшіл түрде дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Абай ел басқаруға халық үшін қызмет ететін, адал адамдар сайлануы тиіс деп есептеді. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды.

Шәкәрім шығармашылығы.

Өлеңмен жастайынан әуестенген Шәкәрім өмір бойы өз шығармашылығында Абай салған жолды ұстанумен өтті. Сондықтан да Абайдың шын мәніндегі шәкірті, рухани мұрагері болып саналады. Шәкәрім өз бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады («Жастық шақ туралы», «Кәрілік», «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық»), адам ниетінің түзулігін, адалдықты жырға қосты («Өмір», «Сәнқойлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас»), оқу-білімге шақырып, адал сезім, таза сүйіспеншілікті жырлады. («Жастарға», «Анық асық әулие», «Шын сырым»). Шәкәрім өзі өскен ортадағы ру таласы, күншілдік, тақ таласы сияқты жағымсыз кұбылыстарға сын көзімен карады. Бұл мәселелерді «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Айсұлу-Нартайлақ» поэмаларында, «Әділ-Мария» романында ашып көрсете білді.1905-1906 жылдары Шәкәрім қажылыққа барады. Жолжөнекей ақын Парижде аялдама жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген жорамал бар. Осы қалалардың кітапханаларынан алған материалдары бойынша «Түрік», қырғыз, қазақ және хандар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» еңбектерін жазды. «Ләйлә-Мәжнүн» (1907) поэмасында Шәкәрім көпшілікке белгілі шығыстық сюжетті негіз етіп алып, махаббат пен кұштарлықты жырға қосты. 1917 жылғы Қазан төңкерісін үлкен үмітпен қарсы алып, оған өзінің өлеңдерін арнады. Шәкәрімнің халық арасында беделі жоғары болғанына қармастан, «Кеңес өкіметінің жауы» деген жалған айыппен түрмеге жабылды. Көп ұзамай абақтыдан босап шыққанымен, 1931 жылы сатқындардың қолынан қаза табады. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» аталатын философиялық «Мұсылмандық шарты» деген трактаттар авторы, көптеген орыс және Шығыс әдебиетінің озық үлгілі аудармалары Шәкәрім қаламынан туған. А.С.Пушкиннің «Дубровский» және «Боран» повестерін өлеңге түсіріп, Л.Н.Толстойдың Физули мен Хафиздің туындыларын қазақша тәржімеледі. Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы ұлы ойшыл ақын Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең тыныстылығымен, шыншыл да сыншыл әуенімен ерекшеленді.Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия, этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды. Қазақ әдебиетінің бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер шәкірті, аса ірі ақын, ойшыл философ, тарихшы ғалым . Шәкәрімнің әкесі Құдайберді мен ұлы ақынымыз Абай ағалы-інілі туысқан адамдар. Шәкәрім Құдайбердіұлы — шығармалары арқылы, өз өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мол деректер қалдырған қаламгер. Ақынның көптеген өлеңдері, «Мұтылғанның өмірі» поэмасы, «Түрік: қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», «Үш анық» кітаптарындағы кездесетін өмірбаяндық деректер шоғыры мен танымдар қайнары ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеушілерге біраз көмегін тигізетіні анық.Ақынның талассыз ізденістері мен қажырлы еңбектері нәтижесінде: «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» (Орынбор, 1911 жыл), «Мұсылмандық шарттары» (Орын-бор, 1911 жыл), «Үш анық» (Алматы «Қазақстан» 1991 жыл), «Иманым»— өлеңмен жазылған философиялық трактат сияқты ғылыми еңбектер, «Еңілік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ пен Айсүлу», «Ләйлі-Мәжнүн», «Дубровский» сынды эпикалық поэмалар, көптеген лирикалық өлеңдер, жиырма шақты әндер дүниеге келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына қосылды, халқымыздың рухани қазынаына айналды. Ғалымның 1905—1906 жылдар аралығындағы Меккеге барған қажы сапары туралы ақын шығармаларывда аз-ды-көпті айтылғанына карамастан ол арнайы зерттеуге тұратын кәделі нәрсе.
Шәкәрім өзінің қажы сапары туралы: «… Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға қарай қажыға барғанда тақияны кердім»— деп жазды, Семей облысының сол кездегі уақытша генерал-губернаторы генерал-майор Гал-киннын 1906 жылы 8 наурыздагы дала генерал-губернаторына жазған № 637 қатынас қағазында: «Предсгавляя при сем четыре заграничных паспорта за 88 6411, 64, 6443 и 64 4 отобранные от возвратившихся ог паломничества киргиз Бугулинской волости Семипалатинского уезда, Курманкожи Кубеиова, Кутана Джулджасарова из Чингизской волости, того же уезда Шакарима Худайбердина и Куранчи Чокина, донопшу, что» означенные паломники, по прибытии в пределы своего уезда, были сквидетельствованы в состоянии здоровья и оказались здоровыми»,— деп жазған екен. Бүған қарағанда Шәкәрімнің қажы сапарының бары келіс жолы жөнінде толық ақпарат беретін архивтік құжаттар табылып калар деген сенім бар. Ал жоғарғы архив құжатын қарап, Шәкәрім Құдайбердіүлының Меккеге барарда алған шетелдік паспорты 6443 нөмірлі екенін білуге болады. Шәкәрімнің Мекке бару сапарының басты мақсаты әдеттегі қыр қазағының құдай үйіне тәу етіп, кажы ата» ту емсесті. Өзінің дін төркіндерін зерделеу ниетінен туған ғылыми сапар деп үғыну керек. Оған оның қажы болып келгеннен кейінгі жазған еңбектері далел бола алады. XX ғасырдың алғашқы жылдары Шәкәрім шығармашылық қызметінің өрлеу жылдары болды. Ақын 1911 жылы Орынбордан екі кітабын, «Түрік, қырғыз қазақ һәм хандар шежіресі», і(Мұсылмандық шарттарын бастырып шығарса, 1912 жылы Семейде «Ярдем» басласынан, «Қазақ айнасы», «Қалкаман Мамыр», «Жолсыз жаза» («Еңлік-Кебек»), үш бірдей кітабын бастырып шығарды.

Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» феномені. 

Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат БабатайұлыШортанбай ҚанайұлыМұрат МөңкеұлыӘбубәкір КердеріАлбан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып,