Файл: Кмм орам орта мектебі (Білім беру йымыны атауы) Шілікті жне Бесшатыр патша орандары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 42
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КММ «Қорам орта мектебі »
(Білім беру ұйымының атауы)
Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары.
(Сабақтың тақырыбы)
Бөлім: | 5.3 Сақтар | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Таирова Гухарбанум Хашимовна | |||||
Күні: | 17.01 | |||||
Сынып: 5в | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Берел қорғандары. Зерттеу сұрағы. Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениетін қалай сипаттайды? | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау; 5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау 5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау | |||||
Сабақтың мақсаты | Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениеті туралы мәліметтер беру | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті Өткен сабақ бойынша тапсырмалар Сақ тайпаларының қорымдары Қар қесегі әдісі бойынша Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді. | Оқушының әрекеті Оқушылар <<Қар кесегі>> әдісі бойынша сақтардың қорымдары тұралы сұрақтарға жауап береді | Бағалау <<Гүл әдісі >>бойыншы бағалау Бір гүл бір бал Балалар букет жынайды | Ресурстар Жаңа тақырып бойынша бейнеролик | ||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру | «Ой шақыру» Бейне роликті көрсету арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын анықтау. Ой шақыруға арналған сұрақтар: 1. Бейнеүзіндіден не көрдіңіздер? 2. Бейнеүзіндіде не туралы айтылған? 2. Сіздер бұл бейне көрсетілім бойынша не айта аласыздар? 3. Бүгінгі сабағымыз қандай тақырып төңірегінде өрбиді деп ойлайсыздар? | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Бейнеролик бойынша талдау жасайды | Сұраққа жауап берген оқушылар бір гүлден бір балдан жынайды | Бейнеролик көрсету https://youtu.be/Io7AUIlF00k | ||
Жаңа білім | Мәтінмен жұмыс Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде орналасқан. Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғасырларда үйілген (2400-2300 жылдары бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғасырларда (1200-1300 жылдары бұрын). Алғаш 1865 жылы В.В.Радлов, 1959 жылы С.С.Сорокин зерттеді. 1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З.Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Қорым 3 қорғандар тобынан тұрады. Кескін картамен жұмыс. «Түсіндім – жасаймын» әдісі 1-тапсырма Кескін картамен жұмыс жасауды түсіну. Кескін картадан Берел қорғандарының орналасқан жерін белгілеу. Табылған археологиялық ескерткіштер арқылы сақ тайпаларының мекендеген аймағын анықтау. 2-тапсырма «Тарихи диктант». Берел қорымынан табылған ең қызық олжалардың бірі — №2 қорған болды. Онда б.з.д. IV ғ. жерленген ............. қабірі табылды. Ғалымдар оны ........ деп топшылады: айтулы сақ әулетінің өкілі немесе бірінші қорымдағы .......... әйелі болуы мүмкін. Қасына құрбандыққа шалынған ........ жылқы қойылған, біреуінің ер-тұрманы ....... және әтештің бейнесімен әшекейленген. Мамандардың айтуынша, ерте көшпенділердің мәдениетінде ........ маңызды рөлге ие болған. Қорымның ерте заманда тоналғанына қарамастан, археологтар сақтардың ............ әшекейін, алтын жапсырмалары бар ........ және қабірде тамақ жеуге арналған ......... тапты. Кілт сөздер: Алтын, аң стилі, ақсүйек әйел, патша, ыдыс, ат әбзелі, құс бейнесі, 7; Топпен жұмыс 1-Топ Сақтардың қорымдарын жазады 2-Топ Ерекшелектерін жазажы 3-Топ Айырмашылығын жазады | Мәтінмен жұмыс Сақтардың Берел қорымы орналасқан жерді анықтайды Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды Кескін қартамен жұмыс Дескриптор арқылы кері байланыс: Тапсырма орындау барысында мен не сезіндім? Кескін картадан берілген аймақты дұрыс белгілегенімде қандай сезімде болдым? Табылған археологиялық ескерткіштер арқылы сақ тайпаларының мекендеген қандай аймақтарын анықтадым? Берілген мәтін бойынша төмендегі кілт сөздерді пайдаланып, көп нүкте қойылған жерге дұрыс жауабын табады | Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады және жауаптарын толықтырады | Картамен жұмыс кескін карта Кілт сөздер тақтада ілініп тұрады Кілт сөздер: Алтын, аң стилі, ақсүйек әйел, патша, ыдыс, ат әбзелі, құс бейнесі, 7; | ||
Бекіту | Сабақты қорытындылау Үйге тапсырма Берел қорымы бойыншы эссе жазу Терминдерге түсініктеме беру Тайпа ..... Оба ....... Қорым ...... Аң стилі ...... Қорған ........ Ат әбзелі ....... Археология ...... Көсем....... | Сабақтың тақырыбын қорытындылау | | |