Файл: Тсінік хат Цифрлы сауаттылы 2сынып азастан Республикасы кіметіні 2021 жылы 12 азандаы 726 аулысымен бекітілген Білімді лт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 42
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Түсінік хат
Цифрлық сауаттылық
2-сынып
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы қазандағы №604 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат, «білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылында
пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің», оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2010 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығы.
Жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында «Цифрлық сауаттылық» (1- сыныптан басқа), «Информатика» пәндерін оқыту кезінде сыныпты екі топқа бөлу сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады. 1-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда сынып бөлінбейді. 2.Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 169 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500, соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
2-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағат.
Ескерту: 2-4-сыныптарда «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген сынақ қойған кезде критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.